Бағдарламасы (Syllabus) Нысан пму ұс н 18. 3/37



Дата12.07.2016
өлшемі332.79 Kb.
#193372

Студенттерге арналған

пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті




Көлік құрылысы және кәсіби оқыту кафедрасы


050730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандықтарының студенттеріне арналған


Байланыстырғыш заттар
пӘні бойынша оқыту

бағдарламасы



(Syllabus)

Павлодар

Студенттерге арналған

пән оқыту бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38

БЕКІТЕМІН


Сәулет-құрылыс

факультетінің деканы

_________ М.Қ.Күдерин

2010 ж. «___»_________

Құрастырушы: аға оқытушы________________ Кабдырова Л.Т.

Көлік құрылысы және кәсіби оқыту кафедрасы

050730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандықтарының студенттеріне арналған


Байланыстырғыш заттар

пӘнІ бойынша оқыту БАҒДАРЛАМАсы (Syllabus)

Бағдарлама 2010 ж. «___»_________ бекітілген оқу жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленген.


2010 ж. «___»___________ кафедра отырысында ұсынылған.

Хаттама № ____


Кафедра меңгерушісі _____________ Қ.Т. Сақанов «___»___________2010 ж.
Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2010 ж. «___»_____________ хаттама №____.


ОӘК төрағасы _______________ В.А. Козионов «___»_____________2010 ж.
КЕЛІСІЛГЕН:
КҚжКО кафедрасының меңгерушісі Қ.Т. Сақанов

«___»_____________2010 ж.




1 Оқытушы туралы мәлімет:

Кабдырова Ляйля Темиржановна “Көлік құрылысы және кәсіби оқыту” кафедрасының аға оқытушы: дәрістер, тәжірибелік сабақтар және СӨЖ; тел. (8-7182) - 67-36-23 (12-06 қосымша).

Сабақтарды өткізу орны мен уақыты – аудиториялық сабақтар, межелгі бақылау және емтихандық сессия бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
2 Пән туралы мәлімет

«Байланыстырғыш заттар» пәні 2 курстың 4 семестрінде 15 апта бойы оқылады. Пәннің жалпы еңбек сыйымдылығы 180 сағат, оның 60 сағаты аудитория сабақтарына бөлінген және 120 сағаты пәнді зерделеу бойынша студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ) бөлінген. Қорытынды бақылаудың түрі емтиханмен өткізіледі және студенттер курстық жұмысты орындайды.



3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттер саны

Аудиториялық сабақтар түрлері бойынша кездесу сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағаттар саны

Бақылау түрі

Барлы-ғы

Дәріс-тер

Практи-калық

Зертха-налық

Студия-лық

Жеке-шелік

Бар-лығы

СӨЖ

4

4

180

30

15

15

-

-

120

60

Е

Барлығы

4

180

30

15

15

-

-

120

60

Е


4 Пәннің мақсаты

Пәннің мақсаты мен міндеті органикалық. Бейорганикалық байланыстырғыш заттардың бетон мен темірбетон бұйымдарын жылуизоляциялық, өндеу, гидроизоляциялық материалдар мен композиттер өндірісіндегі ролінің маңыздылығын терең түсінетін индустриалды құрылыста тиімді пайдаланатын, капитал қорының орнының тиімділігін анықтайтын жоғары сапалы білімді мамандықты дайындау.


5 Осы пәнді оқып меңгеру нәтижесінде студенттер:

- байланыстырғыш зат алуға қажетті басты және қосалқы шикізаттық компоненттерді таңдаудың негізгі қағидаларын, байланыстырғыш заттардың негізгі қолданыстық қасиеттерін, негізгі зерттеу қондырғыларын, берілген қасиеттегі бұйымдар қандай түрін қолданудың жолдарын білуі керек;

- құрамдарды есептеу, байланыстырғыш заттың қолданылуы мен түріне байланысты шикізаттарды таңдауды, өлшегіш және технологиялық қондырғыларды дұрыс қолдануды, технологиялық және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін әдеби және анықтама материалдарды қолдана алуы қажет;

- экологиялық және халықаралық стандарттар жүйесінің талаптарына сай құрылыс индустриясы кәсіпорындарын қолдану мен жобалаудың негіздерін, нәтижелерді сараптауды, байланыстырғыш затты дайындау.

6 Пререквизиттер


Алдыңғы жектемелер: «Байланыстырғыш материалдар» пәнін оқу үшін мына пәндерден алған білімдер қажет: «Математика», «Физика», «Химия», «Құрылыс материалдар химиясы», «Минералогия».

7 Постреквизиттер


Келесі жектемелер: «Бетон технологиясы-1,2», «Қабырғалық материалдар технологиясы», «Әрлеу материалдары», «Гидроизоляциялық материалдар», «Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар».
8 Тақырыптық жоспар


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

р/с


Тақырып атауы

Сағаттар саны

Дәріс-

тер


Тәжі-

рибе


Зертха-

налық



СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе

1

-

-

-

2

Органикалық емес ауалық байланыстырғыш заттар. Гипсті және ангидритті байланыстырғыштар.

4

2

2

8

2.1

Құрылыс ауа әгі

2

2

2

8

2.2

Магнезиалды байланыстырғыш заттар.

2

2

-

8

3

Органикалық емес гидравликаық байланыстырғыш заттар. Гидравликалық әк.

2

1

2

8

3.1

Романцемент

1

-

-

8

3.2

Портландцемент

4

4

2

20

3.2.1

Портландцементтің байланысуының және қатаюының физикалық-химиялық негіздері

1

2

3

8

3.2.2

Портландцементтің түрлері

1

-

-

9

3.2.3

Активті минералды қоспалар мен пуццоланды цементтер

1

1

1

9

3.2.4

Шлактар мен шлакты цементтер

1

1

-

8

3.2.5

Глиноземді цемент

2

-

-

4

3.2.6

Гипсцементпуццоланды байланыстырғыш заттар және қышқылға төзімді

2

-

-

6

4

Органикалық байланыстырғыш заттар

2

-

-

4

4.1

Полимерцементті бетондар

2

-

1

6

4.2

Битумдар мен дегтер

2

-

2

6

БАРЛЫҒЫ:

30

15

15

120

9 Курстың компоненттері

9.1 Дәріс сабақтарының тақырыптар тізімі

Тақырып 1 Кіріспе

Пәннің құрамы мен міндеттері. Оқу үрдісінде пәннің орны және басқа пәндермен байланысы. Байланыстырғыш заттардың пайда болу тарихы мен дамуы. Байланыстырғыш заттардың классификациясы. Қазақстандағы байланыстырғыш заттар өнеркәсібінің дамуы (1-сағат).


Тақырып 2 Органикалық емес ауалық байланыстырғыш заттар. Гипсті және ангидритті байланыстырғыштар

Классификациясы және номенклатурасы. Оларды өндіру үшін шикізат материалдары. Модификациялық құрамы бойынша гипсті байланыстырғыштардың түрлері. Оларды өндіру әдістері мен негіздері. Оларды өндіру процессінің механизациясы және автоматизациясының негізгі мәліметтер. Гипсті байланыстырғыштардың қабысуы мен қатаюы. М.А. Байковтың, Ле-Шателье және т.б. қатаю теориясы. ГОСТ бойынша қатаю мен гипсті байланыстырғыш заттардың қасиеттері. Ангидритті байланыстырғыштар, төменкүйдірілген және жоғарыкөтерілген гипс. Гипсті байланыстырғыш заттарды өндіруінің перспективасы мен әрі қарай даму бағыты және оның құрылыста қолданылуы (4-сағат).


Тақырып 2.1 Құрылыс ауа әгі

Номенклатурасы және классификациясы. Шикізат, оның физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы жағынан бағалауы. Өндірістің технологиялық сұлбасы. Ауалық ортада әктің сөнуі. Сөнбеген ұнтақталған әктің гидратты қатаюы. Автоклавтағы жылуылғалдылық өндеу кезіндегі әкті-кремнеземисті композициялардың силикатты қатаюының теориясы. Қолданылауы (2-сағат).


Тақырып 2.2 Магнезиалды байланыстырғыш заттар

Номенклатура және классификациясы. Каустикалық магнезит пен доламитті өндірудегі шикізаттар, оларға қойылатын талаптар. Магнезиалды байланыстырғыш түзуші ретінде магнезиалды тұздың сулы ерітінділері. Қатаю теориясы, құрылыс қасиеттері және қолдану салалары (2-сағат).


Тақырып 3 Органикалық емес гидравликаық байланыстырғыш заттар. Гидравликалық әк.

Гидравликалық модуль бойынша гидравликалық әктің классификациялануы. Шикізат түрлері және күйдіру принциптерінің химиялық және минералогиялық құрамға тәуелділігі (2-сағат).


Тақырып 3.1 Романцемент

Химиялық және минералогиялық құрамы. Шикізаттық және өндірістік негіздері. Қатаю теориясы. Құрылыстық қасиеттері және қолданылу аясы (1-сағат).


Тақырып 3.2 Портландцемент

Анықтамасы, құрамы мен классификациясы. Клинкердің химиялық және минералогиялық құрамы. Модуль, коэффициент және минералогиялық құрамы бойынша клинкердің сипаттамасы.

Клинкерді ылғалды, құрғақ және аралас тәсілдермен өндіру. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Өндіріс тәсілін таңдау принциптерінің шикізат қасиеттері мен жанармай түріне тәуелділігі. Күйдіру. Өндірісте қолданылатын құрғақ және ылғал әдістер мен пештердің негізгі түптері. Клинкерді айналмалы және шахталық пештерде күйдіру кезіндегі процесстер (4- сағат).
Тақырып 3.2.1 Портландцементтің байланысуының және қатаюының физикалық-химиялық негіздері

Цемент минералдарының гидролизденуі мен гидратациясы. Қатаю теориясы. Ертіндегі цементтеуші гидраттардың түзілуі (Ле-Шателье, Михаиэлис, А.А. Байков және т.б. теориялары).

Портландцементтің физикалық-техникалық қасиеттері. Шынайы тығыздығы, орташа сусымалы тығыздығы. Су қажеттілігі және илемінің орташа қоюлығы. Байланысу мерзімдері. Көлем өзгеруінің біркелкілігі. Байланыстырғыштың берілген массасының жоғарлығына байланысты цемент тасының өзіндік бұзылу салдары.

Цементтің активтілігі, беріктігі және маркалары, олардың стандарт бойынша анықтауы.

Цемент беріктігінің минералогиялық құрамына, ұсақтау жағдайына, су мен цементтің араласу мөлшеріне байланысына, гидратация жағдайына қатаю жағдайы мен ұзақтығына, қоспа және басқа факторларға тәуелділігі.

Ылғалдылықтың өзгеруіне байланысты цемент тасының шөгуі мен ісінуі.

Кептіру мен ылғалдауды алмастырудың цемент тасының қасиеттеріне ықпалы. Цемент тасының жарықшақтануға беріктігі.

Цемент тастың физикалық каррозиясы. Каррозияның тұзды формасы. Аязға төзімділігі және оның цементтің минералогиялық құрамы мен тастың құрылымы тәуелділігі (1-сағат).



Тақырып 3.2.2 Портландцементтің түрлері

Тез қатаятын, пластифицирленген және гидрофобты цементтер. Сульфатқа төзімді, ақ және түрлі түсті цементтер. Автомобиль жолдарының бетонын қаптайтын, асбестцемент бұйымдарын жасайтын, микротолтырғышты портландцемент. Оларды өндіру ерекшеліктері. Құрылыстық қасиеттері мен пайдалану салалары (1-сағат).




Тақырып 3.2.3 Активті минералды қоспалар мен пуццоланды цементтер

Активті минералды қоспалардың классикациясы мен номенклатурасы. Табиғи және жасанды қоспалар. Пуццоланды портландцемент және оны өндіру. Қатаюы мен қасиеттері. Пайдалану салалары мен ерекшеліктері.

Әк-пуццоланды цемент. Олардың түрлері. Шикізаттар мен өндіру әдістері. Қатаю теориясы мен қасиеттері. Қолданылу аясы және құрылыста пайдалану ерекшеліктері (1-сағат).
Тақырып 3.2.4 Шлактар мен шлакты цементтер

Домна шлактары және олардың химиялық құралдары. Қара металдан қайта алынған шлактар мен гранулданған отын шлактары, олардың қасиеттері, пайдалануы. Электртермофосфоршлагы. Шлак пен күлдің рационалды пайдаланудағы мүмкіндігі технологиялық схема шлактардан т.б. өндіріс қалдықтарын құрылыс материал өндіргендегі табиғатты қорғау проблемаларын шешу мәселелері.

Шлакопортландцемент. Өндіру технологиясы, қатаю теориясы қасиеттері. Пайдаланғандағы шарттары мен салалары.

Сульфат-шлакты цемент, қатаю теориясы, қасиеттері, сульфат төзімділігі. Өндіру тәсілдері мен пайдалану салалары.

Автоклавта қатаятын шлакты байланыстырғыштар мен нефеленді цементтерден алынатын бетондар. Шлак негізді байланыстырғыштар. Құрамы, қасиеттері, пайдалану (1-сағат).
Тақырып 3.2.5 Глиноземді цемент

Анықтамасы. Глиноземді цементінің химиялық құрамы мен құрылымы. Шикізаттар. Өндірісі. Қатаю теориясы; ангидрит-глиноземді цемент. Құрылыстық қасиеттері, цементті қолдану шарттары, пайдалану салалары.

Көлемді ұлғаятын, шөкпейтін, кернеулі цементтер. Олардың құрамдары, дайындау әдістері. Цементтердің қатаю ерекшеліктері. Құрылыстық қасиеттері мен апйдалану салалары (2-сағат).
Тақырып 3.2.6 Гипсцементпуццоланды байланыстырғыш заттар және қашқылға төзімді цемент

Өндірудің физикалық-химиялық негізі. Өндіру технологиясы, қасиеттері, пайдалану.

Қышқылға төзімді цементтің құрамы, қасиеттері, қолданылу аясы (2-сағат).
Тақырып 4 Органикалық байланыстырғыш заттар

Органикалық байланыстырғыш заттардың классификациясы: полимерлер, битумдар мен дегтер. Полимерден, битумнан, дегтен өндірілген құрылыс конструкцияларды, бұйымдарды, материалдарды пайдалану салалары.

Полимерлену, түрлері, механизмдері. Баспалдақты полимерлену. Негізгі заңдылықтары. Полимерлену реакцияларын жүргізу тәсілдері.

Поликонденсация: түрлері мен механиздері. Поликонденсациялану процессі не ықпал ететін факторлар және баспалдақты полимерленудің негізгі заңдылықтары. Молекулалық массалар. Олигомерлер мен полимерлердің құрылымы. Плоликонденсация реакцияларын жүргізу әдістері (2-сағат).


Тақырып 4.1 Полимерцементті бетондар

Құрамы. Алу тәсілдері, қасиеттері. Пайдалану салалары. Құрғақ құрылыс араласпалары. Құрамы. Қасиеттері. Пайдалану салалары.


Тақырып 4.2 Битумдар мен дегтер

Битумдар. Түрлері мен маркілері. Алу тәсілдері, қасиеттері мен пайдалану салалары. Дегтер. Алу тәсілдері, қасиеттері және пайдалану салалары. Битум мен дегт өндіргенде еңбекті, техниканы, қоршаған ортаны қорғау шаралары.


Курстың теориялық бөлімдерін терең түсініп, ұғыну және негізгі практикалық мәселелерді шешіп талдай алатын, сонымен қатар бұл білімін курстық жобаларды орындау барысында қолдану мақсатымен практикалық сабақтар жүргізіледі.

9.2 Практикалық (семинарлық) жумыстардың мысалдық тақырыптар тізімдері


1 тәжірибелік сабақ. Гипс байланыстырғышын алғанда өнімнің шығымын анықтау.

2 тәжірибелік сабақ. Әк байланыстырғышын алғанда гипс шығынын анықтау.

3 тәжірибелік сабақ. Портландцементке шикізат араласпасының құрамын есептеу. Жалпы ережесі.

4 тәжірибелік сабақ. Портландцементтің компонентті шикізат араласпасын есептеу және клинкер құрамы.

5 тәжірибелік сабақ. Портландцементтің үш компоненті шикізат араласпасын есептеу және клинкер құрамы.

6 тәжірибелік сабақ. Әр түрлі цементтер алғандағы заттық құрамы.

7 тәжірибелік сабақ. Минералды байланыстырғыш заттар өндірісіндегі материалды баланс.

8 тәжірибелік сабақ. Цемент қамырымен қатайған тасының қасиетін, құрылымын зерттеу.

9 тәжірибелік сабақ. Полимер композициясының құрамын және өндірісіндегі материалды балансын анықтау.

