№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырма мазмұны және мақсаты
| Ұсынылатын әдебиеттер |
Орындау мерзімі
|
Баллдар (рейтинг-шкала бойынша)
|
Бақы лау түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
СӨЖ
|
Тест «Қазақстан ежелгі дәуірде»
|
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана А., 1982
|
1-ші апта
|
4,0
|
конспект
|
2
|
СӨЖ
|
Тест «Тайпалық одақтар және Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер»
|
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Акишев К.А., Кутаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или А., 1963
Бернштам А.Н. Очерки истории гуннов Л., 1951
Гумилев Л.Н. Хунну М., 1960
|
2-ші апта
|
4,0
|
кроссворд
|
3
|
СӨЖ
|
6-12 ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
|
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. А., 1991.
А. Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы А., 1996
Кумеков Б.Е. Государство кимаков 9-11 вв. А., 1972
Кляшторный С.Г. Древние рунические памятники как источник по истории Средней Азии М., 1964
|
3-ші апта
|
4,0
|
Вен диаграммасын жасау
|
4
|
СӨЖ
|
6-12 ғғ. Қазақстан мәдениеті
|
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. А., 1991.
А. Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы А., 1996
Кумеков Б.Е. Государство кимаков 9-11 вв. А., 1972
Кляшторный С.Г. Древние рунические памятники как источник по истории Средней Азии М., 1964
Аль-Фараби философские трактаты А., 1970
Махмуд Кашкари Түбі бір түркі тілі А., 1993
Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет А., 1993
|
4-ші апта
|
4,0
|
буклет
|
5
|
СӨЖ
|
«Қазақстан моңғол кезеңінде»
|
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
|
5-ші апта
|
4,0
|
конспект
|
6
|
СӨЖ
|
14-15 ғ. 1-ші жарт. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
|
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Мухаммед Хайдар Дулати Тарихи рашиди А., 1969
|
6-шы апта
|
4,0
|
Сызба жасау
|
7
|
СӨЖ
|
«Қазақ халқы мен қазақ хандығының құрылуы»
|
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Қазақтар. т.6 А., 1998
|
7-ші апта
|
4,0
|
Кесте жасау «Тарихи тұлғалар»
|
8
|
СӨЖ
|
«16-17 ғғ. Қазақ хандығы»
|
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине 16 в.
Басин В.Я. Россия и Казахские ханства в 16-18 вв. А., 1971
Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в 16-18 вв. А., 1991
Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в 17-19 вв. А.,1971
Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в 17-19 вв. А, 1959
|
8-ші апта
|
4,0
|
коспект
|
9
|
СӨЖ
|
«ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ халқының материалды және рухани мәдениеті»
|
Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1 А., 1986.Т.2 А., 1987. Т.3 А., 1994.
Қазақтың көне алтыны. Древнее золото Казахстана А., 1983
Қазақтың зергерлік әшекейлері А., 1985
Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері. Народное декоративно-прикладное искусство казахов Л., 1970
Ибраева К. Казахский орнамент, А., 1994
Очерки изобразительного искусства казахов А., 1977
Нурмухаммедов Н. Искусство Казахстана (Альбом) М., 1970
|
9-шы апта
|
4,0
|
кроссворд
|
10
|
СӨЖ
|
18-19 ғғ. ұлт-азаттық қозғалыс
|
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Қазақтар. т.6 А., 1998
Вяткин М. Батыр Сырым А, 1947
Кенесарин А. Кенесары Сыздық сұлтандар А., 1992
Бекмаханов Е.Б. Восстание хана Кенесары А., 1992
|
10-шы апта
|
4,0
|
Хронологиялық кесте жасау
|
11
|
СӨЖ
|
19 ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
|
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 3 том А., 1998
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Бекмаханов Е.Б. 19 ғ. 20-40 жж. Қазақстан А., 1996
|
11-ші апта
|
4,0
|
Глоссарий
|
12
|
СӨЖ
|
Е.Б. Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жж.» монографиясын конспектілеу
|
Бекмаханов Е.Б. 19 ғ. 20-40 жж. Қазақстан А., 1996
|
12-ші апта
|
4,0
|
Конспект бойынша эссе жазу
|
13
|
СӨЖ
|
19 ғ. Қазақстан мәдениеті
|
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Жубанов А. Замана бұлбұлдары А., 1974
Жубанов А. Ғасырлар пернесі А., 1977
Бес ғасыр жырлайды А., 1986
|
13-ші апта
|
4,0
|
кроссворд
|
14
|
СӨЖ
|
ҰОС жылдарындағы Қазақстан
|
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Казахстан в период ВОВ Советского Союза 1941-1945 гг. Сб. Документов и материалов А-А,1968
Қозыбаев М.К. Казахстан – арсенал фронта. А-А., 1970
Белан С.К. Казахстацы в боях за свободу Украины и Молдавии в 1941-1944 гг. А-А., 1984
Балақаев Г.Б. Майдандағы Қазақстандықтардың еңбегі А., 1895
Козыбаев М.К., Куманаев Т.А. Соғыста шыңдалған достық А., 1989
Балакаев Т. Колхозное крестьянство Казахстана в годы ВОВ А., 1979
Абишев Г. Казахстан в период ВОВ А-А., 1965
Казахстанцы Герои Советского Союза в 2-х т. А-А., 1965
|
14-ші апта
|
4,0
|
Хронологиялық кесте
|
15
|
СӨЖ
|
«Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси партиялар» бақылау жұмысы
|
Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында А., 1996
Борбасов С.М., Сыдыков Е.Б. Тәуелсіздік танымы А., 1998
Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты Семей, 1995
|
15-ші апта
|
4,0
|
Бақы-лау жұмы-сы
|
СӨЖ орындауына әдістемелік нұсқау
1. Тақырып: «Қазақстан ежелгі дәуірде»
Сабақтын мақсаты: Алғашқы адамдардың Қазақстан территориясында пайда болғаны және пайда болған уақыты туралы мәлімет қалыптастыру. Қазақстан территориясында тас және қола дәуірлеріне жататын ескерткіштерді танып білу.
Тапсырма: конспект
Бақылау түрі: жазбаша
Әдістемелік нұсқау:
Студент өз білімін одан әрі тереңдету мен кеңейту мақсатында конспект жазу қажет. Конспектінің соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімін көрсету қажет. Конспектте студенттер палеолит заманына жататын еңбек құралдарын атап өту, ежелгі адамның өзі эволюцияға ұшырауы нәтижесінде тарихта қандай аттармен белгілі екенін көрсету керек. . «Неолиттік төнкеріс» терминінің мағынасына, неолит заманының ерекшеліктеріне тоқталу.
Қола дәуірінде қоғамда және өндірістік қатынастарда болған өзгерістерді: адамдардың палеометалдарды пайдалануы, көшпелі мал шаруашылығының дамуы, рулық қатынастардың ыдырап, оның орнына тайпалық бірлестіктердің құрылуын көрсету қерек.
Ұсынылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана А., 1982
2.Тақырып: «Тайпалық одақтар және Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер»
Сабақтын мақсаты: : Қазақстан территориясыдағы алғашқы мемлекеттерін пайда болуын көрсету. Қоғамда болған өзгерістерді танып білу.
Тапсырма: 25 түсінікке кроссворд құрастыру
Бақылау түрі: кроссворд
Әдістемелік нұсқау:
Берілген тақырып бойынша кроссворд құрастыру. Кроссвордта тайпалардың көне жазбаларда көрсетілген атауларын қолдануға болады. Кроссвордтың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімін көрсету қажет. Кроссвордта студенттер сақтар туралы жазба деректерінің негізгі түрлерін атап кету дұрыс болады. Сақ қоғамындағы әлеуметтік топтарға тоқталу. Сақтардың қоғамдық өмірі, шаруашылығы және мәдениеті туралы айқын мәліметтерді сақтардың обаларында табылған бұйымдар туралы ақпарат жинау. Үйсіндер, қаңлылар мен ғұндар тарихын материалдық жетістіктерін тестте көрсету. Аталған тайпалардың орналасқан жерін көрсету, қоғамында қалыптасқан жағдайын анықтау керек.
Ұсынылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Акишев К.А., Кутаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или А., 1963
Бернштам А.Н. Очерки истории гуннов Л., 1951
Гумилев Л.Н. Хунну М., 1960
3.Тақырып: 6-12 ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақтын мақсаты: Қазақстан территориясында түрік дәуіріне жататын мемлекеттерді танып білу
Тапсырма: Вен диаграммасы
Бақылау түрі: кесте жасау
Әдістемелік нұсқау:
Ерте ортағасырлық және орта ғасырларда Қазақстан территориясын алып жатқан мемлекеттік құрылымдарды көрсету қажет. Бұл мемлекеттердің орналасқан территориясын, астанасын, халқының негізгі этникалық құрамын, шаруашылығын анықтау керек. Негізгі жерді иелену түрлерін білу, әр түрлі әлеуметтік топтар мен таптардың атауларын білу қажет. Аталған мемлекеттердің басқа елдермен қарым-қатынастары туралы ақпарат жинап келу керек. Екі немесе бірнеше мемлекеттердің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын салыстыру. Ерекшеліктері мен ұқсастықтарын таба білу
Ұсынылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. А., 1991.
А. Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы А., 1996
Кумеков Б.Е. Государство кимаков 9-11 вв. А., 1972
Кляшторный С.Г. Древние рунические памятники как источник по истории Средней Азии М., 1964
4.Тақырып: 6-12 ғғ. Қазақстан мәдениеті
Сабақтын мақсаты: Түрік кезенде Қазақстан территориясында болған мемлекеттердін материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсету, осы заманға жататын әйгілі ескерткіштерді білу.
Тапсырма: буклет
Бақылау түрі: : ауызша тексеру.
Әдістемелік нұсқау:
Буклет СӨЖ-дің неғұрлым кеңейтілген формасы бола отырып, әдебиетке міндетті түрде шолу жасау арқылы белгілі тақырыпқа баяндама жасауды немесе ғылыми жұмыс, кітап мазмұнын баяндауды білдіреді. Буклет неғұрлым қызықты да ғылыми жұмыс болып табылады. Ерте ортағасырлық және орта ғасырлық мемлекеттердің әр саладағы мәдени жетістіктерін ашып көрсету. Осы кезеңде ислам мәдениеті келгеннен кейін рухани өмірдегі, архитектура және өнердегі өзгерістерге баса назар аударған жөн.
Ұсынылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. А., 1991.
А. Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы А., 1996
Кумеков Б.Е. Государство кимаков 9-11 вв. А., 1972
Кляшторный С.Г. Древние рунические памятники как источник по истории Средней Азии М., 1964
Аль-Фараби философские трактаты А., 1970
Махмуд Кашкари Түбі бір түркі тілі А., 1993
Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет А., 1993
5.Тақырып: «Қазақстан моңғол кезеңінде»:
Сабақтын мақсаты: Моңғол шапқыншылығының Қазақстан жеріне тигізген әсерін көрсету. Моңғол ұлыстары құрамынағы Қазақстан территориясын анықтау.
Тапсырма: конспект
Бақылау түрі: ауызша тексеру
Әдістемелік нұсқау:
1206 жылы Моңғол мемлекетінің құрылғанын атап, осы мемлекеттің билеушісі Шыңғыс ханның әлемдік билікке деген құштарлығын көрсету керек. Моңғолдар 1219-1224 жылдар аралығында Қазақстан мен Орта Азия территориясын жаулап алуын көрсету. Моңғол империясының жерлерін ұлыстарға бөлу және осы ұлыстардың құрамында болған Қазақстан территориясын білу қажет. Моңғол империясының ыдырауының нәтижесінде қалыптасқан мемлекеттердің дамуын көрсету және олардың болашақ қазақ мемлекеттілігіне тигізген әсерін анықтау керек.
Ұсынылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
6.Тақырып: 14-15 ғ. 1-ші жарт. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақтын мақсаты: 14 – 15 ғасырларда Қазақстан жерінде қалыптасқан Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттерді білу.
Тапсырма: сызба жасау
Бақылау түрі: ауызша тексеру
Әдістемелік нұсқау:
Көрсетілген мемлекеттер бойынша, сызба жасау. Берілген кезең бойынша мемлекеттердің әлеуметтік құрылысын, саяси тарихын, экономикалық жағдайын талдауға болады. Мемлекеттің даму ерекшеліктерін және бір-біріне ұқсастықтарын міндетті түрде көрсету. Бұл тапсырма студенттердің берілген кезең бойынша білімдерін жетілдіруге және сол кездегі тарихи процесстерге талдау жасауға мүмкіндік береді. Сызба А4 бетке орындалады, кесте түрінде де көрсетуге болады. Соңында міндетті түрде қолданылған әдебиетті көрсету қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Мухаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди А., 1969
7. Тақырып: «Қазақ халқы мен қазақ хандығының құрылуы»
Сабақтын мақсаты: Қазақ халқының этногенезін көрсету, «қазақ» этнонимінің шығу тегін анықтау, қазақ мемлекеттігінің пайда болуын білу.
Тапсырма: кесте жасау
Бақылау түрі: ауызша тексеру
Әдістемелік нұсқау:
Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдерін және сол уақытта болған жағдайларды білу қажет. «Қазақ» сөзі туралы түрлі атауларды келтіру керек. Қазақ халқының құрамындағы үш жүздің пайда болуы туралы мәліметтерді келтіруге болады. Жүздердің құрамындағы руларды білу қажет.
Оқытушының қойған сұрақтарына ауызша жауап беру керек. Қазақ хандығының құрылуының саяси, экономикалық және этникалық себептерін айқындап көрсету керек. Қазақ хандығы туралы Мұхамед Хайдар Дулатидің еңбегіндегі мәліметтерді білу қажет. Алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібектің саясаты жөнінде қалған деректерге назар аудару абзал.
Ұсынылған әдебиеттер:
Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Қазақтар. т.6 А., 1998
8.Тақырып: «16-17 ғғ. Қазақ хандығы»
Сабақтын мақсаты: ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығының жағдайын анықтау. Осы уақыттағы Қазақ хандығының дамуына Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Жәнгір хандардың қосқан үлесін көрсету
Тапсырма: конспект даярлау
Бақылау түрі: жазбаша
Әдістемелік нұсқау:
ХҮІ ғасырдың бірінші ширегі Қасым ханның билігімен белгілі екенін көрсету және осы заман Қазақ хандығының гүлденген уақыты деп анықталатынын білу қажет. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының территориясының ұлғайуын картадан көрсету керек. Қасым ханның басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынасын анықтау қажет. Қасым ханнан кейінгі кезең Қазақ хандығының тарихында саяси тұрақсыздық уақыты болғанын атап кету жөн. Әкесі Қасым ханның саясатын жалғастыруға ден қойған Хақназар хан тұсындағы хандықтың жағдайын көрсету керек. ХҮІІ ғасыр Қазақ хандығы үшін күрделі уақыт екені туралы мәлімет қалыптастыру керек. ХҮІІ ғасырда Есім, Жәнгір хандардың саясатын көрсету дұрыс болады.
Қазақ қоғамы «ақ сүйек» және «қара сүйек» деген екі әлеуметтік топқа бөлінетінін атап, олардың құрамына кіретін әлеуметтік жіктерді анықтау керек.
Ұсынылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине 16 в.
Басин В.Я. Россия и Казахские ханства в 16-18 вв. А., 1971
Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в 16-18 вв. А., 1991
Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в 17-19 вв. А.,1971
Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в 17-19 вв. А, 1959
9.Тақырып: «ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ халқының материалды және рухани мәдениеті»
Сабақтын мақсаты: Қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің түрлерін, қазақтың тұрақ-жайының ерекшелігін және халқымыздың ауыз әдебиеті мен музыка өнерін көрсету.
Тапсырма: кроссворд жасау
Бақылау түрі: ауызша қорғау
Әдістемелік нұсқау:
Рухани мәдениеттің даму ерекшеліктерін көрсете білу, тілі, жазуы қандай өзгерістерге ұшарады, сол өзгерістердің нәтижесінде атақты дала данышпандары қай тілде, қандай еңбектер жазды атап көрсету. Рухани даму аясында тұлғаларға буклет жасауға болады. XV-XVIII ғғ. қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы 3 кезеңге бөлінді, кезеңдерді білу, сипаттау. Материалдық және рухани мәдениет аясында терминдерді игеру, мысалы, тойбастар, сыңсу, жоқтау, жетіген, сыбызғы т.б..
Ұсынылған әдебиеттер:
Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1 А., 1986.Т.2 А., 1987. Т.3 А., 1994.
Қазақтың көне алтыны. Древнее золото Казахстана А., 1983
Қазақтың зергерлік әшекейлері А., 1985
Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері. Народное декоративно-прикладное искусство казахов Л., 1970
Ибраева К. Казахский орнамент, А., 1994
Очерки изобразительного искусства казахов А., 1977
Нурмухаммедов Н. Искусство Казахстана (Альбом) М., 1970
10.Тақырып: 18-19 ғғ. ұлт-азаттық қозғалыс
Сабақтын мақсаты: . Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің мазмұнын ашу. Аталатын көтерілістер: 1783-1797 жж. Кіші жүздегі Сырым Датұлы бастаған көтеріліс, 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс, 1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс, Сыр бойындағы қазақтардың Жанқожа батырдың басшылығымен бас көтеруі.
Тапсырма: хронологиялық кесте даярлау
Бақылау түрі: ауызша қорғау
Әдістемелік нұсқау:
Қазақстанның Ресей отаршылығына қарсы ұлт-азаттық күресі басталу себептерін, барысын, көтерілістің басты мақсатын, көтеріліс басшыларын, жеңілу себептері мен тарихи маңызын білу. Көтерілістерді ажырата білу, сол уақыттағы көтерілістерге заманауи баға бере білу, салыстырып талдау жасау.
Жеке-жеке көтерілістер бойынша жылдарын және жанына болған оқиғаны жазу.
Ұсынылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Қазақтар. т.6 А., 1998
Вяткин М. Батыр Сырым А, 1947
Кенесарин А. Кенесары Сыздық сұлтандар А., 1992
Бекмаханов Е.Б. Восстание хана Кенесары А., 1992
11.Тақырып: 19 ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Сабақтын мақсаты: Ресей империясының құрамына кіруіне байланысты қазақтың дәстүрлі шаруашылығының, қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың өзгеруін көрсету. Қазақстан территориясында өнеркәсіптің дамуын көрсету.
Тапсырма: 15 түсінікке глоссарий
Бақылау түрі: ауызша тексеру
Әдістемелік нұсқау:
Қазақстанның Ресей өнеркәсібінің шикізат көзіне айналуы. Табиғи қазба байлықтарға өте бай кен өндіру орындарын, ұсақ және орташа жәрмеңкелерді, темір жол магистральдарын білу. 1822, 1824 жж. Жарғыларға баса назар аудару. Осы кезеңге байланысты пайда болған терминдерді меңгеру. Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын ой елегінен өткізе отырып сол кездегі оқиғаларға баға беру.
Ұсынылған әдебиеттер: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 3 том А., 1998
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Бекмаханов Е.Б. 19 ғ. 20-40 жж. Қазақстан А., 1996
12.Тақырып: Е.Б. Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жылдарында» еңбегі
Сабақтын мақсаты: Студенттердін тарихи еңбекпен танысып,аталған тақырыпты конспекттілеу. Тарихшы Ермұхан Бекмахановтың өмір баянымен танысу.
Тапсырма: аталған енбектін «Қазақстан ХІХ ғасырдың бірінші жартысында» атты І бөлімін конспектілеу
Бақылау түрі: конспект
Әдістемелік нұсқау:
Ермұхан Бекмаханов қазақ тарих ғылымының, халқымыздың мақтанышы, бірақ өкінішке қарай, оның бұл еңбегі 50-жылдардың басында қаралы тізімге ілінуі, сталиндік-империялық бұғаудың үзіле бастауы да оның жарықка шығуына жол ашпауы және XIX ғасырдың 20—40-жылдары, оның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі отаршылдарға қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы ұйымдастырған көтерілістерден кейінгі үш жүзді қамтыған ең көлемді бас көтеру болғандығын оның азаттық үшін болған ұлы аттаныс екенін тарихшылар іштей мойындаса да ашық айтуға батылының жетпеуі, жігерсіздік, отарлық тұжырымдаманың жалған интернационализмнің сананы жайлаған уыты Бекмаханов жазған шындықты тануға бөгет болып келді.
Ұсынылған әдебиеттер: Бекмаханов Е.Б.Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жылдарында А., 1996, 57-156, 371-381 бб.
13.Тақырып: ХІХғ. Қазақстан мәдениеті
Сабақтын мақсаты: ХІХ ғасырдағы Қазақстанның мәдени дамуының басты бағыттарын көрсету.
Тапсырма: кроссворд жасау.
Бақылау түрі: кроссворд
Әдістемелік нұсқау:
XIX ғғ. Қазақстан мәдениеті. Халыққа білім беру тұңғыш қазақ мектептерінің ашылуы. Орыс географиялық қоғамының жергілікті бөлімшелерінің жұмысына қазақ зиялыларының белсене араласуын көрсету. Сондай-ақ осы кезеңде қазақтың ұлттық баспасөзі дүниеге келді.Бұл газеттер мен журналдар арқылы қазақ қоғамы кең көлемде шығыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысты. Осы атауларды, тарихи тұлғалар мен ғұлама жазушылардың есімдерін пайдалана отырып кроссворд құрастыру.
Ұсынылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Жубанов А. Замана бұлбұлдары А., 1974
Жубанов А. Ғасырлар пернесі А., 1977
Бес ғасыр жырлайды А., 1986
14.Тақырып: ҰОС жылдарындағы Қазақстан
Сабақтын мақсаты: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдары майдан мен тлдағы ерліктері туралы мәлімет қалыптастыру.
Тапсырма: хронологиялық кесте жасау
Бақылау түрі: кесте жасау
Әдістемелік нұсқау:
Ұлы Отан соғысының данқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігін көрсету. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді.Данқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандық болды. Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жанқиярлықпен куүресті. Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілердің еңбегін ерекше атап өту қажет. Болған оқиғалардың уақытын көрсетіп жанына оқиғаның өзіне қысқаша сипаттама беру.
Ұсынылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
Казахстан в период ВОВ Советского Союза 1941-1945 гг. Сб. Документов и материалов А-А,1968
Қозыбаев М.К. Казахстан – арсенал фронта. А-А., 1970
Белан С.К. Казахстацы в боях за свободу Украины и Молдавии в 1941-1944 гг. А-А., 1984
Балақаев Г.Б. Майдандағы Қазақстандықтардың еңбегі А., 1895
Козыбаев М.К., Куманаев Т.А. Соғыста шыңдалған достық А., 1989
Балакаев Т. Колхозное крестьянство Казахстана в годы ВОВ А., 1979
Абишев Г. Казахстан в период ВОВ А-А., 1965
Казахстанцы Герои Советского Союза в 2-х т. А-А., 1965
15.Тақырып: «Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси партиялар»
Сабақтын мақсаты: Қазіргі уақыттағы баспасөз материалдары негізінде Қазақстандағы саяси партиялармен танысу.
Тапсырма: қазіргі кездегі саяси партияларды анықтау
Бақылау түрі: бақылау жұмысы
Әдістемелік нұсқау:
Адамдардын мұн—мұқтаждары, көздеген мақсаттары мен қоғамдық көзкарастарын біріктіретін саяси құрылым— партия болып табылады. 2002 жылғы шілденің 15-інде "Саяси партиялар туралы" жаңа заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы заң бойынша партия болу үшін оның елу мың мүшесі болу керек. Соған орай бүгінгі таңда Қазақстанда ресми түрде бірнеше партиялар жұмыс істейді. Қазақстандағы партияларға байланысты толық мағлұмат жинап келу.
Ұсынылған әдебиеттер:
Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында А., 1996
Борбасов С.М., Сыдыков Е.Б. Тәуелсіздік танымы А., 1998
Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты Семей, 1995
Достарыңызбен бөлісу: |