Тақырыбы: «Ертегілер елінде»
Мақсаты: білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шыға
рма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелігі: Эстетикалық талғам мен эстетикалық мәдениетін қалыптастыру; ертегі арқылы адамгершілік, достық, мейірімділік, еңбексүйгіштік қасиеттергетәрбиелеу. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге бейімдеу.
Көрнекілігі: слайд, тақырып жазылған плакат, ертегілерге қажетті жабдықтар
Ертеде бір қоян болыпты. Өте әдемі сыбызғысы болыпты. Сыбызғысын ойнап орманда келе жатса, алдынан аю шығыпты.
Аю: Сыбызғаңда ойнап көрейінші.
Қоян: Бер, бері әкел. Бұл менің сыбызғым, берші!
Аю: Сенікі болса, енді менікі болады.
Қоян: Сонда қалай болғаны?
Қоян жылайды.
_Сыбызғым, сыбызғым.
Қоян жылап отырса, қасына түлкі келеді.
--Неге жылайсың, балақай? Не болды?
Қоян:Аю мені ренжітті.Сыбызғымды тартып алды.
Түлкі: --ААА қандай жаман аю еді. Жүр аюға барып, сөйлесіп келейік.
Аю сыбызғы ойнап отырады.
Түлкі:--Әй, аю, сен неге өзіңнен кішілерді ренжітесің?Мұндай әдепсіздік жасауға болама? Ұялсаң нетті? Сен мені неге тыңдамайсың?Сенімен сөйлесіп тұрмын ғой. Мына құрғыр сыбызғыда ойнауыңды қой!
Аю: --Әй, өзің маған неге айқайлайсың. Ал егер мен саған айқайласам ше? ААААА
Қоян мен түлкі қаша жөнеледі.
Түлкі:--Неткен әдепсіздік.Бұны қалай түсінуге болады?
Қоян: Аю сыбызғымды қайтармай ма?
Түлкі:--Өзіңе де обал жоқ.Өз заттарыңа мұқият болып, кім көрінгенге бермеуің керек.Кінәлі өзің, өзің шеш.Түлкі кетіп қалады.
Қоян жылап отырса қасына қасқыр келеді
Қасқыр: --Неге сонша айқайлайсың?
Қоян:Аю сыбызғымды тартып алып, қайтармай жатыр.
Қасқыр:--Жай әзілдеген ғой,ойнап болған соң қайтарар.
Қоян:Жоқ әзіл емес, қайтармайды
:- Қасқыр Жүр аюмен сөйлесейік.
Қоян:Түлкі де сөйлескен,бірақ аю тыңдамады.
Қасқыр:Пәлі, ол түлкі, ал мен қасқырмын.Біз аю екуіміз бұрыннан доспыз.
Аюдың қасына келеді.
Қасқыр:--Аю, сәлем!
Аю:--Не керек?
Қасқыр:--Қоянның сыбызғысын тартып алған сенбісің?Қайтар балақайды ренжітпе.Кішкентай емессің ғой, баланың ойыншығын қайтесің?Аю:--Сыбызғыда ойнап жатқанда, жаныма тағы біреу келетін болса,сол сазайын тартады!Кет, кәне!Қасқыр мен қоян қаша жөнеледі.
Қасқыр:--Бүгін көңіл күйі жоқ сияқты, сәл күте тұр, жалыққан соң қайтарып берер.
Қоян:--Ол менің сыбызғым ғой.
Қасқыр:--Сенікі болса бар, аюдан өзің тартып ал! Мені өз шаруаңа араластырма! Ұқтың ба !
Қасқыр кетіп қалады
Қоян тағы жылайды.Осы кезде ызыңдап маса келеді.
Маса:--Әй,не боп қалды?Әй неге жылайсың?
Қоян:--Сен кімсің?
Маса:--Мен масамын.
Қоян:Саған не керек?
Маса:--Не болушы еді.Саған көмектесемін.
Қоян:--Сен маған көмектесем дейсің бе?(АААА мазақ қылып күледі.)
Маса:--Әй, неге күлесің?
Қоян:-Е-е түлкі көмектесемін деп көмектесе алмады,қасқырдың да шамасы келмеді. Ал сен тіптен көмектесе алмайсың ғой.
Маса:--Неге көмектесе алмаймын.
Қоян:--Себебі сен кішкентайсын, ал аю үлкен.
Маса: --Кішкентай болсам да мен батылмын.Сені кім ренжіткенін айт.Кәне.
Қоян:--Аю сыбызғымды тартып алды(Қоян жылап)
Маса:-Мені осында күт.Ешқайда кетпе.Қазір аю кешірім сұрауға келеді және сыбызғыңды алып келеді.
Маса ұшып аюға келеді.Аю сыбызғымен ойнап отырады.
Маса: - Ей, аю қоянның сыбызғысын қайтар! Әйтпесе, өз обалың өзіңе!
Аю: - Ей мазамды алма!
Маса: - Түсінікті, қазір көресің!
Маса аюды шағады.
Аю: - Ей мұның не?! Ауырады ғой!
Маса: - Сыбызғыны қайтар.
Аю: - А солай ма?
Маса: - Кане сыбызғыны қайтар. Сыбызғыны қайтарасың ба?
Аю: - Қазір ұрып өлтіремін.
Маса: - Сыбызғыны қайтар.
Аю: - аааааа қайтарам қайтарам
Аю мен маса қоянның қасына келеді.
Аю: - Қоян қоян кешір, менікі дұрыс болмады. Сыбызғыңды қайтып ал.
Қоян: - Мүмкін емес, бұл рас па? Алақай, алақай, рахмет
!Маса: Көрдің бе, аю өте мейірімді екен. Сыбызғыны қайтарып кешірім сұрады. Ал сен кішкентайсың, шамаң келмейді деп едін! Ең бастысы ебін тапсан болды
.Қоян: - Кіп-кішкентай бола тұра, сыбызғыны қайтаруға қалай көндірдін?
Маса: - Мәселе үлкен-кішілік те емес. Сендіре білуде.
Аю: - Енді масаның достарын ренжітпеймін!
Достарыңызбен бөлісу: |