9.3 Лабораториялық жұмыстардың мазмұны

1 Минералды байланыстырғыштың физикалық қасиеттерін анықтау: меншікті тығыздық, орташа тығыздық.

2 Минералды байланыстырғыштың механикалық қасиеттерін анықтау: сығуға және иілуге беріктігі.

3 Құрылыстық гипсті сынау. Құрылыстық гипстің ұнтақтылығын анықтау. Гипс илемінің нормалық қоюлығын анықтау.

4 Құрылыстық гипсті сынау. Гипс илемінің байланысу мерзімдерін анықтау.

5 Құрылыстық гипсі сынау. Сығуға және иілуге беріктік шегін анықтау.

6 Құрылыстық әкті сынау. Құрылыстық әктің ұнтақтылығын анықтау.

7 Құрылыстық әкті сынау. Әк құрамындағы активті СаО және MgO мөлшерін анықтау.

8 Цементті сынау. Цементтің тығыздығын анықтау. Ұнтақтық дәрежесін анықтау.

9 Цементті сынау. Цемент илемінің нормалық қоюлығын анықтау.

10 Цементті сынау. Цемент илемінің байланысу мерзімдерін анықтау.

11 Цементті сынау. Цемент илемі көлемінің өзгеруінің біркелкілігін анықтау.

12 Цементті сынау. Сығуға және иілуге беріктік шегін анықтау.

9.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны


р/с


СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәрістерді пысықтау

-

Сабаққа қатысу

20

2

Тәжірибелік сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларына орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

20

3

Есеп дайындау және тәжірибелік жұмыстарды қорғау

Қажетті кестелерді дайындау және басқалар

ДС рұқсатнама

10

4

Курстық жұмысты дайындау

Түсініктеме хат пен сызбаларды дайындау

КЖ қорғау

25

5

Курстың қосымша тақырыптарын зерделеу

Конспект

Қосымша тақырыптарды қорғау

35

6

Бақылау шараларға дайындық

-

МБ 1, МБ 2-нің нәтижелері

10

Барлығы

120


9.5 Студенттің өздік жұмысы

1 Байланыстырғыш заттар туралы түсінік. Байланыстырғыш заттардың халық шаруашылығындағы маңыздылығы.

2 Гипсті байлансытырғышты өндіру тәсілдері, қатаюы және қолданылу аясы.

3 Құрылыстық әк өндірісінде қолданылатын шикізаттар. Әк негізіндегі бұйымдардың түрлері және қасиеттері.

4 Магнезиалды байланыстырғыш өндірісінде қолданылатын шикізаттар. Қатаю ерекшеліктері.

5 Гипсцементпуццоланды байланыстырғыштың гипсті байланыстырғыштан айырмашылығы.

6 Портландцементті өндіру тәсілдері. Шикізаттың қанымдылық коэффициенті туралы түсінік.

7 Ақ цементтің портландцементтен айырмашылығы.

8 Өте тез қатаятын цементтің химиялық-минералогиялық құрамы және портландцементтен айырмашылығы.

9 Жай цементпен салыстырғындағы шлакопортландцементтің қатаю ерекшеліктері.

10 Пуццоланды портландцементтің қасиеттік ерекшеліктері.

11 Минералды қоспаның гидравликалық активтігін қалай анықтайды.

12 Цемент илемінің контракциясы мен тиксотропиясы қалай түсіндіріледі.

13 Цемент илемі көлемінің біркелкі өзгеруі не үшін анықтайды.

14 Глиноземді цементтің химиялық-минералогиялық құрамы және қатаю ерекшеліктері.

15 Сұйық шынының артықшылығы мен кемшіліктері.

16 Органикалық байланыстырғыштар негізіндегі бұйымдардың түрлері.

17 Полимерлі материалдардың құрамдары мен қасиеттері.

18 Термоиілімді полимерлер мен термореактивті полимердің арасында құрылымы мен қасиеттері бойынша қандай айырмашылықтар бар.

10 Курстың саясаты


10.1 Бақылау шараларын бағалау және өткізу формалары

Курс бойынша білімді қорытынды бақылау түрі емтихан болады. Емтихан жазба түрінде өткізіледі. Емтихан парағында үш сұрақ беріледі, оның әрқайсысы максималды 33... 34 балмен бағаланады. Әрбір сұраққа жазбаша жауаптың толықтық дәрежесі және балдар саны оқытушымен бағаланады.


СӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.


Егер Сіз кешікпей келіп барлық сабақтарға қатыссыңыз, барлық сабақтарға дайындықпен келсеңіз және сабақтарда белсенді түрде жұмыс істесеңіз, барлық тапсырмаларды сапалы және мерзімінде орындасаңыз, онда ағымдағы оқу үлгерімін бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесіндегі көрсетілген максималды балды жинап аласыз.

Студенттің сабаққа қатысуын бақылауды оқутышы жүргізеді. Егер студент сабаққа қатысып, бірақ практикалық сабақтың тапсырмасын орындамасы, онда сабақ үшін максималды баллдың жартысы қойылады.

Кезекті практикалық сабаққа дайындалу тапсырмасын оқытушы алдыңғы сабақта береді.

Семестрлік жұмыс (СЖ) бойынша тапсырманы оқытушы бірінші тәжірибелік сабақта береді. Семестрлік жұмыстың орындалуын оқытушы тәжірибелік сабақтарда және консультацияларда күнтізбелік кестеге және консультация кестесіне сәйкес байқау түрінде бақылайды. Себепсіз уақытында орындалмаған жұмысқа балдары 50% дейін төмендетіліп қойылады. Себепті дәлелдейтін құжаттар болған кезде СЖ –на баға келесі сабақтар мен консультацияларда қойылады.

Студенттің өзі зерделейтін курстың тақырыптары бойынша жұмысын бағалау, студенттің жауабы және дайындаған қысқаша конспект негізінде оқытушы жүргізеді.

10.2 Студенттердің оқу тәртібін бақылау

Студенттер оқу процесіне белсенді қатысу, сабақтарға қатысу, топтың жұмысында және талқылауда белсенді болу қажет

Сабақтағы кез-келген тәртіп бұзушылық жазаланады, аудиториядан шығарып жіберуге дейін, ал белсенді жұмыс қолдаушылық табады. Сабаққа кешігуге және сабақты босатуға болмайды. Сабақты босатқандыққа және кешігушілікке келесі айып санкциялары орнатылады:

- себепсіз дәрістік сабақта болмағаны үшін – минус 3 балл;

- себепсіз тәжірибелік сабақта болмағаны үшін – минус 3 балл;

- аудиторияда тәртіп бұзғаны үшін – минус сабаққа қатысу баллы.

Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті.

10.3 Босатқан сабақтарды өтеу

Cтудент практикалық сабақты кешірімді себеппен босатқан болса және ол құжатпен расталса, онда сол сабақты оқытушының орнатқан уақытында өтей алады. Бұл кезде жұмыс нәтижесі максималды орнатылған баллдан 1 баллға төмен бағаланады.



11 Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1. Буров Ю. С. , Колокольников В.С. Лабораторный практикум по курсу-Минеральные вяжущие вещества. Учеб. пособие для вузов.-2-еизд., перераб. и доп.-М.:Стройиздат,1974;

2. Воробьев Х.С. Вяжущие материалы для автоклавных изделий.-М.:Стройиздат,1972;

3. Сулименко, Л. М. Технология минеральных вяжущих материалов и изделий на их основе: [учебник для строит. и хим.-технол. спец.вузов ]/ Л. М. Сулименко.-4-е изд., перераб. и доп.-М.:Высш. шк.,2005.-334 с;

4. Пащенко А. А. и др. Вяжущие материалы:Учебник для вузов/Пащенко А.А., Сербин В.П., Старчевская Е.А.; Под ред. Пащенко А.А.2- изд., перераб. и доп.-Киев:Вища шк.,1985.
Қосымша

5. Алимов, Л. А. Технология производства неметаллических строительных изделий и конструкций:учебник для студ. сред. спец.учеб. заведений/Л. А. Алимов, В. В. Воронин.-М.:ИНФРА-М,2007.-443с с.-(Среднее профессиональное образование);

6. Армирование неорганических вяжущих веществ минеральными волокнами/ Под ред. А.А.Пащенко.-М.:Стройиздат,1988;

7. Горшков В.С. и др. Методы физико-химического анализа вяжущих веществ. В пер. : Учеб. пособие для вузов./В.С. Горшков, В.В.Тимашев, В.Г. Савельев.-М.:Высшая школа,1981;

8. Журавлев М. И. Оборудование заводов вяжущих материалов:Учебник для студентов спец. "Химическая технология вяжущих материалов"/Под ред. М.Я.Сапожникова.-М.:Высшая школа,1967;

9. Рыбьев И.А. Строительные материалы на основе вяжущих веществ Искусств. строит. конгломераты: Учеб. пособие для строит. вузов.-М:Высш. школа,1978;

10. Тарасова А.П. Жаростойкие вяжущие на жидком стекле и бетоны на их основе.-М.:Стройиздат,1982;

11. Черкинский Ю. С. Химия полимерных неорганических вяжущих веществ.-Л.: Химия,1967

12. Ферронская, А. В. Производство и применение гипсовых материалов и изделий: терминологический словарь:(основные термины и определения на русском и немецком языках)/А. В. Ферронская, В. Ф.
Коровяков, А. Ф. Бурьянов; под общ. ред. А. В. Ферронской.-М.:АСВ,
2006.-263 с.

«Байланыстырғыш заттар» пәні бойынша 050730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған



ағымдағы үлгерімдерді бақылау іс-шараларының күнтізбелік графигі

1 рейтинг (1 семестр)

Апталар

1са-баққа макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Бар-лығы

Ең үлкен балл

6

11

16

11

16

11

16

13

100

Дәріске қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп формасы




ДҮТ 1-4

ДҮТ 5-8

ДҮТ 9-12

ДҮТ 13-16

16

Бақылау формасы




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

1

4

4

4

4

Практик. және лаборатория-лық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп формасы




Лаб.ҮТ

Лаб.ҮТ

Лаб.ҮТ

Лаб.ҮТ

32

Бақылау формасы




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2

8

8

8

8

Курстық жұмысты орындау

СӨЖ түрі / есеп формасы




























20

Бақылау фор-сы













КЖ







КЖ




Макс. балл













10







10




Материалды өзбетімен оқу

СӨЖ түрі / есеп формасы







МОҮТ

2





МОҮТ

4





МОҮТ

6





МОҮТ

8


16

Бақылау формасы







Қ




Қ




Қ




Қ

Макс. балл

4




4




4




4




4

Пәннің тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі / есеп формасы













Т










Т

16

Бақылау фор-сы













Бж










Бж

Макс. балл













8










8

2 рейтинг (1 семестр)

Апталар

1са-баққа макс. балл

9

10

11

12

13

14

15

Бар-лығы

Ең үлкен балл

16

11

16

11

16

11

19

100

Дәріске қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп формасы




ДҮТ 17-20

ДҮТ 21-24

ДҮТ 25-28

ДҮ

29-30


14

Бақылау фор-сы




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2

4

4

4

2

Практик. және лаборатория-лық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп формасы




Лаб.ҮТ

Лаб.ҮТ

Лаб.ҮТ

Лаб.ҮТ


28

Бақылау фор-сы










Қ

Макс. балл

2

8

8

8

4

Курстық жұмысты орындау

СӨЖ түрі / есеп формасы

























20

Бақылау фор-сы










КЖ










КЖ

Макс. балл










10










10

Материалды өзбетімен оқу

СӨЖ түрі / есеп формасы




МОҮТ9

МОҮТ10

МОҮТ11

МОҮТ12

МОҮТ13

МОҮТ14

МОҮТ15

20

Бақылау фор-сы




Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

5

5




5




5




5

Пәннің тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі / есеп формасы













Т







Т

18

Бақылау фор-сы













Бж







Бж

Макс. балл













9







9

Шартты белгілер: ДәрҮТ1...– дәріске дайындалуға үй тапсырмалары № 1... ; Лаб.ҮТ1... – тәжірибелік сабақтарға дайындалуға үй тапсырмалары № 1...; Қ – оқу процесіне қатысу; МОҮТ1... - өздігімен материалды оқуға үй тапсырмалары; К – конспект тексеру; Т – тексеру; Бж – пәннің тақырыптары бойынша бақылау.



Кафедра кеңесінде бекітілді. № ______ хаттама «____»_____________ 2010 ж.
КҚжКО кафедрасының меңгерушісі__________Сақанов Қ.Т. «____»____________2010 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет