Бағдарламасы. Тақырыбы: «Ұстазым алтын діңгегім»



Дата26.06.2016
өлшемі46.47 Kb.
#159623
түріБағдарламасы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,

Бейнеу қаласы/ауылы

"Бейнеу лицейі" м/мекемесі

денешынықтыру пәнінің мұғалімі

Ажибаева Гулназ Айтжанқызы .



Ұстаздар күні мерекесіне арналған 5 сынып оқушыларының концерттік бағдарламасы.
Тақырыбы: «ҰСТАЗЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ».
Шынар І жүрг: Кім боласың?

Кім болсаң да аман бол.

Бастықпысың?

Өте жақсы, тұра қал.

Мұғалімді келеке еткен бар құлар,

Мықты болсаң, мойындарын бұра бар!
Ұлпа ІІ жүрг: Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!

Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,

Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!
І жүрг: Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,

Отырармыз қуанышта, тойда біз.

Сондай кезде есте болар бір нәрсе:

Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!
ІІ жүрг: Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу –

Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.

Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,

Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.
І жүрг: Махабатты: бала және Отаны,

Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.

Демалысы: шәкірттерге хат жазу,

Ал, кәсібі: от беру мен от алу!
ІІ жүрг: Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,

Қашан көрсең күліп бара жатқаны.

Күлетіні: бақыттылық нышаны,

Байлықтары: шәкірттердің хаттары!
І жүрг: Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:

Жұрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,

Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,

Тастай қылып тындырып бер жұмысын!

ІІ жүрг :... Кім боласың?

Ұмтылмаңыз жоғары.

Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!

Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,

Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!

І жүрг: Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар!

ІІ жүрг: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,

І жүрг: Қажымас қайрат,

ІІ жүрг: Шығармашылық табыс,

І жүрг: Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!

ІІ жүрг: Бүгінгі «Ұстазым –алтын діңгегім» атты концерттік бағдарламамыз өздеріңізге арналады.( пауза)

І жүрг: Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес балаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

І жүрг: Әл-Фарабидің мына сөзіне көңіл бөліп көрейікші: «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жақсану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек».Байқайсыздар ма, бұл сөзден біз Мақсұт ағайдың бейнесін көреміз.

Мақсұт ағай – лицейде орны бөлек,

Сүйеді шәкірттіңіз сізді ерек.

Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,

Жел жағымда тұратын сіз бәйтерек.

Сізге әншіміз Нұржанның орындауында « Ұстазым » әнін сізге арнаймыз.

ІІ жүрг: Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры. – дей келе сыныптастарымды ортаға шақырамын.

І жүрг: «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім», - деген екен Ғ.Мүсірепов. Сондай ұстазымыз Тойған апай және Гүлнар апай.

Нұр көңілін балаға төккен ұстаз,

Төбемізді жеткізеді көкке біздің.

Қимастықпен қарайды Тойған апай,

Ұмытқандай бұрынғы өкпелерін.
Арамызда ақылды адам,

Бәрінен сол жақын маған.

Гүлнар апай бізбен жүрсе,

Батырларша батылданам.

Кезек қазақ биін тамашалаңыздар.

ІІ жүрг: Мұғалім – бұл адамның ардақты аты,

Білімдік – бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын-жаты...
«Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді

Сыйлайды мәнгі-бақи беріп төрін», - деп жас буын ұстаздарымызды зор ілтипатпен қол соғамыз. Олар: Балияш апай, Ақерке апай, Айдос ағай, Қараман ағай, Шынарай апай, Мөлдір апай, Камшат апай, Гүлбану апай, Айзада апай, Гаухар апай, Ләйлі апай,Бағила апай, Манас ағайлар

Сіздер үшін КВН тапқырларын қабыл алыңыздар
І жүрг: Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы ісімді мақтан қылған.

Білім берген ұстаздарды,

Өнерімен шаттардынған,-дей отырып құрметті Шынаргүл апай, Сания апай, Гүлмира апай, Айнагүл апай, Гүлжан апай, Әлима апай, Дина апай, Гүлмира апай, Илана апай, Жайлаухан апай, Бибігул апай, келесі орындалар күй сіздерге арналады, қабыл алыңыздар.

  • - -

ІІ жүрг: «Қазақ тілім, өз тілің, ана тілің,

Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілің.

Таза сөйле, терең ұқ, көп-көп ізден,

Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін», - деп

Зердемізге құятын,

Бар ізгілік бойларына сыятын.

Туған дәстүрі, салт-сананың тірегі,

Бұл ұстаздар, алда жүрер үнемі.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Қамар апай, Гүлжан апай өз еңбектеріңіздің жемісін тамашалаңыздар.

Өз шығармашылығынан Анараның «Ұстазға» және

І жүрг: Биік сенің ұстаздық қасиетің,

Мінезің жоқ қиынға бас иетін.

Өмірге тәрбиелеп құлшындырған,

Жадымызда сақталар өсиетің, - дей отырып Болатбек ағай,Ұзақбай ағай,Қабай ағай, Сүндетқали ағай, келесі орындалар ән-шашу сіздер үшін.
ІІ жүрг: Аяулы да ардақты, байсалды да салмақты, біздің сүйікті ұстаздарымыз – «ҰСТАЗЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ» атты мерекелік кешіміз аяқталып келе жатыр.

Ұстазым – саф алтын, діңгегім,

Мәңгілік өзіңмен біргемін.

Бүгінгі мереке күніне

Сәл ғана құрметіміз бұл біздің. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Дайындаған: 5 «б» сынып жетекшісі Гулназ Ажибаева

Маңғыстау облысы. Бейнеу селосы. «Бейнеу лицейі»ММ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет