шешімімен бекітілген.
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы №753 қаулысымен бекітілген «2008-2010 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі» 4-бөлім, облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 3/43-ІV шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтың алдын алудың және қылмысқа қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің бұрындары қолданылған облыстық және аудандық бағдарламаларына қатысты басымдық қағидаларды сақтаумен, Зайсан ауданында құқық бұзушылықтың алдын алудың және қылмысқа қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді.
Тіркелген қылмыстардың көбейу себебі үстіміздегі жылы жасырын қылмыстарды айқындау бағытындағы шаралар өз нәтижесін беріп, латенттік қылмыстар ашылу көрсеткіші жоғарылады.
Атап айтқанда 2007 жылдың осы мерзіміммен салыстырғанда барлық қылмыстар 15,1 пайызға өсуіне жол берілді. Соның ішінде аса ауыр қылмыстар 1-ден 2-ге немесе 100 пайызға, ұрлық 20-дан 31-ге 55,5 пайызға, мал ұрлығы 0-ден 4-ке, пәтер ұрлығы 4-тен 5-ке өсіп отыр.
Бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар саны 2-ден 0-ге, жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны 6-дан 5-ке, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 1-ден 0-ге дейін азайды.
Сонымен қатар тонау 2-ден 1-ге, қарақшылық 1-ден 0-ге азайды.
Статистикалық мәліметтерді талдау 2006-2008 жылдар үшін тіркелген қылмыстардың жалпы санының төмендегенін куәландырады. Зайсан ауданы бойынша егер 2006 жылы 5 ай көлемінде 95 қылмыс тіркелсе, 2008 жылдың осы мерзімінде 84 тіркеліп отыр.
Жалпы аудан көлемінде криминогендік жағдай тұрақты болып қалуда, оған жақсы қалыптасқан экономикалық, қоғамдық саяси жағдайлармен қылмыстың алдын алудағы атқарылған жұмыстардың нәтижелері әсерін тигізіп отыр. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан аудан бойынша 5 ай көлемінде 6 ашылмыған қылмыс тіркелген.
Есіркінің заңсыз айналымына қарсы күрес бағытында үстіміздегі жылы 1 қылмыс және 2 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып өткен жылы тәркіленген есірткі затының мөлшері 73,25 гр болса үстіміздегі жылы 171,24 гр.
Заңсыз көші-қон арналарын жабу бағытында нақты шаралар атқарылып аудан көлемінде 2007 жылдың 5 айында 9 адам ҚР аумағынан аластатылса 2008 жылдың 5 айында 21 азамат аластатылды.
Бүгінгі күні ауданда кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар алаңдатуда. Алайда бұл бағытта мектеп мұғалімдерімен, ата-аналармен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, профилактикалық шаралар атқарылуда.
Заңдылық пен азаматтардың құқықтарын бұзу, құқық қорғау жүйесінің мәтебесіне нұсқан келтіретін жене мемлекетке деген азаматтардың сенімін жоққа шығаратын қылмыстардың алдын алу бағытындағы шаралар бақылауға алынған. Сонымен қатар азаматтардың арыз шағымдарын 100 пайыз тіркеуден өткізу бағытында арнайы шаралар өткізілуде.
Қалыптасып жатқан криминогендік жағдайды ескере отырып, адандық ішкі істер бөлімімен басқада құқық қорғау органдары ұйымдасқан қылмыстық топтарға, есірткі бизнесіне, сыбайлас жемқорлыққа, заңсыз көші-қонға, терроризмге аса назар аудара отырып, қылмыстың барлық түрлеріне және заңдардың бұзушылқтарына қарсы күресті жалғастыру керек.
4.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудың сапалық деңгейін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесінің толық масштабтылығы мен тиімділігін жетілдіру, ұйымдасқан және жасөспірімдер қылмысымен, нашақорлық пен есірткі бизнесімен, заңсыз көші-қонмен күресті күшейту.
Бағдарламаның міндеттері:
азаматтардың құқықтық, еркіндік және заңдық мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету;
құқық бұзушылықтардың мақсатты әлеуметтік-құқықтық алдын алуды жүзеге асыру;
қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескерту жүйесін жетілдіру;
қылмысқа қарсы күресте азаматтардың қызығушылығын арттыру,
қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жағдайын қамтамасыз ету;
ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы әрекет ету, террорлық пен діни экстремизмді, заңсыз көші-қонды анықтау бойынша құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру;
құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз ету;
қылмысқа қарсы күресті тиісті ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
құқық қоғау органдарының кадр жұмысын жетілдіру;
қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастық.
5.Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары мен тетiктерi
5.1. Азаматтардың құқықтық, еркіндік және заңдық мүдделерін қорғау. Құқық қорғау органдарының қызметіндегі заңдылықты нығайту.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзушылық тек құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан жасалған дене зорлығы, тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану ғана түсіндіріледі. Бірақ азаматтың өміріне, денсаулығына, азаматтардың мүлкіне жасалған кез-келген қол сұғушылық - бұл да конституциялық құқықты бұзушылық. Қылмыстың кез-келген фактісі бойынша оны ашу және азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін барынша күш-жігер жұмсау керек.
Жедел және тергеу бөлімшелеріне тән қылмысты жасыру жүйелерін мемлекет тарапынан азаматтардың құқығын қорғауды бұзып қана қоймай, құқық қорғау органдарына деген теріс көзқарастың туындауына ықпал етеді.
Құқық қорғау органдарының қызметінде заңдылықты нығайтуға және ең алдымен қылмысты жасыру, азаматтардың арыздары мен өтініштерін қараудың белгіленген тәртібін бұзу фактілерін жоюға бағытталған ашық және қағидатты саясатты жүргізуді жалғастыру.
Құқық қорғау органдарының қызметі саласындағы демократизмді, ізгілікті бағалау негізінде жеке адамның құқықтарын шынайы қамтамасыз ету алынуы тиіс. Тәжірибеде негізсіз жауапкершілікке тартудан және соттаудан заңды түрде бекітілген іс жүргізу кепілдіктерінің басымдығын қамтамасыз ету және заң нормаларын сақтаудан кез-келген бас тартуға жол бермеу.
Мемлекет міндеттерінің бірі болып табылатын және құқық қорғау органдары, соттар, жергілікті басқару органдары үшін басымдық міндет ретінде, белгіленген азаматтардың құқықтарын қорғау өзара байланысқан шаралар кешенін іске асыруды талап етеді.
5.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық тәртібін нығайту
5.2.1. Әлеуметтік-құқықтық алдын алу
Қазіргі заман жағдайларында нарық экономикасын дамыту, мемлекеттік және қоғамдық өмірді демократияландыру жағдайларында қылмыстың алдын алу әдеттегідей өзекті мәселе болып отыр. Қылмыстық жазалаудың шараларын қолдану қылмысқа қарсы күресу үшін жеткіліксіз екені анық және құқық тәртібінің проблемаларын тек полиция саласында ғана қарауға болмайды. Сондықтан да құқық бұзушылықтардың алдын алу құқық қызметінде және басқа мемлекеттік органдарда, сондай – ақ құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың қызметінде басым бағыттардың бірі болу керек.
Бұрын тиімді іс-әрекет еткен, жалпы құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін өткен жылдары өздерін ақтаған ерікті жасақтарды, кәсіпорындар мен оқу орындарында, тұрғылықты жері бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу кеңестері, полицияға жәрдемдесу жасақтарының және т.б. белгілі шектерде қайта дамыту керек.
Адамдардың лайықты ісінің болмауы және бос уақытты мақсатсыз өткізуі қазіргі уақыттағы жалпы қылмыс себептерінің бірі болып табылады. Ол барып белгілі бір айналысатын ісі жоқ және қылмыстық көңіл күйдегі адамдардың мәдениетке қарсы топтар мен бірлестіктер ұйымдастыруына әкеліп соғады. Жергілікті атқарушы органдардың халықты, әсіресе жастарды еңбекпен қамтуы, оларды қоғамдық жұмыстарға жұмылдыруы, кәсіби даярлықты өткізу мен оған үйретуі осы саладағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Көптеген криминогендік проблемаларды шешу үшін елімізде елеулі материалдық қолдауы бар, қылмыстың алдын алудың жаңа әлеуметтік - экономикалық негіздегі жалпы жүйесін құру қажеттігі туындады.
Учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі қызметтер, алкоголизмнен, нашақорлықтан және уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге арналған арнайы мекемелер, белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталықтары және басқалары сияқты профилактикалық құрылымдар айтарлықтай материалдық-техникалық нығайтуды қажет етеді.
Техникалық қадағалау және байланыс жүйелерін патрульдеу кезінде едәуір икемді көлік құралдарын және қызметтік жануарларды белсенді пайдалануды талап етеді.
5.2.2. Кәмелетке толмағандар мен жастардың арасындағы қадағалаусыздық
пен құқық бұзушылықтардың алдын алу
Облыстағы криминогендік ахуалдың болашақтағы даму динамикасының перспективасы бүгінгі таңда жасөспірімдермен және жастармен қолданылып жатқан тәрбиелік-құқықтық шаралардың тиімділігіне тікелей байланысты болғандықтан кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз қалудың алдын алу мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Жоғарғы және орта оқу орындарында құқық қорғау бағытындағы жастар құрылымдары желісін қалпына келтіру және дамыту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оның жолын кесуде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетуге ықпал ететін неғұрлым перспективті бағыт болып табылады.
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметі де кадрлармен одан әрі нығайтуды қажет етеді.
Оқу орындары аумақтарында оқушылар жасайтын қылмыстар санының көбеюі соңғы жылдардың сипаттық ерекшелігі болды. Жалпы білім беретін оқу орындарында мектептерге бекітілген кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік пролиция инспекторларын енгізу тәжірибесін одан әрі тарату осы пролблеманы шешу жолдарының бірі болып табылады. Алдын алу жұмыстарының аса белсенділігі үшін осы лауазымға тәжірибелі педагог – адамдар қабылдану керек.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды, осы жас тобындағы қылмысты ескертуді қамтамасыз ету, олардың заңды, әлеуметтік-пайдалы қызметке қатысуын қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен қатар жалпы барлық қоғамның күш-жігері қажет.
Жас азаматтардың көкейтесті проблемалары жұмыссыздық болып қалуда. Осы мақсатта жастар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын күшейту, бос орындар туралы ақпараттар алмасу үшін жағдайлар жасайтын бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, еңбек рыногындағы сұранысты анықтау, жұмыссыз жастар мен әлеуметтік жұмыс берушілер арасындағы байланысқа ықпал ету қажет.
Жасөспірімдер мен жастар қылмысының проблемаларын шешу басымдықтарының бірден бір маңыздысы, спорт залдарын кеңейту жолымен спортпен айналысуға жасөспірімдер мен жастарды тартуды одан әрі жалғастыру, олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету керек.
5.2.3. Алкогольдік ішімдікті пайдалануды қысқарту, маскүнемдіктің және рецидивтік қылмыстың алдын алу
Ұлттың және мемлекеттің қауіпсіздігі үшін кеңінен тараған маңызды әлеуметтік проблема алкогольді пайдаланудың, маскүнемдік пен нашақорлықтың, әсіресе жастар арасында артуы болып табылады. Бұл проблеманы спирт сусындары бөгетсіз және барлық жерде бөлшектеп және құйып сату күрделендіреді.
Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында есірткіні медициналық емес жолмен пайдаланудың таралуы ерекше абыржытады. Есірткі пайдаланушылардың 60,0% шамасы -30 жасқа дейінгі тұлғалар. Балалар мен жасөспірімдер нашақорлығы артуда.
Маскүнемдік, нашақорлық және уытқұмарлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдармен қолданылатын шаралар, осы санаттағы аз санды тұлғаларды күштеп емдеуді жүзеге асыру бойынша бар мекемелер жеткіліксіз.
Ішкі істер органдарының, әсіресе полицияның учаскелік инспекторларының алдын алу қызметінің басым бағыттары құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасауы мүмкін адамдарды анықтау, олардың асоциалдық мінез-құлықтарын түзеу, әкімшілік-құқықтық шаралар әсерін үйлестіруде жалпы және жеке алдын алу әдістерімен қылмысты болдырмау болып табылады.
Бас бостандығынан айырылғандар орнында болып табылатын адамдарды кәсіби даярлауды және жаңа кәсіпке оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ аталған адамдардың бас бостандығынан айырылғандар орындарында өндірістік және өзге де еңбек қызметімен айналысу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын насихаттауда жұртшылық пен мемлекеттік органдар қатысының үлесі әлі де төмен.
Осыған байланысты маскүнемдік, алкоголизм және нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың жағдайына атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру қажет және маскүнемдік, алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу бойынша бірқатар ұйымдастыру-практикалық шаралар қабылдау керек:
маскүнемдік, нашақорлық пен уытқұмарлықтан зардап шеккен тұлғаларды күштеп емдеу үшін наркологиялық диспансерлердің төсек-орындарын арттыру;
оқушылар арасында есірткі мен психоактивті заттардың таралуына жол бермеуде жоғары және орта оқу орындары әкімшілігінің жұмысын жандандыру;
спирттік сусындар мен есірткі құралдарын пайдаланушы тұлғаларды анықтау үшін жоғары және орта оқу орындарының оқушыларын жүйелі тексеруді қамтамасыз ету.
5.2.4. Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау
Көшелерде және қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтың алдын алуда құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар, таксилердің, қоғамдық көліктің диспетчерлік қызметін, жедел медициналық көмек пен коммерциялық телерадиоарналардың әлеуеттік мүмкіндіктерін әрекетке қосу керек.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтардың құқық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың белсенділігін арттыру үшін қосымша шаралар, құқық тәртібін қолдауға жұртшылықты қатыстырудың жаңа нысанын пайдалана отырып, әсіресе облыс қалаларының кіреберістерінде (консьержалар) қоғамдық күзетшілер институтын енгізу керек.
5.2.5. Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу
Біздің елімізде жол қозғалыстары қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірден бір күрделі әлеуметтік проблема болып табылады. Жол –көлік оқиғаларынан облыста 200 астам адам қайтыс болып, 1000-нан астамы жарақат алып, мертігеді.
Көлік құралдары санының көбейюі атап көрсетіледі, жолдардағы жүріс қарқындылығы артып, соның салдарынан жыл сайын апат көрсеткіштерінің өсу үрдісі жалғасуда.
Автомобиль жолдарының пайдалану сипатын жақсарту жағдайларында көлік құралдарының ағынындағы жоғары динамикалық сипатты бүгінгі заманғы автомобильдердің артуы жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыруда нақты, сапалы жаңа көзқарастар қабылдауды, көлік құралдары мен автомобиль жолдардың техникалық жағдайына бақылау жасауды, көлік құралдарын жүргізушілерді сапалы дайындауды жақсартуды қажет етеді.
Жол полициясының бүгінгі заманғы техникалық диагностикалық құралдармен қамтамасыз етілмеуі көлік құралдарының техникалық жағдайына бақылау жасауды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Жол қозғалыстарын реттеудің техникалық құралдарының айтарлықтай бөлігі олардың пайдалану мерзімінен шыққан, моральдық және физикалық жағынан ескірген, стандарт талаптарына сай емес және жаңартуды қажет етеді.
Жол полициясы қызметкерлерінің көлік құралдарын жүргізушілермен көптеген байланысы Жол қозғалысы ережелерінің көлік құралдарын жүргізушілермен сақталуына бақылау жасаудың автоматтандырылған жүйесінің болмауы даулы жағдайларға әкеп соғады, азаматтардың құқықтарын қорғауға және жол полициясы қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға әсер етпейді.
5.2.6.Шетел азаматтарының заңсыз көші-қонының алдын алу мен жолын кесу
Елімізге қару – жарақтың, есірткінің, қылмыскерлер мен экстремистердің енуіне ықпал ететін заңсыз көші – қон қылмыстық шиеленісті күшейте түсуде. Бірақ заңсыз көші-қон арналарын, жабу жөніндегі құқық қорғау органдарына күш-жігері және олардың басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасуы жеткіліксіз болып отыр.
Ағымдағы жылдың 9 айында облыс аумағында ішкі істер органдарында 82 902 шетел азаматтары тіркелді, олардың ішінде алыс шетел азаматтары – 8 671, ТМД азаматтары – 74 231.
Қазақстан Республикасында келу ережелерін әртүрлі бұзушылық анықталып, 8827 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сот шешімдері негізінде республикадан тыс шығарылғандар – 1 044
«Лауазымды адамның немесе Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасында шетелдіктердің болу ережесін бұзуы» Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚРК 395-бабы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары мен лауазымды адамдардың жауапкершілікке тартылғандар саны 1580 адамды құрайды.
«Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бүзу» Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚРК 396 – бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар – кәсіпорындар мен ұйымдардың 115 лауазымды тулғалары.
5.3. Қылмысқа қарсы іс -әрекет жасау жөніндегі шаралар
5.3.1. Қылмыстарды тергеудің және қылмыскерлерді іздестірудің
тиімділігін арттыру
Қылмыстың сапалы трансформациясы құқық қорғау органдары бөлімшелерінің тергеу және жедел қызметін жетілдіруді, олардың өзара іс-әрекетінің сапасын жақсартуды, құқыққа қарсы әрекеттердің пайда болуына дұрыс әсер етуді, қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруды жетілдіруді талап етеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасырынып жүрген қылмыскерлерді анықтау және ұстау мақсатында, сондай – ақ ерекше қауіпті қылмыскерлерді конвоймен алып жүруді жүзеге асыру, құқық қорғау органдары ТМД елдеріндегі қылмыскерлерді іздестіру және конвоймен алып жүру бойынша қызметтік іссапарларға шығу үшін қаржы қаражаттарын құру мәселесін шешу керек.
5.3.2.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
Криминалдық бизнес саласында қару мен есірткі саудасынан кейін үшінші орын алатын, адамдарды сатудың көп тараған халықаралық қауымдастығы абыржыту тудырып отыр.
Адамдарды сату фактілерін ашу, оның алдын алу және жолын кесу бойынша тиімді және нәтижелі жұмысты қамтамасыз ету мақсатында туристік фирмалар, сондай-ақ модельдік, неке агенттіктері мен жұмысқа орналастыру агенттіктері арқылы қазақстандық азаматтарды республикадан тыс жерлерге ауыстырушылыққа бақылау жасау тетігін әзірлеу қажет.
Жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күресті күшейту бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет. Көрсетілген шаралар ЭЕМ, олардың жүйелері мен желілерін пайдалануға, радио-электрондық, арнайы техникалық құралдардың заңсыз айналымына, арнайы, зиянды хакерлік бағдарламаларға, контрафакті өнімдеріне байланысты компьютерлік ақпараттар мен құқық бұзушылық саласындағы қылмыстарға қарсы күреске бағытталуы керек.
5.3.3. Қылмысқа қарсы күресті ақпараттық және материалдық техникалық қамтамасыз ету
Құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарту жолының дәстүрлі әдісі әкімшілік негізінен ескірген. Бүгінгі заманғы ақпараттық технологиялар мен арнайы техникаларды енгізуге негізделген басқарудың сапалы жаңа әдістемелерін қолдану қажет.
Құқық қорғау органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық кешендері дамыту мен жетілдіру кезеңінде болып табылады. Оны қалыптастырудың нәтиже бермеуі мынадай бірқатар объективтік факторларға байланысты: бөлімшелердің компьютерлік техникамен және байланыс құралдарымен төмен деңгейде қамтамасыз етілуі, мәліметтер берудің ведомстволық жүйелерінің нашар дамуы, қызметкерлердің жиналған криминалдық ақпараттарды пайдалануының төмендігі.
Құқық қорғау органдарының ақпараттық кешенін жетілдіру бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыру, ақпараттық банк мәліметтерін жетілдіру және криминалдық жағдайлар мен адамның биометрикалық теңестіруін талдау мен болжау құралдарын енгізу керек. Аудандық деңгейге дейін ІІМ мәліметтер берудің ведомстволық жүйесін кеңейту ведомстволық ақпараттық массивтерге, мобильдік топтарды қоса, барлық қызметкерлердің жедел қол жеткізуі үшін бағытталған, құқық қорғау органдарының мәліметтер беруінің дамыған мультисервистік желісін құруға, ведомстволық құжат айналымын қамтамасыз етуге, электрондық поштаны ұйымдастыруға, телефон және факс хабарларын беруге мүмкіндік береді.
Қолданылып жүрген Жедел басқару орталығы одан әрі техникалық дамыту ауыр қылмыс жасаған, криминалдық жағдайлардың өзгеруіне, жаппай тәртіпсіздіктің, дүлей нәубеттердің және басқа да төтенше жағдайлардың, азаматтардың жеке қауіпсіздігіне, ішкі істер органдарына азаматтардың өтініштері мен хабарларын тіркеудің толықтығына жедел әсер етудің тиімді тетігін құруға мүмкіндік береді.
Құқық қорғау органдарының ақпараттық-талдағыш жүйесіне интеграциялық банк мәліметтерін, кеңінен таралған автоматтандырылған банк мәліметтері мен ақпараттық іздестіру жүйелерін дамыту және біріктіру криминалдық және жедел ақпаратты жинау мен пайдалануға бірыңғай және қайшылық тудырмайтын ведомствоаралық көзқарасқа қол жеткізуге, құқық қорғау органдары қызметкерлерін ақпараттық қамтамасыз етуді сапалы жақсартуға, есепке алу – тіркеу тәртібін сақтауға «ашықтық» және қатаң бақылау жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
5.4. Құқық қорғау органдарының кадр жұмысын жетілдіру
Құқық қорғау органдарының төменгі бөлімшелерінің қызметкерлерімен жол берілетін, заң нормаларына кәсіби білімсіз және немқұрайлы қарау фактілері заңдылық тәртібін бекіту мүмкіндігіне және басқа да дара тұлғаға қол сұқпаушылық принциптеріне, оның ар-намысы мен қадір - қасиетін қорғауға халық сенімін жоғалтпауға әкеп соғады.
Заңдылықты бұзу себебі белгілі деңгейде құқық қорғау органдарының төменгі топтарының кадр құрамының әлсіздігімен, олардағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігінің жоқ болуына және біліктілігінің жетіспеуіне байланысты. Елімізде заң қызметкерлері кадрларының артықшылығы толығымен сезілсе де, аудан деңгейіндегі қызметкерлердің бірталай бөлігінің жоғарғы заңды білімі жоқ.
Кадрларды іріктеу, орналастыру, даярлау және қайта даярлау жүйесін одан әрі жетілдіруді іске асыруда мыналарды қарастыру керек:
құқық қорғау органдарын білікті және құзіретті кадрлармен толықтыру, оларды азаматтардың конституциялық құқықтарын, олардың ар-намысы мен қадір - қасиетін сыйлауға, азаматтарға игілікті ниетпен қарауға тәрбиелеу;
ұжым жұмысын ұйымдастыра және бағыттай білетін, басшы дағдысын игерген, жұмыста қалыптасқан таптаурынды және көзқарастарды жоюға икемді біліктілігі жоғары қызметкерлер ішінен қызмет бабында жылжыту және топ басшысы кадрларының резервін қалыптастыру.
5.5. Қылмысқа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық
Қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуы ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс шетел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен практикалық өзара іс-қимыл жасасуды нығайтуға бағытталатын болады.
Құқық қорғау органдары қолда бар және шетел мемлекеттерінің тиісті құрылымдарымен әріптестік қарым-қатынастарды баянды ету және кеңейту, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, қылмыстық қудалау және қылмыскерлерді беру мәселелері, бірлескен жедел – іздестіру және алдын алу іс –шараларын, сондай-ақ арнайы операциялар жөніндегі шараларды қабылдайтын болады.
Шекаралас мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен шекаралық ынтымақтастық басым бағыттарының бірі болуы тиіс.
6. Қажетті ресурстар және бағдарламаны қаржыландыру көздері
Осы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражаттар есебінен және солардың шегінде жүзеге асырылатын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы құқық қорғау, мемлекеттік және атқарушы органдар әрекеттерін үйлестіру күшейтілетін болады;
құқыққа қарсы қол сұғушылықтан азаматтардың қорғалу сезімдері қалыптастырылатын болады;
ұйымдасқан қылмысқа, есіртқі бизнесіне қарсы күресті, террорлық пен діни экстремизмді, заңсыз көші-қонды анықтауға әрекет ету жөніндегі күрес күшейтіледі;
тұрғындардың құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын одан әрі дамыту жалғасады, тұрғындардың құқықтық санасының деңгейі, оның құқық қорғау органдарына және толығымен мемлекетке деген сенімдері артады.
-
Зайсан ауданындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың және қылмысқа қарсы күрестің
2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
№
|
Іс-шара
|
Аяқталу нысаны
|
Атқаруға жауаптылар
|
Атқару мерзімі
|
Болжалды шығыстар
(млн. теңге)
|
Қаржыландыру көзі
(млн. теңге)
|
1. Азаматтардың құқықтарын, еркіндіктерін және заңды мүдделерін қорғау.
Құқық қорғау органдарының қызметіндегі заңдылықты нығайту
|
1
|
Қажетті прокурорлық қадағалау және ведомстволық бақылау арқылы қылмыс процесінде азаматтардың конституциялық құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ету. Жергілікті жерлерде осы жұмыстың жағдайын тексеруді үнемі жүргізу
|
Прокурорлық әсер ету және ведомстволық бақылау актілері
|
Аудандық прокуратура,
АІІБ (келісім бойынша), ЗҚПАБ (келісім бойынша), АҰҚКБ (келісім бойынша), Аудандық сот (келісім бойынша),.
|
2008-
2010жж
|
Қажет емес
|
|
2
|
Сотта істерді қарауды, қылмыстық қудалауды жүзеге асырған кезде азаматтардың конституциялық құқықтарын және есепке алу –тіркеу тәртібін және заңдылықты сақтау жағдайына қажетті бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету. Есепке алу-тіркеу тәртібін бұзуға жол берген, өтініштерді қарауда сергелдең жіберген қызметкерлерді жұмыстан шығару мен қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін тәртіптік жаза белгілеу шараларын қабылдау.
|
Ведомстволық бұйрықтар
|
АІІБ (келісім бойынша), ЗҚПАБ (келісім бойынша), АҰҚКБ (келісім бойынша), АП (келісім бойынша), Аудандық сот(келісім бойынша),.
|
2008-
2010 жж
|
Қажет емес
|
|
3
|
Құқық қорғау, мемлекеттік, атқарушы органдар қызметкерлерінің өздерінің қызметтік өкілеттіктерін заңсыз пайдалануымен байланысты сыбайлас жемқорлық, кәсіпкерлік және тыйым салынған өзге де қызметпен айналысу фактілерін анықтау және тосқауыл қою іс- шараларын жүргізу
|
аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
АІІБ (келісім бойынша), ЗҚПАБ (келісім бойынша), АҰҚКБ (келісім бойынша), АП (келісім бойынша),
|
Тоқсан сайын
|
Қажет емес
|
|
2. Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық тәртібін нығайту.
Әлеуметтік-құқықтық алдын алу
|
4
|
Білім мекемелерін (мектептер, бала-бақшалар, балалар жасөспірімдер клубтары), көп балалы және аз қамтылған отбасыларды оларға материалдық - техникалық жағынан көмек көрсету, әртүрлі мәдени – бос уақыт іс-шараларын өткізу мақсатында қамқорлыққа алу институтын жаңғырту.
Қиын жасөспірімдерді, тұрмысы қолайсыз отбасылар балаларын қамқорлыққа алу, қамқорлық жасаушы кәсіпорындар есебінен жасөспірімдер клубтары желісін кеңейту.
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
Қала, ауылдық округі әкімдері, АББ, АІСБ, АДШжСБ, АМжТДБ
|
Үнемі
|
|
|
5
|
Жазғы сауықтыру демалысы үшін тұрмысы нашар отбасылар балалары үшін де орындар бөлу.
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
Қала, ауылдық округ әкімдері, АББ,
|
Үнемі
|
Қажет емес
|
|
6
|
Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды мемлекеттік және жеке меншіктегі кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру үшін осы санаттағы адамдарға квоталар құру.
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
Қала, ауылдық округ әкімдері, АЖҚжӘББ
|
Үнемі
|
Жергілікті бюджетте қаралған қаражат шегінде
|
Аудандық бюджет
|
7
|
Тұрғындарды еңбекпен қамтуды, жұмыссыздарды, әсіресе жастарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тартуды, олардың кәсіптік дайындығы мен білімін жоғарылатуды қамтамасыз етуді бойынша шаралар қабылдау.
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
АЖҚжӘББ, қала, ауылдық округ әкімдері
|
Үнемі
|
Жергілікті бюджетте қаралған қаражат шегінде
|
Аудандық бюджет
|
8
|
Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдарға (сарбаздар, ЕХЖ, консьерждер және т.б.) ақы төлеу тетігін пысықтау.
|
Аудан әкімі аппаратына ұсыныстар енгізу
|
Қала, ауылдық округ әкімдері, АЖҚжӘББ, АҚБ
|
2008 жылдың
ІV тоқсаны
|
Қажет емес
|
|
9
|
Көп қабатты тұрғын үйлердің дәлізін күзететін қоғамдық күзетшілер мен жеке меншік сектордағы көшелерге қараушылар (консьерждер) институтын одан әрі дамытуға, олардың қызметтік үй-жайларына жабдықтар сатып алуға жергілікті бюджеттерде қаражат іздестіру
Пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп пәтерлер мен подъездерді техникалық нығайту, домофондар, кодты құлыптары бар есіктер, терезелерге тор орнату жұмыстарын жүргізу.
Жаңа көп қабатты тұрғын үйлерді пайдалануға берген кезде олардың құнына темір есік, домофон, кодты құлып, орнату ақысын қосу.
|
Аудан әкімі аппаратына ұсыныстар енгізу
|
Қала, ауылдық округ әкімдері,
АЖҚжӘББ, АЭжБЖБ
|
2008 ж
|
Жергілікті бюджетте ақылы қоғамдық жұмыстарға қаралған қаражат шегінде
жеке меншік үй иелері мен пәтер иелерінің қаражаты
|
Аудандық бюджет
|
Кәмелетке толмағандар мен жастардың арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу
|
10
|
Құқық бұзушылыққа бейім балалармен жұмыс жасайтын әлеуметтік-педагогикалық қызметтер желісін кеңейту.
|
Аудан әкімі
аппаратына ақпарат
|
АББ, қала, ауылдық округ әкімдері
|
2008-
2010 жж.
|
Қажет емес
|
|
11
|
Ауылдық округтердегі (шағын аудандардағы) жұртшылық кеңестерін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшелерде есепте тұрған кәмелетке толмағандармен тәрбие–алдын алу жұмысын жүргізуге тарту іс-тәжірибесін жалғастыру.
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
Қала, ауылдық округ әкімдері, АББ
|
Үнемі
|
Қажет емес
|
|
12
|
Қалалар мен ірі елді мекендерде көп қабатты тұрғын үй алаптарын салуды жобалау кезінде жасөспірімдер клубтарына арналған үй-жайларды қарастыру
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
Қала, ауылдық округ әкімдері
|
2009 жыл
|
Қажет емес
|
|
13
|
Салауатты өмір салтын насихаттау және қолданыстағы заңнаманы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша оқу орындарында «дөңгелек үстелдер» өткізуді іс-тәжірибеге енгізу. Құқық қорғау органдарының, қоғамдық құрылымдардың қатысуымен мектеп, орта оқу орындарының оқушылары арасындағы нашақорлықты анықтау бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу.
|
Бірлескен жоспарларды әзірлеп іске асыру
|
АББ,
АІСБ,
АІІБ
(келісім бойынша),
АА
|
Тоқсан сайын
|
Қажет емес
|
|
16
|
Жастарды компьютерлік сауаттылыққа, кәсіптік дағдылар мен қолөнерге үйретуді жүргізу, білімдерін іс жүзінде игеруіне жағдай жасау
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
АББ, қала, ауылдық округ әкімдері
|
үнемі
|
Қажет емес
|
|
17
|
«Маскүнемдікке, нашақорлыққа, уытқұмарлық- қа салынған кәмелетке толмағандарды емдеуге жіберу, оларды бірлесе есепке алу және қада-ғалау мәселелерінде ішкі істер органдарының, білім және денсаулық сақтау мекемелерінің өзара іс-қимыл тәртібі туралы» білім депар-таменті мен денсаулық сақтау басқармасының 2001 жылғы 6 наурыздағы №32/76 бірлескен бұйрығын іске асыру жұмысын жалғастыру.
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
АА,
АББ,
АІІБ (келісім бойынша)
|
Үнемі
|
Жергілікті бюджетте қаралған қаражат шегінде
|
Аудандық бюджет
|
18
|
12 жасқа толмаған балалардың тегін, тұрмысы нашар және тұрмыс жағдайы қолайсыз отбасы-лардың балалары жеңілдікпен бару үшін дене тәрбиесімен, спортпен, туризммен және т.б. айналысатын спорт және бос уаққыт өткізу секцияларының желісін кеңейту бойынша шаралар қабылдау.
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
Қала, ауылдық округ әкімдері, АББ, АІСБ, АДШжСБ,
|
үнемі
|
Қажет емес
|
|
Алкогольдік ішімдікті пайдалануды қысқарту, маскүнемдіктің және рецидивтік қылмыстың алдын алу
|
19
|
Маскүнемдікке, нашақорлыққа, уытқұмарлыққа салынған адамдарды күштеп емдеу үшін жұмыс істеп жатқан арнайы емдеу-алдын алу мекемелердің қуатын арттыруға қатысты шаралар қабылдау.
|
Аудан әкімінің шешімі
|
АА
|
2008 ж
|
Жергілікті бюджетте қаралған қаражат шегінде
|
Облыстық бюджет
|
20
|
Отбасылық - тұрмыстық қатынастар саласын-дағы жанжалдың нәтижесінде ауыр өмірлік жағдайға душар болған әйелдер мен балаларға құқықтық, психологиялық, консультациялық және өзге де көмек көрсету бойынша кризис орталықтарын құру туралы мәселені қарау
|
Аудан әкімінің шешімі
|
Қала, ауылдық округ әкімдері,
АББ,
АЖКжӘББ, АЭжБЖБ
|
2008 жыл
|
|
|
21
|
Бизнес кәсіпорындарында: еңбек ұжымдарында, шаруа қожалықтарында жұмыс орнында спирттік ішімдік ішуді түбірімен жою, еңбек тәртібінің деңгейін арттыру бойынша жұмысты үнемі жүргізу. Тәртіп бұзушыларға қатаң әсер ету шараларын қолдану. Ішімдік ішпейтіндер үшін әлеуметтік ынталандырудың түрлерін қарастыру (қосымша демалыс, сыйақы беру және т.б.).
Еңбек ұжымдарында, шаруа қожалықтарында кәсіпорын қызметкерлерінің құқық бұзушы-лығын, тұрмыста маскүнемдік жасау фактілерін түбірімен жою мақсатында олардың тұрмыс-тағы тәртібін қадағалау бойынша басшы адамдардың жауапты тұлғаларды бекіту (комиссиялар құру)
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
Қала, ауылдық округ әкімдері
АК жСЭББ
|
үнемі
|
Қажет емес
|
|
Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау
|
22
|
«Қылмыстың алдын алу мен жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы №1243 қаулысын орындау үшін облыстан бөлінген қаржыны тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
Қала, ауылдық округ әкімдері,
АІІБ (келісім бойынша)
|
2008-2010жж
|
Облыстық бюджет қаражаты есебінен
|
Облыстық бюджет
|
23
|
Мүлік ұрлауды болдырмау мақсатында өнер-кәсіптік кәсіпорындар басшыларымен, сауда ұйымдарымен, көңіл көтеру мекемелерімен шаруа қожалықтарының басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен олардың қарамағындағы нысан-дарды, жабдықтарды «мазалау түймешіктері-мен», қатты дауыстайтын оқшауланған да-былмен, түнде қосымша жарықпен техникалық нығайту, сенімді күзетті ұйымдастыру бойынша жұмысты белсендіру.
Кәсіпорындармен, банк мекемелерімен, базарлармен, олардың кәсіпорындарына жақын аумақтар мен ішкі бөлмелерді барынша қамтитын бейне-бақылау камераларын орнату мәселесін пысықтау.
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
АК жСЭББ
қала, ауылдық округ әкімдері
|
2008ж-2009ж
|
|
|
24
|
Қоғамдық тәртіпті тиісінше қамтамасыз ету, мәдени-көңіл көтеру бағытындағы мекеме-лердегі оқиғаларға жедел әсер ету мақсатында оларға полиция нарядтарын жақындату үшін жағдай жасау, кәсіпорындарға, көңіл көтеру, сауда мекеме-леріне жақын аумақтар мен көшелерге жарық беруді арттыру.
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
АК жСЭББ
қала, ауылдық округ әкімдері
|
2008ж-2010 ж
|
2009жыл-1,3
2010жыл-1,3
|
Аудандық бюджет
|
25
|
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азамат-тардың қатысуы туралы» Қазақстан Респуб-ликасының Заңын орындау үшін кәсіпорындар қызметкерлері ықшамдалып тұрып жатқан шағын аудандардағы құқықтық тәртіпті қорғау үшін өз қызметкерлері арасынан ерікті халық жасақшыларын құруды осы қоғамдық құрылым-дардың мүшелеріне демалысқа қосымша күн беру, қоғамдық көлікке жол жүру билетін бөлу және т.б. тәрізді жеңілдіктер берумен жүргізу бойынша аудандық кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастыру.
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
АК жСЭББ,
қала, ауылдық округ әкімдері
|
2008ж
|
|
|
Шетел азаматтарының заңсыз көші-қонының алдын алу мен жолын кесу
|
27
|
Көші-қон заңнамасын бұзушылықты анықтау мақсатында «Мигрант» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізу.
|
Жедел алдын-алу іс-шараларын өткізу.
|
АІІБ (келісім бойынша)
|
Тоқсан сайын
|
Қажет емес
|
|
28
|
Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған шетел азаматтарын Қазақстан Респуб-ликасынан тысқары жерлерге күштеп шығару, сот шешімдерін орындау үшін қаражат бөлуді қарастыру.
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
АІІБ (келісім бойынша)
|
2008-2010жж
|
|
|
29
|
Кәсіпорындарды, ұйымдарды, коммерцциялық құрылымдар мен жеке тұлғаларды шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануларына тексеру-ді үнемі жүзеге асыру
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
АІІБ (келісім бойынша)
|
2008-2010жж
|
Қажет емес
|
|
Қылмысқа қарсы іс-әрекет ету жөніндегі шаралар
|
Қылмыстарды тергеудің және қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін арттыру
|
31
|
Қылмыскерлерді, із-түссіз жоғалған тұлғаларды іздестіруді және белгісіз мәйіттерді анықтау бо-йынша жедел-анықтамалық ақпарат алмасуды жүзеге асыру
|
Ақпарат алмасу
|
АІІБ (келісім бойынша), ), ЗҚПАБ (келісім бойынша),
АҰҚКБ (келісім бойынша)
|
Тоқсан сайын
|
Қажет емес
|
|
32
|
Жергілікті жерлерде арнайы жұмыс топтарын құруды, олардың қызметін төзімді, ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауға, олардың билік және басқару органдарындағы сыбайлас жем-қорлық байланыстарын анықтауға бағыттауды іс-тәжірибеде қолдану.
|
Бірлескен бұйрық
|
АІІБ (келісім бойынша), АҚП (келісім бойынша),
АҰҚКБ (келісім бойынша), АП, (келісім бойынша)
|
2008 жыл
|
Қажет емес
|
|
33
|
Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қаржы алаяқтығын болдырмауға және оған тосқауыл қоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу.
|
Бірлескен
жоспарлар
|
ЗҚПАБ (келісім бойынша),
АҰҚКБ (келісім бойынша), АП, (келісім бойынша)
|
2008-
2010 жж
|
Қажет емес
|
|
34
|
Бюджет саласындағы құқық бұзушылықтарды тиімді, үйлестіре анықтау және тосқауыл қою мақсатында аудандық қаржы полициясымен бірлесіп іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету.
|
Бірлескен
жоспарлар
|
ЗҚПАБ (келісім бойынша), АҚБ
|
2008-
2010 жж
|
Қажет емес
|
|
35
|
Мемлекеттік сатып алулар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және тосқауыл қою жөніндегі іс-шараларды бірлесіп жүргізуді ұйымдастыру
|
Бірлескен
жоспарлар
|
ЗҚПАБ (келісім бойынша),
АҰҚКБ (келісім бойынша), АП, (келісім бойынша)
|
2008-
2010 жж
|
Қажет емес
|
|
36
|
Тауарларды контрабандалық әкелудің (әкету-дің) алдын алуға, анықтауға және тосқауыл қоюға, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүргізу
|
Бірлескен
жоспарлар
|
ЗҚПАБ (келісім бойынша),
АҰҚКБ (келісім бойынша), АКБ (келісім бойынша)
|
2008-
2010 жж
|
Қажет емес
|
|
37
|
Заңсыз банкротқа ұшыраумен байланысты қылмыстарды анықтауға бағытталған іс-шараларды жүргізу
|
Бірлескен
жоспарлар
|
ЗҚПАБ (келісім бойынша),
АСК (келісім бойынша)
АӘБ (келісім бойынша)
|
2008-
2010 жж
|
Қажет емес
|
|
Қылмысқа қарсы күресті ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
|
Қылмысқа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық
|
45
|
Ұйымдасқан қылмыстың;
арандатушылықтың және экстремизмнің өзге де көріністерінің;
жасырын көші-қонның;
адамдар трафигінің;
есірткі мен қарудың заңсыз айналымының;
шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың алдын алу және тосқауыл қою жөніндегі жедел-алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізуді қамтамасыз ету.
|
Арнайы жоспарлар
|
ЗҚПАБ (келісім бойынша),
АҰҚКБ (келісім бойынша), АКБ (келісім бойынша),
АІІБ (келісім бойынша),
|
2008-
2010 жж
|
Қажет емес
|
|
Зайсан аудандық мәслихатының хатшысы Н.Қ.Бейсенов
Әріп қысқартуарының толық жазылуы:
АА - аудандық аурухана
АББ - аудандық білім бөлімі
АІІБ - аудандық ішкі істер бөлімі
АІСБ - аудандық ішкі саясат бөлімі
АКБ - аудандық кеден басқармасы
АӘБ - аудандық әділет басқармасы
АЖҚжӘББ - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
АДШжСБ - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі
ЗҚПАБ – Зайсан аймағы бойынша Қаржы полициясы ауданаралық басқармасы
АҚБ - аудандық қаржы бөлімі
АЭжБЖБ - аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі
АҰҚКБ - аудандық Ұлттық Қауыпсіздік Комитетінің бөлімшесі
АП - аудандық прокуратура
АКжСЭББ – аудандық кәсіпкерлік және сыртқы экономикалық байланыс бөлімі
Достарыңызбен бөлісу: