Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет7/24
Дата05.03.2024
өлшемі497.53 Kb.
#494386
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Көркем мәтін теориясы, И.С.Сұлтаниязова

Информативтік регистр бірыңғай үдерістің нақты ұзақтығынан ауытқыған фактілер, оқиғалар, қасиеттер туралы хабар ұсынады. Бұл-тікелей бақылаудың емес, не жанама бақылау нәтижесінде, не ойлау операцияларының нәтижесінде алынған білім.
Генеритивті регистрде «уақыттан тыс» және «уақыт бойғы» іс-әрекет қасиеттерді, қабілеттерді, сипаттаманы айту тәсіліне айналады.
«Бақылау орнын» болып жатқан жайға қарай өзгерте отырып, айтушы түрлі регистрлердің сөз бірліктерін құрайды. Оларды біріктіріп, мәтіннің кеңістік-уақыт көлемділігіноқиға уақытын жасайды.
Перцептуалды (перцептивті) уақыт айтушының (жазушының) мәтін оқиғаларына қатысты уақыт пен кеңістікке шынайы немесе ойша позициясын танытады (лат.perceptio – қабылдау).
Перцептуалдылық дәрежесі ғылыми, іс мәтіндерінде минималды, көркем мәтіндерде максималды болады, соңғысында перцептуалды уақыт жеке уақытпен қосылып, жаңа құбылысты –көркем уақытты тудырады.
Көркем уақыт-сюжеттің, бейнеленген құбылыстардың өмір сүру формасы, шынайы, перцептуалды және жеке уақыттардың өзінше араласқанын сипаттайтын әлемді танудың ерекше формасы. Көркем және шынайы уақытты бейнелеудегі айырмашылық объективті шынайылық пен ирреальность (шарттылық) бейнесі үйлескен көркем шынайылық әлемінің ерекше табиғатының көрсеткіші болып табылады.
Мәтіндік уақыттың синхронды және диахрондыаспектілері бар. Мағыналық акцент бірінші жағдайда «қашан болған» және «қаншаға созылды» ұғымдарымен, екіншісінде-уақыт қатынасындағы сабақтастық немесе реттілік ұғымдарымен (яғни мәтіндегі логикалық ұғыммен) байланысты.
Кеңістік континуумы уақыт континуумымен тығыз байланысты. Мұнда субъектінің қабылдауы арқылы өтетін шынайы әлемді көрсететін объективті кеңістікті бөліп алуға болады, сонымен қатар кеңістік сипаттарды өзінде кеңістік табиғаты жоқ ұғымдарға телуге болады, яғни мәтіндік кеңістіктің басқа түрлері– концептуалдық, психологиялық, әлеуметтік түрлері туралы айтуға болады.
Сондай-ақ жеке түрлерге ие (роман-эпикалық хронотоптар, мифопоэтикалық кеңістік) көркемдік кеңістік бар.
Материалдық құбылысты көрсететіндіктен мәтінде шынайы кеңістік те болады.
Кеңістік жүйесінде бастапқы нүкте болып табылатын сөйлеу субъектісіне қатысты әлдебір «осында» нүктесі «қазір» темпоралдық нүктесімен үйлесіп, мәтіндік хронотоптың «мен-осында-қазір» бастапқы антропоцентрлік пунктін құрайды.
Шынайы уақыт жаһандық, үзіліссіз және бөлшекті. Көркемдік осыларға қоса нақтылықты тудырады. Концептуалдық кеңістіктен көркем кеңістіктің айырмасы – ешқашан дерлік абстрактылы болмайды, орталыққа (орталық дегеніміз тұтас мәтін субъектісі, авторы, шекарасын олар белгілейді) қатысты белгілі бір шекарасы не бағдары бар.
4 практикалық сабақтың тақырыбы:Көркем шығарма құрылымындағы уақыт пен кеңістік
Тапсырмалар:
1. Предикация күрделі мәтіндік таңбаларды жасау мен тудыру құралы.
2. Әдебиетте іс-әрекетті көрсетудің метонимиялық принципі.
3. Жеке дара және тұтастанған іс-әрекет және олардың шығарма оқиғасына көшуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет