«Қызылорда облысының
2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы туралы» облыс әкімиятының
2004 жылғы 4 наурыздағы №813 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы» облыс әкімиятының 2004 жылғы «_____» __________ №_____ қаулысымен мақұлданған
Қызылорда облысының
2004-2015 жылдарға арналған индустриялық–инновациялық даму аймақтық бағдарламасы
1.Бағдарламаның төл құжаты
Бағдарламаның
атауы
|
|
Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық–инновациялық даму аймақтық бағдарламасы.
|
Бағдарламаны
әзiрлеуге негiздеме
|
|
“Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 жарлығы;
“Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы“ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi №712-1 қаулысы.
|
Бағдарламаның әзірлеушілері
|
|
Жауапты: облыстық өнеркәсiп және көлiк басқармасы;
Облыстық басқармалар: экономика, энергетикалық инфрақұрылым және минералдық ресурстар, аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы басқармалары және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті және т. б.
|
Бағдарламаның мақсаты
|
|
Облыстың жалпы аймақтық өніміндегi шикiзат құрайтын бөлігін импорталмастыратын және экспортқа бағытталған түпкілікті өнiмге бiртiндеп ауыстыру негізінде экономика салаларын әртараптандыру жолымен аймақтық экономикалық өсуіне жету.
|
Бағдарламаның мiндеттерi
|
|
Облыстың тау-кен өндiру және өңдеу өнеркәсiбі салаларына инвестиция тарту;
Индустриялық-инновациялық қызметке және өндiрiстiк кәсiпкерлiк қызметтi қарқынды дамытуға институционалдық қолдау жүйесiн қалыптастыру;
Өнеркәсiптің технологиялық жаңғыртыуын жүргiзуге ықпал жасау, құат- ресурсүнемдеу технологияларын енгізу, импорталмастыру және экспортқа бағытталған өнімдерді игеру;
Қосымша құны жоғары тауарлар өндiретiн жоғары технологиялық өндiрiстi құруды ынталандыру;
|
|
|
Өңдеуші кәсіпорындарының шикізат қоры болып табылатын ауылшаруашылығы өнімдерінің өндіру сапасы мен көлемін арттыруға қазіргі заман технологиялары мен техникасын пайдалану арқылы аграрлық секторды дамыту;
Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық-ты дамыту.
Сапаның халықаралық стандарттарына көшу;
Басқарушы, жоғары дәрежелi менеджерлер, жұмысшы және инженерлiк мамандарды дайындау;
|
Бағдарламаның орындалу мерзiмi
|
|
2015 жылға дейiн:
I кезең – 2005-2007 жылдары;
II кезең – 2008-2015 жылдары.
|
Қаржыландыру көздерi мен көлемі
|
|
Республикалық және облыстық бюджеттер, «Қазақстан Даму Банкi» ЖАҚ-ң және екiншi деңгейдегi банктердiң, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-ң, «Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры» ЖАҚ-ң және Ислам даму банкiсiнiң несиелерi, мекемелер және инвесторлардың қаржылары, басқа да заңнамамен тыйым салынбаған қаржы көздерi.
|
Күтiлетiн нәтижелер
|
|
Облыстың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуына өнеркәсiп саласындағы өндiрiс өнiмдерi көлемiн арттыру арқылы жаңа өндiрiс ашу, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету.
|
2.Кiрiспе
Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы (әрi қарай Бағдарлама) “Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 Жарлығына және “Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы“ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi №712-1 Қаулысына сәйкес әзірленген.
“Қазақстан–2030“ стратегиясының ең өзектi басымдылықтарының бiрi, экономиканы дамытуды теңгерiлiмдiк негiзде, аймақтың жалпы түсiмдегi жартылай шикiзат құрамын кезең-кезеңге бөлiп, жоғары технологиялық өнiмге, оның iшiнде экспорттық өнiмдерге ауыстыру және аймақтық ғылыми-техникалық мүмкiндiктердi тиiмдi пайдалану арқылы экономиканы өсiру болып табылады.
Аймақ экономикасының сипаттамалық ерекшелiгi технологиялық даму және инновациялық әлеуеттер салалары деңгейлерiнiң өзара ерекше алшақтығы болып табылады.
Дайындалған Бағдарлама ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетiстiктерiн пайдаланып, экономика саласын әртараптандыру арқылы және шикiзатқа бағытталған дамудан шегiну арқылы, облыстың ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуына бiрегей аймақтық саясат жүргiзуге және қалыптастыруға бағытталған.
Аймақтық Бағдарламаның негiзгi мақсаты өнеркәсiп орындарының импорталмастыратын және бәсекеге лайық өнiмдерiн өндiру тиiмдiлiгiн көтеру мен тұрақтандыру және облыстың индустриялық-инновациялық әрi қарай дамуы үшiн жағдай жасау болып табылады.
Инвестициялық-инновациялық жобалардың аз ғана бөлiгiн орындау облыс өнеркәсiбiнiң құлдырауының жағымсыз беталысын еңсеруге елеулi түрде ықпал етедi.
Бағдарлама ғылым мен инновациялық қызметтердi ынталандыруға бағытталған ғылыми-инновациялық саясат жүргiзудi болжайды.
Инновациялық процестердiң сенiмдi негiзi ғылыми-инновациялық концепцияны қалыптастыру, әзiрлеу және техника мен технологияның жаңа түрлерiн өндіру мен енгiзу ұйымдастыруды, маңызды ғылыми-техникалық және өндiрiстiк келелi мәселердi шешу болып табылады.
Әлемдiк қоғамдастықтың даму тенденциялары экономикалық өсу қарқынына инновациялық iс-әрекеттiң әсерi ұлғайғанын дәлелдейдi. Әлемдiк нарықтағы интеллектуалдық еңбек өнiмдерi экономикалық iс-әрекеттiң басқа салаларына қарағанда жоғары бағаланады. Нарық талаптары соңғы жетiстiктердi кеңiнен пайдалануға, инновациялық белсендiліктi күшейтуге жағдай жасау қажеттiлiгiн тудырады.
Инновациялық саясат экономикадағы түсiмдi көтеруге, оның құрылымын қайта құрылуын қамтамасыз етуге және нарықты бақталастыққа қарсы тұратын әр-түрлi өнiммен толықтыруға көмек беретін күшті тетік болып табылады.
Инновациялық саясат елiмiздiң iшкi жалпы өнiмiн өзгеше жаңа өнiм мен технологиялар түрлерiн өндiру және осының негiзiнде отандық тауарларды әлемдiк нарыққа шығаруды кеңейту есебiнен көтеруге арналған.
Соңғы онжылдықтарда арнайы конструкторлық бюро, салалық институттар, технологиялық және тәжiрибелiк-өндiрiстiк кәсiпорындар түрiндегi құрылымдар мүлдем қысқартылған. Көбiнесе бұл инновациялық қызметтi толық немесе жеткiлiксiз қаржыландыруымен байланысты болды.
Көптеген жылдар бойы қордаланған артта қалушылық отандық зерттеулер мен дайындаулар әлеуеттiлiгiнiң төмендiгiнен емес, инновациялық қызметтiң инфрақұрылымының сылбырлығы тауар өндiрушiлердiң бәсекелестiк тәсiлi ретiнде жаңалықтар енгiзуге уәждемелерiнiң жоқтығы негiз болған. Бұл елiмiздiң қолданбалы ғылым мен техниканың әлеуетi iске қосылмауына алып келедi.
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметке бастаушы орын берiледi, себебi, оның қорытынды көрсеткiштерiмен – өндiрiс тиiмдiлiгiн көтеру, ғылыми ауқымды өнiмдердiң көлемiн арттыру – аймақтың экономикалық қуаты анықталады.
Бағдарламада облыстың ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған индустриялық-инновациялық дамуының мақсаты мен мiндеттерiн айқындайды, жыл сайын аймақтағы әлеуметтiк-экономикалық басымдылыққа қарай нақтыланып, түзету енгiзiлiп отырады.
3.Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі жағдайына талдау
Қазiргi уақытта облыстың экономикасы салыстырмалы макроэкономикалық тұрақтылық пен жоғары қарқынды өсу жетiстiктерiмен сипатталады. 2001 жыдан бастап өндiрiстiк өнiм 1,8 есе, ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 13,2 пайызға өстi.
Халықтың әл-ауқаты жақсарып келедi. 2003 жылдың басынан бастап екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттер 3657,2 млн. теңге, ал несиелер көлемi – 9860,0 млн. теңгенi құрады.
2003 жылы жан басына шаққанда тұрғындардың нақты ақшалай орташа табысы 2001 жылмен салыстырғанда 15,6 пайызға өстi және 82,6 мың теңгенi құрады. Осы уақыт аралығында нақты ақшалай табыс 7,6 пайызға өстi.
2003 жылы 2001 жылға салыстырғанда орташа айлық табыс 39,9 пайызға өстi.
Өндiрiс көлемi 2003 жылы өнеркәсiп салаларында 18,7 пайызға, ауыл шаруашылығында – 7,8 пайызға, ал негiзгi капиталға инвестиция көлемі 1,5 есеге өстi.
Тұтыну бағасының индексi 2003 жылдың желтоқсан айында 2002 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 108,1 пайыз құрады.
2003 жылы экспорт 861,1 млн. АҚШ долларын (2001 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсті), импорт 114,5 млн. АҚШ долларын (2 есе артты) құрады.
Облыс экономикасында 2003 жылы 254,2 мың адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық деңгейi 2,8 пайызды құрады.
Экономиканың қарқынды өсуiне оң ықпал еткен негiзгi факторлары облыстағы саяси жағдайдың тұрақтылығы, кәсiпкерлiктi дамыту, халықтың тiршiлiк деңгейiн жақсартудағы iшкi сұраныстарды көтеру, сол сияқты қолайлы инвестициялық ахуал болып табылады.
Жылдан-жылға мұнай шығару көлемi өсiп келедi. Жалпы өнеркәсiптiк өнiм көлемiнiң негiзгi үлесiн мұнай шығарушы өнеркәсiптер алып отыр. Мұнай операторларының күшiмен облыста 2003 жылы 9942,1 мың тонна мұнай өндiрiлдi, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 62,5 пайызға артық.
Соңғы жылдары өнеркәсiптiк өнiмдi өндiру қарқынының тұрақты өсуi байқалады. Егер 2001 жылы өнеркәсiптiк өнiм 77539,0 млн. теңгеге өндiрiлсе, ал 2003 жылы 140856,0 млн. теңгеге немесе 82,5 пайызға өстi.
Тау-кен өнеркәсiбiнде 131670,6 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi, бұл 2001 жылғы деңгейден 84,3 пайызға жоғары.
Өңдеушi өнеркәсiпте 4613,6 млн. теңгеге өнiм өндiрiлдi. Егер бұрын өңдеушi өнеркәсiпте өнiм көлемiнiң жартысынан көбi тоқыма және тігін өнімдер өндiрiсiне келсе, ал қазiргi уақытта басқа да металл емес минералды өнiм өндiретiн өндiрiстiң (44,8 пайызға) және дайын металл бұйымдарды өндiрудiң (2,4 есе) өскенi байқалып отыр.
Соңғы 3 жылда облыста мынадай жаңа кәсіпорындар, цехтар ұйымдастырылды: алтын өндіретін “Тек Казинвест“ СЭК (сыртқы экономикалық компания) ЖШС, күрішті қайта өңдейтін “Томирис“ ЛТД ЖШС, «Агроинвест ЛТД» ЖШС, қиыршақ тас өндіретін «ҚазПром-Қызылорда» ЖШС, сүтті қайта өңдейтін «Ақсүт» МКК, пластикалықшыны қайықтар шығаратын «Арал – Пластик Қайық» МКК, нан өнiмдерiн және тiгiн өнiмдерiн өндiретiн цехтар, “Аралтұз“ АҚ-ң тұзды қалталап шығаратын учаскесі, “Бастау және К“ ТС-ң ет және ботқадан консервi жасайтын цехі, “Озық“ ЖШС-ң терi-былғары шикiзатты өңдеу цехы және “Аралтұз“ және “Квант“ АҚ-да ағаш өңдейтiн цехтар.
2002 жылы облыстың өнеркәсiп орындарында жаңа өндiрiстердi енгiзу және кеңейту есебiнен 290, 2003 жылы – 228, 2004 жылдың қаңтар-тамыз айларында 90 жұмыс орындары құрылды, соның ішінде кеңейту есебінен 67 және жаңа жұмыс орындарын енгізу есебінен 23.
Сондай-ақ облыс минералды-шикізат ресурс әлеуетімен бай. Мұнда бүкіл Қазақстандағы қордан жер асты судың – 3,4 пайызы, мұнай, газ және конденсатының – 4,7 пайызы, қорғасынның – 96 пайызы, уранның – 13,7 пайызы, мырыштың – 15,1 пайызы, ванадийдың – 65 пайызы шоғырланған. Облыс аумағында кең тараған қазба байлықтардың мол қоры бар.
Маңызды қазба байлықтардың маңызды қатарынан көмірсутегі шикізаты, түсті металлдар (қорғасын және мырыш), уран, ванадий, ас тұзы, жер асты сулары жатады. Аймақтың көлеміндегі Баласауысқандық және Құрымсақ кен орындарында ванадийдың бірегей қоры орналасқан.
Қаратау жоталарының ванадий қоры бар қабаттары көр мақсатта пайдаланылатын шикізат көзі болып табылады. Ванадийдан басқа сирек кездесетін және жер асты сирек металлдар элементтері, алтын және шунгит қорының мол қорының барлығымен құнды.
Тау-кен өндірісі негізінен облыстағы маңызды кен орындары негізінде дамитын болады. Олар: Шалқия, Бұрабай – Жалғызағаш, Талап – қорғасын және мырыш, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын, Иіркол және Қарасан – уран, Баласауысқандық және Құрымсақ – ванадий.
“Шалқия-Мырыш” ЖШС қорғасын және мырыш кенішінде инфрақұрылымын жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Өндірілген рудаларды өңдеу үшін Кентау тау кен байыту фабрикасының кешенінің дүние мүлкінің бір бөлегі алынған. Қазіргі таңда кеніште 400 ден астам адам жұмыс атқаруда, келешекте жұмыс орнын 700-ге дейін жеткізу көзделуде. Шалқия кенішінің құаты 12 млн. тонна қорғасын, мырыш өндіріледі деп бағалануда, ал рудадан алынатын бағалы байлық 7,1 млрд. АҚШ доллары көлемінде деп есептелуде.
Көмірсутегі шикізатын өндіретін мұнай саласы Құмкөл, Ақшабұлақ, Солтүстік Құмкөл, Қоныс кен орындарымен көрсетілген. Оларды өндірумен және өткізумен “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз” ЖАҚ, “Торғай Петролеум” ЖШС, “Қазгермұнай” ЖШС БК, “ҚұатАмлонМұнай” ЖШС БК, “Ай-Дан-Мұнай” ЖШС және “Қор” МК ЖАҚ айналысады.
“Құмкөл–Жосалы” магистралдық мұнайқұбыры мұнай құятын терминалымен салынды. Мұнай құбырының жобалық өнімділігі жылына 8,5 млн. тонна. Бұл Қазақстандағы бірден-бір 100 атмосферада жұмыс жасайтын мұнай құбыры.
Одан әрі поливинилхлорид және полиэтилен төмен қысымды үлкен диаметрлі құбыр өнімдерін өндіру қолға алынуда.
Ол үшін құбыр шығаратын жаңа технологиялық желі қойылуда. “Құат” ЖШС осындай линияның 4-уін сатып алып, құрды.
Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында диаметрі 315 мм құбыр шығаратын технологиялық линия іске қосылды.
“Химимпекс” ЖШС тәулігіне өнімділігі 1500 құма метр диаметрі 90 мм құбыр шығаратын германиялық технологиялық желімен жұмыс жасауда.
Облыстың құрылыс индустриясы силикат және күйдірілген қыш, темірбетондық бұйымдар, әр түрлі фракциялық қиыршақ тастар, асфальттық бетон және басқа да құрылыс заттарын шығаратын кәсіпорындарымен көрсетілген.
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы сапасы жағынан шетелдік заттардан кем түспейтін және нарықтық сұранысқа не құрылыс заттары мен өнімдері өндірісін құруға және игеруге бағытталған бірнеше жобалардың іске асуына себептер болды.
Арал кен орнындағы кварц құм қоры 98,5 пайызды жоғары кремний оксидтан тұратын 50,0 млн. тонна құрайды. Осындай құрамында кремний оксиді бар құмдар шыны шығару өндірісіне шикізат болып табылады.
Облыстық бюджет қаржысымен табақты шыны зауытының құрылысының жобасына жобалау ұсыныстары әзірленді. Осы жобаны іске асыруға “ҚҰТ” ЖШС, “Ақтөбемұнай-финанс” ААҚ, “Алматы-құрылыс” АҚ холдинг компаниясы және “Қазақстан Өнеркәсіп-сауда компаниясы” ЖШС бірігіп “Қазәйнек” АҚ құрды.
Эолдық құмдардың баланстық қоры өнеркәсіптік санаты бойынша 11,5 млн. м3 құрайды. Олар аязға шыдамды силикат қыштар шығаруға жарамды. Облыс бойынша күйдірілген қыш өндірісіне қажетті балшықтық барлық қоры шамамен 30,0 млн.м3 құрайтын 30 кен орын ескерілді.
Одан басқа, Сырдария ауданының Арысқұм алаңында кафельдер, фаянс бұйымдарын, түрлі-түсті қыштар, черепица өндіріс орындарын ұйымдастыру үшін балшық қорларына барлау жұмыстары басталды.
Азық-түлік өнімдерін өндірудегі негізгі бөлігін күріш өңдеу өндірісі құрайды. Облыста күрішті қайта өңдейтін 3 ірі зауыты мен 108 цехтар айналысады. Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ҒЗИ жұмыс істейді, сондықтан күріш егуші шаруашылықтар мен күріш өңдеуші кәсіпорындарды, Арал өңірі агроэкология және ауылшаруашылығы ҒЗИ, дайын өнім мен қауызынан жартылай фабрикаттар, брикеттер, қаптауыш материалдар өндіру жөніндегі цехтарды бірынғай өндірістік тізбегіне біріктіруге барлық негіздер бар.
Арал-Сырдария су бассейнінде 30 аса бағалы балық түрлері бар. Шикізат қорын тереңірек зерттеп, балық өсәруші питомниктерін кеңейтуге, балық өңдеу өндірісіне жаңа технологиялар енгізу қажет. Бұл бағытта ҚР АШМ-нің Балық шаруашылығы орталығының Аралдаға филиалы жұмыс істеп келеді.
Республикалық бюджеттен 50,0 мақсатты трансфертер арқылы пластикалықшыны қайық шығару жұмыстары басталды.
Зауыттың ғимараты жөнделіп, 100 тонналық балық сақтайтын тоңазытқыштар қойылды. Балықшылар қайықтармен, құралдармен қамтылып, балықты вакуумдық қаптау қондырғы сатып алынған. Бағасы килограммына 2 евродан 100 тонна қамбаланы Финляндияға жіберу туралы алдын ала келісім бар.
Осыған байланысты күріш және балық кластерін қалыптастыру үшін барлық алғышарттар бар.
Қазақстанның БСҰ-ға мүше болып кіру үшін негізгі бағыттарының бірі халықаралық стандарттарды енгізу болып табылады. Облыс кәсіпорындарында сериясы 9000, 9001 және 14000 ИСО халықаралық стандарттарды енгізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.
Қазіргі таңда облыстың 4 кәсіпорнында ИСО халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджмент жүйесі енгізілген және 4 кәсіпорын, сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Унивеситеті сериясы 9000 ИСО халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіп келеді.
Басқарушы, жұмысшы, инженерлiк мамандарды нысаналылық дайындау жүзеге асырылып келеді. 2004-2006 жылдарға арналған кәсіптік бастауыш білімді дамыту Бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда.
Инженерлік кадрлардың кәсіптік даярлау басымды бағыттарын анықтау жөнінде арнайы комиссия құрылған.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университет жанында Инновациялық Орталық және Қызылорда қаласында инновациялық-енгізу орталық («Қызылорда-Инновация» МКК) құрылған.
Қызылорда облысының инвестициялық жобалары «Қазақстандық инвестицияларға ықпал жасау орталығы» ЖАҚ-ң веб-сайтында орналасқан.
4.Бағдарламаны iске асырудың мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның негiзгi мақсаты аймақтың экономикалық өсуiн, экономика салаларын әртараптандыру жолымен облыстың жалпы аймақтық түсiмдегi шикiзат құрамын бiртiндеп, импорталмастыру және экспортқа бағытталған ақырғы өнiмге алмастыру болып табылады.
Қойылған мақсатқа сай Бағдарлама мынадай мiндеттердi шешуге бағытталған:
1)облыстың тау-кен өндiру және өңдейтiн өнеркәсiп салаларына инвестиция тарту;
2)шикізат бағыттындағы көзқарасты өзгерту арқылы өңдеуші секторды қарқынды дамытуға бағытталған облыс өнеркәсібін қайта құрылымдау;
3)индустриялық-инновациялық қызметке және өндiрiстiк кәсiпкерлiк қызметтi қарқынды дамытуға институционалдық қолдау жүйесiн қалыптастыру;
4)өнеркәсiпте технологиялық жаңғырту жүргiзуге ықпал жасау, құат- ресурс үнемдеу технологияларын енгізу, импорталмастыру және экспортқа бағытталған өнімдерді игеру;
5)қосымша құны жоғары заттар өндiретiн жоғары технологиялық өндiрiстi жасауға ынталандыру;
6)өңдеуші кәсіпорындарының шикізат қоры болып табылатын ауылшаруашылығы өнімдерінің өндіру сапасы мен көлемін арттыруға қазіргі заман технологиялары мен техникасын пайдалану арқылы аграрлық секторды дамыту;
7)халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту;
8)халықаралық стандарттау сапасына көшу;
9)басқарушы, жоғары дәрежелi менеджерлер, жұмысшы және инженерлiк мамандарды дайындау.
5.Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары
Қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес облыстық индустриялық-инновациялық дамуының келесі негізгі басымдықтары анықталған:
-
Инновациялық дамуды институционалдық қамтамасыз ету
-
Индустриялық-инновациялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру
-
Халықаралық стандарттарды енгізу
-
Мамандармен қамтамасыз ету.
Инновациялық дамуды институционалдық қамтамасыз ету
Аймақтың инновациялық дамуы облыстың индустриялық саясатын қалыптастырудың бірден-бір басым бағыты болып саналады және ол келесі шараларды жүзеге асыруды көздейді:
аймақтың интеллектуалдық потенциалын жоспарлы ұлғайтуды, оның жаңа технологияларға көшуін және дүниежүзілік стандарттарына сай келетін өнімдер шығаруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық және ақпараттық қорды қалыптастыру.
Инновациялық қызметтін дамуына кедергі келтіретін өзіндік айрықшалықты факторлардың арасында келесілер байқалады:
аймақтағы «технологиялық ортаның» қанағаттанарлықсыз жағдайы;
ақпараттың жоқтығы;
жаңалықтар енгізудегі үлкен қауіп.
Инновацияларды қарқынды енгізуге байланысты мәселелерді шешуде көп деңгейлі инновациялық инфрақұрылымдарды қалыптастыру аса маңызды және оны құру және дамытудың келесі қағидалары болады:
шағын және орта бизнестің технологиялық жасақталуын арттыру;
өнеркәсіп кәсіпорындары, ғылыми мекемелер, ЖОО және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуетін жалпы аймақтың инновациялық орталыққа біріктіру;
Қазіргі таңда инновациялық қызмет инфрақұрылымдарын дамыту бойынша нақты шаралар жүргізілуде:
инновациялық қызмет субъектілеріне даму институттары арқылы ғылыми-техникалық жобаларды әзірлеу және ілгерілетуге қолайлы жағдай жасау мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік универститеті жанындағы Инновациялық Орталықтың жұмысы жандандырылады;
жергілікті шикізат ресурстарын және өндіріс қалдықтарын өңдеуге бағытталған, облыс ғалымдары әзірлеген инновациялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасалады.
«Қазақстандық келісім-шарт Агенттігі» АҚ-мен өзара қарым-қатынас туралы Меморандумына қол қойылады және ол өз тарапынан жаңа технологиялар енгізуге, жергілікті ресурстарды кеңінен қолдауға және облыс кәсіпорындарында тапсырыс орналастыруға жағдай жасайды. Қазақстан келісім-шарт Агенттігінің «Отандық тауар өндірушілер және шетелдік инвесторладың жалпы регистрі» ақпараттық жүйесінде тіркелу. Жер қойнауын пайдаланушылардың бағдарламары және жоспарлары бойынша, шикізат өндіруші компаниялары өткізетін конкурстар туралы толық ақпарат және қазақстандық тауар өндірушілер жөнінде ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Инновациялық жобалар толығымен көрсетілген Қызылорда облысының Веб-сайты үнемі жаңартылып отырады.
Ғылыми-техникалық ойларды жүзеге асырудан бастап ғылыми сыйымдылығы жоғары өнімді шығару және оны сатуды жүйелі түрде қамта алатын бір тұтас кешен сияқты технологиялық бизнес-инкубаторлар құру көзделуде.
Индустриялық-инновациялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру
Жалпы алғанда индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі басым бағыттары:
Түрлі-түсті металлургияны дамыту.
1. «Шалқия» кен орнында қорғасын-мырыш рудасын өндіру бойынша тиімді және кешенді жұмыстар жүргізіледі.
2004 жылдың аяғына дейін «Шалқия» кен орны маңынан жалпы қуаты 1 млн. 200 мың тонн руда шығаратын кен байыту фабрикасы құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленетін болады және 2005-2006 жылдары құаты 500 мың тонна құрайтын осы фабрика құрылысының бірінші кезегінің іске қосуы жоспарлануда. 2007 жылы байыту фабрикасының екінші кезегі іске қосылады.
2008 жылы «Шалқия Цинк» ЖШС металл мырыш және қорғасын өндіретін металлургиялық зауыт құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді жоспарлауда.
2. Бұдан басқа, Шиелі ауданындағы Құрұмсақ және Бала-Сауысқандық учаскесінде ванадий және Қарамұрын руда алаңында алтын кен орындарын өндірістік игеру есебінен де аталған саланың дамуы қалыптасады.
3. Шиелі ауданындағы Иірқұдық алаңындағы жезқазғандық түстес мыс құмдарын Дарбаза, Ақжар алтын аландары кеніне барлау жұмыстары жүргізіледі.
Мұнайхимияны дамыту.
Мұнай құбырының іске қосылуынан бері, Жосалы стансасындағы мұнай терминалына келетін темір жол цистерналарын жаңа технологияларды пайдалану арқылы тазалау зауыты құрылысын салу мәселесі қарастырылуда.
Төмен қысымды полиэтилен және үлкен диаметрлі поливинилхлорид құбырларын шығару жұмысы алдағы уақытта әрі қарай дамиды және ол үшін диаметрі 315 мм құбыр шығаратын технологиялық жүйе қондырылуда.
«Қуат» және «Химимпекс» ЖШС-терінде үлкен диаметрлі германиялық труба шығаратын технологиялық желіні қондыру және іске қосу жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда, мұнай өнімдерін терең өңдеу мәселеріне үлкен көңіл бөлінуде.
Облыс ғылымдарының мұнай және басқа да мұнайдың қосалқы өнімдерін өңдеу және қолдануға зерттеу жұмыстары өз жалғасын табады:
жағар майлар алуда солярке фракциясын қолдану;
жол және гидротехникалық құрылыста мұнай өндіру өнімдерінің қалдықтарын қолдану;
Газ өндіру қалдықтарынан түрлі жағар майлар шығару (автол, нигрол және т.б.) бойынша шағын зауыты және стирол, полипропилен және полиэтилен шығару бойынша мұнайхимилық зауыт құрылыстарын ұйымдастыру жоспарланған.
Құрылыс индустриясын дамыту.
Облыстың барлық аудандарында жергілікті шикізаттардан құрылыс материалдарын шығару өндірісін ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалады.
Құрылыс құмдары кен орындарының базасында Жосалы кен орнының учаскелерін, Қызылордалық-V және Қызылордалық-VI кен орындарында – саздарын, Талап және Жаңақорған кен орындарында – құм-тас араластарын, Шиелі и Шиелі I кен орындарында – әкті және де Жаңақорған ауданындағы Жаңақорған кен орыннында доломиттерді игеру басталды.
Кафель, черепица және қаптауыш кірпіш өндірісін ұйымдастыру үшін Сырдария ауданындағы «Арысқұм» алаңында сазды қазбаларды барлау жүргізіледі.
Алғашқы кезеңде (2005-2007 жылдары) келесі жаңа өндірістерді ашу жоспарланған:
шыны өндіру зауыты;
қаптауыш кірпіш және черепица шығару зауыты;
шыны ыдыстарын шығару зауыты;
түрлі фракциялы қиыршақ тас және буталық тас өндіру зауыты;
әк күйдіру және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауыты;
керамикалық плиткалар өндіру зауыты.
Екінші кезеңде (2008-2015 жылдар) жоспарлануда:
жылуизоляциялық материал – арболит шығару өндірісін ұйымдастыру;
граниттан бұйым өндіретін фабрика құрылысы;
кафель өндіретін зауыт құрылысы;
азаматтық және тұрғын-үй құрылысы қажеттілігіне құбырлар, жылутартқыш материалдар және шыныволокнолық жіптер өндіретін зауыт құрылысы.
Аталған жобаларды жүзеге асырумен қатар өндеуші өнеркәсіптік кәсіпорындарды дамытуға қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлінеді:
темірбетон өнімдерін өндіру;
темірконструкцияларын, темірөңдеу өндірісі;
ағаш өңдеу өнеркәсібі;
заман талаптарына сай құрылыс материалдарын өндіруді игеру (жиналмалы пластикалық терезе және есік блоктары, сэндвич-панелдер, әрлеу материалдары және т.б.).
Аймақтық кластерлерді құру.
Күріш кластері.
Аймақта күрішті өсіру, оны өңдеуге және күріш қабығынан қаптауыш материалдарын, брикеттерді, спиртті, жартылайдайын фабрикаттар өндіруге байланысты облыста күрішті өңдеу кластерін дамыту көзделіп отыр.
Аталған кластердің аймақтық мамандандыруы немесе оның жұмыс жасау аймағы Қызылорда облысына және де өз өндірісінде қайта өңделген күріш өнімін пайдаланатын кәсіпорындар орналасуы мүмкін республиканың аймақтарында таралады.
Күрішті неғұрлым терең өңдеу, өнімнің жаңа түрлерін меңгеру, қажеттілігі бар (тағам өнімдерін, құрама жемшөп, крахмал сірнесін, жылу өткізбейтін материалдар, органоминералдық тынайтқыш және т.б., күріш қабығынан қаптауыш материалдарын, брикеттерді, жартылайдайын полуфабрикаттар).
Кластердің инновациялық инфрақұрылымын дамыту жұмыс істеп тұрған Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ҒЗИ негізінде жүзеге асырылады.
Осы кластердің дамуы келесі жобалардың іске асырылуын қосады:
I кезең (2005-2007 жылдар)
Күріш қабығынан негізінде жылу өткізбейтін материал – арболит өндірісін ұйымдастыру.
Дән қалдықтарынан құрама жемшөп өндіру.
Сүрленген күріш ботқасын өндіру.
II кезең (2008-2015 жылдары)
Ұсақталған күріштен крахмал сірнесі өндіру ұйымдастыру.
Брикет отын өндіру.
Көн мен күріш сабасынан биогаз өндіру.
Күріш сабасынан картон қағазын өндіру.
Күріш қабығы негізінде органоминералдық тыңайтқыш шығаратын өндірісін құру.
Балық кластері.
Жүзеге асырылудағы 2004-2006 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту Бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі шағын қалалар экономикасының құрылымын жетілдіру болып табылады.
Осы бағытта Арал ауданында аймақтық деңгейде балық кластерін құру орынды шешім болады.
Шикізат қорын терең зерттеу, балық питомниктерін ұлғайту және балық өңдеуге жаңа технологиялар қолдану.
Балық кластерін құруға кешең бар және олар балық питомнигі, балық аулау артелі, балық өңдеу кәсіпорындары және Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы Министрлілі Ғылыми-өндірістік балық шаруашылығы орталығының Ара филиалы.
Балық кластерін дамыту келесі түрде жүзеге асырылады:
I кезең (2005-2007 жылдар)
“Арал – Пластик Қайық” МКК базасында пластикалықшыны қайық және катерлер жасау бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастыруға жағдай жасау.
Қамыстыбас балық питомнигінде шабақтар өсіруге жаңа технологияны енгізу.
II кезең (2008-2015 жылдар)
Арал қаласындағы балық өңдеу зауытының одан әрі ұлғайту.
Мұнайхимия кластері.
Бұл кластердің дамуы келесі жобалардың іске асырулуын қосады:
I кезең (2005-2007 жылдар)
Жосалы кентінде мұнай өңдеу зауыт құрылысы.
Газөңдеу қалдықтарынан ЖСКФ (жеңіл сутегі кең фракцияларынан) әртүрлі майлар (автол, нигрол т.б.) алатын кіші зауыт құрылысы.
II кезең (2008-2012 жылдар)
Стирол, полипропилен және полиэтилен шығаратын мұнайхимия зауыт құрылысы.
Соляаралық фракция пайдалануымен майлар алатын өндіріс ұйымдастыру.
Жол және гидротехникалық құрылысқа мұнай өңдеу кәсіпорындарының қалдықтарын пайдалану бойынша өндіріс ұйымдастыру.
Халықаралық стандарттарды енгізу.
Облыс кәсіпорындарында халықаралық стандарттарды енгізу мақсатында келесілер бойынша жұмыс жалғасады:
сериясы 9000, 9001 және 14000 ИСО халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны басқару және сапа менеджмент жүйесін енгізу бойынша облыстық және топтық кеңестер (конференциялар) өткізу;
облыс кәсіпорындарында консультациялық-түсіндіру жұмыстар өткізу;
сапа менеджент жүйесін енгізген, енгізіп жатқан кәсіпорындардың үлесін өсіруге жәрдемдесу;
сапа менеджмент жүйесі уәлаятында мамандардың біліктілігін арттыруын ұйымдастыру.
Кадрлік қамтамасыз ету.
Жаңа өндірістердің жылдан-жылға өсуіне байланысты нарық экономика талабында еңбек рыногында басқарушылық, жоғары дәрежелi менеджерлер, жұмысшы және инженерлiк мамандарды дайындауға қажеттілік туындап отыр. Кадрлік қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында келесілер бойынша жұмыс жалғасады:
кәсіптік бастауыш білімді жетілдіру арқылы білікті жұмыс мамандарын дайындау бойынша білім сапасы арттыру;
облыстық бюджет қаражаты есебінен кәсіптік бастауыш мектептерге жылдық қабылдау жоспарын өсіру;
иннновациялық қызмет және экономиканың нақты секторы үшін еңбек рыногының қажетсінуін есепке алғанда біліктілік мамандарын дайындау;
мұнай компаниялары қаражаты есебінен кәсіптік білім алу үшін жылда европалық ең жақсы ЖОО-на осы компанияларда жұмыс жасауға облысқа қайта оралу міндетті шартымен студенттерді жолдамалау;
облыстың экономикасына жұмыс кадрларын дайындауға шаруашылық жүргізуші субъектілерін тарту;
облыстың колледж және кәсіптік бастауыш мектептерінде аймақтық клатерлерді (күріш, балық, мұнайхимия) дамыту үшін кадрларды даярлау.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті жанындағы Инновациялық Орталық өткізіп жатқан кадр біліктілігін арттыру арнайы курстарында инновациялық қызмет үшін менеджерлерді дайындау және қайта дайындау жүргізіледі.
6.Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері
Индустриялық-инновациялық Бағдарламаны іске асыру үшін қомақты капиталды қаржы қажет, ал қазіргі таңда облыста бұған қаржы жетіспейді. Осыған байланысты, қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін, мемлекеттік қаржыландырумен қатар даму институттарының қаржыларын, несиелік қорларды, индустриялық-инновациялық іс-әрекет субъектілерінің қаржыларын, шетел капиталдарын тарту қажет.
7.Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесі аймақта экономикалық шикізат емес, импорталмастыру және экспорттауға бағытталған секторын жасау болады. Бұл сектор сыртқы нарықта бәсекеге жарамды жоғары технологиялық тауарларды шығаруға тиіс.
Интеллектуалды меншік нарығын жасау есебінен шаруашылыққа жергілікті ғалымдар мен мамандардың жетістіктері тартылатын болады.
Бағдарламаның бірінші кезеңінің іске асырылуы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіп көлемінің үлесін өсіруге, 2003 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндіріс көлемінің өсуін 1,5 есе, аграрлық сектордың –1,2 есе арттыруға жол ашады.
-
8.2004-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму
аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
Р/с | Iс-шаралар атуы |
Аяқтау нысаны
|
Орындауға жауаптылар
|
Орындау мерзiмi
|
Болжамдық шығындар
(млн. теңге)
|
Қаржыландару көзi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.Инновациялық дамудың институционалдық қамтамасыз теу
| -
|
Қызылорда қаласында технологиялық бизнес-инкубатор және технологиялық парк құру. Оған мынадай шаралар енгізіледі:
а) облыстық аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының балансына «Арна» АҚ бұрыңғы автобазасының ғимаратын табыстау;
б) жоғарыда көрсетілген ғимаратта күрделі жөндеу өткізу;
|
Облыс әкімиятының қаулысы
Қабылдау акті
–
|
Облыстық аймақтық даму және кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы, «Қызылорда-Инновация» КМК, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (келісім бойынша)
Облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасы
Облыстық аймақтық даму және кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы
|
2005 ж.
2004 ж.
2005 ж.
|
10,0
(технологиялық бизнес-инкубатор үшін)
Қаржы қаражатты қажет етпейді
10,0
|
Облыстық бюджет
–
Облыстық бюджет
| -
|
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы инновациялық орталықтың жұмысын жандандыру.
|
Есеп
|
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (келiсiм бойынша)
|
Тоқсан сайын
|
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
| -
|
Бағдарламаның II кезеңін іске асыру үшін басымдық инновациялық жобаларды анықтау (өндiрiске енгiзу үшiн облыс ғалымдарының жаңа технологиялар, ғылыми-зерттеу, тәжiри-белiк-конструкторлық әзiрлемелерi).
| Есеп |
Облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (келiсiм бойынша), агроэкология және ауылшаруашы-лығы Арал өңірі ҒЗИ (келісім бойынша )
|
2007 жылдың 4 тоқсанында
|
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
| -
|
Инновациялық даму саласындағы тәжiрибенi үйрену үшін семинарлар, тренингтер, оқыту курстарын өткiзу.
|
Семинар, тренинг, курстар
|
Облыстық аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және көлік басқармалары, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (келісім бойынша)
|
Тоқсан сайын
|
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
| -
|
«Облыстың инновация-лық дамуының келешегі және проблемалары» облыстық семинар-кеңес өткізу.
| Облыс әкімиятына ақпарат беру, кеңестің хаттамасы |
Облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (келісім бойынша)
|
Жыл сайын
|
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
| -
|
Инновациялық дамуды насихаттауға БАҚ тарту, “дөңгелек столдар“ және баспасөз конферен-циялар ұйымдастыру және өткiзу
|
БАҚ-қа ақпарат беру,
баспасөз хабарламалары
|
Облыстық ақпарат басқармасы (келiсiм бойынша), iшкi саясат департаментi, облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
|
Тоқсан сайын
|
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
| -
|
“Қызылорда облысының таңдаулы тауарлары“ көрмесiн ұйымдастыру.
|
Облыс әкiмиятының қаулысы
|
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы (келiсiм бойынша), “СжСҰО“ ААҚ Қызылорда филиалы (келiсiм бойынша), облыстық аймақтық даму және кәсiпкерлiктi қолдау, өнеркәсiп және көлiк басқармалары
| Жыл сайын |
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
|
2.Басымдылық инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру
| -
|
Перспективалық инвес-тициялық-инновациялық жобаларды iрiктеу.
| Жобалар тізбесі |
Облыс әкімі жанындағы Эксперттiк Кеңес, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалар
|
Тұрақты
|
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
| -
|
Экономикалық iс-қимылдар түрлерi бойынша инвести-циялық және иннова-циялық жобаларды жүзеге асыруға ықпал жасау.
| Даму және қаржы институттарына ұсыныстар |
Облыстық экономика, өнеркәсіп және көлік басқармалары
|
Тұрақты
|
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
| -
|
Облыстың минералдық-шикiзат ресурстарын игеруге инвесторлар тарту.
|
ҚР Үкiметiнiң Құзыреттi органына ұсыныстар, кең таралған пайдалы қазбаларға конкурс өткізу
|
Облыстық энергетикалық инфрақұрылым және минералдық ресурстар басқармасы
|
Тұрақты
|
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
| -
|
Құрылыс материалдары өнеркәсібінің дамуына ықпал ету.
|
2005-2014 жылдарға арналған бұйым және конструкциялар, құрылыс материалдар өнеркәсібі даму Бағдарламасы-ның жобасын әзірлеу
|
Облыстық сәулет, құрылыс және ТКШ, өнеркәсіп және көлік, басқармалары
|
2005 жылдың 1 тоқсаны
|
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
| -
|
Құаттылығы 12 млн. текше метр шыны шығаратын өндірісті ұйымдастыруға ықпал ету.
|
Өндірісті ашу
|
«ҚҰТ» ЖШС (келісім бойынша), «Мелиоратор» ЖШС (келісім бойынша), облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
|
2005-2007 жж.
|
9520,0
|
Кәсіпорындар қаражаты, өз қаражаты, даму институттарының, банкілердің несиелері
| -
|
Керамикалық плита, черепица және қаптауыш кірпіш шығаратын өндірісті ұйымдастыруға ықпал ету.
|
Өндірісті ашу
|
«Строймаркет» ЖШС (келісім бойынша), облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
|
2006 ж.
|
136,0
|
Даму институттарының, банкілердің несиелері
| -
|
Қиыршақ тас өндіретін заут құрылысына ықпал ету.
|
Өндірісті ашу
|
«Қазвернал» ЖШС (келісім бойынша), облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
|
2006 ж.
|
150,0
|
Даму институттарының, банкілердің несиелері
| -
|
Құрғақ құрылыс қоспалар өндіретін және әк күйдіретін зауыт құрылысына ықпал ету.
|
Өндірісті ашу
|
«Қазвернал» ЖШС (келісім бойынша), облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
|
2005 ж.
|
32,0
|
Даму институттарының, банкілердің несиелері
| -
|
Полиэтилен құбырларын шығаратын өндірісін кеңейту
|
Өндірісті кеңейту
|
«Қуат» ЖШС (келісім бойынша), облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
|
2005 ж.
|
204,0
|
Кәсіпорынның өз қаражаты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
| -
|
Жосалы кентінде мұнай өңдеу шағын зауыт құрылысына ықпал ету.
|
Өндірісті ашу
|
«БИС» ЖШС (келісім бойынша), облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
|
2007 ж.
|
4216,0
|
Инвестор және банкілердің несиелері,
| -
|
Арал қаласында пласти-калық шыны қайықтар шығару өндірісін ұйым-дастыруға ықпал ету.
|
Өндірісті ашу
|
«Арал – Пластик Қайық» МКК, облыстық өнеркәсіп және көлік басқармасы
|
2005 ж.
|
130,0
|
Рсепубликалық бюджет қаражаты
| -
|
Балық өңдеу өндірісін ұйымдастыруға ықпал ету.
|
Өндірісті ашу
|
«Арал теңізі» қоғамдық бірлестік, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы
|
2005 ж.
|
51,0
|
Даму институттарының, банкілердің несиелері
| -
|
Қатты тұрмыс қалдықтарын қайта өңдеу және сұрыптау зауыты құрылысына ықпал ету.
|
Өндірісті ашу
|
Қызылорда қаласының әкімдігі, облыстық сәулет, құрылыс және ТКШ басқармасы
|
2006-2007 жж.
|
120,0
|
Даму институттарының, банкілердің несиелері
| -
|
Облыста балық кластерін құру мәселесін пысықтау
|
Схеманы әзірлеу
|
Облыстық экономика басқармасы
|
2004 жылдың 2 тоқсаны
|
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
| -
|
Аймақтық кластерлердің іске асырулуын қамтамасыз ету.
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Облыстық ауылшаруашылығы, өнеркәсіп және көлік басқармасы
|
2005 ж.
|
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
| -
|
Облыстың басқа аймақтармен және мемлекеттермен сыртқы экономикалық байланыстарын және iшкi аймақтық кооперацияны дамыту арқылы облыс кәсiпорындарына өнiмдерiн сату нарығын кеңейтуге ықпал жасау.
|
Іскерлiк ынтымақтастық туралы ұсыныстар
|
Облыстық өнеркәсiп және көлiк, экономика, аймақтық даму және кәсiпкерлiктi қолдау, сәулет, құрылыс және ТКШ басқармалары
|
Тұрақты
|
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
| 3.Сапа жүйесiнiң халықаралық стандарттарын енгiзу | -
|
Облыс кәсіпорындарын-да (кәсіпорындар өтінімі бойынша) сапа менед-жмент жүйесін (СМЖ) енгізу бойынша консуль-тациялық және әдісте-мелік көмек көрсету.
| Әзірленген және енгізілген СМЖ құжаттары |
“СжСҰО“ ААҚ Қызылорда филиалы (келiсiм бойынша)
|
Тұрақты
|
“СжСҰО“ ААҚ Қызылорда филиалының тарифы бойынша
|
Кәсіпорындардың өз қаражаттары
| -
|
ХАССП (бақылау сын межелері және қауіптер-ді талдау, тағам өнімде-рінің сапасын басқару жүйесі) жүйелерін, ИСО негізінде сапа менед-жмент жүйелерін серти-фикаттау мен енгізу мәселелері бойынша бұ-қаралық ақпарат құрал-дарына насихаттау, дөнгелек столдар мен се-минарлар ұйымдастыру
| Семинар, дөнгелек столдың хаттамасы. БАҚ-ға мақалалар. |
Облыстық ақпарат (келісім бойынша), өнеркәсіп және көлік басқармалары, ішкі саясат департаменті, стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттiк қадағалау басқармасы (келiсiм бойынша), “СжСҰО“ ААҚ Қызылорда филиалы (келiсiм бойынша)
|
Тоқсанда 1 рет.
Тоқсанда 1 мақаладан кем емес.
|
0,08
0,1
|
Қатысушылардың қаражаттары есебінен
Жергілікті бюджет
| -
|
Сапа менеджмент жүйелерін сертификат-тауға сарапшы-аудиторларды дайындау
| Сарапшылар сертификаттары |
Облыс кәсіпорындары және “СжСҰО“ ААҚ Қызылорда филиалы (келiсiм бойынша)
|
Жыл сайын
|
0,2
|
Кәсіпорындардың өз қаражаттары
|
4.Кадрлік қамтамасыз ету
| -
|
Инновациялық қызмет және экономиканың нақты секторы үшін еңбек нарығының қажеттілігін есепке алғанда біліктілікті мамандар даярлау
| Облыс әкімиятына ақпарат |
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы
|
Жыл сайын
1 тоқсаны
|
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
| -
|
Мұнай компаниялары қаражаты есебінен кәсіптік білім алу үшін жылда европалық таңдаулы ЖОО-да студенттерді дайындау.
| Облыс әкімиятына ақпарат |
«Думеу» Корпоративтік Қор (келісім бойынша)
|
Жыл сайын
|
1,3
|
Қор қаражаттары
| -
|
Облыстың колледж және кәсіптік бастауыш мектептерінде аймақтық кластерлерді (күріш, балық, мұнайхимия) дамыту үшін кадрларды даярлау.
| Облыс әкімиятына ақпарат |
Облыстық білім басқармасы
|
Жыл сайын
|
Қаржы қаражатты қажет етпейді
|
–
|
Достарыңызбен бөлісу: |