АНДАТПА
Дипломдық жоба 4 бөлімнен тұрады:
- Техника - технологиялық бөлімінде жалпы кен орнының геологиялық және экономикалық жағдайлар, сондай-ақ ауданның геологиялық зерттеу жұмыстары және игеру тарихы, мұнайгаздылығы қарастырылған. Сұйық пен газ өндіру және су айдаудың өзгерісіне талдау жасалған, ұңғыма қорларының өзгеру динамикасы көрсетілген. Сондай-ақ кен орнында қолданылатын су айдау әдістері және пайдалынылатын су көздері кеңінен ашылып, аймақтап су айдағанда шығымды анқталды.
- Экономикалық бөлімінде қарастырып отырған кен орнының МГӨБ - ұйымдастырудың сипаттамасы, кен орнының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерге талдау жүргізіліп, су айдауды енгізуден түсетін экономикалық тиімділік есептеген.
- Еңбек қорғау бөлімінде кен орны бойынша қауіпті және зиянды факторларға талдау жасалып, өндірістік санитария толығымен есептелген.
- Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде атмосфераны, гидросфераны ластайтын көздер ретінде технологиялық үрдістерге талдау жасалған. Сондай-ақ жануарлар әлемін қорғау жөнінде шаралар қарастырылған.
Мазмұны
андатпа................................................................................................4
3
Кіріспе 4
1.1. Кен орын туралы жалпы мағлұмат 5
1.2 Кен орынның геологиялық құрлымы. 6
1.2.1 Стратиграфия 7
1.2.2 Тектоника 10
1.3 Мұнайгаздылық 12
1.4 Кен орынды жобалау және игеру тарихы 16
1.5 Игерудің жағдайы 17
1.6.1 Ұңғылар қорының жағдайы 22
1.6.1 Мұнай және газды өндіру көлемі 25
1.6.2 Қабат қысымын ұстау жүйесі 28
2.6 Қабатқа су айдау үшін пайдаланатын су көздері 30
2.7. Суды дайындаудың техника және технологиясы 33
2.8. Аймақтап су айдағанда шығымды анықтаудың есебі 38
45
2 Экономикалық бөлім 45
2.1 “Құмкөл мұнай” МГӨБ-ң ұйымдастырудың сипаттамасы 45
2.2 Техникалық басшылық органдары 48
2.3 Құмкөл кен орнын игерудің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді талдау 48
2.4 Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау 49
2.5 Суық су айдауды енгізуден түсетін экономикалық есебі 50
3.1 Өндірісте қауіпті және зиянды факторларды талдау. 56
3.2 Қорғану шаралары. 56
3.2.1 Өндірістік санитария. 59
3.2.2 Өрт - жарылыс қауіпсіздігі 63
4 Қоршаған ортаны қорғау 65
4.1 Қоршаған ортаға тасымалдау және газ мұнай өңдеу 65
технологиясы әсерінің негізгі факторлары. 65
4.1.1 Атмосфераның ластаушы көздері ретінде технологиялық үрдістердің анализі. 71
4.1.2 Топыраққа және жер қойнауына әсер етуі. 73
4.2 Ұйымдастыру шаралары 75
4.3 Атмосфераны қорғауды қамтамасыз ету 75
4.3.1 Гидросфералы және литосфераны қорғау 76
4.3.2 Өндірісте газбен жұмыс жасайтын двигательдердің зияндығы 78
Қорытынды 81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 82
Кіріспе
Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындарының бірі болып табылып, әсіресе энергетикалық саласының дамуына ерекше зор үлесін қосады.
Жалпы, мұнай өнеркәсібі ауыр және жеңіл өнеркәсібтердің, ауылшаруашылығының және транспорттың дамуын жеделдетеді.
Қазақстан Республикасы – мұнайгаз және газдыконденсат кен орындарында өте бай мемлекеттердің бірі.
Осы «дипломдық жобадаң негізі болып отырған Құмкөл кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістері қолданылып игеріледі.
Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасы Геология Министрлігінің "Южқазгеология" ГӨО-дегі Оңтүстік- Қазақстан экспедициясы мен ашылады.
Фонтанды ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік-Торғай ойпатындағы өнеркәсіптік мұнай газдылығын растады.
1987 жылы ТМД-ның ҚЖМК-нің бекітуімен баланстық 153208 мың. тонна алынатын 89442 мың.тонна болып мұнай қоры бекітілді.
Соңғы мәліметтерді қолдана отырып, су айдауды енгізуден түсетін экономикалық тиімділігін есептедім.
Ұсынылып отырған диплом жобасы Құмкөл кен орнын игеру талабына сәйкес «Құмкөл мұнай кен орны І-кешенінің нұсқаның ішінен су айдау әдісімен игеруге» арналған.
1. ТЕХНИКА-ТЕХНАЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Кен орын туралы жалпы мағлұмат
Құмкөл кен орны Қазақстан Республикасының Жезқазған обылысы Жезді ауданында орналасқан Жақын елді-мекен теміржол шоғыры жосалы аудан кен орнынан 159 километр қашықтықта орналасқан. Орталық обылыстары кен орнынан Қызылорда 200 километр, Жезқазған 174 километр қашықтықта орналасқан. Кен орнынан шығысқа қарай 116 километр қашықтықта тас жолы өтеді. Қызылорда- Жезқазған линиялық электр жүйесі кен орнынан 20 километр аралықта өтеді. Кен орнынан 230 километр шығысқа қарай Омск, Павлодар, Шымкент мұнай құбыры тартылған. Техникалық жұмыстар мен ауыз суға тереңдігі 80-100 метр жоғары бор су қабатынан алып пайдаланылады. Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екені анықталып ауыз суды кен орнынан 60 километр қашықтықта орналасқан су ұңғымасынан тасымалдап әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнынан тек тас жолы бар. Жаз, күз мезгілінде бұл жолменен барлық көліктер түрі емін-еркін жүре алады. Ал, қыс мезгілінде қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Құмкөл кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 метр биіктікте орналасқан, негізінен бұл жер қырлы болып келеді. Ол нақты бедер белгілерімен белгіленген. Алаңнан Оңтүстікке қарай құмды Арысқұм массиві орналасқан және жартылай бекітілген түйіршік бүдір құмнан құралған. Арыс тұзды көлі толық кеуіп қалған. Батысқа қарай 15 километр жерде орналасқан 70-80 метр Чинк биіктігі өзгермейтін тегіс жердің көтеріңкі плитасы 150-200 метр бедер белгісі бөліп тұр.
Ауданның ауа-райы тез өзгермелі, мезгілімен тәуліктік ауаның температура тербелісі ылғалдылығы өте тапшы және аз мөлшерде отырады. Жазда ең үлкен температура +300,+350с ыстық, қыста –380, 400 аяз. Жыл бойындағы түсетін ылғал мөлшері 150 мм дейін, негізінде қыс, күз мезгілдерінде түседі.
Оңтүстікке ағып жатқан Сырдария өзені кен орнынан 210 километр қашықтықта орналасқан. Жануарларды суару үшін алаңға жақын жерден Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артезиан ұңғымасы бұрғыланған.
Қазіргі кезде ГӨБ (ПГО) "Южказгеология" кен орны аймағында құрылыс материалдары бар екені анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |