2007- 2009 жылдары құрылыс материалдары саласында товар
өнімдерін өндіру мен нақтылы көлем индексінің өзгеру
динамикасы
2007 жылы құрылыс материалдарын өндіру көлемінің ұлғаюы ішкі нарықтағы, әсіресе тұрғын үй нарығындағы бірқалыпты сұраныстың болуы нәтижесінде қамтамасыз етілді. 2008 жылдың екінші жартысынан бастап, әсіресе ипотекалық несие беруде күшті көрініс берген әлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде нақтылы көлемдер 2007 жыл деңгейімен салыстырғанда 2008 жылы 23,0 %- ға, 2009 жылы 21,7 %- ға төмендей бастады.
Ағымдағы кезеңде саланың негізгі проблемалары мыналар болып табылады:
1) Өндірістің салыстырмалы түрде жоғары энергия сиымдылығы.
2) Негізгі қорлардың ескіруінің жоғары деңгейі.
3) Өндірілетін өнімнің салыстырма түрде жоғары өздік құны.
4) Қазақстан Республикасының құрылыс нарығында инвестициялық белсенділіктің төмендеуі.
5) Экономикалық дағдарыс кезеңінде шығарылатын құрылыс материалдарына сұраныстың күрт төмендеуі (Сурет 6).
Жеңіл өнеркәсіп «Семей тері-мех комбинаты» ЖШС (тері, тері бұйымдары, тон мех бұйымдары), «Роза ВВК» ЖШС (пималар, киіздің түрлері), «Семспецснаб» ЖШС (тігін бұйымдары), «Тыныс V» ЖШС (арнайы аяқ киім шығару) орта кәсіпорындары мен шағын бизнес субьектілері арқылы даму үстінде.
Жеңіл өнеркәсіп ішкі нарыққа бағытталған, бірақ өнімнің кейбір түрлері республикадан тысқары аймақтарға да шығарылады. Ірі қара терісінен жасалған тері өнімі, жуылған жүн, киіз және пима сияқты өнімдер экспортқа да шығарылады.
Соңғы екі жыл ішінде қала кәсіпорындарында бәсекеге қабілетті өнім шығару мақсатында жаңа технологиялық құрал-жабдықтарды, қазіргі заманғы технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп келе жатыр («ZAVAst» ЖШС, «Семспецснаб»ЖШС, «Роза ВВК» ЖШС, «Семей тері мех комбинаты»).
2007- 2009 жылдардағы жеңіл өнеркәсіп товар өнімдерін өндіру
мен нақтылы көлем индексі өзгерістерінің
динамикасы
Сур. 7
Ішкі сала кәсіпорындарының дамуына ықпал ететін негізгі себептер нарықтың неғұрлым арзан шет елдік товарларға толуына байланысты бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі, тұрғындардың өзгеріп отыратын сұранысына жылдам жауап бере алатын бейімделгіш технологияның жоқтығы, моральдық және қызмет жағынан ескірген құрал-жабдықтарды жаңғырту үшін өз қаражаттарының жетіспеушілігі болып отыр.
Облыста Қазақстанның іскерлік ағашының қорының 70 % астамы шоғырланғанына қарамастан ағаш өңдеу мен ағаштан бұйымдар жасап шығарудың ішкі саласы тиісті деңгейде дами алмай келеді. Бұл саланың негізін сіңдірілген шпал шығаратын «Жаңа Семей шпал заводы» АҚ құрайды. Шағын бизнес кәсіпорындары қиынды ағаштар, терезе және есік ағаштарын, жиһаз жасауға маманданған.
2009 жылы осы сала кәсіпорындары өндірген өнеркәсіптік өнімнің көлемі 1,3 млрд. теңгені құрады, немесе қала көлемінің 1,4 %. Өнеркәсіп өнімдерінің нақтылы көлемінің индексі 75,3 % құрады.
Ағаш өңдеуші өнеркәсіптегі нақтылы көлем индексі мен товар өнімдерін өндіру индексінің өзгеру динамикасы 8 суретте көрсетілген.
Ағаш өңдеу өнімдерінің өндірісінің төмендеуі басқа елдерден ағаш материалдары мен өңделген ағаш өнімдерінің импортының көлемін өсуіне алып келеді.
2007- 2009 жылдардағы ағаш өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндіру мен нақтылы көлем индексі өзгерістерінің динамикасы
Сур.8
Ішкі саланың проблемалық мәселелеріне мыналар жатады:
- ағаш өңдеу мен ағаштан бұйымдар шығару бойынша қазіргі заманғы өндірістің жоқтығы;
- ағаштан шпал жасауға мемлекеттік тапсырыс алудың тұрақсыздығы.
Сусындарды қоса есептегендегі тамақ өндірісі өнеркәсібі саласының экономикалық көрсеткіштері қаланың өндірілмейтін өнімдерді есепке алмағанда (күріш, қант, теңіз өнімдері, ерте пісетін жемістер мен жидектер) қала тұрғындары үшін пайдалану стандарттары бойынша қажетті көлемде негізгі азық-түлік товарларын (ұн, макорон, нан, нан және кондитер өнімдері, печенье, колбаса өнімдері, ет консервілері) өндіру үшін қажетті өңдеуші қуаттарының бар екендігін көрсетеді. Сусындарды қоса есептегендегі тамақ өнімдерін өндіру 9 бағытты қамтиды, оларда 5 ірі және орта кәсіпорын қызмет етеді.
2009 жылы сала бойынша 15,5 млрд. теңге көлемінде товар өнімдері өндірілген, бұл қолданыстағы бағалар бойынша 2008 жыл деңгейімен салыстырғанда 0,9 млрд. теңгеге аз болып келеді, нақтылы көлем индексі 91,7 % құрады (сурет 9).
2007- 2009 жылдардағы сусындарды қоса есептегендегі тамақ
өнімдерін өндіру мен нақтылы көлем индексі өзгерістерінің
динамикасы
Сур. 9
Бұл салада 2008 жыл деңгейімен салыстырғанда өнім өндіру көлемінің төмендеуінің негізгі себептері (Шығыс Қазақстан ұн құрама жем комбинаты) АҚ ұнына сұраныстың азаюы және «Company Aspara» ЖШС мен «Шығыс Сусындары» ЖШС өндірісінің тоқтап қалуы болып табылады.
Техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы шеңберінде «Ертіс жағалауы бройлерлер құс фабрикасы» ЖШС, «Шығыс Қазақстан ұн құрама жем комбинаты» АҚ ұн тарту мен құрама жем өндіру өндірісі жөндеуден өткізілді. «Семей ет комбинаты» ЖШС консерві және колбаса өндірісі қайта жаңғыртылды.
Тамақ және өңдеуші өнеркәсіп салаларында негізінен шағын кәсіпорындар басым, олар бейімделген ғимараттарда орналасқан, бұрын пайдаланылған өндірістік және технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған, олар моральдық және қызмет ету жағынан ескірген.
Саланың проблемаларына мыналар жатады:
нан пісіретін өндірісте технологиялық құрал жабдықтардың күшті ескіруі (50 % және одан жоғары);
ескірген технологияларды пайдалану;
қол еңбегінің үлес салмағының жоғары болуы;
жоғары сапалы шикізаттың жетіспеушілігі, әсіресе ет пен сүттің;
«Шығыс Сусындары» ЖШС спирт, алкогольдік және алкогольдік емес ішімдіктер, сусындар, сыра, шыны бөтелкелер шығаратын өндірісінің ұзақ мерзімге тоқтап қалуы, оның өнім шығару қуаттылығы жылына 5,0 млрд. теңгені құрауы мүмкін еді.
Саланың өндірістік мүмкіншіліктері 40-60 % қана пайдаланылады.
Химия өнеркәсібінің ішкі саласы кәсіпорындарының өнімдері қаланың өндірістік мүмкіншіліктерінің жалпы көлемінің 0,1 % құрайды.2009 жыл ішінде сала бойынша 61,8 млн. теңгенің товар өнімдері өндірілді, бұл 2007 жыл деңгейінің 11,3 % құрайды, нақтылы көлем индексі 13,4 % құрады (сурет 10).
2007- 2009 жылдардағы химия өнеркәсібінің товар өнімдерін өндіру мен нақтылы көлем индексі өзгерістерінің
динамикасы
Сур. 10
Осы кіші салада өнеркәсіп өнімдерін өндірудің төмендеуінің негізгі себептері несие саласы бойынша қаражат берудің тоқтатылуына байланысты «Семей кабель заводы» ЖШС бояу, олифа, тазалаушы құралдарды шығаратын өндірістің тоқтап қалуы себеп болды, оның себебі шикізат сатып алуға айналыс қаражатының болмауы болып отыр.
Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру бойынша сала қалада «Ромат медицина препараттары заводы» болып табылады, ол осы саланың өндірілетін өнімінің 100,0 % өндіреді. 2009 жылы кәсіпорында 471,8 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Қазіргі кезеңде кәсіпорында «Өндіріс көлемін ұлғайту және өндіріс номенклатурасын кеңейту» жобасы енгізілу үстінде, соның нәтижесінде өндірісті жаңғырту жүзеге асырылады, жаңа өндірістік линиялар сатып алынып, орнатылады. Сондай-ақ ішкі қажеттіктерді толық қанағаттандыру мен экспортқа шығару үшін өндіріс көлемін ұлғайту мен шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту мақсатында ISO және GMP халықаралық сапа стандарттарын енгізу жоспарлануда.
2012 жылдың сәуір айына жоспарланған жоба енгізілгеннен кейін дайын дәрілік препараттарды өндіру көлемін 10 есеге ұлғайту жоспарланып отыр, шығарылатын дәрілік препараттар номенклатурасын 250 атауға ұлғайту жоспарлануда.
Қазақстандық мазмұн мәселесінде негізгі міндеттерді орындау үшін товарларды, жұмыс пен қызметті кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар тарапынан сатып алу кезінде 2009 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық мазмұнды ұлғайту, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту, отандық өндірушілерді қолдау бойынша кезеңді жұмыс басталды.
2009 жылдың қорытындылары бойынша қаланың 84 кәсіпорыны бойынша мониторинг жүргізілген (облыс кәсіпорындарының 23,7 %), олар жалпы сомасы 51,6 млрд. теңге товарлар, жұмыс пен қызметті сатып алуды жүзеге асырған, оның ішінде 41,2 млрд. теңгесі (немесе 79,7 %) қазақстандық мазмұнда (облыс бойынша 80,1 %).
2009 жыл бойынша қаланың ірі және орта кәсіпорындарымен 69,3 млрд. теңгеге өнім өткізілді (немесе облыс деңгейінің 16,7%), оның ішінде ішкі нарыққа 52,9 млрд. теңге (немесе облыс көлемінің 23,4 %), оның ішінде: 2,1 млрд. теңге - ұлттық компаниялар және 479,6 млн. теңге мемлекеттік сатып алулар шеңберінде.
Қаланың 149 мемлекеттік мекемелерімен товарларға, жұмыс пен қызметке мониторинг, 6661,2 млн. теңге сомасында (6238,1 млн. теңге – қазақстандық ұстау) товарлар, жұмыс пен қызмет сатып алынғандығын көрсетеді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін 1642,9 млн. теңге сомаға. Товарларды, жұмыс пен қызметті мемлекеттік сатып алуда қазақстандық үлес салмағы 93,6 % құрады.
2010 жылдың 10 айына 50,3 млн. теңге сомасына товарлар, жұмыс пен қызмет сатып алынғанды, соның ішінде қазақстандық ұстау 39,6 млрд. теңге немесе 78,7 %, оның ішінен:
38,4 млрд. теңгенің товары сатып алынды, оның ішінде қазақстандық 28,2 млрд. теңге, қазақстандық мазмұнның үлес салмағы 73,3 %;
9,2 млрд. теңгенің қызметі көрсетілді, оның ішінде қазақстандық 9,1 млрд. теңге, қазақстандық мазмұнның үлес салмағы 99,1 % құрады.
2,7 млрд. теңгенің жұмысы істелінді, оның ішінде қазақстандық мекемелердің күшімен 2,3 млрд. теңгенің жұмысы, қазақстандық мазмұнның үлес салмағы 94,4 % құрады.
2010 жылдың 10 айына мемлекеттік мекемелердің товар, жұмыс пен қызмет сатып алудың көлемі 3935,2 млн. теңге, оның ішінде қазақстандық 3728,7 млн. теңге немесе 94,7 %, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сатып алу көлемі 1171,1 млн. теңге сомасын құрайды.
Өнімді өткізумен байланысты проблемаларын шешуге қолдау көрсету мақсатында 2009 жылы қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары Өскемен қаласында өткізілген товарларды сатып алудағы қазақстандық мазмұнды ұлғайту бойынша үш Форумның жұмысына қатысты, «Самұрық-Қазына» АҚ өткізген ұлттық компаниялар жұмысы мен қызметі Форумына, республиканың облыс орталықтары мен жақын шет ел аймақтарында ұйымдастырылған көшпелі жергілікті өнімдер көрмесіне, Қарағанды, Павлодар қалаларында өткізілген товар өндірушілер Форумына, Алматы қаласында өткен ІҮ Текстиль Конгресіне қатысты.
2010жылдың қаңтар-қазан айларында:
Қаңтар айынан бастап 2010 жылдың 1 қарашасына дейінгі кезеңде 62 өнеркәсіп кәсіпорыны үшін олар өндіретін товарларға 206 «СТ- КZ» сертификаттары берілді .
Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін тиімді жағдай қалыптастыру шеңберінде 2008 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен аймақтың 7 кәсіпорындары мен ұйымдары айналысты. Олар 28,5 млн теңгенің көлеміндегі ғылыми-техникалық жұмыстарды атқарды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 69,3 %- ға аз болып отыр. 2007 жылмен салыстырғанда зерттеу жұмыстарына жіберілген шығын қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты азайды. Ғылыми-техникалық жұмыстар көлемінде басты үлес салмақты қолданбалы зерттеу жұмыстарының үлесіне тиеді.
Атқарылған жұмыстардың жалпы көлеміндегі зерттеу жұмыстары республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүргізілді және 98,1 % құрады, қалған 1,9 % тапсырыс берушінің сомасы есебінен.
Қала кәсіпорындары мен мекемелерінің инновациялық белсенділігі артып келеді. Жаңа технологиялар құрылымында негізгі көлемді өңдеуші өнеркәсіп саласындағы инновациялар құрайды.
Инновациялық сала көрсеткіштерінің динамикасы
Кесте 3
Көрсеткіштер
|
2007ж.
|
2008ж.
|
2009ж.
|
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі
|
6,6
|
4,0
|
3,2
|
Инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны, дана
|
15
|
9
|
6
|
Инновациялық өнім көлемі, млн. теңге
|
8386,2
|
2580,2
|
1953,9
|
Зерттеу және әзірлеу жұмыстарына жіберілген ішкі шығындар, млн. теңге
|
85,1
|
28,5
|
193,9
|
Өнеркәсіптегі технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындар, млн. теңге
|
41,6
|
253,1
|
193,9
|
2009 жылы қала кәсіпорындарының инновация саласындағы белсенділік деңгейі 3,2% құрады, бұл 2008 жыл көрсеткіштерінен 0,8 % төмен. Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі бөлігі жаңа технологияларды, құрал-жабдықтар мен материалдарды енгізуге бағытталған.
2009 жылы көрсеткіштердің қала бойынша да, облыс бойынша да төмендеуінің себебі әлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде экономикалық дамудың жалпы төмендеуімен байланысты болып отыр.
2009 жылы инновациялық өнімдер көлемінің жалпы облыстық өнімдер көлеміндегі үлес салмағы 28,1 % құрады, зерттеу жұмыстарына жіберілген ішкі шығындар - 3,5 %, өнеркәсіптегі технологиялық инновацияларға жіберілген шығындар – 1,3 %.
2009 жыл ішінде өнеркәсіптегі технологиялық инновацияларға жіберілген шығындар 193,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде қаржыландырудың төмендегі көздері есебінен: өз қаражатына - 64,8 млн. теңге, республикалық бюджеттен - 29,5 млн. теңге, шет ел инвестициялары - 100,0 млн. теңге.
2009 жылы орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі 76,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде бағыттары бойынша: іргелі - 150,0 мың теңге, қолданбалы зерттеулерге - 76,0 млн теңге, ғылыми-техникалық зерттеулерге – 300,0 мың теңге.
Өз күштерімен орындалған жұмыстардың көлемі 150,0 мың теңге сомасы көлемін құрады.
2009 жылы орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың облыстық көлемдегі үлес салмағы (бұдан әрі ҒТЖ) 0,7 ℅ құрады, бұдан шығатын қорытынды инновациялық қызмет бойынша ғылыми потенциал облыс орталығында орналасқан.
Қалада ғылыми зерттеу және ғылыми құрастырым жұмыстарымен 9 кәсіпорын айналысады.
Электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлудің негізін «АЭС Шульба ГЭС-ы» ЖШС, МКК «Теплокоммунэнерго» және МКК«Семей-Водоканал» құрайды.
2007 жыл деңгейімен салыстырғанда электр энергиясын өндіру 10,9 % төмендесе, жылу энергиясын өндіру 1,9 % өскен, табиғи су өндіру 0,3 % өскен (кесте 4).
Кесте 4.
Электр энергиясын газ бен суды өндіру мен бөлу саласының маңызды өнім түрлерін өндіру динамикасы
№ р/с
|
Өнім атауы
|
Өлшем бірлігі
|
жылдар
|
Облыс көлеміндегі үлес салмағы %
|
2007
|
2008
|
2009
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Электр энергиясы
|
млн. кВт.сағ.
|
1697,0
|
1468,5
|
1512,6
|
20,7
|
2
|
Жылу энергиясы
|
мың Гкал
|
1478,3
|
3872,7
|
1506,9
|
13,6
|
3
|
Табиғи су
|
млн.куб.м
|
32,3
|
33,8
|
32,4
|
13,5
|
2009 жыл ішінде сала бойынша 10,9 млрд. теңгенің товар өнімдері өндірілді, ал облыстық көлемдегі үлес салмағы – 21,7 % құрады, нақтылы көлем индексі 99,1 % құрады (11 суретті қар.).
2009 жылы 1512,6 млн Квт сағ электр энергиясы өндірілді, тараптан 668,9 млн. кВТ сағ. алынды, электр энергиясының шығыны 2181,5 млн Квт сағ құрады. 1702,4 млн Квт сағ электр энергиясы босатылды, оның ішінде облыс көлеміне 834,8 млн Квт сағ.
Облыста өндірілетін энергияның жалпы көлемінде Семей аймағының үлес салмағы 20,7 % құрайды.
2007- 2009 жылдардағы электр энергиясын газ бен суды өндіру мен бөлу саласының товар өнімдерін өндіру мен нақтылы көлем индексі өзгерістерінің динамикасы
Сур.11
Соған байланысты салаға төмендегі проблемалар тән болып отыр:
электр энергиясы жетіспеушілігінің өсуі;
электр энергиясы тарифтерінің салыстырмалы түрде жоғары болуы;
электр энергиясының баламалы көздерін (күн, жел) пайдаланудың үлес салмағының төмен болуы.
Өнеркәсіп саласының даму жағдайына SWOT талдау:
Күшті жақтары:
-
Өз материалдық-шикізат базасының болуы;
-
Құрамында алтын бар руданы өндіру мен өңдеу бойынша жетекші
компаниялардың болуы;
-
Өнім импорттайтын ірі нарықтарға жақындығы (Ресей, Қытай);
-
Өндірістік мүмкіншіліктерінің болуы.
Әлсіз жақтары:
-
Пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздестіру бойынша геологтық барлау
жұмыстарына мемлекеттік қаражаттың салынуының жетіспеушілігі;
-
шет елдік ұқсас кәсіпорындармен салыстырғанда өнім өндірудің жоғары қор
және энергия жұмсалатындығы;
-
еңбек өнімділігі деңгейінің төмендігі;
-
ішкі нарық көлемінің салыстырма түрде шағын болуы:
-
білікті мамандардың жетіспеушілігі;
-
технологиялық құрал-жабдықтардың күшті ескіруі (70 % дейін), негізгі
қорлардың баяу жаңартылуы;
-
кәсіпорындардың айналыс қорларының жетіспеушілігі және өндірісті жаңғырту
мен техникалық жағынан қайта жарақтандыруға арналған жинақталған қорының жетіспеушілігі.
Мүмкіншіліктер
-
Өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің көлемін ұлғайту;
-
ТКМК-нің дамуы қала экономикасын индустрияландырудың «локомотиві»
болуы мүмкін;
-
Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен кедендік одаққа енуге
байланысты нарықтың кеңеюі шикізаттар мен қосалқы бөлшектерді экспорттау мен импорттауды жеңілдетеді;
-
Ел ішіндегі және халықаралық кооперацияның дамуы, оның ішінде әлемдегі ең
ірі шикізат жеткізуші елдер болып саналатын Ресей мен Қытаймен жақындықты пайдалану.
Қатерлер
-
Машиналар, құрал-жабдықтар мен тетіктерді импорттаудың көлемінің жоғары
болуы металлдар мен металл өнімдерінің негізгі тұтынушыларының машина құрылысы мен приборлар құрылысы саласының дамуын тежейді;
-
Қытайдың машина құрылысы саласының тарапынан күшті бәсекелестіктің
болуы;
3. Шикізат қорларына бағаның төмендеуі.
2.2.1.2. Агроөнеркәсіп кешені
Семей қаласы экономикасының аграрлық саласында 673 шаруа қожалығы, 2 өндірістік кооператив, 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 11 саяжай-бақ кооперативтері және тұрғындардың 32,0 мың жеке қосалқы шаруашылығы бар.
2007 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 6,9 дан 10,4 млрд. теңгеге өсті немесе 1,5 есеге өсті. 2007- 2009 жылдардағы нақтылы көлем индексі өзгерістерінің динамикасы 5 кестеде келтірілген
Кесте 5.
2007- 2009 жылдардағы нақтылы көлем индексі өзгерістерінің динамикасы
Көрсеткіштер/ жылдар
|
2007
|
2008
|
2009
|
Физикалық көлем индексі
|
139,7
|
138,5
|
110,3
|
оның ішінде өсімдік өсіру
|
148,8
|
137,4
|
236,4
|
мал өсіру
|
135,5
|
140,8
|
107,4
|
Аймақтың негізгі мамандануы - картошка, көкөніс және ет - сүт өнімдерін, тері мен жүн өндіру болып табылады, оларды одан әрі дамытумен қазіргі таңда ауыл шаруашылығы товар өндірушілері айналысуда.
Өсімдік өсіру қала ауыл шаруашылығының маңызды бөлігі болып табылады, оның үлесіне өнім өндірудің жалпы көлемінің 32,5%-ы келеді. Шаруашылық жүргізу телімді және суармалы жер өңдеу арқылы жүзеге асырылады. Негізінен астық, картоп, көкөністермен бақша өнімдерін өсіру кеңінен таралған. Өндірілетін өнімдердің басым бөлігі суармалы жерлерде өсіріледі. Бұл жағдай шаруашылықтардың Ертіс өзенінің бойын бойлай орналасуымен байланысты болып отыр. Семей аймағы бойынша қазіргі таңда шаруашылық жүргізуші субьектілер суармалы жерлердің 4,0 га көлемін пайдаланып отыр.
АӨК салаларын тұрақтандыру бойынша шаралардың қабылдануы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің одан әрі дамуына жағдай жасады, оның нәтижелілігінің артуы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасады.
Картоп мен көкөністер өсіру салаларының тұрақты дамуының құрамдас бөлігі суландырылатын жерлер көлемін арттыру, салаға суландырудың алдыңғы қатарлы мелиорациялы жүйесін енгізу болып табылады, мұның өзі жер өңдеу мәдениеті деңгейін арттыруға, өндірілетін өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, шаруашылық жүргізуші субьектілердің кірісін арттыруға алып келеді.
Семей аймағы бойынша ғылыми негізделген жеті танаптық егін айналымын «Агрофирма Приречное» ЖШС қолданып келеді, бұл егу айналымдары картошка, көкөніс және жем өнімдерін өсіруде қарастырылады. Өзге шаруашылықтарда үш танаптық егін егу пайдаланылады.
Саланы дамыту бойынша қолданылған шараларға қарамастан аймақтың өсімдік өсіру саласы әлі күнге дейін қалыптасқан табиғат жағдайларына тәуелді болып қалып отыр.Суландырылатын жерлердің аумағы баяу өсуде, ауыл шаруашылығы өнімдерін ылғал сақтаушы технологиялар бойынша өндіру баяу өсуде.
Тек «Мұздыбай- І» ШҚ 2010 жылы 75 га жерді суландыруға арналған қосымша 3 «Фрегат» суландырушы агрегаттары орналастырылған.
«Алина» ШҚ тамшылап суландыру қондырғыларына тапсырыс берген.
Аймақта машина-трактор паркін жаңарту бойынша жұмыстар атқарылып келеді.2008 жылы 7 дана сатып алынса, 2009 жылы ауыл шаруашылық техникасының негізгі түрлерінің 6 данасы сатып алынды.
Жақын және алыс шет елдерден өнімділігі жоғары, энергиямен толық қамтамасыз етілген техникаларды сатып алу ауыл шаруашылығы өндірісін энергиямен қамтамасыз етуді 2007 жылмен салыстырғанда 1,3- 1,4 % өсіруге мүмкіндік берді.
1999 жылдан бастап 8 комбайн сатып алынды, жаңарту 35% құрады, 17 трактор сатып алынды, жаңарту 3 % құрады.
Кесте 6.
Достарыңызбен бөлісу: |