Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет16/24
Дата05.03.2024
өлшемі497.53 Kb.
#494386
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Көркем мәтін теориясы, И.С.Сұлтаниязова

10-СОӨЖ тақырыбы:Кейіпкерлер жоспары. «Бөгде сөз». Көркем шығарма құрылымында бөгде сөздің ұйысу тәсілдері. Төл сөз. Авторлық баяндау мен бөгде сөздің өзара ықпалы екендігі. Төлеу сөз. Ортақ төл сөз. Олардың стилистикалық айырмашылықтары.
Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.
СӨЖ тапсырмалары:Көркем мәтіннің полифониялық құрылымы. Сана тасқыны, сана тасқынындағы баяндаушы жоспары мен кейіпкерлер жоспарының бейнелену ерекшеліктері.
Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Бабенко Л.Г. Филологической анализ текста. Основы теории, принципы и аспекты анализа. – М.: Екатеринбург, 2004.
2. Лотман Ю.М. Структура художественного текста // Лотман Ю.М. Об искусстве. – СПб, 1998. – С. 14-285.
3. Михайлов Н.Н. Теория художественного текста. – М.: Академия, 2006.
4. Эко У. Отсутствующая структура. ВВедение в семиологию. – СПБ: Симпозиум, 2004. – 544 с.
5. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 235 с.
6. Мучник Г.М. Текст в системе художественный коммуникации: восприятие, анализ, интерпретация. – Алматы, 1996.
7. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 1996.
8. Белянин В.П. Психолингвистические аспекты художественного текста. – М., 1988.
9. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М., 1981.
10. Гюббенет И.В. Основы филологической интерпретации художественного текста. – М., 1991.
11. Елеукенов Г.Ш. Поэтика казахского рассказа: Литературоведческое исследование. – Алматы, 2004.
Он бірінші апта
11 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтінді қабылдаушы
Қарастырылатын мәселелер:
1.Көркем мәтіннің мәнін ұғынудың алғышарттары.
2. Әдеби компетенция ұғымы.
3. Шынайы және мінези оқырман.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Қандай да бір қоғамның әр қилы салаларындағы коммуникацияны орнықтыру, жеңілдету, жеделдету үшін қолданылатын мәтіндер бірнеше функционалды типтерге бөлінеді. Олардың әрқайсысының өзіне тән узуалды құрылымы, сөзқолданысы, синтаксистік конструкциялары болады. Мұндай мәтіндер дәстүрлі стилистикада сөзқолданыс ерекшеліктері мен заңдылықтары тұрғысынан зерттеліп, функционалды стилистиканың жеке сала болып қалыптасуына көп ықпал жасады. Мәтіндердегі мағыналық ұйытқы сөздердің қолданылу жиілігі, белгілі бір тақырыптық-семантикалық өріске қатысты сөздердің түрлі (парадигматикалық, синтагматикалық) байланыстары, ой қозғалысын қамтамасыз ететін тілдік бірліктердің (дейктикалық элементтер, синонимдер, жалғаулықтар) барлық мәтіндерде бірдейлігі, мәтін бөліктерінің формалды құрылымындағы тұрақтылық мәтін түзу заңдылықтарын сипаттауға мүмкіндік берді.
Ал мұның өзі мәтіндердің түзілуіне әсер ететін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларды нақтылауға, мәтінді қабылдау инвариантын анықтауға, олардың басқа мәтіндермен, семиотикалық жүйе туындыларымен байланыстарын іздеуге қозғау салды. Бұл орайда көркем шығармаларды қабылдап, түсіну, қарастыру, интерпретациялау, зерттеуде аталған ерекшеліктер айрықша маңызды екені дәлелдеуді қажет етпейді.
Қалай дегенмен де, көркем мәтін аса күрделі семантикалық-құрылымдық жүйе ретінде өзіндік ерекшеліктерге, ортақ заңдылықтарға ие. Өзінің семантикалық көп қатпарлылығына, эмоционалды-экспрессивтілігіне, коннотативтілігіне, субъективтілігіне орай көркем мәтін оқырманнан да қандай болмасын білім аясын қажет етеді. Сондықтан көркем мәтін тек автордың тілдік құзіреті, әлемді тілдік бейнелеуі, ниеті, мүмкіндігі тұрғысынан ғана емес, оқырманның қабылдауы позициясымен бірлікте қарастырылуы қажет.
Қазақ тіл білімінің, әдебиеттануының негізін салушы А.Байтұрсыновтың: «Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек» деген пікірі осы ұстанымның дұрыстығын дәлелдейді, яғни автордың болмыс өмірді өз бетінше қабылдап, дербес түйсінуі, оны эстетикалық өңдеуі, ой-ниеті басқа адамға, демек, оқырманға арналады. Ал оқырман өз кезегінде сол шығарманы түсіну үшін ондағы тілдік бірліктерді жақсы, барабар (адекватты) түсінуі қажет. Ол үшін оның тілдік құзіреті, жады дәл автордікіндей болмаса да, соған жуық, жақын болуы тиіс. Сонда ғана ол көркем туындының эстетикалық ақпарын, құндылығын сезіне, бағалай алады, өйткені адамның кез келген шығарманы қабылдауы эстетикалық ләззатқа негізделеді.
Оқырман көркем мәтінді толық, дұрыс қабылдау үшін ондағы автор қолданған түрлі тілдік құралдарға назар аударады, яғни көркем шығармадағы ең маңызды, мәнді деген мағыналық-құрылымдық бірліктер қайтсе де көзге түседі. Ұсыну қағидатына сәйкес келетін тілдік-стилистикалық тәсілдер дәстүрлі стилистикада әрқайсысы жеке-дара сипатталып келсе де, олардың біртұтас мәтін көлемінде қолданылуы белгілі бір концептуалды ақпарды өзектендіру және тиянақталған текст семантикасын интеграциялау мақсатын көздейтіні қабылдау стилистикасы аясында нақтылануы тиіс. Көркем мәтіннің вербалды құрылымында оқырман үшін ұсыну қағидатына сәйкес қызмет атқаратын тілдік бірлік ретінде түрлі интертекстуалды элементтерді де атауға болады.
Әрбір көркем туындыны түсіну, қабылдау, талдау қаламгер интенциясына және оны оқырмандардың қабылдауына байланысты. Осыған орай көркем мәтіннің стилистикасы автор және оқырманның тілдік тұлғасы тұрғысынан, бірақ бірлікте қарастырылуы тиіс. Автор стилистикасы, негізінен, дәстүрлі стилистика аясында зерттелсе, оқырман стилистикасын қабылдау стилистикасына (стилистика декодирования) жатқызамыз. Қабылдау стилистикасының басты тәсілдері мен қағидаттарын негіздеушілер ретінде орыс тілші-ғалымдары Л.В.Щербаны, Ю.С.Степановты, И.В.Арнольдті атауға болады.
11 практикалық сабақтың тақырыбы:Автор және әдебиет туындысының кейіпкері
Тапсырмалар:
1. Мінез оқырманның әдеби компетенциясы.
2. Оқырманның әдеби компетенциясының компоненттері әдеби тіл мен әдебиет тілін меңгеруі, көркем шығарманың лингвистикалық және текстуальдық кодтарын білуі.
3. Ассоциативті лакундар және мәтіндегі әлеуметтік-фондық ұғымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет