Үржар аудандық мәслихаттың
23.12.2014 жылғы № ________
шешімімен бекітілген
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы аумағын дамытудың
2011-2015 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Үржар ауылы, 2014 жыл
4. Негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, қорытынды көрсеткіштері және мақсатқа жету жолдары..................................................................................97 2
5. Жүзеге асыру кезеңдері................................................................................................................131 2
1. Паспорт 3
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау 12
2.2.1. Экономикалық даму 12
2.2.1.3. Шағын және орта кәсіпкерлік 22
2.2.1.6. Бәсекелестікті дамыту. 30
2.2.2.1 Білім беру 38
2.2.2.3 Халықты әлеуметтік қорғау 50
2.2.2.4 Мәдениет 53
2.2.2.5 Тілдерді дамыту 55
2.2.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп. 63
2.2.2.9 Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту. 65
2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен 69
2.2.3.1. Телекоммуникация және байланыс 69
2.2.3.3. Жолдар мен көлік. 71
2.2.3.4. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық 76
Электрмен қамтамасыз ету 76
2.2.4 Аумақтық құрылым 83
2.2.4.1 Ауылдың тіршілігін қамтамасыз ету 85
2.2.4.2. Шекаралық өңірлер 87
2.2.5 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі 89
2.3 Аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясатына талдау 95
2.4 Проблемаларға, тәуекелділікке, нақты басымдылыққа және мүмкіндіктерге кешенді сипаттама 95
II кезең (қорытынды) – 2014-2015 жылдар, алға қойылған 134
міндеттерді шешу үшін көзделген іс – шараларды іске асыру. 134
6. ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР 135
6.1 Қаржыландыру көздері бойынша 135
4. Негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, қорытынды көрсеткіштері және мақсатқа жету жолдары..................................................................................97 5. Жүзеге асыру кезеңдері................................................................................................................131
6. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстар....................................................131
6.1. Қаржыландыру көздері бойынша.............................................................................................131
7. Бағдарламаны басқару..................................................................................................................132
Паспорт
Атауы
|
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы.
|
Әзірлеу үшін негіздеме
Үржар ауданына жалпылай сипаттама:
|
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы, 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдегі №118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы.
Үржар ауданы облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тарбағатай тауларының оңтүстік етегінде орналасқан. Ауданның алып жатқан жер көлемі – 23,4 мың шаршы шақырым. Халық саны – 80 096 адам, аула саны – 20373. Аудан орталығы Үржар ауылында 16 725 халық тұрады. Ауданның елді мекендерінің аудан орталығына дейінгі ара қашықтығы 5-тен 100 шақырымнан артық.
Аудан орталығының облыс орталығына дейінгі ара қашықтығы 500 шақырымнан астам, жақын теміржол станциясы Аягөз қаласына дейін 170 шақырым. Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрамындағы 27 ауылдық округте 55 елді мекен бар. Аудан шекаралас аудандардың қатарына жатады, Қытай Халық Республикасымен шекаралас.
Табиғат - ауа райы тұрғысынан алғанда Үржар ауданы теңдесі жоқ өңір болып табылады. Онда дала, шөлейтті және тау ландшафттары қатар орналасқан.
Ауданның көлік кешені келесі байланыс түрін қамтиды: автомобиль және әуе жолдары.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы нақты секторы мен әлеуметтік саланың жағымды даму динамикасымен мінезделеді, Алакөл көлі жағалауының рекреациялық аймағы және «Барлық-Арасан» санаториялық-емдік нысаны туристтік әлеуетті құрұға перспективалық өңір болып табылады.
|
Әзірлеуші
|
ШҚО Үржар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мүдделі аудандық салалық бөлімдермен бірлесіп
|
Стратегиялық бағыттары:
|
өнеркәсіпте, агроөнеркәсіп кешенінде, инвестицияларда, шағын және орта кәсіпкерлікте, сауда және қоршаған ортада жоғары өндіруші инновациялық технологияларды енгізу негізінде өңір экономикасын жеделдетіп дамыту;
әлеуметтік саланы және адамдық басымдылықты дамыту, халық өмірі сапасының деңгейін жоғарлату, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету;
экономиканың жылдамдатылған индустриялизациясына және тұрғын үй-коммуналдық және көлік қызметтерін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын инфрақұрылымдық кешенді жаңғырту;
аумақтық құрылым;
мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.
|
Мақсаттары:
|
- диверсификация және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы өнеркәсіптің тұрақты және қалыпты дамуын қамтамасыз ету;
- аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тамақ өнімдерінің азық-түлік тауарларының ішкі рыногындағы үлесін арттыру, ауданның АӨК экспорттық әлеуетін жүзеге асыру;
- жерлерді ұтымды пайдалану үшін ауданның жер қорын бөлу бойынша өзекті мәліметтерді қалыптастыру;
- туризм индустриясын тұрақты дамыту;
- сауда саласын серпінді дамыту;
- бизнес-климатты жақсарту және өңір экономикасына инвестициялар ағымын тарту;
- сапалы білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз ету, балалардың құқығын қорғау және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылату;
- тұрғындардың денсаулығын жақсарту;
- халықтың әлеуметтік осал топтарын атаулы қолдау, жұмыспен қамтуды қолдау, көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапасын жоғарылату;
- отандық мәдениетті сақтау және насихаттау;
- мемлекеттік тілді және тұрғындардың лингвистикалық капиталын дамыту;
- бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту;
- ұлт бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;
- мемлекеттік жастар саясатының маңыздылығын арттыру;
- көшелерде және қоғамдық жерлерде сенімді құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстарды ашу құқықбұзушылықтардың алдын-алу жүйесін дамыту, сонымен қатар, заңсыз есірткі айналыммен қатысты қылмыстарды анықтау;
- табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ жою шараларын жүзеге асыру барысында адамдарды құтқару жұмыстарын ұйымдастыру;
- аудан тұрғындарын сапалы, қолжетімді байланыс қызметімен қамтамасыз ету;
- электрондық әкімшілік қызметін пайдалануға халықтын дайындығын арттыру;
- құрылыс жұмыстарының көлемін арттыру;
- қол жетімді басапанамен қамтамасыз ету;
- автожол саласы инфрақұрылымын дамыту деңгейін жоғарылату;
- аудан тұрғындарын сапалы, қолжетімді автокөлік қызметтерімен камтамасыз ету;
- өңірдің елді мекендерінде су бұру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету;
- ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту негізін құру, ауыл тұрғындарының өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
- шекаралас елді мекендердің экономикалық әлеуеті мен инженерлік инфрақұрылымын дамыту;
- мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және мониторингісін ұйымдастыру.
|
Міндеттері:
|
-өңдеу өнеркәсібінің маңызды секторларын дамыту;
-өсімдік өнімдерін өндіру көлемін арттыру;
-мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру;
-азық-түлік өнімдерінің көлемін арттыру;
- сапалы жер көлемі мәліметтерді жинау;
- сауда саласын серпінді дамыту;
- орта және шағын кәсіпкерлікті кешенді және серпінді дамыту;
- бизнес-климатты жақсарту және өңір экономикасына инвестициялар ағымын тарту;
- қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету;
- мектепке дейінгі мекемелер санын көбейту және қызмет сапасын жақсарту;
- бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру;
- азаматтардың денсаулығын жақсарту;
- әлеуметтік маңызы бар ауру түрлерін төмендету;
- жұмыс іздеу кезінде қиындықтарға шалдығатын тұрғындар санаттарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту. Уақытша жұмысқа орналастыру мен кәсіби оқытуға жіберу арқылы жұмыссыз тұрғындарды әлеуметтік қорғау;
- азаматтарды лайықты еңбекке уәждемелеу жүйесін дамыту және құру. Аз қамтылған халықтың еңбекке жарамды бөлігінің экономикалық белсенділігін ынталандыру. Халықтың ең әлжуаз тобын әлеуметтік қолдау;
- дене шынықтыру және спортты насихаттау;
- конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтау және нығайту;
- патриоттық түсінігін арттыру, азаматтық жауапкершілікке, белсенді қоғамдық үрдіс қалыптастыруға бағытталған жастармен өзара қарым-қатынастың тиімді моделін жасау;
- автокөлік жолдарындағы авариялар санын және одан келетін ауыртпашылық салдарын азайту;
- қоғамдық тәртіпті күшейту, қылмыстың алдын-алу профилактикалық іс-шараларын арттыру;
- техногендік авариялардан, табиғи апаттардан келетін шығындарды азайту мақсатында жағдайлар жасау;
- мәліметтік-коммуникациялық технологияларды пайдалану мен электрондық қызметті алуда халықтың тұтыну өсімін ыңталандыру;
- транспорт инфрақұрылымын қайта қалыпына келтіру және жаңарту;
- аудан көлемінде жолаушылар тасымалдау саласын дамыту, жолаушы тасымалдау көлемін арттыру, елді мекендер арасындағы транспорттық қатынаспен қамтамасыз ету;
- электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету;
- ауылдық елді мекендерде ауызсумен қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамыту;
- жылумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту және жаңарту;
- елді мекендерде су бұру жүйесімен қамтамасыз ету қызметінің деңгейін көтеру;
- ауылда қалыпты өмір сүру жағдайын қалаптастыруға ықпал ету;
- шекаралас өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша салалық басқармалардың қызметің үйлестіру;
- әлеуметтік-маңызды қызмет түрлерін электронды форматқа ауыстыру, бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу және ақпараттық қәуіпсіздік жүйесін қалыптастыру.
|
Іске асыру кезеңдері
|
I кезең (аралық) – 2011–2013 жылдар, бірінші кезектегі іс – шараларды іске асыру.
II кезең (қорытынды) – 2014-2015 жылдар, алға қойылған міндеттерді шешу үшін көзделген іс – шараларды іске асыру.
|
Нысаналы индикаторлар:
|
- өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексін 104,0 % жеткізу;
- өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнімнің нақты көлем индексін 102,8 % жеткізу;
- ауылшаруашылық өнімінің нақты көлем индесін 103,5 % жеткізу;
- бөлшек сауда айналым көлемінің нақты көлем индексін 106,4 % жеткізу;
- негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемінің нақты көлем индексін 105,0 % жеткізу;
- туристтік қызметтің жыл сайынғы өсімін кем дегенде 10,0 % - 26,22 %жеткізу;
- 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен, біліммен қамтылған балалар үлесін 100,0 % жеткізу;
- халықтың сапалы медицина қызметімен қанағаттарлық деңгейін 92,0% жеткізу;
- 1000 тұрғынға шаққанда жалпы өлім көрсеткішін 9,5 төмендету;
- жұмыссыздық деңгейін 4,4 % төмендету;
- күнкөріс деңгейі төмен тұрғындар үлесін 4,2 % жеткізу;
- арнайы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылған тұлғалардың үлес салмағын 97,5 % жеткізу;
- төлқұжаттандырылған нысандар санынан мүгедектердің қолжетімділігімен қамтамасыз етілген әлеуметтік, көлік инфрақұрылым нысандар саның 29 бірлікке жеткізу;
- 1000 адамға мәдениет мекемелерін (кітапхана, театр, мұражай) қатысушылардың орташа саның – 103 адамға жеткізу;
- мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесін 100 % жеткізу;
- дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықты 19,5 % жеткізу;
- мемлекеттік пен азаматтық қоғамдық институттың арақатынасын оңды бағалаушы тұрғындар санын 58,0% жеткізу;
- тұрғындардың ішкі істер органдарына деген сенімнің болжамды деңгейін 2015 жылы 50,0% төмен емес 55,0 % деңгейге жеткізу;
- төтенше жағдайдан адами және материалдық шығындарды 1,4 % дейін төмендету;
- құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 107 % жеткізу;
- тұрғын үйлерді іске қосу деңгейін 29747 шаршы метрге дейін жеткізу;
- жергілікті маңызы бар автомобиль жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 83,1% жеткізу;
- жолаушы тасымалдау айналымын 1,076 млн. жолаушыға жеткізу;
- күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум нысандары үлесінің төмендеуін 63,0% жеткізу;
- коммуникация және байланыс қызметімен қанағаттандырылған тұрғындар үлесін 100,0 % жеткізу;
- жылыту қызметімен қамту деңгейін 10,5% жеткізу;
- су бөгеу қызметімен қамтылған тұрғындар мөлшерін 27,4 % жеткізу;
- әлеуеттік дамуы жоғары елді мекендердің санын 8 бірлікке жеткізу;
- шекаралас аудандарда тұрғындар санын 100,1 % жеткізу;
- әлеуеттік маңызы бар қызмет түрлерімен қанағаттану деңгейін 70,0 % жеткізу.
|
Қаржыландыру көздері және көлемі
|
Қаржыландыру көздері: республикалық, облыстық және аудандық бюджеттер, шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты, қарыз қаражаты.
Қаржыландыру көлемі:
барлығы – 27 159,0 млн. теңге
соның ішінде:
2011ж. – 5 260,8 млн. теңге
2012ж. – 5 561,3 млн. теңге
2013ж. – 6 094,5 млн. теңге
2014ж. – 4 848,6 млн. теңге
2015ж. – 5 393,8 млн. теңге
|
2. Ағымдағы жағдайды талдау
Үржар ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Бағдарламасы (ары қарай – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы», 2010 жылдың 19 наурыздағы №958 үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары», Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдегі №118 Жарлығымен бекітілген «Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы» бағдарламаларын, Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.А.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауын орындау үшін әзірленген.
Бұл Бағдарлама тұрғындардың өмір сүру сапасын жоғарылатуға бағытталған және ауданның барлық елді мекендерінің тең дәрежеде дамуы, өсім нүктесін қалыптастыру үшін жүргізіліп отырған саясаттың логикалық жалғасы болып табылады. Құжат ауданның тұрақты және қалыпты дамуы есебінен диверсификация және бәсекелестікті жоғарылату арқылы экономиканың өсімін қалыптастыруға бағытталған. Жобада 2015 жылға дейінгі Даму стратегиясы және Бәсекелестікті жоғарылату стратегиясының, экономика салаларын дамыту бойынша бағдарламалық құжаттардың негізгі пайымдаулары жинақталған.
Даму бағдарламасы шеңберінде ауданның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасалған, мықты және әлсіз жақтары, қауіптер мен даму мүмкіндіктері анықталған.
Бәсекелестік артықшылықтар, мүмкіндіктер мен қауіптер есебімен Даму бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы кезінде халықтың өмір сүру сапасын және деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық мақсаты диверсификация арқылы экономиканы дамыту және барлық салаларда бәсекелестікті жоғарылату, инженерлік инфрақұрылым тиімділігін, сыртқы және ішкі факторларды пайдалану есебінен ауданның әлеуметтік саласы мен әлеуметтік демографиялық дамуы, табиғи кешеннің қалпына келу әлеуетін сақтау және халықтың өмір сүруінің қолайлы жағдайын жасау болып табылады.
Даму бағдарламасында макроэкономикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес 2011-2015 жылдарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткішері көрсетілген.
2.1. Табиғи әлеует
Үржар ауданы облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тарбағатай тауларының оңтүстік етегінде орналасқан. Бұл облыстың өңтүстік жағында орналасқан ең шалғай аудан. Ауданның алып жатқан жер көлемі – 23,4 мың шаршы шақырым. Халық саны – 80 096 адам, аула саны – 20373. Аудан орталығы Үржар ауылында 16 228 халық тұрады. Аудан елді мекендерінің аудан орталығына дейінгі ара қашықтығы 5-тен 100 шақырымнан астам. Аудан орталығының облыс орталығына дейінгі ара қашықтығы – 500 шақырымнан астам, жақын теміржол станциясы Аягөз қаласына дейін 170 шақырым. Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрамындағы 27 ауылдық округте 55 елді мекен бар. Аудан шекаралас аудандардың қатарына жатады, Қытай Халық Республикасымен шекаралас.
Табиғат - ауа райы тұрғысынан алғанда Үржар ауданы теңдесі жоқ өңір болып табылады. Онда дала, шөлейтті және тау ландшафттары қатар орналасқан.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы нақты секторы мен әлеуметтік саланың жағымды даму динамикасымен мінезделеді, Алакөл көлі жағалауының рекреациялық аймағы және «Барлық-Арасан» санаториялық-емдік нысаны туристік әлеуетті құруға перспективалық өңір болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |