2. Ағымдағы жағдайды талдау
2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы аумағын дамыту бағдарламасы (бұдан кейін - даму бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Мелекеттік жоспарлау жүйесі туралы» жарлығын, 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 2010-2014 жылдарға арналған ҚР күшейтілген индустриялды-инновациялы дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы № 922 жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын дамыту Стратегиясын және 2010 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды орындауда әзірленді.
Даму бағдарламасы аудан халқының өмір самасын көтеруге бағытталған, өсу межелін құру, облыстың тең бағалы дамуы үшін жағдайлар жасау бойынша жүргізілген саясаттың логикалық жалғасы болып табылады. Құжат ауданның нақты және теңгерімділік дамуы есебінде бәсекеге қабылеттілікті әртараптандыру және өсіру арқылы экономика өсімін қамтамасыз етуге бағдарланған. Жобада дамыту Стратегиясы мен бәсекеге қабылеттілікті өсіру Стратегиясының негізгі көзқарастары біріккен, экономика салаларын дамыту бойынша құжаттар.
Даму бағдарламасы аясында ауданның осы заманғы әлеуметтік-экономикалық ережесі жағдайына талдау жүргізілген, мықты және әлсіз жақтар, даму қауіптері мен мүмкіндіктер анықталған.
Шемонаиха ауданы халықтық жүйеде басты аймақтардың бірі болуы үшін елеулі артықшылықтары бар. Облыстың негізгі бәсекелестік артықшылықтарына мыналар жатқызылады: тиімді географиялық орналасу, кен өндіруге және металлургиялық өнеркәсіптер үшін қомақты минералды шикізат қорларының болуы, түсті металлургия және металлдарды өңдеу саласындағы елеулі технологиялық әлеует, біліктілігі жоғары кадрлардың болуы, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге қатысты туризмді дамытуға жол беретін бірегей рерационды шарттардың болуы.
Даму бағдарламасы шараларын жүзеге асыру қолда бар бәсекелестік артықшылықтар, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді есепке ала отырып тұрақты әлеуметтік экономикалық және инфрақұрылымдық дамудағы халықтың өмір сүру сапасын және жақсартуды қамтамсыз етуге бағытталған. Әртараптандыру және өсіру арқылы барлық салалардың бәсекелестікке қабылеттілігін экономикалық дамуын қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымның пәрменділігін, ішкі және сыртқы факторларды ең көп пайдалану есебімен ауданның әлеуметтік саласын және әлеуметтік-демографиясын дамыту, аудан халқын тіршілікпен қамтуға қолайлы жағдай жасау үшін табиғи кешеннің ұдайы өндірістік әлеуетін сақтау Стратегиялық мақсат болып табылады.
2.1. Табиғи әлеует
Шемонаиха ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан, 1928 жылы құрылған. Шығыс Қазақстан облысының ортақ өнеркәсіптік әлеуетін және тұрақты дамығын агроөнеркәсіптік кешенді иеленген алға бастар аудандарының бірі болып табылады.
Аудан аумағы 4,0 мың шаршы метрді құрайды. Аудан Алтай аймағымен және Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен, Бородулиха және Глубакий аудандарымен, Риддер қаласымен шекаралас.
Әкімшілік орталығы Шемонаиха қаласы болып табылады. Ауданда 11 әкімшілік-аймақтық бірлік, оның ішінде 8 ауылдық округтер, 2 кент округтары және 1 қалалық округ бар. Елді мекендер мынадай түрде ұсынылған: қала-1, кенттер – 2, ауылдар – 37.
Халықтың саны – 48,3 мың адам (Шығыс Қазақстан халқының 3,4 пайызы). 2010 жылғы 1 қаңтарға халықтың этникалық құрамы: қазақтар 9,9 пайыз, орыстар 81,7 пайыз, басқа да ұлттар 8,4 пайыз.
Климаты күрт-ауыспалы. Абсолюттік ең жоғарғы температура +40, абсолюттік ең төменгі температура -48 градус. Солтүстік және оңтүстіктен секундына 25-30 метр жылдамдықпен соғатын жел басым болып табылады, грунттың қату қалыңдығы 220 мм, қар жабындысының биіктігі 115 мм, бір жылдағы орташа тұнба саны 780 мм. Бір жылдағы орташа тұнбалар саны 795 мм. Бір жылға жылу беретін маусымның ұзақтығы 180 күн.
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайынын талдау
Ауданда мыс, мырыш, алтын, қорғпсын құрадарымен полиметалл кендерінің минералды-шикізат ресурстарының қорлары орналасқан.
Пайдалы қазбалардың бай кен көздерінің болуы аудан экономикасының өсуіне жағдай жасайды.
Ауданның негізгі салалары ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп болып табылады. Аудандағы негізгі өнеркәсіптік кәсіпорын «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы Мыс-химиялдық комбинаты болып табылады. Бұдан да өзге өңдеу өндірістерінің желісі жеткілікті дамыған: «Исток - 1» - сүт өңдеу, «Арарат» ЖШС – ет өңдеу, «Ертіс сирекжерлік компаниясы» ЖШС, «ИХМЗ» АҚ - сирекжерлік және сирек метал өнімдерін шығару, бұйымдарды мырышты болаттан дайындау - «Мырыш ыдыстарының зауыты» ЖШС, «Первомайка механикалық зауыты» ЖШС – металл өңдеу, «М және К» ЖШС – тастан бұйымдарды дайындау және өңдеу.
Ауданның ауыл шаруашылық құрылымында малдың мынадай дәстүрлі түрлері бар: ірі қара мал, жылқы, шошқа, қой және ешкі, құс. Жыл қорытындысы бойынша 38,8 мың тонна сүт, 5,6 мың тонна ет, 165,5,0 мың тонна дәнді дақылдар, 33,3 мың тонна күнбағыс өндірілді. Дәнді дақылдардың орташа өнімі 19,6 ц/га, күнбағыс – 9,8 ц/га құрады.
Аудандағы негізгі көлік түрі автомобиль. Аудан арқылы негізгі теміржолдар тармағы өтеді: Защита – Локоть, Семей – Алматы.
Аудан қаларалық, еларалық және мобильдік байланыспен орналасқан.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы дамудың жағымды динамикасымен сипатталады, нақты сектор сияқты әлеуметтік сектор мен инфрақұрылымдық кешен де.
Әлеуметтік салада халықтың табиғи өсуге беталысы байқалады (жыл сайын орташа 2,6 пайыз аралығында), бұл кезеңде жұмыссыздық деңгейі 1,2 пайызға төмендеп кәсіби дайындық мәселелеріне қолданылған шараларды қабылдау есебінде 5,8 пайызды құрады.
Нақты секторды, агроөнеркәсіптік кешенді, ауылдық аймақтарды, тұрғын-үй қырылысын, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларын, қоршаған ортаны, туризмді қорғауды, шағын кәсіпорынды қолдауды, жол қозғалысы қауіпсіздігін өсіруді, есіртіқұмарлықпен, есірткі бизнесімен және жемқорлықпен күресті, сондай-ақ құқықтық мәдениет деңгейін көтеруді, азаматтардың құқықтық оқытулары мен тәрбиесін дамытуға мақсатталған дамытудың негізгі басымдықтары бойынша аймақта 18 аймақтық бағдарлама іске асуда.
Ауданда жалпы білім беретін 30- мектептер, 2 колледж және кәсіби лицей берілген. Ауданның емдеу-профилактикалық мекемелер саны 35 бірлік, оның ішінде 3 аурухана, 10 поликлиника, олардың 8 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 17 медициналық пунктер. Мәдениет мекемесінің желісі мынадай қалыпта берілген: 1 тарихи-өлкетану музей, 1 аудандық мәдениет үйі, 12 клуб, 20 кітапхана, 2 стадион, 3 спорт кешені.
2.2.1. Экономикалық даму
2.2.1.1 Өнеркәсіп
Ауданда өнеркәсіптік өнімдерді шығарумен: 5 ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар (Шығыс Қазақстан облысының филиалы РЭК, ИРЗК ЖШС, Исток ЖШС, МХК, ИХМЗ АҚ), 3 орташа кәсіпорын (Востоксельхозпродукт, МГКП Первомайка каналы, ПМЗ ЖШС), 42 шағын кәсіпорындар айналысады.
-
кен-өндіру – 78 пайыз
-
кен өңдеу – 19 пайыз
-
электр, жылу энергиясын және суды өндіру және жұмсау – 3 пайыз
Өнеркәсіп саласымен 5520 адам жұмыспен қамтылған немесе аудан экономикасындағы жұмыспен қамтылғандар санының 45 пайызы.
Экономика құрылымында өнеркәсіптің алатын орны 52 пайыз.
Ауданның өнеркәсіптік өндірісі негізінен Шемонаиха қ., Усть-Таловка және Первомайка кенттерінде жинақталған.
2009 жылда тауарлық өнім 14,8 млрд. теңге сомасында өндірілген, яғни қолданыстағы бағалармен 2007 жылғы деңгейден 75 пайызға көп, физикалық индекс көлемінде 88 пайыз, оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі – 85,5 пайыз, кен өңдеу өнеркәсібі – 127,8 пайыз, электр энергиясын, газ және суды өндіру және жұмсауда – 101,8 пайыз.
2009 жылғы жалпы физикалық индекс көлемінің төмендеуіне мынадай себептер ықпал етті:
1. Ағымдағы талдау кезеңінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрамына және арқанасты жолдарын бетондау жұмыстары бойынша кіргізілген Мыс-химиялық комбинатының Артемьевский кенішіндегі көтерме машинаға монтаж және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Артемьвский кенішінің бетон-қалау кешені толықтай жұмыс істемеді, онда төсеме төсеу жүрді, осыған байланысты кен орнының өңделген телімдерінің закладкалау мерзімі ұзара берді. Жоғарыда аталған жұмыстар кезеңінде кен өндіру жүргізілмеді.
2. «ИРЗК» ЖШС кәсіпорнының қызметі 2009 жылғы қаңтардан бастап өнімге деген сұраныстың нашарлауының ықпалынан тоқтады. Қазанда қызмет біртіндеп қайта жандана бастады.
3. ИХМЗ АҚ 2008 жылғы сәуірден бастап жұмысын тоқтатты, 177 адам қысқарды.
2007-2009 жылдардағы физикалық көлем индексінің өзгерісі және өнеркәсіптегі тауарлық өнім өндірісі көлемінің динамикасы
-
сур.
Келешекте де білігі болып қала беретін, аудан экономикасының жалпы саласы кен өндіру өнеркәсібі болып табылады.
Саланың негізгі өнекәсіптік кәсіпорны «Казақмыс корпорациясы» ЖШС құрамына кіретін Мыс-химиялық комбинаты болып табылады. МХК шикізат қоймалары: Артемьвский кеніші, Николаевский кеніші, Юбилейно-Снегериха кеніші.
1. кесте
Өндірілген қорлар:
|
Артемьвский кеніші
|
Николаевский кеніші
|
Юбилейно-Снегериха кеніші
|
Өндірілген қорлар
|
31,5 миллион тонна
полиметалл кендері – 59 % (құрамы мыс, мырыш, қорғасын) және 41 % мыс - мырышты (құрамы мыс, мырыш).
|
2,4 миллионн тонна
100 % мыс – мырышты (құрамы мыс, мырыш).
|
25,9 миллион тонна 100% мыс – мырышты (құрамы мыс, мырыш).
|
Қолданысқа беру мерзімі
|
30 жылға дейін
|
4 жылға дейін
|
13 жылға дейін
|
Бұдан өзге аудан аумағында мынадай пайдалы қазбалардың орны бар:
-
құмды-шағыл тасты қоспа – 5, оның ішінде резервтегілер 3(пайдаланьбағандар)
-
құрылыс тастар – 1, оның ішінде резервтегілер 1
-
құрылыс құмдары – 3, оның ішінде 3 резервтегілір
-
қатты пайдалы қазбалар (алтын) – 1, оның ішінде резервтегілер 1
Сала кәсіпорындарымен 2009 жылы 12,05 млрд. теңге сомасында тауарлық өнім өндірілді, яғни 2007 жылғы деңгейден 83,4 % жоғары, 2008 жылғы көрсеткіштерден 14,3% төмен. 2009 жыл қорытындысы бойынша өнім өндірудегі физикалық көлем индексі 85,8 % құрады, яғни 2007 жылғы көрсеткіштерден 40,1 пайыздық тармаққа, 2008 жылғы көрсеткіштерден – 23,1 пайыздық тармаққа төмен.
2 сурет
2007-2009 жылдардағы кен өндіру өнеркәсібіндегі тауарлық өнім өндірісінің физикалық көлем индексінің өзгеру динамикасы
Саладағы тауарлық өнімдерді өндіру соңғы 3 жылда тұрақты өсуде, алайда Шығыс Қазақстан облысында орналасқан үш өндіріс алқабы өзгертіледі және кен көлемінің Корпарацияның ішкі жоспарларына тәуелді екендігі жөнінде атап өту қажет.
Өнеркәсіптік өнімді өндірудің жалпы көлеміндегі Мыс-химиялық комбинат көрсеткіштерін есепке ала отырып, 82% «Қазақмыс корпорациясы»ЖШС құрамына кіреді, осы кәсіпорында 2009 жылы физикалық көлем индексінің төмендеуіне кен өндіру көлемінің қысқаруының мынадай себептері ықпал етті:
1. 23.10.2008 жылғы № 1013/К бұйрығына сәйкес Юбилейно-Снегериха кеніші Белоусовка кенбайыту комбинатының (Глубокий ауданы) жүргізуіне берілген болатын, сол кезде 2008 жылғы ағымда осы кен орны Мыс-химиялық комбинат құрамында болған. 2008 жыл қорытындысы бойынша осы кен орны бойынша кен өндірудің көлемі 375,5 мың тоннаны құрады. Қазіргі уақытта Юбилейно-Снегериха кеніші МХК құрамына қайта кірді, осы кен орнында кен өндіру қарашадан басталды.
2. Талдау кезеңінің ағымында Артемьский кенішінің көтерме машинасына құрамалау және жөндеу мен арқанасты жолдарын іргетастарын бетондау бойынша жұмыстар жүргізілді. Артемьвский кенішінің бетон-қалау кешені толық қуатта жұмыс істеп тұрған жоқ, ондв төсеме төсеу өтуде, осыған байланысты кен орындарының өңделген телімдеріне қалау мерзімі өсуде. Жоғарыда аталған жұмыстар кезінде кен өндіру жүргізілмеді.
Келешектегі алтын кен орындары барлауда. Оларды экономикалық үдеріске тарту инвестициялар жұмсауды қажет етеді.
Іздеу-бағалау жұмыстарын дұрыс қою үшін неғұрлым келешегі зор телімдер (алқаптар) мыналар:
-
Рулиханың ұсақ кен орнын және оған іргелес алқаптарды қамтитын Рулиха телімі. Авторлық қорлар 100 мың тонна Сu 40 мың тонна Pb 340 мың тонна Zn 2500 кг Au 110 тонна Ag анықталады.
-
Екі арадағы телім (СЗ Рулиха телімнің жалғасы. Болжамдық ресурстар (P1):55 мың тонна Сu 20 мың тонна Pb 170 мың тонна Zn 1500 тонна Au 110 тонна Ag
-
Үш ұсақ клчедан-полиметалл нысандарын (Верхнеубинское кен орны, Убинский телімі, Руднихинское кенайқындату) қосатын Убинский кеніші. Жалпы авторлық қорлар мен болжамдық ресурстар: 320 мың тонна Сu 210 мың тонна Pb 800 мың тонна Zn құрайды. Au және Ag бағалау жүргізілмеді.
-
Сугатовское ұсақ және Сургантовское кен орындарын қосатын Сугатовское кен алқабы. Болжамдық ресурстар 120 мың тонна Сu. Көлемі аса үлкен емес, Au және Ag жоғарғы құрамымен бай кен денелерін анықтау мүмкіндігі шамаланады.
-
Вавилонское кеніш алқабы. Оның құралдануы Вавилонское мыс-колчедан кен орны мен көптеген (30 аса) кен айқындатулармен ұсынылған. Кен алқабын іздестіру дәрежесі төмен. Болжамдық ресурстар 2000 мың тонна Сu 1000 Zn.
2007-2009 жылдардың кен өндіру өнеркәсіндегі өнімнің маңызды түрлеріне жүргізілген өзгеріс динамикасы төменде.
2 кесте
2007-2009 жылдары кен өндіру өнеркәсіндегі
өнімнің маңызды түрлеріннің
өзгеріс динамикасы.
№ р/н
|
Өнім атауы
|
Өлш. бірл.
|
жылдар
|
Облыс көлеміндегі үлес, %
|
2007
|
2008
|
2009
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
2
|
Қорғасын-мырыш кені
|
мың. тонн
|
1395,6
|
1021,7
|
801,0
|
|
3
|
Мыс-мырыш кені
|
мың. тонн
|
608,1
|
1089,4
|
1071,5
|
|
4
|
Мыс қойыртпасындағы мыс
|
мың. тонн
|
29,4
|
32,1
|
24,5
|
|
5
|
Қорғасын қойыртпасындағы қорғасын
|
мың. тонн
|
-
|
-
|
0,3
|
0,85
|
6
|
Мырыш қойыртпасындағы мырыш
|
мың. тонн
|
35,2
|
33,1
|
28,2
|
7,5
|
7
|
Пески природные
|
мың. шаршы метр
|
10,0
|
6,9
|
3,8
|
0,5
|
8
|
Түйіршіктер, тас үгінділері, галька, шағыл тас, щебень
|
мың. шаршы метр
|
12,3
|
7,0
|
5,2
|
0,5
|
Достарыңызбен бөлісу: |