Бағдарламасы (Syllabus)


Әдебиет: [1-9] Мультимедиялық құралдар тізімі



Pdf көрінісі
бет39/46
Дата01.11.2022
өлшемі385.53 Kb.
#463807
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46
Адаи

Әдебиет: [1-9]
Мультимедиялық құралдар тізімі:
Тақырып 9. Талдағыштар
1. Көру талдағышы. 
2. Есту талдағышы.
3. Иіс сезу талдағышы.
4. Талдағыштардың ерекшеліктері.


Ішкі және сыртқы ортаның алуан түрлі тітіркендіргіштер әсерін қабылдауды
қамтамасыз ететін жоғары маманданған құрылымдарды сезім мушелері дейді. Сезім
мүшелері сезімдік (сенсорлық) жүйенің тек қана шеткі қабылдаушы аппараты.
Организмде ол тек сыртқы орта әсерін ғана қабылдап қоймай, сонымен катар ОЖЖ-не
ішкі ағзалардың, бұлшық ет пен буынның физиологиялық күйі, дененің кеңістіктегі
жағдайы жайлы да ақпарат жібереді. Осымен байланысты И.П.Павлов сезім мүшесі деген
сөзді талдағыш (анализатор) деген атаумен алмастыруды ұсынған. И.П. Павловтың
пікіріне сәйкес сезім мүшесі тек қабылдаушы аппарат. Ал сезімдік талдау мидың арнаулы
құрылымдарының қатысуымен атқарылады. Сонымен, талдагыш деп сыртқы және ішкі
орта тітіркендіргіштерін қабыддап, талдау жүргізетін жүйкелік құрылымдардың күрделі
жүйесін айтады. Олар қабылдаушы қурылымнан — рецептордан, өткізгіш бөліктен
(жуйкелік жолдан) және мидың улкен жарты шарларының қыр-тысында орналасқан
орталық бөлімнен турады. Талдағыштар сезім мүше-лерінің орналасқан орнына қарай
сырқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы талдағыштардың қабылдаушы аппараттары
дистанциялық (алшақтық) экстерорецепторлардан қүралады. Контактылық рецепторлар
тітіркендіргішпен тікелей түйіскенде ғана қозады. Оларға тері рецепторлары (ауырсыну,
температуралық, жанасу) және дәм сезу рецепторлары жатады
Ішкі талдағыштардың қабылдаушы аппаратгарын интеро (ішкі)-және
проприорецепторлар (бұлшық ет, буын байламы, сіңір рецепторлары) қүрайды. Ішкі
талдағыштар организмнің ішкі ортасы мен ішкі ағзаларынан түскен сигналдарды
қабылдал, талдауға арналған. Олар тек түйісу рецепциясына негізделген.
Эволюциалық даму барысында әрбір талдағыш тітіркендіргіштің белгілі бір түрін
қабылдауға бейімделген, сондықтан әр талдағыштың өзіне тән ерекшеліктері болады.
Дегенмен, барлық талдағыштарға тән ортақ қасиеттер де бар. Олардың қатарына мыналар
жатады.
Жогары сезімталдық қасиет. Талдағыш рецепторларының қозу та-балдырығы төмен
болады да, олар үйреншікті тітіркендіргіш әсеріне ете сезімтал келеді.
Арнаулылық, талғамдылық қасиет. Әрбір талдағыш рецепторы тек белгілі бір
тітіркендіргіш түрін қабылдауға бейіңділік танытады, белгілі энергия түріне ғана жауап
береді. Көру талдағышының рецепторы үшін үйреншікті тітіркендіргіш — сәуле, есту
талдағышы үшін — дыбыс толқыны т.с.с. болып табылады. Бірақ талдағыштарда қозу өте
күшті тосын (инадекватты) тітіркендіргіштер әсерінен де туындайды. Мұндай жағдайда
туындайтын түйсік солғын, көмескі болады.
Әсерлілік (реактивтік) қасиеті. Талдағыштар қозу үрдісі туындап үлгермей түрып-
ақ тітіркендіргіш әсерінен өзінің функционал-дық күйін өзгерте бастайды.
Созыяыңқы, жалгасқан әсерге жауап беретін қабілет. Талдағыштар рецепторы тітір-
кендіргіш өсері қанша уақыт созылса, сонша уақыт оны қабылдап, ол тиылғанға дейін ор-
талыққа сигнал бағыттап оты-рады. Осының нәтижесінде талдағьшггар арқьшы өсер
мерзімінің ұзақты, оның сипаты жайлы нақтылы ақпарат алынады.
Сенсибилизация қасиеті. Тітіркендіргіш әсері қайталанған сайын анализатордың
сезімталдығы арта түседі, олардың қайталанған әсерді қабылдау қабілеті күшейеді.
Бейімделгіштік (адаптация) қасиет. Тітіркеңціргіш күші мен сипа-тына таддағыш
рецепторы қажымай-ақ озінің функционалдық күйін өзгертіл, сезімталдығын төмендетіп
жауап береді. Олардың қозғыштық, сезімталдық қасиеті қалпына тез оралады.
Контрастық қубылыс. Түйсік күші нақтылы жағдаймен байланысты өзгереді. Мы-
салы, толық тыныштық жағдайында өлсіз дыбыстың өзі күшті естіледі.
Туйсік ізін сақтау қасиеті. Белгілі бір түйсік тітіркендіргіш әсері (заттың бейнесі,
әуен т.б.) тиылғаннан кейін де біраз уақыт жалғасады. Мысалы, жарқ еткен сәуле оның
әсері тоқтағаннан кейін де біраз уақыт сезіліп тұрады.
Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпа-раттпрдың 80-90%-дан астамын
көзбен көріп біледі. Көру мүшесі  көз алмасы мен қосымша мүшелерден тұрады. Көз
алмасы 3 түрлі қабықтан тұратын шар тәрізді мүше.


Сыртқы қабығы - қалың, тығыз,  дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабық. Бұл қабық
көз алмасының алдыңғы және артқы бөліктерін қаптап тұрады. Ақ қабықтың алдыңғы
жағы мөлдір әрі дөңес қасаң қабыққа айналады. Ақ қабық көз алмасына пішін береді,
қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді.
Ортаңғы қабығы - қантамырларына бай тамырлы қабық. Бұл қабықта
қантамырлары көп болғандықтан, көзді коректік заттармен қамтамасыз етеді. Тамырлы
қабықтың алдыңғы жағы нұрлы (бояулары түрлі түсті) қабыққа айналған. Нұрлы
қабықтың дәл ортасындағы тесік - қарашық деп аталады. Қарашық арқылы көздің ішіне
жарық өтеді. Көз қарашығы бірде ұлғайып, бірде кішірейіп көзге жарықтың өтуін
реттейді. Жарық мол түссе, қарашық кішірейеді, аз түскенде ұлғаяды. Қарашықтың
кішірейіп немесе ұлғаюы нұрлы қабықта болатын бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына
байланысты.
Мөлдір қабық пен нұрлы қабық арасында көздің алдыңғы. қуысы орналасқан.
Нұрлы қабық пен көз бұршағының арасында көздің артқы қуысы бар. Көз қуыстарындағы
сұйықтық көздің ішкі қысымын реттейді.
Нұрлы қабық пигментке (бояғыш зат) бай. Пигменті аздау көз - көк немесе боз
түсті. Қара көз бен қой көзде (коңырқай) пигменттер жеткілікті болады. Пигментсіз болса,
қызыл, тағы басқадай түсті болады. Қара пигментті жасушалар жарық сәулесін жақсы
сіңіреді.
Қарашықтың артқы жағында пішіні екі жағы да дөңес линзаға ұқсаған мөлдір дене
-  көз бұршағы (хрусталик) жатады. Ол күн сәулесін торлы қабыққа шоғырландырады
(жинайды). Көз алмасының ішін мөлдір шыны тәрізді іркілдек дене толтырып тұрады.
Көздің ішкі қабығы - торлы қабықтың құрылысы күрделірек.  Көз алмасының түп
жағында шар тәрізді ақ дақ (соқыр дақ), оның жанында сары дақ болады. Торлы қабықта
жарықты сезетін жасушалар өте тығыз орналасқан. Бұл жасушалардың пішіндері таяқша,
колба тәрізді (химиялық ыдыс) болып келеді. Сары дақ колба тәрізді жасушалардың
жиынтығынан түзілген, жарықты жақсы сезеді. Соқыр дақта жарықты сезетін жасушалар
болмайды, жарық сәулесін қабылдамайды. Сондықтан оны соқыр дақ дейді, соқыр дақ -
көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жері.
Таяқша тәрізді жасушалар арқылы адам түнде, ымырт жабылған кезде жақсы
көреді. Колба тәрізді жасушалар тек жарық жақсы түскенде ғана тітіркеніп, заттың түсін
ажыратады. Жарық сәулесімен тітіркендіргенде жасушаларда козу пайда болады. Қозу
көру жүйкесі арқылы ми қыртысының шүйде бөлігіндегі көру орталығына беріледі.
Сонымен, көз алмасы - ақ қабық, тамырлы қабық және торлы қабықтан тұрады.
Көздің қосымша (қорғаныш) мүшелеріне - қабақ, кірпік, көз алмасын козғалтатын
бұлшықеттер, жас бездері, қас жатады. Қабақ пен кірпік - көзді шаң-тозаңнан, жарқыраған
жарықтан қорғайды. Бұлшықеттер - көз алмасын жоғары, төмен, ішке, сыртқа қарай
қозғалтады. Жас бездері сыртқы секреция бездеріне жатады.  Жас бездері ұдайы жас
бөледі. Жас - көзді ылғалдап, жылытады. Көзге түскен бөгде заттар жаспен бірге сыртқа
шығарылады. Жас зиянды микробтарды жояды. Қас - аққан терді көздің ішіне жібермей
ұстап, қорғап қалады.
Дәм рецепторлары — дәм сезу баданасы тілдің түпкі жағында, жұмсақ таңдайда,
тілше мен жұтқыншақтың шырышты қабықшасында орналасқан. Әсіресе тілдің ұшында,
екі бүйірінде және түпкі жағында көп кездеседі. Адамда 10 мыңға жуық дәм сезу
баданасы болады. Олардың әрбіреуі 8—12 рецептор және тірек клеткаларынан тұрады.
Дәм сезу баданасының пішіні сауытша тәрізді, ұзындығы мен ені шамамен 70 мкм,
төбесінде тесігі болады.
Дәм баданалары тілдің емізікшелерінде орналасады. Бұларды емізікшелер
арасындағы бездердің сөлі шайып отырады. Рецепторлардың ұзындығы 10—20 мкм, ені 3
—4 мкм, олардың ұштары өте сезімтал 30—40 шағын түктерден тұрады. Демеуші заттар
дәм сезуші клеткаларға баданың тесіктері аркылы өтеді. Қабылдағыштың әртүрлі
заттарды іріктеп сіңіретін стереоарнамалы шектері болады деп жорамалдайды. Әрбір


рецепторлардан сезгіштік жүйке талшықтары басталады. Рецепторлар организмнің ең аз
өмір сүретін клеткаларына жатады. Олар әрбір 250 сағаттан кейін дәм сезу баданасының
шетінен ортасына жылжып келетін жана клеткамен алмасады. Қөшкен кезінде жүйке
уштары қалыптасып, рецепторға айналады. Дәм баданасынан 2—4 сезгіштік жүйке
талшықтары шығып, тіл, жұтқыншақ және кезеген жүйкенің құрамында сопақша мидың
жалқы будасына келеді. Одан шыққан екінші нейрондар ішкі ілмектің құ-рамында
таламусқа жетеді. Одан, ми қыртысының дәм сезетін аймағына келетін, үшінші нейрон
басталады. Дәм рецепторлары төрт түрлі дәмді сезеді: тәтті, ащы, қышқыл, тұзды. Осы
әрбір дәмді түйсіну үшін жеке хеморецепторлар болады деген пікір бар. Мәселен, тілдің
түбінде ащы, ұшында тәтті, бүйірлерінде қышқыл және тұзды сезетін рецепторлар
топтасып орналасады. Алайда кейінгі кездегі зерттеулер бойынша, тілдің түбінде
орналасқан рецепторлардың ащы тітіркендіргіштерге сезімталдығы, оның ұшындағыларға
қарағанда, тек 6 есе, ал бүйіріндегі рецепторлармен салыстырғанда 4 есе ғана жоғары
екендігі көрсетілді. Рецепторлардың ұқсас тітіркендіргіштерді жіктеп айыра білу қабілетін
ажырату сезімталдығы деп атайды. Адамда дәм сезімталдығының әркелкі абсолюттік
табалдырығы болады. Ол организмнің әртүрлі (аштық, тоқтық т. б.) жағдайларына
байланысты. Тітіркендіргіш ұзақ әсер еткенде дәм талдағышы оған бейімделіп алады, яғни
оның сезімталдығы төмендейді. Талдағыштар бәрінен де тәтті және тұзды
тітіркендіргіштерге тез бейімделеді. Ал қышқыл, әсіресе ащы тітіркендіргіштерге
бейімделісі өте баяу өтеді. Бірнеше тітіркендіргіштер қатар немесе бірінен соң бірі әсер
еткенде қарама-қарсы дәм түйсігі туады не олар аралас сезіледі. Бұл алмасып бейімделу
деп аталады. Тұздыға бейімделу тіттіге, ал тәттіге бейімделу қышқыл мен ащыға
сезімталдықты арттырады. Сондықтан тұзды тамақтан кейін тұщы су тәттілеу болып, ал
тәтті тамақтан кейін алма, жүзім едәуір қышқыл болып көрінеді. Бірнеше дәмді заттарды
араластырғанда, қоспа құрамына кіретін заттардың дәмінен басқа жаңа түйсік пайда
болады.
Эволюциялық даму кезінде дәм сезу тағамды талғау немесе қабыл алмау механизмі
ретінде қалыптасты. Табиғи жағдайда дәм сезу түйсігі тағаммен қатар иіс сезу, тактильді
және жылулық түйсіктерімен қоса жүреді. Жас ұлғайған сайын ажырату сезімталдығы
кемиді. Дәрі кабылдау, темекі шегу дәм сезімталдығын төмендетеді. Оның жойылуы —


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет