БАҒдарламасы шымкент 2011 ж. Қабылдау емтиханның бағдарламасы 5В020300



Дата24.02.2016
өлшемі188.76 Kb.
#14821
түріБағдарламасы
Ф.7.22-17

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ орталығы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры

_______________ Бахов Ж.К.

«_____» _________ 20___ж.

6М020300 - «Тарих» мамандығының Магистратураға қабылдау емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент 2011 ж.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы 5В020300 - «Тарих» мамандығының «Жалпы тарих» және «Қазақстан тарихы» пәндерінің типтік бағдарламалары негізінде құрылған.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған

«25» наурыз 2011, № 8 хаттамасы.

Кафедраның меңгерушісі: т.ғ.к., доцент Сапарбаев Б.Қ.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы Педагогика және мәдениет факультетінің әдістемелік комиссиясы мақұлдаған «26» наурыз 2011 ж. № 8

Төрағасы: _____________________

Қабылдау емтиханның бағдарламсы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген.
ЖООКББО бастығы:__________________________ Изтаев Ж.Д.

Кіріспе

6М020300 - «Тарих» мамандығы бойынша магистратура.

Мемлекеттік білім беру стандартының 7.09.07-2008 жылғы жасалған негіздемесі бойынша 6М020300 - «Тарих» мамандығы бойынша магистратура дайындалады. Магистратураның ғылыми-педагогикалық дайындық мерзімі 2 жыл. Магистратураның оқу бағдаламасының құрылымы оқу жұмысының бір қатар түрлерін қамтиды. Мемлекеттік стандарт негізінде типтік оқу бағдарламалары құрастырылған. Магистранттардың білім алуы білім берудің кредиттік жүйесі бойынша жүргізіледі. Оқытылатын пәндер бойынша оқу бағдарламалары күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік нұсқаулар, силлабустар бар. 6М020300 - «Тарих» мамандығының талаптарының негізінде магистранттың отандық және әлемдік, ғылыми ақпараттың сақталуы және жетілдіру жөнінде методологиялық және тарих философиясы бойынша теориялық сондай-ақ жоғары мектеп педагогикасы бойынша теориялық-методологиялық білімдері болуы қажет.

Қазақстан тарихының және әлем тарихының өзекті мәселелері бойынша магистірлік зерттеулер жүргізіледі. Магистірлік зерттеулерге тарих ғылымдарының кандидаттары, докторлары жетекшілік етеді. Кафедрада «Қазақстан Шығыс және Батыс өркениетінің өзара байланысы контекстінде» атты жоба бойынша ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіледі.

Магистратура ғылыми-педагогикалық және профильді дайындаудағы білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты төмендегі мәселелермен қамтамасыз ету;

- ғылыми-педагогикалық білім, отандық және әлемдік тарихи ғылымдар саласында кәсібилікті қалыптастыру, тарихнама деректеме, ғылыми зерттеудің әдісі пәнаралық байланыс, терең теориялық және жеке іс-тәжірибеге дайындау;

- магистранттарды өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға бейімдеу;

- жоғары дәрежелі кәсіби азаматтық ұстанымды, қазіргі кезеңдегі ғылыми және іс-тәжірибе мәселелерін шеше алатын, ЖОО дәріс бере алатын, ғылыми педагогикалық және басқару қызметін атқара алатын мамандарды даярлау.

Әр түрлі деңгейдегі ғылыми-зерттеу әдіcтерін меңгеріп, ғылыми іс-шараларға қатысу.

Магистратураны бітіргеннен кейін магистр кәсіби білім алуды әр түрлі ғылыми зерттеу бағытында жалғастырып доктор (PhD) академиялық атағын алуға мүмкіндік алады.



1. Пәндердің атауы және олардың бөлімдері

1.1. Жалпы тарих

Деректану, тарихнама

Ежелгі дәуір тарихының тарихнамасы мен деректемесі. Ортағасырлар тарихының тарихнамасы. Жаңа тарих тарихнамасы. Қазіргі заман тарихының тарихнамасы.


Ежелгі дәуір тарихы

Алғашқы қоғам. Адамның қалыптасуы. Қоғамдық құрылыс. Өнер және діни сенімдер. Тұрақтар, еңбек құралдары.

Мысыр табиғаты және ежелгі Мысырдағы жер бөлінуінің дамуы. Ежелгі Мысырдағы топтардың шығуы. Ғылыми білім мен жазудың пайда болуы. Ежелгі Мысырдың өнері. Вавилон патшалығы. Урарту мемлекеті. Үндістандағы мемлекеттер мен топтардың құрылуы. Ежелгі Үндістанның касталық құрылымы және мәдениеті. Ежелгі Қытайдағы мемлекеттердің пайда болуы. Ежелгі Қытайдағы халық қозғалысы. Ежелгі Қытай мәдениеті. Ежелгі Греция тұрғындары. Афиналық еңбекқорлар мемлекетінің құрылуы. Александр Македонскийдің мемлекетінің құрылуы және құлдырауы. Грек-Парсы соғыстары және теңіз одақтарының қалыптасуы. Мектеп және жазу. Олимпиадалық ойындар. Ежелгі Грециядағы ғылым мен өнер.

Ежелгі Рим және ондағы мемлекеттердің құрылуы. Б.э.д. Ү-ІІІ ғғ. Рим республикасы. Рим мен Карфаген арасындағы көтеріліс.Спартактың басшылығымен болған құлдар көтерілісі. Октавиан Август кезіндегі Рим. Ежелгі Римдегі өнер мен ғылым. Батыс Рим империясының құлауы.


Орта ғасыр

Варварлардың қоғамдық құрылысы. Келталықтар, германдықтар. Рим империясын варварлардың алуы. Алдыңғы Рим империясының территориясындағы Варварлар патшалығы. Франк мемлекетінің құрылуы. Ұлы Карл және оның жаулаушылығы. Ұлы Карл империясы. Империяның кұлауы. Ұлы Карл билігі кезіндегі мәдениеттің дамуы. ІХ-ХІ ғғ. Франция. ІХ-ХІ ғғ. Германия, Италия, Англия. ҮІІ-Х ғғ. Батыс Славяндықтар. Батыс Европадағы славяндықтардың мемлекетінің құрылуы. ҮІ-ХІ ғғ. Византия империясы. ҮІ-Х ғғ. Оңтүстік Славяндықтар. ІІІ-ҮІІ ғғ. Иран. ҮІ-ХІ ғ. Арабтар. Ерте ортағасырдағы Қытай, Үндістан. Ортағасырлық қалалардың пайда болуы және өсуі. Крес жорықтары. ХІ-ХҮ ғғ. Франция. ХІ-ХҮ ғғ. Англия. ХІІ-ХҮ ғғ. Германия. ХІІ-ХҮ ғғ. Гусшілер соғысы. ХІІІ-ХҮ ғғ. Италия және папалық билік. ХІ-ХҮ ғғ. Испания және Португалия. ХІ-ХҮ ғғ. Скандинавиялық елдер. ХІ-ХҮ ғғ. Польша, Венгрия. ХІІІ-ХҮ ғғ. Византия. XIII ғ. Монғол мемлекеті және оның шапқыншылығы. Орта Азиядағы Темір мемлекеті. ХІІІ-ХҮІ ғғ. Үндістан, Қытай. ХІ-ХҮІ ғғ. Жапония. Батыс Европадағы ортағасырлық мәдениет. Ұлы географиялық ашылымдар және отарлық басып алудың басталуы. ХҮІ-ХҮII ғғ. Италия. Қайта құру және шаруалар соғысы дәуіріндегі Германия. Швейцария және басқа да Европа елдеріндегі қайта құрулдар. Католиктік контрреформация. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Испания. Нидерландық революция. ХҮІ ғ. - ХҮІІ ғ. басындағы Англия. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Франция. ХҮІ-ХҮII ғғ. Скандинавия мемлекеттері. ХҮІ-ХҮII ғғ. Польша, Турция. ХҮІ ғ. Ресей. ХҮІІ ғ. Ресейдің экономикалық, саяси, және мәдени дамуы.

ХҮІ-ХҮII ғғ. Иран, Үндістан, Қытай, Жапония. ХҮІ ғ. бірінші жартысы мен ХҮІІ ғасырдағы халықаралық қатынастар. Отызжылдық соғыс. ХҮІ ғ. бірінші жартысы мен ХҮІІ ғасырдағы Батыс Европа мәдениет.
Жаңа тарих

ХҮІІ ғ. Ағылшын буржуазиялық революциясы. Англиядағы капитализм. Ағылшын отарының Солтүстік Америкадағы тәуелсіздігі үшін соғысы. АҚШ-тың құрылуы. ХҮІІІ ғ. Ұлы Француз революциясы.

XVIII ғ. бірінші жартысындағы Ресейдің дамуы. ХҮІІІ ғ. екінші жартысындағы ішкі және сыртқы патшалық саясаты. ХҮІІ-ХҮШ ғғ. Мәдениет және ғылым. Англиядағы өнеркәсіптік қайта қүру. АҚШ-тағы, Германиядағы, Франциядағы өнеркәсіптік қайта құрудың басталуы.

Наполеон Банопарт және оның жаулаушылық әрекеттері. Ұлы конгремм. Европаның саяси картасындағы өзгеріс. 1848-1849 жж. Европадағы революция. Италиядағы, Франциядағы, Австриялық империядағы және Германиядағы революцияның себебі, мақсаты.Германия мен Италияның бірігуі. XIX ғ. бірінші жартысындағы АҚШ-тың саяси дамуы. АҚШ-тағы азамат соғысының себебі, барысы, маңызы. XIX ғ. бірінші жартысындағы Ресей. Қырым соғысы. Токугава Сегунаты кезіндегі Жапония. XIX ғ. бірінші жартысындағы Иран. Бабидтіктер қозғалысы. Франко-Прусс соғысы. Париж коммунасы. XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғ. басындағы АҚШ, Жапония, Англия, Ресей, Франция, Германияның саяси дамуы. XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғ. басындағы АҚШ, Жапония, Англия, Ресей, Франция, Германияның әлеуметтік-экономикалық дамуы. XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі Үндістан, Қытай, Турция, Ауғанстан. XIX ғасырдың соңы мен XX ғ. басындағы Араб елдері. 1905-1908 жж. Үндістандағы революциялық кезең. 1905-1911 жж. Иран революциясы. 1908 ж. түрік революциясы. XX ғ. басындағы Қытай. XIX ғасырдың соңы мен XX ғ. басындағы халықаралық қатынастар. Саяси-әскери блоктардың құрылуы.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғ. басьыдағы империалистік соғыстар. (испан-американдық соғыс, Орыс-жапон соғысы). XX ғ. халықаралык токырау. Ғылым және техника. XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғ. басындағы өнер және әдебиет.
Қазіргі заман тарихы

Бірінші дүниежүзілік соғыс. Себебі, мақсаты, қорытындысы. Версаль-Вашингтон жүйесі, маңызы. Германиядағы буржуазиялық-демократиялық революция. Англиядағы буржуазиялық-демократиялық революция.

Венгриядағы революция, Венгер кеңестік республикасы. Ресейдегі азаматтық соғыс және интервенция. Азаматтық соғыстың себебі және басталуы. XX ғ. 20 ж. АҚШ. 1929-1933 жж. саяси дағдарыс және оның АҚШ-та пайда болуы. XX ғ. 20-30 жж. АҚШ-тың сыртқы саясаты. Уақытша түрақтылық кезіндегі Италия. Фашистік Германияның сыртқы саясаты. Фашистердің билік басына келуі. Фашистік Италияның сыртқы саясаты. 1924-1929 жж. Ұлыбританияның экономикалық және саяси дамуы. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның Англиядағы пайда болуы. XX ғ. 30 жылдарындағы Ұлыбританияның саяси және экономикалық дамуы. Англияның сыртқы саясаты. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы әрекеттері.Дүниежүзінің соғыстан кейінгі құрылысы. Халықаралық қатынастағы өзгерістер.

XX ғ. екінші жартысындағы АҚШ, Англия, Франция, Германия. XX ғ. 50-80 жылдарындағы Кеңестік Одақ. СССР-дің ыдырауы, ТМД-ның құрылуы. 1945-1989 жж. Орта және Батыс Европа елдері. XX ғ. екінші жартысындағы Иран, Қытай, Жапония. XX ғ. екінші жартысындағы Турция. XX ғасырдың екінші жартысындағы Бангладеш, Иран, Ирак, Пәкістан. XX ғасырдың екінші жартысындағы Африкадағы араб елдері. XX ғасырдың екінші жартысындағы Латын Америкасы елдері. XX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар. XX ғ. екінші жартысындағы мәдениет.



1.2. Қазақстан тарихы

Тарихнама. Деректану.

Қазақстан тарихының тарихнамасы. Ежелгі Қазақстан тарихы тарихнамасының кезеңделуі. В.В.Бартольд еңбектері. Түрік жазба тарихнамасы. Қазақстан туралы орыс тарихы ғалымдары. Л.Н.Гумилев және оның еңбектері. Қазақстан тарихы тарихнамасы.


Ежелгі Қазақстан.

Қазақстан территориясындағы тас ғасыры. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андрон және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

Тайпалық одақ.

Б.д.д. ҮІІІ-Ү ғғ. Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар тарихының жазбаша тарихнамасы. Тайпалық одақтардың территориясы, әлеуметтік-саяси құрылымы.

Ғұндар және олардың Орта Азиядағы этникалық процесске әсері. Ғұндардың әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы. Ғұндардың орналасуы. Европалық авторлардың жазбасындағы ғұндар.
Қазақстан ежелгі орта ғасырда

ҮІ-ХІІ ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер және олардың қоғамдық-саяси құрылысы. Қазақстандағы ортағасырлық қалалар. Ортағасырдағы отырықшы және көшпелі қатынастар.

Ұлы Жібек Жолы.
Қазакстан аумағындағы ерте феодалдық мемлекеттер

Түрік қағанаты. Батыс-түрік қағанаты. Қоғамдық құрылыс. Халықаралық байланыстары. Түркештер, қарлұқтар, қарахандар мемлекеті. Феодалдық қатынастардың дамуы. Егін және мал шаруашылығы сауда. Оғыздар, қимақтар, қыпшақтар. Әлеуметтік құрылыс және тайпалық катынастар. ҮІ-ХII ғ.ғ.Қазақстан халықтары мен тайпаларының мәдениеті. Орта ғасырлық жазулар, дін жазу. Түрік мемлекеттерінің құрылуы және олардың әлеуметтік саяси тарихы. Ежелгі орта ғасырлық тайпалар мен халыктардың мәдениеті.


Қазақстан ерте ортағасыр кезецінде

Шыңғысхан империясының құрылуы. Монғолдардың Қазақстан және Орта Азия жеріне шабуылы, ұлыстардың құрылуы. Монғол ақсүйектерінің қалыптасуы, Алтын Орданың гүлденуі және құлдырауы. Ақ-Орда, Моғолстан, Ноғай ордасы, Әбілхайыр хандығы. Монғол дәуірінің ерекшеліктері, Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың әлеуметтік, саяси тарихына тигізген әсері. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының қалыптасуы. ХҮІ-ХҮII ғ.ғ. қазақ хандығының әлеуметтік-саяси тарихы. Қазақ-жоңғар қатынастары. ХV-ХҮIII ғ.ғ. мәдениет. Материалдық мәдениет, әдет-ғұрып, халық-ауыз творчествосы. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының этногенезі. Қазақ хандығының әлеуметік саяси тарихы.


Қазақстан Ресей империясының қүрамында.

Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.

XVIII ғ. басындағы қазақ қоғамындағы қарама-қайшылықтардың өрістеуі. Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы. Ресейдің кіші және орта жүздердегі экономикалық және саяси іс-әрекеттерінің түрлері, әдістері және мазмұны. XIX ғ. шығыстағы және Қазақстандағы Ресей саясатының жаңа бағыты Қазақстанның саяси тәуелсіздігінен айырылуы. ХІХ-ХХ ғ.ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар. Қазақстанды Ресей империясының орталауы. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.
XIX ғ. екінші жартысы XX ғ. бас кезіндегі Казақстан.

60-90 жылдардағы патша үкіметінің әкімшілік реформалары. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктер. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Қазақстанға тигізген әсері.

XIX ғ. аяғы - ХХғ. бас кезіндегі Қазақстанның экономикалық дамуындағы ерекшеліктер. Ұлт-азаттық қозғалыстар.
Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920ж.ж.)

Қазақстан 1917 ж. ақпан революциясы жылдарында. «Алаш», «Үш-жүз» партияларының құрылуы. 1917 ж. Қазан революциясы. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы. «Алаш-Орда» үкіметі. Қазақстандағы азамат соғысы және шетел интервенциясы. «Әскери коммунизм» саясаты. Қазақ АКСР-нің құрылуы. Патша үкіметі құлағаннан кейінгі Қазақстандағы саяси жағдай. Қоғамдық саяси партиялар және қозғалыстар. Кеңес үкіметінің орнауы.


Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасу жылдарында.

Азамат соғысы аяқталғанна кейінгі Қазақстандағы экономикалық жағдай. Жер-су реформасы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. Елді индустрияландыру, республиканың болашағы туралы идеологиялық күрес. Қазақстанда ауылшаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алу. «Кіші Қазан» саясаты. Ұжымдастырудың салдары. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін. 20-30 ж.ж. Қазақстандағы мәдени өмір, оқу-ағарту ісі және ғылым, әдебиет, музыка, театр. Қазақстандағы ЖЭС ерекшеліктері. Индустрияландырудың, үжымдастырудың жолдары және оны жүзеге асырудың әдістері. 20-30 ж.ж. Қазакстандағы қоғамдық-саяси өмір.


Қазақстан екінші дүниежүзілік согысы және соғыстан кейінгі жылдарда.

Ұлы Отан соғысының басталуы. Республика экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп қайта қүру. Қазақстандықтар ҰОС майдандарында. Майдандағы және азат етілген аудандардағы көмек. Соғыстың жеңіспен аяқталуы. Халық шаруашылығын қалпына келтіру. 40-50 ж.ж. қоғамдық-саяси өмір. Ұлттық зиялыларға қарсы қуғын-сүргін. Қазақстан майдан арсеналы. Қазақстандықтар ҰОС майдандарында. Кейбір халықтарды депортациялау. 40-80 ж.ж. бас кезіндегі саяси қуғын-сүргін.


50-80 ж.ж. бас кезіндегі Қазақстан.

Тың және тыңайған жерлерді игеру, экономикалық, экологиялық, демографиялық және әлеуметтік процестер. Партияның XX съезі -сталинизмге қарсы күрес. Партияның XII съезі - партияның үшінші бағдарламасы. 60 жылдардың ортасындағы экономикалық реформалар. XX ғ. 70-ші жылдардағы процестердің күрделілігі және қарама-қайшылылығы. Халык ағарту ісі, ғылым, әдебиет және өнер. 50-80 ж.ж. бас кезіндегі республикадағы қоғамдық саяси өмір. Тың игеру, Қазақстан тоқырау жылдарында.


XX г. 80 жылдары мен 90 ж. бас кезіндегі Қазақстан.

Қазақстан Респбуликасының 80ж. II жартысы 90 ж. Бас кезіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы. Алматыдағы 1986 жылгы 16-17 желтоқсан оқиғасы. 80ж. II жартысы 90ж. бас кезіндегі қоғамдық партиялар мен саяси ұйымдар. Қазақстандағы саяси реформалар. Республиканың егемендігі туралы Декларация. Қазақстан қайта қүру жылдарында. Саяси жүйедегі реформалар. Қазақстанның егемендігін жариялау.


Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.

1991ж. Саяси дағдырыс. КСРО-нң ыдырауы. ТМД құрылуы. Қазақстан Республикасы Президентін бүкілхалықтық сайлау. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» туралы Заң. Қазақстан Конституциясын қабылдау. Мемлекеттік рәміздер. Нарықтық экономикаға көшудегі қиындықтар. 2030 ж. дейінгі Қазақстан даму стратегиясы. Қазақстанның халыкаралық форумдарға қатысуы. Сыртқы саяси байланыстардың нығаюы және кеңеюі. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялу. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты.


6М020300 -«Тарих» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі
Қазақстан тарихы
1. . Қазақстан тас дәуірінде.

2. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

3. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. қазақ-орыс қатынастары.

4.Қазақстан территориясындағы қола дәуірі.

5. ХІХ ғ. 60-90 жж. Қазақстандағы әкімшілік саяси реформалар.

6. Қазақстандықтар Ұлы Отан Соғысы майданында.

7. Сақ дәуірі. Сақтар туралы жазба деректер. Сақтардың мәдениеті.

8. ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы отырықшыландыру саясаты.

9. Екінші дүниежүзілік соғысынан кейінгі алғашқы жылдардағы ауыл

шаруашылығының жағдайы.

10.Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық мемлекеттер

(ҮІ ғ. басы ХІІІ ғ.).

11. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстандағы сауда мен өнеркәсіп.

12. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық және демографиялық салдары.

13. Ұлы Жібек Жолы және оның Қазақстанның мәдени-экономикалық

дамуындағы орны. 14. Қазақ халқының ағартушылық қызметі. Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин,

А.Құнанбаев

15. Әмір Темірдің жаулаушылық жорықтары

16.ІХ ғ. басы мен ХІІІ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы қалалар.

17. ХХ ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық ахуалы.

18. ХІІІ-ХҮ ғғ. Қазақстан мәдениеті.

19. Шығыстың көрнекті ойшылы - Әл-Фараби.

20. Қазақстан 1905-1907 жж. орыс революциясы жылдарында. 21. Қазақстан халқының Ассамблеясы

22. Ахмет Яссауидің өмірі мен қызметі.

23. ХХ ғ. басындағы қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметі. 24. ХХ ғ. 50-80 жж. Қазақстан мәдениеті.

25. ҮІ-ХІІ ғғ. Қазақстандағы тайпалар мен халықтардың мәдениеті (ғылым,

әдебиет, жазба).

26. 1916 ж. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс.

27. В.П.Юдиннің еңбектері.

28. Алтын Орда мемлекеті. Оның қоғамдық-саяси құрылысы.

29. «Алаш» саяси партиясы. Оның көш басшылары мен бағдарламасы.

30. ХХ ғ. 70-80 жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық

дамуы.

31.ІХ ғ. соңы мен Х ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер.



32. Қазақстандағы Кеңес өкіметінің орнауы және оның шаруашылық, мәдени құрылыстағы алғашқы қадамдары.

33. ХХ ғ. 50-60 жж. Қазақстанның қоғамдық-экономикалық өмірі.

34. Қазақ хандығының құрылуы. 35. Қазақстандағы индустриализация. Оның ерекшеліктері

36. ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақ халқының шаруашылық-экономикалық жағдайы.

37.ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы. Тәуке хан заңы.

38. Қазақстандағы ұжымдастыру және оның салдары.

39. И.Тайманов пен М.Өтемісов басшылығымен болған шаруалар қозғалысы.

40. ХҮІ ғ. Ағартушы – Мұхамед Хайдар Дулати.

41. ХХ ғ. 20-30 жж. Республикадағы қоғамдық-саяси өмір.

42. ХІХ ғ. 60-70 жж. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы.

43. ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақ халқының мәдениеті (материалдық мәдениет, жазба әдебиет).

44. ХХ ғ. 30-40 жж. КСРО-ның кейбір халықтарын Қазақстанға депортациялау

45. Қазақстан (1917 ж.) ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы кезінде.

46. Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктер» еңбегі.

47. ХХ ғ. 50-60 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1957-1965 жж. Шаруашылық реформа

48. ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстанның мәдени құрылысы.

49. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы. «Ақтабан

шұбырынды». 50. 1986 ж. Желтоқсан қозғалысы: себебі және салдары.

51. Абылай хан.

52. ХХ ғ. 80 жылдардың екінші жартысы мен 90 жылдардың басындағы Қазақстандағы саяси реформалар. Қазақ КСР-нің мемлекетік декларациясы.

53. Қазақ АКСР-нің құрылуы. Қазақ жерлерін Қазақ АКСР құрамына біріктіру.

54.Кіші жүздегі С.Датұлы бастаған көтіріліс.

55. 1991 ж. саяси дағдарыс. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы.

56. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. «Әскери коммунизм саясаты».

57. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы.

58. 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

59. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

60. ХҮІІІ ғ. қазақ халқының мәдениеті. Бұқар жырау, Ақтамберді, Үмбетай.

61. Бүкіләлемдік қазақ құрылтайы. Мәні мен маңызы.

62. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі.

63.Бөкей хандығының құрылуы. Жәңгір хан және оның реформаторлық қызметі.

64. Тәуелсіз Қазақстан сыртқы саясаты.

65. Қазақтардың Е.Пугачев (1773-1775 жж.) бастаған шаруалар соғысына қатысуы.

66. ХІХ ғ. Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.

67. Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті.

68. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің қазақ халқының тарихындағы алатын орны.

69.Кенесары Қасымұлының бастауымен болған ұлт-азаттық көтеріліс.

70. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: елтаңба, жалау, әнұран.

71. Жаңа экономикалық саясатқа көшу.

72. Жанқожа Нұрмахамедовтың бастауымен болған Сырдария қазақтарының көтерілісі.

73. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған cоңғы Жолдауы. 74. Ғұн қоғамының әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы.

75. Қазақстан тарихы Ш.Құдайбердіұлы, М. Тынышбаевтың еңбектерінде зерттеулері.



Жалпы тарих
1. ХХ ғ. екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы халықаралық

қатынастар.

2. ХҮІ ғ. – ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Батыс Европа мәдениеті.

3. ХХ ғ. екінші жартысындағы Туркия.

4. ХІХ ғ. соңғы ширегі мен ХХ ғ. басындағы Германияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

5. ХІХ ғ. екінші жартысындағы Жапония. 6. ХІХ ғ. соңғы ширегі мен ХХ ғ. басындағы АҚШ-тың саяси дамуы. 7. ХХ ғ. екінші жартысындағы Италия.

8. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Ресейдің мәдениеті мен ғылымы.

9. Екінші дүниежүзілік соғыс

10. Франциядағы консульдық және империя.

11. Бірінші дүниежүзілік соғыс.

12. ХІ-ХҮ ғғ. Скандинавия елдері.

13. ХХ ғ. 30 жылдарындағы АҚШ. Д.Рузвельттің «Жаңа курсы». 14. Реформация және шаруалар соғысы кезіндегі Германия.

15. ХХ ғ. 30-жылдарындағы Испания.

16. ХІІІ-ХҮІ ғғ. Үндістан.

17. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Иран. Бабидтер қозғалысы. 18. ХІ-ХҮ ғғ. Испания және Португалия. 19. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар.

20. Ежелгі Римдегі ғылым мен өнер.

21. Қырым соғысы. Себебі, нәтижесі, маңызы. 22. ҮІ-ІХ ғғ. Арабтар.

23. ХҮІІІ ғ. Бірінші жартысында Ресейдің дамуы

24. Ежелгі Қосөзен және Вавилон патшалығы. 25. ХҮІІІ ғ. Ұлы Француз революциясы. 26. Ежелгі Рим және республиканың орнауы. 27. Англия колонияларының АҚШ-тың тәуелсіздігі жолындағы соғысы.

28. Грек-парсы соғысы және теңіз одағының құрылуы.

29. ХҮІ-ХҮІІ ғ. Англия. 30. Урарту мемлекеті.

31. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Испания. 32. ХҮІІІ ғ. екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясаты. 33. Ұлы географиялық ашылымдар.

34. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Ресей.

35. ХІІІ-ХҮ ғғ. Чехия. Гусшілер соғысы.

36. ХХ ғ. 20-30 жж. Англияның сыртқы саясаты.

37. Кресшілер жорығы. 38. ХХ ғ. екінші жартысындағы Африкадағы араб елдері. 39. ІІІ-ҮІІ ғғ. Иран.

40. ХХ ғ. екінші жартысындағы Франция.

41. ІХ-ХІ ғғ. Франция. 42. Франко-Прусс соғысы. Париж коммунасы.

43. Спартактың бастауымен болған құлдар көтерілісі.

44. Германия мен Италияның бірігуі.

45. Александр Макендонский империясының құрылуы және құлауы.

46. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қытай.

47. Ежелгі Қытайдағы халық қозғалысы.

48. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Испания.

49. Ежелгі Египет өнері.

50. ҮІ-ХІ ғғ. Византия империясы.


Ұсынылатын әдебиеттер

1. История Казахстана. Очерк. Алматы, 1993 г.

2. Кадырбаев А.Ш.История Казахстана: первобытный мир и древность.

Алматы, 1998 г.

3. Канн Г.В. История Казахстана. Алматы, 2005 г.

4. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех

тысячелетий. Алматы, 1992 г.

5. Шаймерденова М.Д. История Казахстана с древнейших времен до

середины XX в. Алматы, 1999 г.

6. История Казахстана. Т.1. Алматы, 1996 г.

7. История Казахстана. Т.2. Алматы, 1997 г.

8. История Казахстана. Т.З. Алматы, 2001 г.

9. Шеретов С.г. Новейшая история Казахстана. Алматы, 2003 г.

10. Л.Н.Гумилев. «Древние тюрки». Алматы, 1993.

11. Дулати М.Х. Тарихи Рашиди. Алматы, 1998 г.

12. Юдин В.Г. Центральная Азия глазами востоковеда. Алматы, 2001 г.

13. История древнего мира. Москва, 2007 г.

14. История средних веков. Т.1. М., 1990 г.

15. История средних веков. Т.2. М., 1991 г.

16. История средних веков. М., 1975 г.

17. История России в древнейших времен до конца XVII в. Москва, 1997 г.

18. Новая история стран Азии и Африки. XVI - XIX вв. Москва, 2004 г.

19. История России с начала XVIII в. до конца XIX в. Москва, 1998 г.

20. Новейшая история зарубежных стран XX век. Москва, 2000 г.

21. Войны второй половины XX в. Москва, 1998 г.

22. Новейшая история стран Азии и Африки XX век. 1945-2000 г. Часть 2,3.



Москва, 2001 г.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет