бұлшықеттер мен көкетке беріледі.
Бұлшықеттер жиырылып, кеуде
қуысын кеңейтеді, тыныс алады.
Тыныс алу мен тыныс шығаруды
реттейтін орталық – жүйке жүйесі. Мұны
жүйкелік реттелу дейді.
Тынысалу орталығы жөтелу, түшкіру
сияқты қорғаныш рефлекстерін
тудырады.
Гуморальдық реттелу. Қанның химиялық құрамы өзгергенде
(көмірқышқыл газының артуы, қан қышқылдығының жоғарылауы және
т. б.) тынысалу орталығының жұмысы гуморальды реттеледі. Қанда
көмірқышқыл газы концентрациясының
артуы мидағы тынысалу
орталығын қоздырып, тынысалу жиілейді.
Адреналин мен тироксин
гормондары да тыныс алуды жиілетеді.
Жасанды тыныс алу жолдары. Адам суға кеткенде, ток
соққанда, газбен уланғанда есінен танып қалуы мүмкін. 5–7 минут
ішінде жүрек пен өкпенің жұмысын қалпына келтіру керек. Жедел
жасанды
тыныс алдырып, жүрекке массаж жасау қажет (72-сурет).
Жасанды тыныс алдыру жолдары: а) аурудың басын шалқайта қатты
заттың үстіне жатқызу; ә) түймелерін ағытып, кеудесін жалаңаштау; б)
мұрны мен аузын дәкемен жауып, минутына 16 рет ауа үрлеу; в) суға
кеткенде етпетінен жатқызып,
өкпесін судан тазартып құстыру; г)
жүрегі тоқтап қалса кеудесін қос қолдап ырғақты басу; д) әрбір 5–6 рет
басқаннан соң аузына ауа үрлеу; е) тамыр соғуын ұдайы тексеріп
(қадағалау) тұру.
Әдебиет: [1-9]
Достарыңызбен бөлісу: