«Цифрлы әлемге – кемел біліммен!» атты математика-информатика-физика пәндерінің салтанатты ашылуы



Дата15.12.2023
өлшемі62 Kb.
#486704
түріСабақ
Апталықтың ашылуына арналған сценарий


«Цифрлы әлемге – кемел біліммен!» атты математика-информатика-физика пәндерінің салтанатты ашылуы


Мақсаты: 

  • Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың физика, информатика пәндеріне деген қызығушылықтарын, білімдерін тереңдетіп, Цифрлы Қазақстан және роботехника бойынша сауаттарын арттыру;

  • Физика және информатика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру;

Апталықтың міндеттері:

  • Оқушылардың нақты ғылымдардың XXI- ғасырда алатын орынын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;

  • Әр баланың өз қабілетін таныта біліп,одан әрі дамуына жағдай туғызу;

  • Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату;

Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар барлықтарыңызды математика, информатика және физика пәндері апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар физика мен информатиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс -шаралар өткіземіз. Сол іс- шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту. Бүгінгі апталығымыздың ашылуының өзі бір мереке емес пе?


Ғылымдардың патшасы – нақты ғылым жайында,
Апталықты бастаймыз.

Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақты

Алдарыңа тастаймыз.

Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,

Математика, Физика, информатика құрметтеуге лайық.
Дүниеде құбылыстың мәнінде,

Зерттейді ол өзгерістің бәрінде.

Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,

Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде.



Кешіміз жалғасады тағаттасақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ
Өмір деген өнермен үйлеспей ме?- дей келе орындауында ______________________ «МИФ» атты әнің қабыл алыңыздар!
Бұл адамдар ардақтаған халықты,
Физика мен информатикада даңқы шыққан алыптар.
Қара,ойлан зерек болсаң байлыққа,
Алыптарды әрқашанда танып қал- дей отырып келесі кезекті математика, информатика және физака пәндерінен сұрақ қоямын. Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер белсенділік танытып жауап береңіздер!!!
Информатика:
1. Екілік санау жүйесінің сандары? (0 мен 1)
2. Microsoft фирмасын құрған адам? (Билл Гейтс)
3. Windows сөзінің қазақша баламасы? (терезе)


Математика:
1. Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей-ақ қойсын деген кімнің сөзі? (Платон)
2. Қазіргі қолданып жүрген теңдік (=) белгісін бірінші рет қолданған ағылшын дәрігері кім? (Рекорд 1557 жыл)
3. Математикада формуланы есте сақтау қажет емес, тек ойлау процестерін есте сақтау керек деген кім? (Ермаков)


Физика:
1. Басына алма құлағанның арқасында бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан атақты ағылшын физигі кім? (Исаак Ньютон)
2. Заттың ең кішкентай бөлшегін ата?(Малекула)
3. Радионың атасы? (орыс ғалымы Александр Сергеевич Попов)


І- жүргізуші: 
Қорытынды сөз кезегін мектебіміздің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Тілеубаева Мейрамгүл Хамзаевнаға, Мектеп басшысының әдістемелік жөніндегі орынбасары Каршыгаева Менслу ДалубаевнағаГүлнар беріледі.

ІІ- жүргізуші:Маржан

 Осымен МИФ апталығын ашық деп жариялаймыз. Назар салып тыңдағандарыңызға көп- көп рахмет! 




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет