Әлсіз жақтары:
-
Өндірістің ұсақ товарлылығы;
-
ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарының моральдық және нақтылы ескіруі мен тозуы;
-
суландырылатын жер өңдеудің нәтижелілігінің төмендігі;
-
асыл тұқымды малдың үлес салмағының төмендігі;
-
жем-шөптің жетіспеушілігі;
-
ауыл шаруашылығы өндірісінде қазіргі заманғы инфрақұрылымның дамымауы;
-
ауылдық тұтынушы кооперативтері желісінің жеткіліксіз деңгейде дамуы;
-
көптеген ауыл шаруашылығы өндірушілерінде негізгі және айналыс қаражаттарының жетіспеушілігі;
-
ауыл шаруашылығы товарын өндірушілердің несие қорларына қол жеткізуінің төмен деңгейі;
-
АӨК- де білікті мамандардың жетіспеушілігі.
Мүмкіншіліктері:
-
Агроөнеркәсіп кешенінің мүмкіндіктерін толық пайдалану;
-
бәсекеге қабілетті өнім өндіру;
-
техникамен жарақтану деңгейін арттыру;
-
ауыл шаруашылығы өндірісінің нәтижелілігін арттыру;
5. агроөнеркәсіп кешенді дамыту бойынша қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру (СТФ, жемдеу алаңдарының және т.б. құрылысы);
6. ауылдық тұтынушы кооперативтері желісін дамыту.
Қатерлер:
-
Құрғақшылық пен табиғат апаттарына байланысты қаланың азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер;
-
экономикалық дағдарысқа байланысты инвестициялар тартудың қиындығы;
-
малдың аса қатерлі ауруларының асқына таралуы.
2.2.1.3 Туризм
Семей Шығыс Қазақстан облысында ең маңызды рекреациялық аймақтардың біріне жатқызылады, бұл аймақта аймақтың көптеген негізгі табиғи, мәдени, тарихи ескерткіштері орналасқан.
Семей аймағы бай тарихи-мәдени мұраға ие, оны танымдық, ғылыми және ұлттық туризм объектісі ретінде қарастыруға болады.
2007 жылдан бастап туризмді дамыту бойынша қызмет инфрақұрылымды құру мен дамыту, облыстың туристік имиджін қалыптастыру мен дамыту, туризм саласына инвестициялар тарту арқылы 2007-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында туризмді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын, 2006-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысында туристік саланы дамытудың Аймақтық бағдарламасын орындауға бағытталған.
2007-2009 жылдары шаруашылық жүргізуші субьектілер қаражаты есебінен жаңа туристік объектілер салу мен ескілерін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Әлемдік туристік қызмет нарығында қаланың қызғылықты туристік имиджін қалыптастыру мақсатында жыл сайын халықаралық туристік көрмелер, жәрмеңкелер, биржаларға қатысып келеді, ішкі туризм бойынша облыстық имиджді іс-шараларға қатысып келеді, түрлі тілдерде жарнамалық-ақпараттық өнімдер шығарылуда.
Туристік мамандарын дайындаудың сапасын арттыру мақсатында облыс орталығында өткізілетін оқытушы семинарларға, курстарға қатысып келеді. Семейде «Туризм» мамандығы бойынша 1 жоғары оқу орыны мен 1 колледж «Қонақ үй шаруашылығы мен туристік кешендерді ұйымдастыру» мамандығы бойынша маман дайындайды.
Қала қолөнер шеберлері мен ұсталарына қолдау көрсету мақсатында облыстық, республикалық, халықаралық көрмелер мен сувенирлік өнімдер жәрмеңкесіне белсенді түрде қатыстырылып келеді.
Туризмнің болашағы бар түрлерінің тұрақты дамуы үшін экологиялық туризмді дамыту мақсатында туристерді тарту мақсатымен Семей аймағының мәдени, тарихи, табиғи мүмкіндіктерін сақтау мен дамытуға мүмкіндік беретін маршруттар жасалынған.
Кесте 8.
2007- 2009 жылдары туризмнің даму көрсеткіштерінің динамикасы
Көрсеткіш атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2007
|
2008
|
2009
|
Туристік қызметтен көрсетілген туристік қызметтердің көлемі
|
млн. теңге
|
131,1
|
188,1
|
192,1
|
Көшпелі туризмінің көлем
|
мың адам
|
2,8
|
1,9
|
1,9
|
Ішкі туризм көлемі
|
мың адам
|
49,9
|
39,6
|
39,7
|
Туристік мекемелер саны
|
саны
|
13
|
14
|
16
|
Негізгі проблемаларды анықтау мақсатында SWOT- талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
-
Қаланың тиімді экономикалық-географиялық жағдайы;
-
табиғаттың, мәдениеттің, тарихтың ерекше ескерткіштерінің болуы;
-
отандық және шет елдік туристердің қызығушылығы.
Әлсіз жақтары:
-
Туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы, оның ішінде туристік объектілерге апаратын жолдар жағдайының жамандығы;
-
білікті басқарушы және қызмет көрсетуші қызметкерлердің болмауы;
-
аймақтың туристік қорларының жеткіліксіз деңгейде жарнамалануы.
Мүмкіндіктері:
-
Туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру мүмкіндігі:
-
тұрғындарды еңбекпен қамту;
-
кіріс және ішкі туризм легінің ұлғаюы және кірістер мен бюджетке түсімдердің өсуі.
Қатерлер:
-
Күзет шараларын қолданбаған жағдайда қолда бар объектілер мен қорларды жоғалту мүмкіндігі;
-
туризмді қолдауға қаржы мүмкіндіктерінің шектеулілігі, өз қаражаты мен инвестициялық қорлардың жетіспеушілігі;
-
туристік бизнестегі кәсіпқойлық деңгейінің төмендігі, қызмет көрсетудің сапасы мен деңгейінің көрсетілген қызметке сәйкес келмеуі.
Аймақтың туристік саласының жағдайына жүргізілген талдау бірнеше проблемалық мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді, оларды шешу алға қойған мақсатқа жетуге мүмкіндік берген болар еді - бәсекеге қабілетті туристік саланы құру мен дамыту, жалпы алғандағы Семей өңірінің имиджін көтеру:
1. Туристік және көлік инфрақұрылымының дамуының жетіспеушілігі:
- қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базаларын қоса есептегендегі орналасу объектілерінің материалдық базасының моральдық және қолданыс жағынан күшті ескіруімен сипатталады;
- қазіргі таңда туризм масштабы, түрлері, сапасы, туристер орналасатын орындарды ұсыну халықаралық талаптарға сәйкес келмейді;
- туристерді тікелей туристік объектілер маңына немесе маршруттың қиылысқан жерлеріне орналастыру мүмкіндіктерінің болмауы;
- бағалы және қызығушылық мол саяхат объектілеріне немесе әсем де көркем табиғат аймақтарына апаратын автомобиль жолдарының болмауы немесе өте нашар жағдайда болуы;
- саяхат объектілерінің күтім жағдайының нашарлығы - ыңғайлы көру алаңдарының болмауы, жабдықталған және қауіпсіз сүрлеулердің болмауы, демалатын орындардың болмауы;
- рекреациялы аймақтардың экологиялық жағдай проблемалары (жағажайлық аймақтарда жаға бағытының бұзылуы).
2. Мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру деңгейінің төмендігі, туризмнің ғылыми базасының болмауы.
Туризмнің дамуына бөгет жасайтын негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсету саласында маманданған туристік мамандардың болмауы болып отыр. Бұл туризм индустриясы объектілерінде білікті маман қызметкерлердің болмауына ғана қатысты емес, сондай-ақ туристік сала үшін маман дайындаудың сапасына да қатысты.
3. Семей аймағының туристік мүмкіндіктері туралы жарнамалық ақпараттың жеткілікті көлемде болмауы.
2.2.1.4. Негізгі қорға инвестициялар
2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда негізгі қорға салынған инвестициялар көлемі 37,5 % өсті, алайда 2008 жылмен салыстырғанда 6,8 % төмендеді және 22,7 млрд. теңгені құрады (сурет 12).
Семей аймағы бойынша негізгі қорға инвестициялар
көлемінің өзгеру динамикасы
млн. теңге
Сур. 12
Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар көлемінің үлес салмағы 2009 жылы мынаны құрады: кәсіпорындар мен мекемелердің өз қаражаты есебінен - 13,03 млрд. теңге (57,4 %), республикалық бюджет қаражаты есебінен - 5,15 млрд. теңге (22,6 %), қарызға алынған қаражат есебінен 2,89 млрд. теңге (12,7 %), жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1,6 млрд. теңге (7,2 %).
Кесте 9
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі қорға инвестициялар
көлемінің өзгеру динамикасы
Жылдар
|
2007
|
өткен жылға шаққандағы %
|
2008
|
өткен жылға шаққандағы ℅
|
2009
|
өткен жылға шаққандағы %
|
Жиыны млн. теңге
|
16895,6
|
103,7
|
22836
|
135,1
|
22735,4
|
99,5
|
Республикалық бюджет
|
5888,6
|
167,2
|
6254,6
|
106,2
|
5151,1
|
82,3
|
Жергілікті бюджет
|
925,6
|
193,1
|
3048,4
|
329,3
|
1654,8
|
54,2
|
Өз қаражаты
|
7249,7
|
85,6
|
11644,6
|
160,6
|
13030,5
|
111,9
|
Қарызға алынған қаржы
|
2612
|
120,3
|
1782,4
|
68,2
|
2898,9
|
162,6
|
Шет елдік инвестициялар
|
219,7
|
8,0
|
105,9
|
48,2
|
-
|
-
|
Инвестициялар салу үшін неғұрлым тартымды сала өнеркәсіп болып қалып отыр, оның инвестицияның жалпы көлеміндегі үлес салмағы 60,2 % құрайды.
Өңдеуші өнеркәсіпке 7826,5 млн теңге (34,4 %), кен өндіру өнеркәсібіне 1873,2 млн. теңге (8,2 %), көлік пен байланысқа - 1785,5 млн теңге (7,8 %), құрылысқа - 348,5 млн. теңге (1,5%), ауыл шаруашылыққа - 502,1 млн. теңге (2,2 %), денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметке - 614,5 млн. теңге (2,7 %) инвестиция салынған (11 кестені қар.).
Кесте 10
Пайдаланылу бағыттары бойынша негізгі қорға инвестициялар
көлемінің өзгеру динамикасы
Жылдар
|
2007
|
өткен жылға шаққандағы %
|
2008
|
өткен жылға шаққандағы
%
|
2009
|
өткен жылға шаққандағы %
|
Жиыны аймақ бойынша млн. теңге
|
16895,6
|
133,1
|
22836,02
|
135,2
|
22735,4
|
99,6
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
өнеркәсіп
|
4102,4
|
74,9
|
10123,6
|
246,8
|
13679,8
|
135,1
|
Инвестициялардың жалпы көлеміндегі өнеркәсіптің үлес салмағы, %
|
24,2
|
|
44,3
|
|
44,3
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
кен өндіру өнеркәсібі
|
436,2
|
105,2
|
1166,4
|
267
|
1873,2
|
160,6
|
өңдеуші өнеркәсіп
|
3170,6
|
67,3
|
5095,1
|
160,7
|
7826,5
|
153,6
|
электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлу
|
495,6
|
143,6
|
3862,2
|
779,5
|
3874
|
100,3
|
құрылыс
|
1224,2
|
204,3
|
323,6
|
26,4
|
348,6
|
107,7
|
ауыл шаруашылығы, аңшылық пен орман шаруашылығы
|
168,2
|
105,6
|
425,3
|
252,8
|
502,1
|
|
балық аулаушылық, балық өсірушілік
|
|
|
|
|
|
|
көлік және байланыс
|
1250,8
|
178,1
|
2447,3
|
195,6
|
1785,5
|
73
|
сауда; автомобиль, тұрмыстық техниканы және жеке қолданыстағы заттарды жөндеу
|
529,9
|
332,4
|
948,3
|
178,9
|
606,9
|
64,0
|
қонақ үйлер мен мейрамханалар
|
18,5
|
|
58,04
|
313,7
|
|
|
білім беру
|
1249,9
|
198,6
|
2876,7
|
230,1
|
1306,03
|
45,4
|
денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету
|
295,04
|
119,8
|
1694,2
|
574,2
|
614,5
|
36,3
|
өзге де салалар
|
8056,6
|
171,2
|
3938,9
|
48,9
|
3891,2
|
98,8
|
Индустриалды аймақтар
Қаланың экономикалық дамуын жылдамдату, бизнес жүргізу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету мақсатында «Өндіріс» индустриялдық аймағын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Өндіріс» бизнесті дамыту аймағы бойынша әкімшілік ғимратын салу аяқталды, инженерлік желілер жеткізілді: электрмен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету, канализация, жылумен қамтамасыз ету, асфальтталған жолдар мен алаңдар салынды.
Индустриялды аймақ территориясына орналастыру үшін төмендегі инвестициялық жобалар құрылысқа мақұлданды:
«Гамма Холдинг» ЖШС – «Пластмассадан өнімдер шығару бойынша өндірісті ұйымдастыру» жобасы;
«Иманова» ЖК – «Қала және ШҚО нарығын және тұтынушыларын көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жылыжай шаруашылығын салу» жобасы;
«Сәуле» ЖШС- «Витрофирден қабырға пеноблоктары мен қаптаушы жылу ұстайтын материалдар өндірісін ұйымдастыру» жобасы.
Қазіргі таңда «ИГЕРУ» ШҚ «Шиналарды қайта өңдеу бойынша завод салу» ЖШС жобасын орналастыру үшін жер телімін бөліп беру бойынша жұмыс жүргізілуде.
2.2.1.5 Шағын және орта кәсіпкерлік
Бүгінгі таңда аймақта шағын және орта кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес тұрғындардың едәуір бөлігін еңбекпен қамтып отыр, товарлар мен қызметтердің кең көлемін ұсынуда, бюджетке салық түсімінің едәуір бөлігін беріп отыр. Облыстың шағын және орта бизнесінің даму көрсеткіштері кезеңдік динамиканы көрсетіп келеді, мұның өзі экономиканың осы саласының дамуында оң өзгерістердің бар екендігін көрсетеді.
2010 жылдың 1 қаңтарына қарай шағын және орта бизнестің қызмет етіп отырған субьектілерінің саны 17446 дананы құрайды, олардың ішінде заңды тұлғалардың үлес салмағы 2145 дананы құрайды (12,3 %), жеке кәсіпкерлер - 14671 дана (84,1 %) және шаруа қожалықтары - 630 дана (3,6 %) (сурет 17).
Кесте 11.
2007-2009 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік
көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы
Көрсеткіштер атауы
|
Жылдар
|
2007
|
2008
|
2009
|
Шағын және орта бизнестің белсенді субьектілерінің саны, дана
|
13810
|
14860
|
14829
|
Шағын және орта бизнестің белсенді субьектілерінің өндірген өнімдері мен көрсеткен қызметтерінің көлемі, млн теңге
|
26328,0
|
36249,0
|
46147,9
|
Шағын және орта бизнесте еңбек ететін барлық субьектілердің саны, мың адам
|
27631*
|
28050*
|
32051
|
Ескерту:* 2007-2008 жылдарға ШҚО бойынша шағын және орта бюллетень есептелінген жоқ
Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің құрылымы
Шаруа (фермерлік)
шаруашылықтар - 3,6 % Заңды
тұлғалар -12,3 %
Жеке
кәсіпкерлер -84,1%
Сур.13
Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жалпы санынан 49,3 % сауда саласында, 23,2 %- құрылыс саласында, 11,3% - өңдеуші өнеркәсіп саласы кәсіпорындарында, 14,8 % - жылжымайтын, жалдық мүлікпен операциялар және тұтынушыларға қызмет көрсету саласында.
2007- 2009 жылдардағы шағын кәсіпкерлік субьектілерінен
түскен салық түсімдерінің өзгеру динамикасы
млрд. теңге
Сур. 14
Ескерту: 2009 жылы шағын бизнес субьектілерінен салық түсімінің төмендеу себептері:
- жаңа салық кодексінің 2 бабының 141 тармағына сәйкес корпоративті
табыс салығынан түсетін түсімдердің төмендеуі есебінен;
- әлеуметтік салық бойынша салық ставкасының 13 %-дан 11 %-ға
төмендеуі;
-
«Семей» кеденінің қайта құрылуына байланысты 2008 жылдың екінші
жартысынан бастап кеден салығы сомасы мен төлемдері Өскемен қаласы бойынша салық басқармасына түседі, соның себебінен өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдердің 1,8 млрд. теңгеге төмендеуі байқалады, оның ішінде салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем бойынша шағын кәсіпкерліктен жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің төмендеуі.
2009 жыл ішінде шағын бизнес кәсіпорындары 8 467 млн. теңгенің өнімдерін өндірді.
Шағын және орта бизнес субьектілеріне рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру, әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында процедуралардың 20 түрі бойынша рұқсат беруші құжаттарды қарау мерзімдерін қысқарту мүмкіндіктері туралы шешім қабылданды, мысалы мына құжаттарды беру кезінде:
- шағын және орта бизнес субьектілері үшін білім беру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін мемлекеттік лицензия алу үшін құжаттарды рәсімдеуді 30 күннен 15 күнге қысқарту;
- Шағын және орта бизнес объектілері құрылысы үшін құжаттарды рәсімдеуді 7 күнге дейін;
- өрт дабылы мен автоматты өрт сөндіру жүйесі бөлімдері бойынша жұмыс жобаларына келісім алу мәселелері бойынша шағын кәсіпкерлік субьектілерінен түскен өтініштерді қарауды 30 күннен 15 күнге дейін;
- Өндірістік мақсаттағы объектіні қолдануға беру туралы актіні 30 күннен 20 күнге дейін;
- Алкогольді өнімдерді өткізетін орынның балалар мекемелері мен білім беру мекемелерінен рұқсат етілген қашықтықта орналасқаны туралы анықтаманы 5 күннен 3 күнге дейін;
-
жобаларды, салу эскиздерді және т.б. келісу;
-
объектінің мекен-жайы туралы анықтаманы 5 күннен 3 күнге дейін.
Рұқсат беруші процедуралардың 6 түрі алынып тасталды, олар:
- алкогольді өнімдерді енгізу (шығару), сақтау (пайдалану), көтерме және бөлшек саудалау бойынша объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды;
- түсті суретті көбейтуші техниканы енгізуге (шығаруға), сақтауға (пайдалануға) рұқсат беру;
- жобалық құжаттарға мемлекеттік өрт қауіпсіздігі қызметінің келісімін алу;
- объектілер құрылысына жер телімін таңдау бойынша мемлекеттік өрт қауіпсіздігі қызметінің келісімін алу;
- орта және шағын бизнес үшін корпоративті кіріс салығы бойынша аванстық төлемдер төлеу.
Ұсынылған іс-шаралар нәтижесінде қала кәсіпкерлерінің рұқсат беруші құжаттарды алу кезіндегі әкімшілік шығындары 2010 жылы 35% қысқарады.
Орта және шағын бизнес саласының жағдайын бағалау үшін төмендегідей SWOT талдау жүргізілді:
Достарыңызбен бөлісу: |