2.3 Аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясатына талдау
Мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясаты ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған: халықты толық жұмыспен қамту, өмір сүру сапасын жақсарту, кірістерді адал бөлу, тұрақты экономикалық өсім.
Үржар ауданында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу үшін қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп, денсаулық сақтау, аграрлық сектор, нақты сектор, қоршаған ортаны қорғау, ішкі саясат, білім беру, құрылыс, жұмыспен қамту , шағын кәсіпкерлік , салаларында өңірлік бағдарлама іске асырылды.
2.4 Проблемаларға, тәуекелділікке, нақты басымдылыққа және мүмкіндіктерге кешенді сипаттама
Өңірдің даму жағдайына басым SWOT-талдау жалпы келесі кестеде
көрсетілген:
22 кесте
Мықты жақтары (S)
|
Әлсіз жақтары (W)
|
- өзіндік материалдық шикізат базасы;
- өндіріс әлеуетінің болуы;
- ауыл шарауашылық өндірісінің тұрақты дамуы;
- аудан халқының негізгі азық-түлікпен толық қамтылуы, атап айтқанда ет, сүт, картоп, көкөніс және ұн;
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері халықтың қамтылуының қомақты пайызын құрайды;
- аудан аймағының экономика - географиялық тиімді орналасуы;
- Алакөл көлі, «Барлық –Арасан» шипалы емдік мекені, «Алет», «Уржарка», «Солдатское ущелье»,«Алакольский» табиғи туристік объектілерінің болуы;
- туризм (демалыс үйлер), тұрғын үйлер мен АӨК нысандарын салуға қолайлы ортаның болуы;
- сауда көлемінің дамуының оң динамикасы;
- арнайы белгіленбеген орындардағы өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау полигондарын жою;
- бала бақшалар жүйесінің өсуі және шағын орталықтардың ашылуы;
- демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, туудың өсуі, өлім-жітімнің азаюы, табиғи өсімнің артуы;
- МАӘК өтініш бергендер санының 4,7 есе төмендеуі және төлемдердің орта мөлшерінің 1,5 есе өсуі жеке атаулы көмекті күшейту жағын куәландырады;
- жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайыздық пунктіге төмендеп және 4,5% құрауы;
- мәдениет нысандарының қызмет көрсетуін қамтамасыз ету дәрежесін арттыру;
- мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымы жетілдірілуде;
- АТС жаңа сандық Next Generation Networks технологиялармен ауыстыру;
- құрылыс-монтаждық жұмыс көлемдерінің өсуі;
- жеке тұрғын үйлер құрылысының дамуы;
- әуе транспортымен тасымалданатын жолаушылар санын артуы;
- жер асты татымсыз су қорларының қажетті деңгейде болуы;
- аудан аумағында жылу қазандықтарына арзан отын көздері болып табылатын көмір кен орынының бар болуы;
- ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы топырақ-климаттық жағдай, бұл ауыл тұрғындарының негізгі кіріс көзі болып табылады;
- көршілес елдермен сауда және іскерлік қатынастар жүргізуге мүмкіндік беретін географиялық орналасуы.
|
- айналым қаражатының өндірісті жаңарту және техникалық жарақтандыру үшін жеткіліксіздігі;
- элект құатына тарифтың жоғары болуы.
- өндірістің ұсақ тауарлығы;
- ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтар тозған;
- асыл тұқымды мал үлесі аз;
- ауыл шаруашылығы тауарөндірушілердің басым бөлігінде негізгі және айналмалы қаражаттарының жеткіліксіздігі;
- шаруашылықтардың кредиттік ресурстарға қол жетімділігі төмен;
- АӨК-де білікті кадрлар жеткіліксіз;
- ауданның туристік ресурстары жайлы жарнамалардың жеткіліксіздігі;
- жағалаудың тұрақсыздығына байланысты жағалаудағы жұмыс істеп тұрған туризм инфрақұрылымының жойылуы;
- нарықтық бағаның тұрақсыздығы (жаңар жағармайдың, электроэнергия құатының, судың қымбаттауына байланысты бағаның өсуі);
- сауда нарығында көленкелі айналымның жоғары деңгейі;
- тұрмыстық қалдықтар жинау полигондарын салу мәселелерінің жедел түрде шешілмеуі;
- мектеп жасына дейінгі балалардың 3,8% мектепке дейінгі білім берумен қамтылмауы;
- демографиялық және миграциялық процестерге байланысты мектептердегі оқушылар санының қысқаруы;
- жыл сайын ҰБТ көрсеткішінің төмендеуі;
- Мақаншы ауылындағы туберкулезге қарсы аурухана ғимаратының талапқа сай еместігінен ауданда жаңа туберкулезге қарсы аурухана ғимаратың салу қажет етеді;
- ауданның емдеу мекемелерінің медициналық құралдарымен, санитарлық көлікпен қамтамасыз ету жағдайының төмендігі.
- МАӘК алушылар құрамында еңбекке жарамды адамдардың болуы;
- ауылдық елді мекендерде байланыс пен телекоммуникацияны жаңартудың төмен қарқыны;
- құрылыс саласындағы мамандардың жетіспеушілігі;
- ауданның елді мекендерінің 5,5 пайызы автокөлік қызметтерімен қамтамассыз етілмеуі;
- электрлік жүйлер деңгейінің жоғары
тозығы ( 65-70%);
- қолда бар жер асты татымсыз су қорларының қажетті көлемде қолданылмауы;
- жылумен қамтамасыз ететін желілердің 70 %-ы ауыстыруды талап етеді.
- ауылдардың аудан орталығына дейнгі арақашықтығы (100 шақырымнан астам) науқастарға жедел медициналық көмектің көрсетілуіне кейбір қиындықтарды тұғызады;
- экономиканың нақты секторында тұрақты жұмыс орындарының болмауы.
|
Мүмкіндіктер (O)
|
Қәуіптер (T)
|
- өндеуші өнеркәсіпте жаңа кәсіпорындарының ашылуы;
- агроөнеркәсіп кешені әлеуетін толық пайдалану;
- ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін жоғарылату;
- АӨК дамытуда көзделген шараларды іске асыру;
- ауылдық жерлерде бинесті дамыту мақсатында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша несие алу мүмкіндігі;
- шағын және орта бизнесте жаңа субъектілерінің ашылуы;
- ауданда шипалы емдік мекенінің ашылуы;
- тұрғындарды жұмыспен қамту;
- қатты қалдықтар жинау полигондарының құрылысын салу;
- мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығының азаюы;
- қосымша білім беретің мекемелер желісінің өсуі;
- үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қызметтер секторындағы жұмыстарын белсендіре түсіруі;
- электр желілері мен құралдарын (трансформатор, электр жүйесінің желілері т.б) жаңғырту арқылы ауданның энергетикалық қауіпсіздігіне қол жеткізу;
- тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту;
- жылумен қамтудың электрлық көздерімен дамыту болашағы;
- ауылдық елді мекендер мен тірек ауылдардың әлеуетін дамыту.
|
-жаңар жағармайдың, электроэнергия құатының, судың қымбаттауына байланысты өндірілген өнімнің бағасының өсуі;
- құрғақшылық және табиғи апаттарға байланысты азық-түлік қауіпсіздігі;
- малдардың аса қауіпті ауруларының шығуы;
- Алакөл жағалауының тұрақсыздығына байланысты жағалаудағы жұмыс істеп тұрған туризм инфрақұрылымының жойылуы;
- табиғи-климаттық жағдайдың шұғыл өзгеруі;
- Қауіпті жағдайда тұрған мектептердің жыл сайынғы санының көбейуі;
- кәсіпорындарда бос жұмыс орындарының қысқарылу салдарынан жұмыссыздықтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерінің шектелуі;
- едәуір тозудың кесірінен аудан тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сапасының төмендеуі;
- тозуының жоғары деңгейде болуына байланысты қазандықтар қуаттылықтарының істен шығуы;
- ауыл халқының көшуіне байланысты халық санының азаюы.
|
3. Өңірдің дамуын пайымдау
Үржар ауданы дамыған ауылшаруашылықты, дамыған өңдеу өнеркәсіпті, дамығын туристік саласымен, жақсы дамыған әлеуметтік және инженерлік инфраструктурасымен, отандық және шет елдік инвестицияны тартуға қолайлы және халықтың өмір сүру деңгейі жоғары аймақ болады.
|
2015 жылы қорытынды индикаторлар келесілерге қол жеткізеді:
«Өнеркәсіпте, агроөнеркәсіп кешенінде, инвестицияларда, шағын және орта кәсіпкерлікте, сауда және қоршаған ортада жоғары өндіруші инновациялық технологияларды енгізу негізінде өңір экономикасын жеделдетіп дамыту» 1- СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ бойынша:
- өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 104,0% жеткізу;
- өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнімнің нақты көлем индексін 102,8 % жеткізу;
- ауылшаруашылық өнімінің нақты көлем индесін 103,5 % жеткізу;
- туристтік қызметтің жыл сайынғы өсімін кем дегенде 10,0 % - 26,22% жеткізу;
- бөлшек сауда айналым көлемінің нақты көлем индексін 106,4 % жеткізу;
- негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемінің нақты көлем индексін 105,0 % жеткізу;
«Әлеуметтік саланы және адамдық басымдылықты дамыту, халық өмірі сапасының деңгейін жоғарлату, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету» 2 - СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ бойынша:
- 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен, біліммен қамтылған балалар үлесін 100,0 % жеткізу;
- медициналық қызмет сапасымен тұрғындардың қанағаттану деңгейін 92,0 %-ға жеткізу;
- 1000 тұрғынға шаққанда жалпы өлім көрсеткішін 9,5 жеткізу;
- жұмыссыздық деңгейін 4,4 % жеткізу;
- күнкөріс деңгейі төмен тұрғындар үлесін 4,2 % жеткізу;
- арнайы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылған тұлғалардың үлес салмағын 97,5 % жеткізу;
- төлқұжаттандырылған нысандар санынан мүгедектердің қолжетімділігі қамтамасыз етілген әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым нысандар саның 24 бірлікке жеткізу;
- 1000 адамға мәдениет ұйымдарын (кітапхана, театр, мұражай) қатысушыларының орташа саның – 103 адамға жеткізу;
- мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесін 100 % жеткізу;
- дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықты 19,5 % жеткізу;
- мемлекеттік пен азаматтық қоғамдық институттың арақатынасын оңды бағалаушы тұрғындар санын 58,0 % жеткізу;
- тұрғындардың ішкі істер органдарына деген сенімнің болжамды деңгейі 2015 жылы 55,0 % төмен емес деңгейге жеткізу;
- төтенше жағдайдан адами және материалдық шығындарды 1,4 % дейін төмендету;
- құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 107 % жеткізу;
- тұрғын үйлерді іске қосу деңгейін 29747 шаршы метрге дейін жеткізу.
«Экономиканың жылдамдатылған индустриялизациясына және тұрғын үй-коммуналдық және көлік қызметтерін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын инфрақұрылымдық кешенді жаңғырту» 3 -СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ бойынша:
- жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 83,1 % жеткізу;
- жолаушы тасымалдау айналымын 1,076 млн. жолаушы шақырымға жеткізу;
- күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум нысандары үлесінің азаюы 63,0 %-ға жеткізу;
- орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етумен АЕМ үлесін 68,5 % жеткізу;
- жылу жүйесі қызметімен қамтылу деңгейін 10,5 % жеткізу;
- су бөлу қызметімен қамтылған тұрғындар мөлшерін 27,4 % жеткізу.
«Аумақтық құрылым» 4 – СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ бойынша:
- даму әлеуетті жоғары ауылдық елді мекендер санын 8 бірлікке жеткізу;
- шекаралас аудандағы тұрғындар санының өсу деңгейін 100,1%-ға жеткізу.
«Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін - өзі басқару жүйесін дамыту» 5 - ші СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ бойынша:
әлеуметтік маңызды қызметтерді көрсетуде халықтын қаңағаттану деңгейі 70 %-ға жеткізу.
4. Негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, қорытынды көрсеткіштері және мақсатқа жету жолдары.
1–ші Стратегиялық бағыт.
Өнеркәсіпте, агроөнеркәсіп кешенінде, инвестицияларда, шағын және орта кәсіпкерлікте, саудада, туристік салада және қоршаған ортада жоғары өндірушілік инновациалық технологияларды енгізу негізінде аймақтың экономикасын жедел дамыту.
1 мақсат: Диверсификациялау және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз етіп отырған өнеркәсіптің басым секторларын дамыту
№р/с
|
Индикатор атауы
|
1-кезең
|
2-кезең
|
Жауапты орындаушы
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
1
|
Нысаналы индикатор::
Өнеркәсіп өнімінің нақты индекс көлемі, %
|
-
|
100
|
102,5
|
103,0
|
104,0
|
Кәсіпкерлік, бөлімі
|
2
|
Өңдеу өнеркәсібі өндіретін өнімнің нақты индекс көлемі, %
|
-
|
100
|
101
|
102
|
102,8
|
Кәсіпкерлік бөлім
|
Міндет 1.Қайта өңдеу өнеркәсібінің басымдық секторларының дамуы
|
2.1
|
Көрсеткіштің нақты нәтижесі:
Өнеркәсіп өндірісінің құрылымындағы
өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %
|
-
|
88,7
|
89
|
89,3
|
90
|
Кәсіпкерлік бөлімі
|
Қол жеткізу жолдары:
1-кезең.
1. Қойылған мақсат пен көзделген міндеттерді шешу үшін 2012-2015 жылдардың барлық кездерінде бірнеше жобалардың орындалуы қарастырылған.
2012-2013 жылдары 3 жоба іске асырылады:
1. «Бәтуа» ЖШС-мен пластикалық құбырлар шығаратын шағын зауытты ашу;
2. ЖК – Матаковпен 1500 бөлке шығаратын наубайхана ашу;
3. «Ақберлі» ЖШС-мен қымыз өндіретін ұлттық сусын цехын кеңейту.
2-кезең.
2-ші кезеңде меншік және несие қаражаттары есебінен үш кірпіш шығаратын цех, үш пластикалық есік-терезелерді шығаратын цехтарды ашу жаспарланды.
Сонымен бірге, ауданның өкілетті органымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарымен шығарылатын өнімдердің ассортименттерін кеңейту мен сапасын жоғарлатуға мақсатталған қосымша шараларды іске асыру мақсатында кәсіпорындардың қаржылық-өнеркәсіптік қызметтеріне жылына 2 рет мониторинг жүргізу жоспарланды.
2 мақсат: Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тамақ өнімдерінің азық-түлік тауарларының ішкі рыногындағы үлесін арттыру, ауданның АӨК экспорттық потенциалын іске асыру .
№
|
Нысаналы индикаторлар, нақты көрсеткіш нәтижелері
|
1 кезең
|
2 кезең
|
Орындауға жауапты
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
3.
|
Нысаналы индикатор:
Ауыл шаруашылық өнімінің нақты көлем индексі, %
|
99,9
|
101,0
|
102,4
|
102,3
|
103,5
|
ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі
|
|
1 міндет. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемін көбейту .
|
3.1.
|
Нақты көрсеткіш нәтижелері. Өсімдік шаруашылығында өндірілген өнімнің нақты көлем индексі, %
|
98,7
|
96,3
|
122,5
|
101,0
|
101,5
|
ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі
|
Қол жеткізу жолдары:
1-кезең.
Ауылшаруашылық айналымына қосымша жер көлемдерін енгізу:
Егіншілікте агротехнологияны сақтау, егіс алқаптарын оңтайландыруды қолдану, өндірісте ылғал ресурстарын сақтау технологиясын қолдану, суармалы жерлердің тиімділігін арттыру, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану, өсімдік қорғау шараларын жүргізу, ауылшаруашылық техника мен жабдықтарды жаңалау, тұқым шаруашылығын дамыту.
2-кезең:
Барынша жаңа техника мен технологияларды қолдана отырып, өндірісте ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі жоғары, аудандастырылған перспективалы сұрыптарын қолдану, ауылшаруашылық дақылдарын қорғаудың тиімді шараларын қолдану, суармалы жерлердің тиімділігін тұрақты түрде арттыру, сервистік орталықтар торабын жетілдіру.
№
|
Нысаналы индикаторлар, нақты көрсеткіш нәтижелері
|
1 кезең
|
2 кезең
|
Орындауға жауапты
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
|
2 міндет. Мал шаруашылығында өндірілетін өнім көлемін көбейту.
|
3.2.
|
Нақты көрсеткіш нәтижелері.
Мал шаруашылығында өндірілген өнімнің нақты көлем индексі, %
|
100,8
|
94,4
|
102,9
|
103,4
|
105,4
|
ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі
|
Қол жеткізу жолдары:
1-кезең.
Мал шаруашылығында орта тауарлы өндірістер құру шараларын мемлекет тарапынан қаржылық қолдау (субсидиялау арқылы), өнімділікті арттыру, МТФ салу, мал бордақылау алаңдарын салу, малдарды қолдан ұрықтандыру пункттерінің жұмыс сапасын жақсарту, мал азығы базасының жағдайын жақсарту.
2 кезең.
Мал шаруашылығында инновациялық технологияларды енгізу, заманауи инфрақұрылымды дамыту, мал азығының тұрақты базасын құру, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, саланы субсидиялау арқылы дамытуға ынталандыру.
№
|
Нысаналы индикаторлар, нақты көрсеткіш нәтижелері
|
1 кезең
|
2 кезең
|
Орындауға жауапты
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
|
3 міндет. Азық-түлік өнімдерінің көлемін көбейту
|
3.3.
|
Нақты көрсеткіш нәтижелері.
Азық түліктің нақты көлем индексі, %
|
100,8
|
102,1
|
102,1
|
102,1
|
103,0
|
Ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі
|
Қол жеткізу жолдары:
1-кезең.
Бюджет қаражаты және қарыз қаражат есебінен өнімділігі жоғары жаңа техника мен жабдықтарды қолдану. «НУХ КазАгро» АҚ бойынша іске асырылып жатқан бағдарламалары арқылы өндеу өнеркәсіп нысандарын несиелендіру.
2 кезең.
Салада индустриалдық диверсификацияны жүргізу, бәсекеге қабілетті өнімнің шығарылуын көбейту.
|
|
№
|
Нысаналы индикаторлар, нақты көрсеткіш нәтижелері
|
1 кезең
|
2 кезең
|
Орындауға жауапты
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
3.4.
|
4 міндет. Жер телімдерінің сапасына сәйкес мәліметтер жинау
|
Нақты көрсеткіш нәтижесі:
Ауылшаруашылық бағытындағы жыртылатын жер көлемдерінің пайдаланылуы, мың га
|
-
|
160,1
|
184,1
|
194,7
|
195,0
|
Жер қатынастар бөлімі, аудан әкімдігі
|
Жету жолдары:
1 кезең.
Ауылшаруашылық құрылымындағы жер көлемінің пайдалануына сараптама жасау.
2 кезең.
Межеленген көрсеткіштерге жету мақсатында іс-шараларды жүргізу. 2011-2015 жылдары егістік көлемін 195,0 мың гектарға жеткізу.
Агроұйымдардың қызметіне байланысты емес себептерден көрсеткіштің орындалмау қауіпі болған жағдайда түзету жұмыстарын жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |