«Келісемін»
«Түркістан облысы әдістемелік орталығы» КММ директорының
оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары
_______________ Д.Айкозова
«___» ____________ 2020 ж.
|
«Бекітемін»
«Түркістан облысы әдістемелік орталығы» КММ директорының м.у.а.
_____________А.З.Турсынбаев
«___» _________ 2020 ж.
|
«ТАРИХ САБАҒЫНДА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ»
тақырыптағы жоба
БАҒДАРЛАМАСЫ
Зерттеу обьектісі: Түлкібас ауданы Ю.Гагарин ат. ЖОМ,
Созақ ауданы А.Сүлейменов ат. ЖОМ
Қатысушы: тарих пәні мұғалімдері Жолдыбаев Е, Аманов Б.
Жауапты: Панова А, Усенбеков М
ТҮРКІСТАН-2020
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Мақсаты мен міндеттері
3. Күтілетін нәтиже
4.Жобаны іске асыру кезеңдері
5.Жобаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары
6.Қадамдар бойынша жоспары
7. Тұсаукесер және қортындылау кезеңі
КІРІСПЕ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласында: «Әрбір қазақстандық, ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мұның сөзсіз алғышарттарының қатарында компьютерлік сауаттылық, шет тілін білу және мәдени ашықтық сияқты факторлар тұрады» деп атап өтті. Сондықтан «Цифрлы Қазақстан», үштілділік, мәдени және конфессионалдық келісім бағдарламалары – ұлтты ХХІ ғасырдағы өмірге дайындаудың бір бөлігі.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық көштің бұйда ұстар тұсында тұрады десек, қазіргі кезеңде еліміздегі білім саласында жүріп жатқан реформаларға байланысты білім беру жүйесі терең құрылымдық өзгерістермен сипатталады. Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі-ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл бағытта балаларға жоғары деңгейде білім беретін, еңбекке баулитын, талабын оятып, қозғау салатын орын – мектеп. Бүгінгі өркениетті қоғамда білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру.
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім заңында» «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой – өрісі жоғары жеке тұлға дайындау. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан – жақты ізденістің нәтижесінде білім беру аясында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді.
Мектеп мұғалімдері сабақта сапалы дайындауда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ұтымды әдіс-тәсілдері пайдалану қажет. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін жоба болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |