Мұғалімнің аты-жөні:
|
Мамадиярова Гүлзира Батырханқызы
|
Пән/Сынып:
|
Қазақ әдебиеті \ 7-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
1-апта, 1-сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
2-тарау
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман»
|
Оқу мақсаты:
|
Т/Ж Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
|
Бағалау критерийі:
|
Шығарма жанрын анықтайды
Идеясы арқылы түсіндіреді
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және түсіндіру арқылы ой бөлісу
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
5 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сәлемдесу. Ой қозғау сұрақтары.
БЕЙНЕ МАТЕРИАЛ ҰСЫНЫЛАДЫ.
Зар заман ақындары кімдер?
Шортанбай Қанайұлы кім?-деген сауалдардың жауабын бүгінгі сабағымызда іздейміз.
|
Бейне материал арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын, күтілетін нәтижелерді анықтайды
|
|
Слайд
|
3
минут
|
Жаңа сабақ
|
Зар заман-қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытын сипаттайды.
«Зар заман» деген- XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай Қанайұлының заман халін айтқан өлеңінің аты.Шортанбайдың өлеңі ілгері-соңғы ақындардың барлық күй, сарынын бір арнаға тұтастырғандай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «зар заман» ақындары деген ат қойдық.
М.О.Әуезов
Сөздік кестесі
Кесапат- бәле, қырсық
|
Айбар-айбат, айбын,қаһар
|
Дуан- /көне/ бір уездік көлемдегі ауқымдық бекініс,аймақ
|
Заманақыр-тар кезең, зобалаң шақ
|
Сүр-ұзақ уақыт сақтау үшін,тұздалып сақталған ет
|
Асылық-астамшылық, күпірлік
|
Жөргем-пайда, олжа
|
Керт бас- сүйенер ешкімі жоқ, жалғыз өзі
|
|
Зар заман ақындары туралы мағұлмат беру.
|
|
Слайд
|
3 минут
|
Тәжірибе
|
«Венн диаграммасы» арқылы Ш.Қанайұлының «Зар заман» өлеңін «Қазтуғанның қонысымен қоштасу» өлеңімен салыстырыңыздар.
|
«Венн диаграммасын» толтырады.
|
Дескриптор:
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің өзіндік ерекшелігін анықтайды.
|
Слайд
|
7 минут
|
|
Жауабы:
Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңінде, ел ішіндегі әлеуметтік мәселені жырға арқау етіп, жұртқа төрелік айтатын әділ билер мен ел билеушілерінің парақорлығы мен әділетсіздігін, ел ішіндегі алауыздықты жырлап торығады.Өлеңде ел ішіндегі алауыздықты, әділетсіздікті тілге тиек еткен.
Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» атты өлеңінде туып-өскен жері Еділ,Жайық,Жем, Сағыз,Ойыл, Қиыл өзендері бойын өз еркімен тастап кетпегенін, амалсыз кетіп бара жатқанын, басқа өлкеге ауысуға мәжбүр болып отырғанын жырға қосып, қонысымен қимастықпен қоштасады.
Ш.Қанайұлы мен Қазтуған жыраудың өлеңдерінің ұқсастығы өз елінің мінін, мінезін түзетпек болды. Баянды, бақытты бейбіт тіршілікті аңсады.
|
«Венн диаграммасын» толтырады.
|
Қазтуған жыраудың «Қазтуғанның қонысымен қоштасу» өлеңінің өзіндік ерекшелігін жазады.
Ш.Қанайұлы мен Қазтуған жыраудың өлеңдерінің тақырыбы мен мазмұн, мағына жағынан ұқсастығын атап көрсетеді.
|
Слайд
|
5 минут
|
|
Төменде берілген тақырыптар бойынша ойлан.Тақырыптардың біреуін таңдап, «ПОПС» формуласы бойынша жаз.
«Ресей халқының қазақ даласына қоныстануының пайдасы мен зияны»
«Бүгінгі және болашақтағы Қазақстанның келбеті»
|
Тапсырманы орындайды.
|
Дескриптор:
Тақырыпқа қатысты өзіндік көзқарасын білдіреді.
Тақырыптан ауытқымай, ашып жазады.
Сөйлемдердің лексикалық құрылымы сақталады
|
Слайд
|
5 минут
|
Бекіту
|
Сұрақ-жауап:
Зар заман ақындары кімдер?
Шортанбай Қанайұлы кім?
|
Сұрақтарға жауап беру арқылы алған білімдерін жинақтайды.
|
Бағалау критерийлері:
- Мысалдар келтіреді;
- Сабақ барысында білім деңгейі ескеріледі.
|
|
1 минут
|
Оқу тапсырмасы
|
«Зар заман» өлеңін мәнерлеп оқыңыздар.
Қалауларыңыз бойынша үзінді жаттап алыңыздар.
|
|
|
|