6. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен мазмұны
І сабақ. Кіріспе. Кәсіби тіл негіздері.
Кіріспе. Кәсіби тіл негіздері. Пәнді оқытудағы негізгі мақсаттар мен оның міндеттері. Мамандық тілі туралы түсінік. Кәсіби қазақ тілінің қазақ тілінде жүргізілетін пәндерден ерекшеліктері. Кәсіби қазақ тілін дамыту туралы мағлұмат.
1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері, терминдер:
заттың агрегаттық күйі, адсорбциялық су, азот, азоттау, азотталған феррохром, белсендіргіштер, белсендіру, белсенді құю сырлары, белсенді бентонит, аморфты металл, сапалы, химиялық талдау, табиғи байлықтар, елеуіштік талдау, өздігіненкүйдірілетін анод, анодтау, үйкеліске қарсы материалдар, құйманы бекемдету, аустенит, аударғыш, молибден карбиді, оттегі, қож қышқылдығы, пеш қалау, топтастыру жіктеу, шөміш.
2. Орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.
ковкость, ковш, обработка, заливочный ковш, разливочный ковш, кожух, коксование, коксуемость, коллоидные частицы, рудный концентрат, корочка, кромка, природные богатства, крупный порошок, грубый порошок.
3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Металл қорытпаларының құрамына негiзгi компонент, қоспалаушы элементтер, модификаторлар және қосынды заттар кiредi. Қатты күйдегi қорытпалардың бойында осы айтылған компоненттер өзара қаттты ерiтiндi, механикалық қоспа, химиялық қосылыстар түзедi.
Металл қорытпаларды сұйық күйде балқымалар деп атайды. Балқымалар өте көп майда түйiршiктер iшiнде қалқып жүретiн сұйық түрiндегi күрделi жүйе болып саналады. Құрылымы микрогетерогендi болып есептеледi.
Қорытпалар қара және түстi болып екiге бөлiнедi. Қара металдар қорытпалары бiр ғана металл – темiр негiзiнде алынады. Олар шойындар мен болаттар. Түстi қорытпалар көбiне мыс негiзiнде (қола, жез), алюминий, мырыш, магний және басқа түстi металдар негiзiнде дайындалады.
Технологиялық қасиеттерiне қарай қорытпалар тағы да илемделетiн (деформацияланатын) және құйылатын болып жiктеледi. Алдыңғылары илемдеу, соғып өңдеу, таптап қалыптау арқылы өңдеуге арналса, соңғылары қалыпқа құйып құйма алуға арналады.
Құйма жасауға арналған қорытпаларды дайындау технологиясы алынатын құйманың сапасын қамтамасыз етiп, өзi қарапайым және сенiмдi, жұмсалатын материалдарды және энергия көзiн үнемдi пайдаланатын, қоршаған ортаға және жұмыскерлердiң денсаулығына зиянсыз болуы керек.
Осындай қорытпа дайындау технологиясын әзiрлеу үшiн сұйық металдар мен қорытпалардың физикалық және физика–химиялық қасиеттерiн бiлу керек.
Ең маңызды деген физика–химиялық қасиеттерi металдардың балқу температурасы, тығыздығы, динамикалық тұтқырлығы, диффузия, қайнау температурасы, электр кедергiсi, жылу сыйымдылығы, жылу өткiзгiштiгi, балқу жылулығы болып табылады.
Металдардың балқу температурасы бойынша отын немесе энергия түрiн, қыздыру тәсiлiн анықтайды. Сонымен қатар балқымаға салатын әртүрлi қоспалардың температурасын бiлген дұрыс. Оңай балқитындар қожға араласып кетсе, қиын балқитын заттар балқу үрдiсiн созып, металдардың тотығып бұзылуына әкеледi. Ең дұрысы олардың балқу температурасы балқыманың балқу температурасына жақын болғаны. Олай болмаған жағдайда бұл қоспалар лигатура түрiнде алдын–ала дайындалып қояды.
Қорытпалардың тығыздығы жасалатын бұйымның массасын анықтайды. Ол көп есептеулерге қолданылады. Егер тығыздығы төмен болса кейбiр қоспа заттар балқыма бетiне жиналып қожға араласады және тотығып кетедi. Тығыздығы жоғары, ауыр компоненттер пештiң түбiне шөгiп, толық балқымай қалу қаупi туады.
Шөгу үрдiсiн дұрыс бағыттамаса құйма бойында шөгу қуыстары мен шөгу кеуектiлiгi деген ақаулар пайда болады.
Диффузия балқыма бойындағы компоненттердiң бiркелкi таралып орналасуы үшiн маңызды. Диффузия арқылы таралу бiрнеше миллиметр шамасында ғана болғандықтан балқыманы араластырып отыру жиi қолданылады.
Қайнау температурасы деп металдың буының қысымы атмосфералық қысымға (1,01·105 Па) тең болатын температураны айтады. Балқу температурасында буының қысымы өте үлкен болғандықтан Zn, Mg, Mn, Cr тез қайнап ауаға ұшып шығындалады. Осындай ұшпа заттарды алдымен лигатура түрiнде дайындап алып барып балқымаға қосады.
Балқыманың электр кедергiсi оны индукциялы пештерде балқыту мүмкiндiлiгiн анықтау үшiн маңызы бар. Себебi осындай пештерде жылу энергиясы балқыманың бойындағы құйынды токтардың әсерiнен бөлiнедi.
Металдардың меншiктi балқу жылуы бiр–бiрiнен тым алшақ жатады. Pb – 24·103 Дж/кг болса Al – 400·103 Дж/кг, Si тiптi одан да көп 1800·103 Дж/кг. Бұл қай металды балқытуға қанша жылу энергиясын жұмсау қажеттiгiн анықтайды. Құйманың суып, кристалдануы кезiндегi есептеулер үшiн металдың жылу сыйымдылығын, жылу өткiзгiштiгiн де бiлу керек.
Жалпы алғанда, балқу температурасына жақын температураларда қатты металл мен сұйық балқыманың физикалық қасиеттерi бiр–бiрiне жуық шамада болғандықтан сұйық металдың құрылымы да қатты металдың құрылымына ұқсас келетiнi дәлелденген. Сұйық балқыманың бойында қатты металдың кристалдық құрылымы сияқты тәртiппен орналасқан атомдары бар жекеленген микротопша шоғырлары кездесiп тұрады. Оларды кластер деп атайды. Темпрература көтерiлген сайын кластер саны азая түседi.
4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
қайнау температурасы дегеніміз не?
-
металл қорытпаларының құрамы қандай болады?
-
технологиялық қасиеттерiне қарай қорытпалар тағы да қалай жіктеледі?
-
кластер деп нені атайды?
-
қорытпалар қалай бөлінеді?
-
металл қорытпаларды сұйық күйде қалай атайды?
-
шөгу қуыстары мен шөгу кеуектiлiгi дегеніміз не?
Жай сөйлем
Бір ойды білдіре алатын сөздер тобын сөйлем дейміз. Сөйлем – ойды білдіретін тілдің ең кіші бөлшегі. Сөйлем ойды білдіруімен қатар екінші бір ерекшелігі: оның белгілі дауыс ырғағы, интонациясы болады. Әр сөйлем бас әріппен басталып жазылады.
Сөйлем түрлері
Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлем - айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі.
Мысалы: Мен жалақы алдым.
Сұраулы сөйлем - жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем.
Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:
а) сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Не үшін?
ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Жерім жаман ба?
б) ғой, қой, -ау,-еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы:
– осы ғой алған жоспары? – Иә, осы.
в) сұрау интонация арқылы. Япырай, ие бермей кетпесе?
Бұйрықты сөйлем - біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.
Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте(.) я леп белгісі(!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді –шы, -ші жұрнағының үстеуі арқылы жасалады. М: Бар! Шап! Жиып кел тегіс! – деді...
Лепті сөйлем - айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем.
Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі қалыпта болады. Соған сәйкес сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Құнанбай қатты зекіп қалып:
-
Жә, тоқтат! – деді. (М.ә)
1-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдырыңыз.
Мынау қоян жепті ғой.
Не күдігіңіз бар еді?
Қандай айғақ таптыңыз?
Телғараның оянбағанын қарашы.
1-жаттығу. Берілген хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз.
Менің ағаларым - өте жақсы адамдар. Тоғжан өлең айтады. Жұмысшылар зауытқа барады. Мен теміржол бекетінде жұмыс істеймін. Қонақтар төргі бөлмеде дастархан басында отырады. Жеңіс машинасын әдемілеп жуады. Сәбит ауыр жұмыс істеп отыр. Назым емтиханды жақсы тапсырып жатыр.Сіздер дәлізде қазақша сөйлеп тұрсыз.
ІІ сабақ. Менделеев кестесіндегі металл атаулары. Металлургия саласындағы жалпылай техникалық терминдер.
Алтын, мыс, мырыш, күміс және т.б. металдар және олардың қорытпалар атуларын жатқа білу. Олардың физика-механикалық қасиеттерін, қолданылу саласын және халықшаруашылығында алатын орнын сипаттап беруге машықтану. Металлургия саласындағы жалпылай техникалық терминдер.
1. Сөздікпен жұмыс.
Байыту, кен, негізгі, жобалау ісі, минералды шикізат, кешенді, түсті металлургия, бағалы, құрал–сайман, құрылғы, анықтау, мақсаттарда пайдалану, өндіріс технологиясы, өндірісті жоспарлау, бұйым жасау істері, жұмыстарды оңайлату, қалдықтар, қайтымсыз, мәліметтерді айқындай білу, адамдардың қолмен істелетін жұмыстары, нәтижелерді талдау, тәсіл, жетік меңгеру, кеңінен қолданыла бастады, адамдардың жұмыстарының мазмұндары, шек, көрсеткіштер, тиімді пайдалану, өңдеу, қоректендіргіш.
2. Сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.
Обогащение руд – основное звено в технологи переработки минерального сырья. Этот передел в значительной мере определяет комплексность использования сырья и технико-экономические показателя производства в целом по цветной металлургии. Металлы и другие ценные компоненты, которые не были извлечены из руд в процессе обогащения и остались в отвальных хвостах, по существу не будут использоваться долгие годы и обычно являются безвозвратными потерями. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Байытудың гравитациялық әдістері
Байытудың гравитациялық үрдістері деп тығызыдығы, өлшемі және ортасымен ерекшеленетін түйіршіктердің бөлінуі ауырлық және кедергі күшінің әсер ету ортасында сипаты және қозғалыстарының жылдамдықтарының әртүрлілігімен жүретін үрдістер аталады. Гравитациялық байыту минералдарды бөлудің ең маңызды әдістерінің бірі. Әсіресе, бай компонент пен бос жыныс минералының арасында тығыздық ерекшеліктері бар болғандықтан, құрамында қалайы, алтын, вольфрам, титан, ауыр қара және түсті металдары бар кендер үшін гравитациялық байыту нәтижелі. Барлық минералдарды шартты түрде тығыздықтары бойынша ауыр >2,7 т/м3, жеңіл <2,7 т/м3 деп бөлуге болады. Жеңіл минералдарға кварц, далалық шпаттар, сланец, тальк, кальцит, графитғ көмір жатады. Ауырларға − галенит, вольфрамит, халькопирит, сфалерит, касситерит, ильменит және т.б. Байытудың гравитациялық әдісін жүзеге асыру ортасы ретінде су, ауыр сұйық және ауыр суспензия қолданылады.
Гравитациялық үрдістерге шөктіру, үстелде шоғырландыру, шлюздерде байыту, винттік сепараторларда, ағысты науаларда, конустық сепараторларда, ауыр ортада байыту жатады.
Сонымен қатар гравитациялық үрдістерге дезинтеграцияны және сазды кендер мен ұсақ тау жыныстарды шаюды жатқызуға болады.
Гравитациялық үрдістер байыту аппараттарының жоғары өнімділігімен, арзандылығымен және минералдарды бөлудің жоғары нәтижелілігімен ерекшеленеді.
Шөктіру − гравитациялық байытудың ең көп тараған әдістерінің бірі. Оны көмірге, алмасқа, алтынға және басқа пайдалы қазбаларға қолданады.
Шөктіру нәтижесінде бастапқы материал тығыздығы және ірілігі бойынша ерекшеленетін қабаттарға бөлінеді. Төменгі қабаттарда ауыр өнім шоғырланады, ал жоғарыларында − жеңіл. Шөктіру машиналарында 0,25-тен 50 мм-ге дейінгі ірілікте кен байытылуы мүмкін. Судың соғылуы поршеньнің қозғалысы арқылы жүзеге асырылады.
Шөктіру үрдісінде електегі материал судың соғылу ағынымен қопсытылып, жеке түйірщіктердің құлау жылдамдықтарының арқасында әр түрлі тығыздықты қабаттарға қабаттасады.
Қабаттасу үшін минералды түйіршіктер бір-біріне қатынасты қозғала алатын қопсытылған күйде болу керек. Қопсытылу периоды тығыздалу периодымен ауысады (шөктіру циклдері). Шөктірудің әр циклінде ауыр түйіршіктер жеңілдерге қарағанда үлкен жол жүруі керек.
Байытудың нәтижелілігін жоғарылату үшін ірі түйіршікті материал (>10 мм) шөктіру алдында ірілігі бойынша (ұнтақтағышта) жіктеледі және әр класс өзіндік байытылады. Ұсақ материал (<10 мм) шөктіруге алдын ала жіктелімсіз жіберіледі. Жіктелінбеген материалды байытуда шөктіру машинасының елегіне қалың қабатпен төселінетін төсеніш маңызды рөл атқарады.
Ірі материалды шөктіруде төсеніштің қалыңдығы қоректендіргіштегі ең үлкен бөлшектердің 5...10 диаметрлеріне тең болады.
Төсеніштің тығыздығы жеңіл минералдардың тығыздығынан көп және ауырдың тығыздығынан аз. Жасанды төсеніш ретінде гематит, магнетит, ферросилиций қолданылады. Жасанды төсеніштің қабаты машина елегінің астына ұсақ жеңіл түйіршіктердің өтуінің алдын алады және сонымен қатар жоғарғы сапалы ауыр өнімді алуды қамтамасыз етеді.
Шөктіру машинасының төсеніші қабат биіктігімен, қопсытылғыштығымен, гранулометриялық құрамымен сипатталады. Төсеніш параметрлерін өзгерту арқылы шөктірудің технологиялық процесін басқаруға болады.
Шөктіру машиналары конструкциясы бойынша үлкен әртүрлілігімен ерекшеленеді. Ең үлкен қолданысты қозғалмайтын елекпен шөктіру машиналары алған: поршеньді, диафрагмалы және поршеньсіз. Қозғалмалы елекпен шөктіру машиналары темір және марганецті кендерді байытуда қолданылады. Поршеньді төмен басқанда су жоғары көтеріледі, ал қайта көтергенде ауырлары төмен түсіп, жеңілдері бетінде қалады.
1− елек; 2 − кедергі; 3 − эксцентрикті білік; 4 − поршень; 5−машина корпусы.
Сурет 1 − Қозғалмайтын елекпен шөктіру машиналары
4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Байытудың гравитациялық үрдістері деп қандай үрдістерді атайды?
2. Барлық минералдарды шартты түрде тығыздықтары бойынша қалай бөлінеді?
3. Шөктіру − гравитациялық байытуда әдістерінің ішінде қолданысы қандай?
4. Ең үлкен қолданыстағы шөктіру машиналары?
5. Қозғалмайтын елекпен шөктіру машиналарының құрылығыларын ата?
6. Ірі материалды шөктіруде төсеніштің қалыңдығы неге тең?
5. Етістіктің баламасын табыңыз.
1. өңдеу
|
1.
|
2. шығару
|
2.
|
3. қолдану
|
3.
|
4. пайдалану
|
4.
|
5. орындалу
|
5.
|
6. жасау
|
6.
|
7. есептеу
|
7.
|
8. жоспарлау
|
8.
|
9. басқару
|
9.
|
10. меңгеру
|
10.
|
11. талдау
|
11.
|
12. білу
|
12.
|
13. айқындай білу
|
13.
|
1-жаттығу. Сұхбатты оқып, ұқсас сұхбат құрыңыз.
а) - Гүлмира, бүгін киноға барайықшы!
- Жарайды, қандай фильмге?
- Өзім де білмеймін. Барып көрейік.
- Жарайды.
ә) - Қайда кездесеміз?
- Кинотеатрдың алдына кел.
- Жоқ, аялдамада күтші!
- Саған ыңғайлы болса, аялдамаға кел!
2-жаттығу.Мына сұрақтарға бұйрықты сөйлеммен жауап беріңіз.
1. Сіз қайда барасыз? 2. Сен не ішесің? 3. Ол не істейді? 4. Сәрсен кіммен сөйлеседі? 5. Олар кіммен танысады? 6. Әке-шешеңізге көмектесесіз бе? 7. Туған күнге не аласың? 8. Балалардың оқығысы келеді ме? 9. Біз сендерді сауда орталығына апарамыз ба? 10. Қаланың басқа тамаша жерлерін көрсетеміз бе?
3-жаттығу. Жақшаны ашып, сөйлемдердегі етістікті бұйрық рай формаға қойыңыз.
1. Мен осы кітапты (оқу). 2. Ертең жаңбыр (жауу). 3. Бүгін киноға біз (бару), ал ертең сендер (бару). 4. Қазір Асан жауап (айту), кейін сіз жауап (беру). 5. Біз саяжайда (демалу). 6. Тыныштық (сақтау), емтихан жүріп жатыр. 7. (Абайлау)! Мұнда қауіпсіз емес. 8. (Беру)! Бұл менікі! 9. Құрметті, қонақтар! Назар (аудару)!
ІІІ сабақ. Металлургия саласына тиесілі өзіндік терминдер.
Терминдік сөздер туралы ұғым. Термин сөздер категориясы. Әр мамандық пен ғылым саласындағы терминдердің жасалу жүйесі. Терминдердің баламалық ұғымдары және аудармасы, қолданылу аясы. Мамандық бойынша терминдерді талдап, жаттау, қолданып жаттығу.
-
Мәтінге қажетті сөз тіркестері:
Қож, бұтағы, кезектілік, үрдістер, нобай, алу, жұмыс өнімділігі, уату, сілтілеу, қоюландыру, шайу, бақылау, пайдалану, ерітінді, сүзу, қарапайым құралдар, адамның тікелей араласуы, технологияның қарқынды дамуы, мүмкіндіктері шектеулі, машина жасау қажеттілігі, автоматтандыру ісінің қажеттілігі, күннен –күнге артты, ең елеулі оқиға.
-
Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз:
ГМЦ представляет собой Байеровскую ветвь последовательной схемы получения глинозема, состоящей из следующих операций: размол боксита, выщелачивание бокситовой пульпы, сгущение и промывка красного шлама, контрольная фильтрация алюминатного раствора, фильтрация красного шлама, декомпозиция, обработка гидрата, выпарка, кальцинация товарного глинозема. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
.
-
Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Металлург ғалым, техника ғылымдарыныц докторы, профессор Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан ҒА ' корреспондент-мүшесі Ибрагим Әбілғазыұлы Онаев 1913 жыльг 19 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1941 жылы Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. 1941-1944 жылдары Қарсақпай мыс қорыту зауытыңда жұмыс істеген. 1944-1974 жылдары Металлургия және кен байьпу институтында аспирант, ғьшыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, директордыц орьшбасары (1965-1974), 1974-1994 жылдары ҚазҰТУ-да кафедра меңгерушісі кызметтерін атқарды.
Негізгі ғылыми еңбектері түсті металлургия шикізатгарын өвдеудің жаңа тәсілдерін жетілдіруге арналған. Орталық Қазакстандағы мыс кендерінен өндірілген кен-тастар мен концентратгарды балқыту процесін кешенді түрде жетідціру ісін жүргізген. Түсті металлургия саласындағы штейнді-кожды жүйелердің физикалық-химиялык қасиетгерін зерттеді. Металл-шлак және штейн-қож-газдық фаза жүйесіндегі металдардың таралу зандылықтарын ашкан. Мысты және полиметалдық материалдарды шашыранды күйде циклондық (кивцэттік) балқытудың ерекше технологиясын жасаған авторлардың бірі. Онаев 300-ге жуық ғылыми еңбектің, 28 өнертабыстын авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медаяьдармен марапатгалған.
4. Мәтін бойынша тапсырмалар:
а) мәтінге өзіңізше ат қойыңыз.
ә) мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.
б) мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыздар.
в) сұхбат құру үшін сұрақтар дайындаңыздар
Жай сөйлем түрлері
Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді.
Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.
Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем,жақсыз сөйлем болып бөлінеді.
Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын жай сөйлем түрі.
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді:
-
–қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді.
-
Тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс т.б.
-
–ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды.
-
Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады.
Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.
Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.
Мысалы
Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі.
Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді.
Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кезі.
Мысалдан көргеніміз атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді.
Кестедегі мысалдармен танысып, айырмасын түсіндіріңіз.
Жалаң сөйлем
|
Жайылма сөйлем
|
Қанат келді.
|
Кеше Қанат досымен үйге келді.
|
Кездесу болды.
|
Астана қаласында 15 мамырда Елбасымен кездесу болды.
|
1- жаттығу.Аударыңыз. Оқып шығып, толымды және толымсыз сөйлемдерді табыңыз. Толымсыз сөйлемде қай мүше айтылмай қалғанын анықтаңыз.
Біз ол кезде жайлауда тұрамыз. Дәуімбай деп аталады. Аудан орталығынан қашық емес. Екі арада темір жол жатыр. Менің балдай балалық шағым сол әсем жайлауда қалды. Қандай алаңсыз еді, шіркін! Ертеңнен кешке шейін асыр салып ойнаймыз. Өрістен сауын кезінде жылқыларды қуып келеміз. Әжем бие саууға шығады. Небәрі екі биеміз бар. Жайлауды қақ тіліп кішкене өзен ағады. Содан балық аулаймыз. Суына шомыламыз.
2-жаттығу.Төмендегі сөйлемдерден атаулы сөйлемді табыңыз.
1942 жыл. Қоңыр күз. Көзге түртсе көрінбейтін қараңғы түн. Аяғын ақырын–ақырын басып келе жатқан жас барлаушы. Дала бос. Дала көңілсіз.Оқ дауысын күткен қараша ауыл тым–тырыс. Күзекте отырған ауыл. Жер реңсіз. Шөбі тозған.
Мал, адам сапырылысқан қарбалас кезі. Бірте–бірте сатылап, алғашқы да айтқан Қанжығалының Ащыкөл басындағы бірінші болысының ауылына келдік.
3-жаттығу.Жақты, жақсыз сөйлемдерді бағаналарға бөліп жазыңыздар.
Досанның тауға барғысы келеді. Бізге уақытты ұту керек. Бурабайдың табиғатын ауызбен айтып бомайды. Кеш болғанын байқамай қалыппын. Мен енді ауылдың екінші жағымен айналып жүремін. Сен жақсы азамат болыпсың. Сәкен екеуміз далаға шықтық. Көп әңгімелестік. Кеттік киноға барайық. Темекі тартпауды өтінеді. Не ексең, соны орасың. Кіруге болмайды. Сізге кешке қарай келуге болады. Оған таңдануға болмайды. Сен ер болып жетіпсің
4-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңыз.
Мен келдім. Олар ұйықтайды. Сен оқыдың ба? Қонақтар келді. Сен қайда болдың? Әсем дайын отыр. Компьютер қосылмайды. Вирус жұққан. Мен оқимын.
Ата келеді. Ректормен кездесеміз. Студенттер шығады. Жаңбыр жауады. Кеш болады. Той басталды. Кеме жүзеді. Құстар ұшады.
IV сабақ. Технологиялық үрдістер мен амалдарға қатысты сөздер Технология саласындағы стильдік ерекшеліктер (етістіктер).
Күрделі тіркестер мен қарапайым терминдер. Технологиялық үрдістерді сипаттап жазу, мәтін оқу. Мәтінді орысшадан қазақшаға және қазақшадан орысшаға аудармалау.
-
Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері:
Шикіқұрам, нұсқаулық жиынтығы, әмбебап, өңдей алады, металл емес кiрiндi, құрылғы, арнаулы қондырғылар, араластырғыштар, пеш–жинағыштарда, әмбебап құрал, балқыманы тазарту, , ультрадыбыспен әсер беру, магнит өрiсiн салу, дiрiлдету, вакуумдеу, сыртқы құрылғы, қалып iшiнде модифицирлеу, Балқыманы пештен тыс өңдеу, Балқыманы оттексiздендiру және модифицирлеу, Балқыманы тазарту, тұндыру, тыныс белгілері, ондаған, жүздеген, қамтамасыз ету, ішкі құрамдас бөлік, модифицирлеу, оттексiздендiру, қажетті жұмыс, қызметті бақылайды, функционалдық мүмкіндіктер, тотығу, жоңқалар, құю жүйесi.
-
Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Балқытуға арналған пештiң iшiне салынатын заттардың жиынтығы шикiқұрам деп аталады. Шикiқұрам таза металдардан, металл сынықтары мен өндiрiстiң өз қалдықтарынан (жарамсыз өнiмдер, жоңқалар, құю жүйесi) тұрады.
Балқыту кезiнде металл пайыздың оннан бiр бөлiгiнен бiрнеше пайызға дейiн мөлшерде тотығу, булану, шегенмен әрекеттесу салдарынан шығынға ұшырайды. Оның бiр жартысы қожға араласып онымен бiрге кетедi, келесi жартысы күйiп атмосфераға ұшады. Пештен алынатын металл массасы сол себептi пешке салынған шикiқұрам массасынан аз болып шығады.
Балқыту алдында шикiқұрам есептеулерiн жасағанда балқу кезiндегi шығынды ескере отырып шикiқұрамды шығын пайызына артық етiп алады.
Пешке алдымен мөлшерi басқалардан көп материал және ең қиын балқитын заттар салынады. Оңай ұшатын, қатты тотығатын және аз қоспалар лигатура түрiнде қолданылады. Қажет болса бiрiншi салындының үстiне қождауышты төгедi. Жақсы ерiп, балқуы үшiн балқыманы мiндеттi түрде араластырып отырады. Металл әбден балқып болған соң балқыманы тазарту (рафинирование) мен оттексiздендiру, модифицирлеу жүргiзедi.
Балқыманы тазарту – сұйық қорытпаның бойындағы металл емес кiрiндiлер мен ерiп араласқан газдарды шығару амалы.
Металл емес кiрiндiлердi тазартудың ең қарапайым түрi –тұндыру. Мұнда жеңiл түйiршiктер балқыманың бетiне шығып, ауырлары түбiне түседi. Одан көрi тиiмдiрек тәсiл – арнайы қож немесе қождауышпен өңдеу. Осыларды балқымамен араластырғанда металл емес түйiршiктер солардың бетiне жабысып металл бетiне бiрге қалқып шығады. Бұлардан басқа балқыманы инерттi газдармен үрлеу, сүзгiлеу, вакуумдеу қолданып тазарту жүргiзедi.
Балқыманы оттексiздендiру және модифицирлеу. Оттексiздендiру деген балқымаға ерiп қосылған оттегiн сыртқа шығару. Осының ең әмбебап түрi iшкi (тұндырмалы) оттексiздендiру тәсiлiнде балқымаға арнайы қоспа зат ендiрiп, оттегiн балқымада ерiмейтiн қосылысқа айналдырады. Бұл қосылыстар металл емес кiрiндi ретiнде тұндыру арқылы металдан шығарылады.
Модифицирлеу балқытудың ең соңғы амалы. Оны сұйық металға модификатор деп аталатын арнаулы қоспа заттар ендiру арқылы жүргiзедi. Осының нәтижесiнде кристалдану үрдiсiне қажеттi бағыт берiп, ұсақ кристалды құрылым алуға қол жеткiзедi.
Балқыманы пештен тыс өңдеу. Ерекшелiгi сол бұл әдiсте балқыманы пештен шыққан соң шөмiш iшiнде, науашада, пеш–жинағыштарда, араластырғыштарда және басқа арнаулы қондырғылар iшiнде өңдейдi. Мұнда балқыманы тазарту, модифицирлеу және қоспалау амалдары атқарылады. Осыларды жүргiзу кезiнде балқымаға әртүрлi қоспалар салынуы немесе сыртқы әсер тәсiлдерi (дiрiлдету, магнит өрiсiн салу, ультрадыбыспен әсер беру, вакуумдеу, т.с.с.) қолданылуы мүмкiн. Балқыманы өңдеудiң бiр түрi қалып iшiнде модифицирлеу деп аталады. Ол металды сұйық күйдегi соңғы секундтар iшiнде өңдеп, осы тәсiлдiң тиiмдiлiгiн арттырады.
3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. «Балқыманы пештен тыс өңдеу» сөзі орыс тілінде нені білдіреді?
2. Модифицирлеу балқытудың қандай амалы?
3. Металл емес кiрiндiлердi тазартудың ең қарапайым түрi қалай аталады?
4. Балқытуға арналған пештiң iшiне салынатын заттардың жиынтығын атаңыз?
5. шикiқұрам дегеніміз не?
6. Балқыту кезiнде металл пайыздың оннан бiр бөлiгiнен бiрнеше пайызға дейiн мөлшерде тотығу, булану, шегенмен әрекеттесу салдарынан неге ұшырайды?
7. Пештен алынатын металл массасы неге пешке салынған шикiқұрам массасынан аз болып шығады ?
4. Мағынасына сәйкес сөзді тұсына жазыңыз және сол сөзбен сөйлем құраңыз.
Үлгі: күрделi темір қорытпасы – Болат: Болат - құрамында 2%-ке дейін көмiртегi, аз мөлшерде Si, Мn, S, Р және Сг, S, Тi сияқты легiрлеушi элементтерi бар күрделi қорытпа.
2%-ке дейін көмiртегi --------------- бессемер
конвертерлік тәсілі ------------ шойын
2%-тен жоғары көмiртегi ---------- негізді және қышқылды процесі
мартен тәсілі ------ доғалы және индукциялы пештерде жүретін процесс
Болат өндірудің электрлік тәсілі болат
5-жаттығу.Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз. Бастауыштың құрамын анықтаңыз.
1. А.В.Затаевич халық ән-күйлерінің жинағын құрастырып шығарды.
2. Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, композитор және жазба әдебиетінің негізін салушы.
3. Алматы қаласы – ірі өндіріс пен экономика, ғылым мен мәдениет орталығы.
4. Парламент және бірнеше министрліктер ғимараттары Абай даңғылының бойында орналасқан.
5. Мен жиналыста баяндама жасап тұрмын.
6-жаттығу. Мәтінді оқып, логикалық мағынасы бар сұрақтарды қойыңыз. Бастауыш пен баяндауыштарды көрсетіңіздер.
Өнер мұражайында
Біз кеше Қастеев атындағы өнер мұражайына бардық. Мұражайда қазақтың ұлттық киімдерінің көрмесі ашылды. Көрмеге ұлттық киімдердің сан алуан үлгілері қойылған. Көрмеден сыртқы киімдер, бас киімдер мен аяқ киімдер туралы және әртүрлі зергерлік бұйымдар туралы жан – жақты, әрі пайдалы мәлімет алуға болады. Маған ер адамдар мен әйел адамдардың белдіктері өте ұнады. Белдіктердің де бірнеше түрі қойылған. Белдіктер былғарыдан немесе қымбат маталардан тігілген.
V сабақ. Металлургия саласында қолданылатын материалдар мен өнімдер атаулары.
Осы тақырып бойынша терминдер сөздігін құрастыру. Терминдерді пайдаланып мәтін құрастыру. Жазып, оқып машықтану.
1. Етістіктерді орыс тіліне аударыңыз.
Дайындау, жинау, өңдеу, жеткізу, жинақтау, түрлендіру, өсу, безендіру, сақтау, табу, тарату, даму, елестету, пайдалану, алу, қолдану, толықтыру, арттыру, автоматтандыру, қайта құру, құрастыру, ұйымдастыру, үйрену, танысу, оқып үйрену.
2. Сөздікпен танысыңыз.
макропоры – макро кеуектер
огнеупорные материалы – отқа төзімді материалдар
машина непрерывного литья заготовок – дайындаманы үздіксіз құю машиналары
меднение – мыстау
медь – мыс
мельница – диірмен
огнеупорный мертель – отқа төзімді мертель
металловедение – металл тану
порошковая металлургия – ұнтақты металлургия
цветная металлургия – түсті металлургия
черная металлургия – қара металлургия
благородные металлы – асыл металдар
легкоплавкие - оңай балқитын
-
Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Мазут – жасанды сұйық отын – мұнай айдаудан кейінгі қалдық; жану жылулығы 40 мдж/кг шамасында.
Макро кеуектер – жай көзбен немесе үлкейткіш шынымен қарағанда көренетін кеуектер.
Манганин м. – құрамында 12% mn және 2% ni бар және жоғары меншікті электр кедергісі (0,47 мком•м) мен 293-393к температуралары аралығында меншікті электр кедергісінің аз температуралық коэффициентіне (2•10-6 к-1) ие марганецті қола; манганиннің артыкшылығы болып мыспен жұптасып аз тэқк ≈ 1 мкв•к-1 көрсетуі табылады.
Марганец м. – Д. И. Менделеев периодтық жүйесінің № 25 элементі, таңбасы mn, атомдық массасы 54,938; ауыр металдар тобына жатады, балқу температурасы 1517±3 к, көптеген қорытпалардың негізі; негізгі шикізаттары: пиролюзит МnO nH2O , браунит Мn2O3· nSiO2 минералдары; ататың шығу тегі-пиролюзит минералының алғашқы атауынан: қара магнезия - magnesia nigra; 1774 жылы к. шееле, и. ганн (швеция) ашқан; қорытпалардың болаттар мен шойындардың компоненті, сонымен қоса органикалық синтезде катализатор ретінде қолданылады. Отқа төзімділер - отқа төзімділік қасиеті бар, негізінен минералды шикізаттардан жасалатын материалдар мен бұйымдар.
құю қалыптары мен өзекшелерде, өндірістік пештер мен басқадай жылу агрегаттарды қалауға қолданылады. дайын бұйымдар (мүсінді және жай пішінді кірпіштер), ұнтақтар, пасталар және т. б. түрінде жасалады. о. т. негізгі түрлері: шамотты, династы, магнезийлілер. химиялық тегіне қарай қышқыл, бейтарап және негіздік о. т. болады. Тотығу – 1. қатты немесе сұйық металдың (қорытпаның) оттегімен әрекеттесу үрдісі. 2. электронын жоғалту салдарынан атомның, молекуланың, ионның тотығу дәрежесінің жоғарылауы. Тотықтырғыш – тотығу-тотықсыздану реакциясындағы электрондарды қабылдаушы реагент. Тотық – химиялық элементтің оттегімен қосылысы; металдар мен қорытпалардағы металл емес кірінділердің бір түрі (корундтың, шпинельдердің және басқалардың түйірлері) Тотықтандыру – бетіне қорғаныш немесе сәндік тотық қабыршағын қондыру мақсатымен металды химиялық немесе электрхимиялық әдіспен өңдеу. Тотық қабыршағы – негізінен металл тотықтарынан тұратын қабыршақ. Металдағы тотық кірінділері – металл құраушылардың оттегімен қосылысы, шеген материалының, құю қалыбының және шикіқұрам материалдарының түйірлері. қара металдарда жиі кездесетін кірінділер FeО, MnО, SiO2, Al2O3. сұр шойынның 1 см 3 көлемінде 5 млн. дейін тотық кірінділері болатыны анықталған. оның 70 % өлшемі 0,2-1 мкм шамасында. Тотық қабаты – негізінен металл тотықтарынан тұратын қабат. Қалайы (Sn) - Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінің № 50 элементі (iv топ, 5 период), атомдық массасы 118,69; екі аллотропиялық түрде бола алады: ақ қалайы – ауыр күмістей ақ жалтыраған илемді жұмсақ металл, тотық қабыршағы түзілу салдарынан ауада баяу күңгірт тартады; балқу температурасы 505 к; ақ қаңылтыр өндірісінде (қалайылау), әртүрлі қорытпалар (баспа, подшипник, дәнекер қорытпалары) алуға, жұқалтыр, ыдыс, көркем құймалар жасауға қолданылады; сұр қалайы – майда сұр ұнтақ, ақ қалайы 286,2 к төмен суығанда пайда болады, бұл кезде қалайы бұйымдар үгітіліп кетеді («қалайы індеті»); ерте заманнан бері белгілі; атының шығу тегі анықталмаған; маңызды деген минералы – касситерит (қалайы тасы) SnO2. Қалайылы қола – негізгі қоспалаушы элементі қалайы болып табылатын қола; 30% дейін Sn және басқа элементтер (Zn, P, Pb) қосылған; атмосферада, суда, су буында коррозияға тұрақтылығымен ерекшеленеді; термиялық өңдеу әдістерімен беріктенбейді; құймалар және қалыптаған бұйымдар түрінде сан-алуан қолданысқа ие.
4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Марганец м. – Д. И. Менделеев периодтық жүйесінің нешінші элементі?
2. Отқа төзімділер дегеніміз не?
3. Тотығу үрдісі қандай үрдіс?
4. Қалайы (Sn) - Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінің нешінші элементі?
5. Тотықтырғыш – тотығу-тотықсыздану реакциясында қандай реагент.?
6. Қалайылы қола дегенімізді қалай түсінесің?
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыз. Есімдік барлық жерде бастауыш қызметін атқарып тұр ма?
1. ... іссапарға барғалы жатырмын.
2. Бос уақытымызда ... саябаққа демалуға барамыз.
3. Кеше ... кіре берісте кіммен сөйлестіңіздер?
4. ... Әділет министрлігінде жұмыс істейсіз.
5. ... қазақша еркін сөйлейді.
6. ... мақаланы орыс тіліне аударып отыр.
2-жаттығу. Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауыштарды тауып, сұрақтар қойыңыз.
1. Біз жұмысымызды орындадық (выполнили). 2. Директор жиналыс өткізді (проводил). 3. Олар студенттермен сөйлесті (говорили). 4. Дәріс сағат онда басталады. 5. Біз емтиханға дайындалдық (готовились). 6. Біз маусым айында тәжірибе өтуге барамыз. 7. Төрт екіге бөлінеді(делится).
VIсабақ. Қара металлургия саласындағы терминология.
Осы тақырып бойынша терминдер сөздігін құрастыру. Терминдерді пайдаланып мәтін құрастыру. Жазып, оқып машықтану. Еркін ойын жеткізуге машықтану. Шойын металлургиясы бойынша термин сөздер. Болат металлургиясыда қолданылатын термин сөздер. Ферроқорытпалар өндірісінің термин сөздері.
-
Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерімен танысыңыз.
ферроқорытпа – ферросплав
болат – сталь
шойын – чугун
железорудный агломерат - теміркенді агломерат
металлизованный агломерат – металданған агломерат
нефлюсованный агломерат – қождауышталмаған агломерат
баланс металла - металл балансы
ақ шойын – белый чугун
құрыш болат – булатная сталь скорость
қоңыр теміртас – бурый железняк
салу – завалка
шикіқұрам салу – завалка шихты
аймақтап балқыту - зонная плавка
2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Металлические материалы принято классифицировать по основному компоненту. Различают черную и цветную металлургию. К материалам черной металлургии принадлежат стали, чугуны, ферросплавы и сплавы на основе железа, легированные цветными металлами в количестве превосходящим стали.
-
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. металл материалдарын қалай жіктейді?
2. қара металлургияға қандай материалдар жатады ?
3. түсті металдары не үшін қолданады?
10>
Достарыңызбен бөлісу: |