4. Аумақты дамыту көріністері:
Білім беруде
Жоғарғы білімді, зиялы, бәсекеге қабылетті тұлғаны дайындау және дамыту үшін аудан тұрғындарының сапалы білімге қолжеткізуін қамтамсыз ететін тиімді білім беру жүйесін құру. Балаларға мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен толықтай қамтуды, жалпы орташа білім беретін ұйымдардағы білм сапасын және деңгейін көтеру, мүмкіндігі шектелген балалардың білім алуы үшін оңтайлы жағдай жасау, электронды, дистанциялық оқытуды енгізуді қамтамсыз ету.
2.2.2.2 Денсаулық сақтау
2007 жылдан 2009 жыл кезеңінде ауданда бірқатар оң демографиялық жағдайлар байқалған: тұрғындардың бала туу деңгейінің 100 тұрғынға 11,5 (2007жыл) 13,45 (2009 жыл) дейін өсуі; өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендеуі 2009 жылы 1000 тұрғынға (15 сурет) 16,96 дейін (2007 жылы – 18,99); тұрғындардың табиғи өсу коэффицентінің жоғарылауы 2009 жылы 1000 тұрғынға «-4,18» дейін, керісінше «-6,7» (2007 жылы).
15 сурет
ШҚО және Шемонаиха ауданы бойынша өлім-жітім динамикасы
Облыстағыдай аудандағы туу көрсеткіштерінің ерекше төменділігі репродуктивті жастағы әйелдер санына тәуелді өсімталдық көрсеткіштерге, аймақта тұратын тұрғындардың туу жасынан өткен құрамының көптігінің әсер етуімен түсіндіріледі.
Осы жағдай аудан бойынша күтілетін ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтылығы деңгейінде көрінеді: 2009 жылы орташа өмір сүру ұзақтылығы ерлерде 61 жас, әйелдердә 72 жасты құрады.
Жалпы беталысқа қарамастан соңғы жылдары сәби өлімінің көрсеткіштерінің төмендеу динамикасында Шемонаиха ауданы бойынша көрсеткіш тірі туылғандардың 100-на 10,15-тен (2007 жыл) 14,6-ға дейін өскен 2009 жылы 2008 жылғы халық аралық тірі критерилер және өлі туылғандарды енгізуге байланысты (16 сурет).
16 сурет
ШҚО-мен салыстырғанда Шемонаиха ауданы бойынша
сәби өлімінің динамикасы
Сәби өлімінің негізгі себептері босанғанға дейінгі, босанған кездегі және одан кейін туындаған жағдайлар болып табылады. Сәби өлімінің құрылымында ертеректе жүргізілген диагностиканың (екіқабат әйелдерге жүргізілетін туу кемістігін анықтауға скринггілер) жеткілікті деңгейде болмағанын куәландырытын кеміс туғандар екінші орында, ауданның толық және жеке жерлеріндегі қолайсыз экологиялық жағдайлардың әсері.
Ауданда 2007 жылғы 28 желтоқсанда № 1325 Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Респуьликасының ана және бала өлімін төмендету бойынша Бағдарлама жүзеге асуда. Бағдарламаның іске асуы ағымдағы жылда тууға көмектесетін материалдық-техникалық жабдықтарды 64,5% дан 2007 жылы 68,8% ға дейін 2009 жылы жақсартты, балалар ұйымын 73,2%; екіқабаттылық пен босандыру, босануға дейін, босаған кездегі және босанғаннан кейінгі көмекті өңірлерге таратуды жүргізуде жаңа технологиялар енгізуге қабылеттендірді.
Ауданда соңғы 3 жылда тұрғындардың жалпы сырқаттануының бірталай төмендеуі мен тұрақтануы байқалды 100 мың тұрғынға 2007 жылда 118825,6-дан 2009 жылда 117621,1-ге дейін. Дегенмен бұл көрсеткіш орташа-республикалық көрсеткіштен жоғары (РК – 60107,7). Аудан бойынша бірінші орында жүрек-тамыр жүйесінің сырқаттануы – 435%, екінші жарақаттану және улану 31, үшінші орында онкологиялық сырқаттанулар 8,4%.
Аудан бойынша туберкулезбен сырқаттану көрсеткіштерінің төмендегені байқалады, 100 мың тұрғынға 2007 жылы 112,0 болса 2009 жылы 104,5 дейін төмендеген. (17 сурет).
17 сурет
ШҚО және Шемонаиха ауданы бойынша туберкулез сырқаты
(100мың тұрғынға)
Тубеокулезден болған өлім-жітімнің төмендеуі байқалады: Толығымен ШҚО және Шемонаиха ауданы бойынша 100 мың тұрғынға 2007 жылғы 20,0 болса 2009 жылы 16,4.
18 сурет
ШҚО және Шемонаиха ауданы бойынша
туберкулезден болған өлім-жітім көрсеткіші
(100 мың тұрғынға)
Эпидемиологиялық көрсеткіштердің тұрақтылыққа беталысына қарамай туберкулезбен ауруының жастарда байқалады (жалпы сырқаттанғандар санының 72,5% 18-55 жас аралығындағы тұлғалар құрайды), барлық сырқаттанғандар санынан үлес салмағы басым ол тұрғындардың дәрілерді уақытында ала алмайтын жұмыссыздар және әлеуметті қорғансыз топтары саны.
2009 жылы балалар арасындағы сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға 47,6 құрады, жасөспірімдер арасында – 34,4. Туберкулез жұқпасы ошағынан балаларды оқшаулау 100% жағдайда, нәтижесінде жас формалы туберкулез жұқтырған балалар байқалады, солай десе байланысқан тұлғалар арасында туберкулездің азайғанын ескере кеткен жөн. жұқпа ошақтарынан 50%, «қауіп» тобынан 90% балалардың оқшаулауды және сауықтыруды қажет еткендіктен ауданда мектепке дейінгі санаторлық топтар жеткіліксіз. Ауданда эпидемиологиялық жағдай ортасында көптеген туберкулезбен сырқаттанғандары бар түзету мекемесінің болғанынан жағдай қиындайды.
Сырқатты уақытылы анықтау үшін ауданда жалпы емдеу желісінің мекемесі жоғарғы қабылетті бинокулярлық микроскоптармен қамтамасыз етілген. Туберкулезбен сырқаттанғандарға әлеуметтік көмек беру мәселесі шешілді.
Ауданда жаңа түрдегі қатерлі ісік сырқатының көрсеткіштерінің өсуі байқалған, 100 мың тұрғынға 2007 жылы 334,0 бплса 20009 жылы 370,0-ке жеткен (19 сурет).
19 сурет
ШҚО және Шемонаиха аудапны бойынша қатерлі ісікпен сырқаттану
(100 мың тұрғынға)
Жаңа түрдегі қатерлі ісік сырқаттарының жоғарғы көрсеткіштері Выдриха, Рассыпное, ВА№3, Рулиха, Октябрьское, Первомайское аймақтарында тіркелген. Шемонаиха ауданындағы қатерлі сырқаттардың тұрақты жоғарғы көрсеткіштеріне Семей ядро полигонының жақындығы, атмосфераның химиялық ластануына әсер ететін ашық кен өңдейтін Николаевский, Камышенский, Шемонаихинский кеніштері үйінділерінің болуы.
Ауданда қатерлі ісіктен болған өлім-жітімнің төмендегені байқалады 100 мың тұрғынға 2007 жылы 160,4 болса 2009 жылы 137,7-ге дейін жетіп ШҚО бойынша көрсеткіштерден 0,9 есеге төмендеген (20 сурет). Амбулаторлық деңгейде химиялық дәрілермен қамтамасыз ете отырып емдеудің жаңа әдістері мен диагностикаларын енгізумен сырқатты алғашқы сатысында анықтауға бағытталған тұрғындарды профилактикалық тексерулер жүзеге асырылуда.
20 сурет
ШҚО және Шемонаиха ауданы бойынша жаңа түрдегі қатерлі ісіктен болған
өлім-жітімдер
(100 мың тұрғынға)
Әлеуметтік-маңызды сырқаттармен қатар сырқат құрылымының неғұрлым көп бөлігін қан айналым жүйесінің сырқаттары алады (ҚАС), олар 43,5%. 100 мың тұрғынға ҚАС сырқаты 2007 жылы 981,8 құрасы, ал 2008 жылы 869,7 құрады; 2009 жылы ҚАС сырқатының көрсеткіші 1023,4 құраса Қазақстан Республикасының көрсеткішінде 100 мың тұрғынға – 583,9 құрады. ҚАС сырқатынан болған өлім-жітім 100 мың тұрғынға 2007 жылы 1100,0, 2008 жылы 823,3 және 2009 жылы 636,0 құрады, көрсеткіштердің кезеңдік төмендеуі жүруде.
Салауатты өмір салтын құру үшін салалардың профилактикалық бағыты күшейтілген, тұрғындардың жеке санаттарына профилактикалық тексерулер жүргізумен қамтуды күшейту, азаматтардың физикалық белсенділігін біріншіден балардың арттыру бойынша шаралар іске асуда.
Әлсіз топтардағы АҚТҚ жұқпасының таралуы 6% жоғарыламаған, жүкті әйелдер арасында 1% төмен. Аудан бойынша өсіру қорытындысымен АҚТҚ-мен барлығы 86 жағдай, оның ішінде 2 ЖҚТБ сырқатымен тіркелген.
Эпидемияның концентратталған сатыдағы АҚТҚ жұқпасының таралуын тұрақтандыру мақсатында профилактикалық шараларды жүргізу жалғасуда, сондай-ақ ЖҚТБ сырқаттанғандар қажет ететін толық көлемдегі антиретровирустық терапиямен қамтамасыз етілуде.
АҚТҚ жұқпасын жұқтырғандарды қажетті көлемде медициналық қызметпен қамтмамсыз ету мақсатында АҚТҚ/ЖҚТБ емдеу үшін АҚТҚ жұқпасын жұқтырғандардың тексерілуі және емделуі үшін жұқпалы аурулар бөлімінде 1 төсек бөлінген.
2010 жылғы 1 қаңтарға емдеу-профилактикалық ұйымдарының (ЕПҰ) жүйесі Шемонаиха аудандық орталық емханасы, Первомайский ауылдық емханасы, №2 және №3 дәрігерлік амбулаторилар құрамымен мемлекеттік меншіктік формасын алған Шемонаиха ауданының Медициналық бірлестігімен ұсынылды. Бұдан өзге ауданның тұрғындарына «Қазақмыс коррпорацисы» ЖШС филиалы жеке меншік формасымен - МХК МСЧ мекемесі және 5 стомотологиялық кабинеттер медициналық көмек көрсетеді.
Тұрғындарға бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін №2 және №3 дәрігерлік амбулаториялар, №1,7 учаскелік және жалпы тәжірибелік бөлімдер ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, 4ФАП, 14 медициналық пунктер, медициналық жедел жәрдем бөлімдері, жеке жайлардан басқа 3 фельдшерлік пунктер қызмет істейді. Орын алған ЕПҰ жүйесі оңтайлы, келешекте оның өзгеруі тек ҚР Үкімітінің сәйкес қаулысы немесе басқа да нормативтік-құқықтық актілер шыққан жағдайда ғана.
21 сурет
ҚР және ШҚО бойынша төсектермен қамсыздандырылуы (10 мың тұрғынға)
Стационарлық орындармен қамту көмегі дамуда, емханаларда 68 күндізгі төсектер, амбулаториялық поликлиникалық ұйымдарда 37 төсектер қызмет етуде.
Тұрғындарға медициналық жедел жәрдем қызметтерінің айналымы 2009 жылы 633 жағдайға өсті. Бақытсыз жағдайлар бойынша шақыртулар көбейген, жүктіліктің туу және сырқаттану жағдайлары бойынша 0,3%. 2007 жылы 269 шақыру, 2009 жылы 461 шақыру болды. Тұрғындардың медициналық жедел жәрдемге хабарласуының қарқынды көрсеткіші 1000 тұрғынға 2009 жылда 433,5, керісінше 2008 жылы 423,0 құрады, яғни облыстық көрсеткіштен төмен. (Облыстық көрсеткіш 436,7). Үстіміздегі жылы санитарлық автомобиль сатылып алынды.
Қарастыру кезеңінде «Шемонаиха ауданының М.Б.» ҚМКК бойынша 85000 мың теңге сомасына стационарлық бөлім, асблок, КДП, ЖМКБ жөндеуден өтті.
Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне шығындар 2007 жылы 454163 мың теңгеден 2009 жылы 560333 мың теңгеге өсті (23 сурет). Әлі де денсаулық сақтауды дамытуға жеткіліксіз деп есептеледі. Аудандағы денсаулық сақтау шығындары соңғы жылдары бір тұрғынға 2009 жылы 11412 теңгеге дейін өскен, оның ішінде ТМККК-не.
Ауыл тұрғындарының дәрілік көмектерге қол жеткізушілігін қамтамсыз ету үшін 31 елді мекеннің 14-де дәрілерді сату ұйымдастырылған.
22 сурет
ШҚО бойынша денсаулық сақтауға шығындар
(ТМККК мың теңге)
Ауданның денсаулық сақтауын ауданға 3-4 жас мамандардың келуі есебінен белсендірілген кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. 01.01.2010 жылғы жағдай бойынша дәрігерлер саны – 118, орташа медициналық қызметкерлер – 407 адам. Тұрғындарды барлық мамандағы дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз етудің өскендігі байқалады 10 000 тұрғынға 21,6 дан 2007 жылы 23,6 ға дейін. Медицина ұйымдары дәрігерлерінің бірлесіп қызмет етуі 2009 жылы 97% құрады.
2009 жылдың соңына кадрлар тапшылығы 12 дәрігерді құрады, оның ішінде ауыл бойынша – 3 дәрігер. 2009 жылы ауданда жұмыс істеуге Медициналық ВУЗ-дан 3 түлек келді, оның ішінде аулдық жерлерге 1 жас маман келді. Барлық көтерме жәрдемақы алғандар 1, тұрғын-үймен қамтылғандар 3 дәрігер.
23 сурет
ШҚО бойынша дәрігерлермен және орташа медицина қызметкерлерімен
қамтамасыз етілуі (мем. құрылым)
Дәрігерлер кадрларының «қартаюы» беталысы байқалады: 50 асқан тұлғалар 33,0%, 30 жасқа дейінгілер 10,1% құрайды. Жас кадрлардың келмеуін куәләндіретін, 25 жылдан аса еңбек өтілі бар мамандардың үлес салмағы артуда.
Мәселелерді анықтау үшін денсаулық сақтауда SWOT талдау жүргізілді.
Күшті жақтары:
1. Ана өлімінің болмауы, сәби өлімінің тұрақтануы.
2. Кадр мәселесін кезең бойынша шешу.
3. Материалдық-техникалық базаның нығайуы.
Әлсіз жақтары:
1. Тұрғындардың денсаулығына әсер ететін аумақтағы экологиялық жағдай;
2. Тұрғындардың әлеуметтік-маңызды аурулармен сырқаттанудың жоғары деңгейі.
3. Ауылдық ЕПҰ-ын типтегі ғимараттармен қамтамасыз ету деңгейінің жеткіліксіздігі.
Қауіп:
1. Саланы жеткіліксіз қаржыландыру сырқаттарды уақытылы диагностикалау сияқты тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуді төменді, медициналық жабдықтардың, медициналық мекеме ғимараттарының тозуына әкеп соғады,
Мүмкіндіктер:
1. Осы заманғы типтегі медициналық мекемелер құрылысын салу;
2. Медициналық маңызы бар ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
3. Жас мамандарды тарту.
2.2.2.3 Мәдениет
Ауданның мәдениет саласындағы қызметі тұрақты өсуде. Мәдениет саласының қызмет етуі үшін 2007-2009 жылдары бөлінген қаржы 139 609,0 мың теңгені құрады оның ішінде: 2007 жылы – 36807,0 мың теңге, 2008 жылы – 55883,0 мың теңге, 2009 жылы - 47919,0 мың теңгені құрады. Бюджеттік қаржының азайғаны байқалады 2008 жылға 2009 жылы 7 964,0 мың теңге, 2007 жылғы өсім 12 112,0 мың теңгені құрайды.
Мәдениет мекемесінің жүйесі 2007 жылы 35 бірлікті құрады, 2008 жылы 36 бірлік, 2009 жылы 36 бірлік, оның ішінде: 33 мәдениеттің мемлекеттік ұйымдар, оның ішінде: 13 клуб мекемелері, 19 кітапханалар, 1 тарихи-өлкетану мұражайы.
2007 жылдан аудандық орталық кітапханаларының «Бірлескен ақпараттық компьютерлік жүйе» жобасы сәтімен қызмет етуде. Жоба аясында 2 аудандық кітапхана қажетті құрал-жабдықтарды алды және Ғаламторға қол жеткізді. Аудан кітапханаларындағы жалпы компьютерлер саны 15 бірлік, көшіру-көбейту техникалары 3 бірлік. Ғаламтор-қызметтерін пайдаланатындар саны 550 адамды құрады, қатысу саны 2079.
2009 жылы 138236 адамның қатысуымен 2645 мәдени-жиын шаралары өткізілді, 1045 адамның қатысуымен 118 клуьтық құрылымдар қызмет етті, кітап қоры 252 дананы құрды, кітаптарды сатып алуға 346 мың теңге бөлінді, оқырмандар саны 12136 адамды құрады. Мұражайда 180 дәріс, көрме, саяхат жүргізілді, 29 экспонат сатып алынды, 2009 жылы соңына барлық экспонаттар саны 697 бірлікті құрады.
Аудан 11 облыстық фестивалдар мен конкурстарға қатысты.
Мәдениет үйі, Достық үйі, тарихи-өлкетану мұражайы, Шемонаиха қ. қалалақ кітапханасы, Усть-Таловка ауылдық кітапханасы, Барашевский кітапханасы ғимараттары мен жайлары коммуналдық меншікке жатады. Мәдениет мекемелерінің 84% ШҚ, ЖШС, мектеп мекемелерінің, балабақша теңгерімдерінде тұр, одан басқа ауылдық мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасы кей жерлерде шаруа қожалықтарының теңгерімінде тұрған жоқ. Және де Усть-Таловка кентінің кітапханасына өтпелі жөндеу жұмыстарын істеу қажет.
2009 жылы аудан бюджетінен ауданның мәдениет ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауға 2 702,0 мың теңге қаржы бөлінді, яғни 2007 жылғы деңгейден 57,8% төмен (4 674,0 мың теңге).
Аудан аумағында 33 тарих және мәдениет ескерткіштері тіркелген, оның ішінде: 1 республикалық және 32 жергілікті маңызы бар. Соңғы 3 жылда 2 ескерткіш орнатылды.
15 кесте
Қалар және аудандар атауы
|
Ескерткіштер саны
|
Жалпы саны
|
Археологиялық
|
Сәулет
|
Монументтік өнер
|
Шемонаиха
|
17
|
16
|
0
|
33
|
Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT талдау жүргізілді.
Күшті жақтары:
1. Орын санын өзгертпей-ақ 2007 жылмен салыстырғанда 1,5 есе мәдениет нысандарына келу деңгейінің өсуі;
2. Тұқрғындарды мәдениет нысандары қызметтерімен қамтамсыз ету дәрежесінің 2007 жылы 5,9 болса 2009 жылы 6,6 дейін өсуі.
Әлсіз жақтары:
1. мәдени-бос қызметтерін ұсыныстарындағы сапалық деңгейінің төмендеуі және жанрлық және стильдік түрлерінің жоқтығы;
2. тегіс аудан тұрғындарының мәдениет ұйымдарының қызметтеріне қол жеткізіле алмауы;
3. осы заманғы талаптарға сай, мәдениет ұйымдарында технологиялық құрал-жабдықтардың жоқтығы, мәдениет саласында маркетинг және менеджментті пайдалана білетін шығармашылық және басқармашылық кадрларының тапшылығы.
Қауіп:
1. мәдениет мекемелері қызметінің орташа құнының өсуі тұрғындардың белгілі бір қабаты түшін осы қызметтерге қол жеткізе алмауына әкеп соғуы мүмкін.
Мүмкіндіктер:
1. әлеументтік жағдайы нашар тұлғалар үшін тегін қызметтер көрсету мәдениет қызметін қол жеткізуге боларлықтай етеді.
Жүргізілген SWOT талдау негізінде 2009 жылда аумақтың мәдениет саласының дамуын тежеп тұрған негізгі мәселелер анықталды:
1. Мекемелер жүйесі аудан қажеттіліктеріне жауапты емес 19 кітапхана мекемелерінен 16 мекеме қолдануға бейімді ғимараттарда орналасқан. Тасуға болатын мәдениет мекемелері жоқ, осыған байланысты шалғай шағын аудандарды және ауылдарды мәдени қызметпен қамту мүмкін емес.
2. Мәдениет мекемелері қызметінің сапасында көрініс беретін әлсіз материалдық-техникалық жабдықтау (музыкалық инстументтердін, осы заманғы құралдардың қойылым костюмдерінің жетіспеуі) осының барлығы тұрғындардын мәдени қажеттіліктерін өсуіруге сәйкес емес.
Қаржынын тапшылығы мынадай қыйындықтыр тұдырады: ескерткіштерді сақтау және қалпына келтіру, мұражай және кітапхана қорларын цифрлау, жоғары белсендірілген рестовратор – мамандарды тарту, компьтерлік бағдарламаландыру бойынша мамандарды тарту «Тарихи-мәдени құмдылықтар нысандарын пайдалану және қорғау туралы » Заңды қадағалау бойынша заңгерлерді тарту.
3. Мәдениет қызметкерлері кадрларының қартаюы байқалған, асересе кітапхана және мұражай қызметінің жүйесінде. Жаңа типтегі маркетингтті және артменеджменті пайдалана алатын шығармашылық көшбасшыларымен басқармашылық кадрларының тапшылығы байқалады.
4. Аудан бюджетінен күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарына қажетті қаржының бөлінбеуі.
2.2.2.4 Дене шынықтыру және спорт
Ауданда 22 спорт түрі таралады: баскетбол, бокс, волейбол, дзю-до, жеңіл атлетика, үстел тенисі, футбол, шаңғы жарысы, шайбамен хоккей, акробатика, бодибилдинг, бильярд спорты, гир спорты, спорт туризмі, шахмат, қазақша күрес, көкпар, аламан бәйге, жорға жарыс, теңге алу, тоғызқұмалақ, аударыспақ.
2009 жылы Шемонаиха ауданы бойынша спорт ғимараттарының саны 87 бірлікті құрады (оның құрамында жалпы білім беру мектептеріндегі спорт залдары), олардын 57-сі ауылдық жерлерде.
Ауданда дене шынықтыру және спорт пен жүйелі айналасатындар саны 2007 жылдан 2009 жылғы кезеңге дейін 0,7 % өсіп 4661 адамды құрады немесе жалпы тұрғындар санының 9,4%.
Сексиялар саны 3, айналысатын 75 адам, шаңғы базасы 3, спорттық-жиындық шаралар 11.
16 кесте
2007-2009 жылдардығы спортты дамытудың негізгі көрсеткіштерінің динамикасы
№ р/р
|
Көрсеткіштер атауы
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
1
|
Шемонаиха ауданы тұрғындарының саны, адам.
|
49500
|
50500
|
49700
|
2
|
Дене шынықтыру және спортпен айналасындар саны, адам.
|
4304
|
4539
|
4661
|
3
|
Дене шынықтыру және спортпен айналасындардың қамтуы %
|
8,7
|
9,0
|
9,4
|
4
|
Дене шынықтыру және спортпен айналасатын балалар және жасөспірімдер, адам.
|
3983
|
3207
|
3207
|
5
|
Спорт нысандарынын саны, бірлік
|
85
|
86
|
87
|
Шемонаиха ауданында 87 спорт ғимараты қызмет істейді, оның қатарында : 3 стадион, 23 спорт залы, спорт кешені, жеңіл атлетикалық манеж, 3 шаңғы базасы, 5 ату тирі, 43 спорт аландары, 17 футбол және мини-футбол аландары, 3 хоккей қорапшалары.
Спорт түрлерін дамытуға аудан әкімінің сыйлығына жүргізілетін ұлттық спорттың дәстүрлі ойындары мен балалардын спорт ойындарын жүргізу, 10 көп оқу мекемелері қатысатын ауданның жалпы білім беру мектептерінде спорттын 10 түрі бойынша спартакияда, ардагерлер арасындағы спартакияда, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакияда, мүмкіндіктері шектелген спортсмендер (көруі) арасындағы спартакиядалар мүмкіндік береді.
Сонымен бірге спортпен айналысатындар санын өсіру және спорт салмағын дамыту үшін ауданда жабдықталған спорт залдары қажетті мөлшерде емес, сондай-ақ әрбір ауылдық округте спорт бойынша инструктор санын өсіру қажеттілігі бар.
Ауданымыздың мектеп жасындағы балаларының 35% айналысуына мүмкіндік беретін, 6 ауыолды мекендерде филиалы бар «Шемонаиха аумағы бойынша Шығыс Қазақстан облысының бала-жасөспірімдік спорт мектебі» өз жұмысын жалғастыруда. Материалдық-техникалық базаның қажеттілігін қанағаттандыра алмаушылық, сапалы спорттық құралдардың және жабдықтардың болмауы спорттық резервтерді және жоғарғы кластағы спортсмендерді дайындауға мүмкіндік бермейді. Балалар-жасөспірімдер клубтарының жүйесі жеткілікті дамымаған, тұрғылықты жері және демалыс орындары бойынша қарапайым спорт алаңдары мен құрылыстары жетіспейді.
Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін талдау жүргізілді:
Күшті жақтар:
Дене шынықтыру және спортпен қамтылғандар 2007 жылмен (4304) салыстырғанда 2009 жылы (4661) 0,7% немесе 357 адамға өсті.
Спорт нысандары 2007 жылмен (85 бірлік) салыстырғанда 2009 жылы (87 бірлік) 2,3% немесе 2 бірлікке өсті.
Әлсіз жақтар:
Материалдық-техникалық базаның жабдықтаудың нашарлығы.
Қауіп:
ресми жарыстарда жоғарғы нәтиже көрсететін аудан спортшылары мен жаттықтырушыларына әлеуметтік қолдау көрсетумен қамтамасыз ету үшін Нормативтік актілердің жасалмаған формасының кесірінен бұл бағыт бойынша осы сектордан кадрлардың түсуі және жоғары белсендірілген мамандардың қызығушылықтарының төмендігі байқалады.
Мүмкіндіктер:
Аудан инфрақұрылымында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін мүмкіндіктер туғызу (спорт кешенін, мини-футболға, валейбол, баскетбол, теннис, шайба хоккейіне арналған алаңдар салу ).
Жүргізілген талдау негізінде негізгі проблемалар анықталды:
1. Бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортының нашар дамуы.
Қазіргі уақытта қарапайым спорт алаңдары мен тұрғылықты орын және көпшіліктің демалыс орындары бойынша құрылыстар жеткіліксіз. Инфрақұрылымның дами алмауына байланысты ауылдағы балалар мен жасөспірімдер арасында спортпен айналысатындардың көрсеткіштері төмен.
2. Спорт инфрақұрылымының жеткілікті түрде дамымауы, спорт ұйымдарын жабдықтау деңгейінің төмендігі:
- Ауылда спорт құрылыстарының, спорт құрал-жабдықтарының жеткіліксіздігі көзге бірден байқалады. Қазіргі күнде ауданның ауылдық округтерінде спорт түрінен мұғалімдер жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |