Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (3-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін байқау нұсқасы). – Астана, 2015. – 16 б.
Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған
Мазмұны
I Жалпы мәлімет 4
1«АКТ» пәнінің маңыздылығы 4
2 «АКТ» пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты 5
3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру 6
4 «АКТ» пәнін оқыту үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар 6
5 «АКТ» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер 7
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру 8
7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы құзыреттілік 8
8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту 9
9 «АКТ» пәнін оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдері 10
ІІ «АКТ» пәні мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі 11
1 «АКТ» пәні мазмұны 11
II Оқу мақсаттарының жүйесі 12
I Жалпы мәлімет
«АКТ» пәнінің маңыздылығы
Қоғамның ақпараттандыру үдерісі қарқынды дамуымен байланысты соңғы онжылдықта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар екпінді өсуде. Қоғамның ақпараттандыруы деген жаңа есептеу технологиялар мен ақпараттарды жіберу құралдары негізінде ақпаратты алу, жинақтау, өндеу және сақтау әдістерін жаппай ендірілуі. Адам қызметінің барлық салаларында ойдың дамуына ықпал ететін, есептеу көзқарасты талап ететін міндеттерді шешуде жаңа білім мен әдістерді жинау – маңызды үдеріс болып табылады. Есептеу үдерісі ғылыми, әлеуметтік және ішкі жетістіктер мен жаңалықтар, оның ішінде медицина, экономика және білім негіздерінде құрылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам қызметінің барлық салаларына енуімен қоса күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді.
Бірнеше елдерде білім берудің басым бағыттарының бірі - оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігін қалыптастыру. Бір жағынан оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгеруі уақыт талабы болса, екінші жағынан бұл талап басқа да білім беру салаларымен кіріктіру үшін ресурстары мен техникалық құралдарының ұсына отырып оқу пәндерін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жаңа құрал ретінде пайдаланылады.
Ақпарат көлемінің екпінді өсуі мен ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты ақпараттың алып тасқынында оқушыларға бағыт бағдар беретін дағдыларын қалыптастыруына бағытталған саланы құру, сонымен қоса күнделікті өмірде, оқуда және одан әрі кәсіби еңбегінде әртүрлі мәселелерді шешу мақсатында жаңа технологияларды тиімді пайдалану көкейкесті мәселе болып табылады. Оқушылардың ақпаратты қолданудың этикалық және құқықтық нормаларын түсінуі және сақтауы қажет. Ағымдағы ақпараттық технологиялар ғасыры адамдардың араласуына кең мүмкіндіктер ұсына отырып, адамдардың өзара қарым-қатынасында, тәжірибе алмасуында, жаңа идеяларды талқылауда «адамдар арасындағы арақашықтық» ұғымын жоққа шығарды.
«АКТ» пәнінің теориялық және практикалық базасы бай. Курс абстракция және модельдеу жолдары арқылы АҚТ құралдарын пайдалана отырып, басқа білім беру салаларынан және өмірден алынған міндеттерді шешу үшін оқу үдерісінде практикалық дағдыларын дамытуға көп уақыт беруді көздейді.
Үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс істеу мақсатында аталған пәнді оқыту оқушылардың логикалық, алгоритмдік, жүйелік және сыни бағалау тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыруына және дамыуына ықпал етеді. Сонымен қатар, пән бойынша академиялық тілін және ұғымдар аппаратын біртіндеп дамыту маңызды рөл атқарады.
Оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында бастауыш сыныпта «АКТ» пәнін оқыту негізгі мектептің базалық курсын меңгеруіне ықпал ете отырып, пропедевтика міндеттерін шешетіні сөзсіз.
2 «АКТ» пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«АКТ» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты оқушыларды нақты объектілер мен үдерістердің ақпараттық модельдерін түрлендіру, құру және қолдану. Сонымен қатар, басқа да оқу пәндерін оқыту үшін оқушыларды ақпараттық-коммуникациялық құралдарымен жұмыс істеу дағдыларымен, біліктерімен және базалық біліммен қамтамасыз ету. Бағдарлама оқушылардың қоғамдағы ақпараттық үдерістердің рөлі, техникалық мүмкіндіктері мен адамзаттың түрлі қызмет саласында АКТ құралдарын пайдаланудың келешегі туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.
Сандық технологияларды пайдаланудағы құзіреттілік оларды үйде, мектепте, жұмыста, бос уақытта және коммуникацияда сенімді түрде және сыни тұрғыдан пайдалануды көздейді. Оқушылар АКТ бойынша дағдыларын курс бойы ақпаратты жинау, құру және басқару, ресурстар және иделялармен жұмыс істеу, құрылғылар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмыстарын бағалау, түзетулер негіздерінде дамытады.
«АКТ» пәні оқушыларды компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін, ақпараттық іс-рекеттің құқықтық және этикалық нормаларын сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді және жобамен жұмыс істеу барысында ұжымдық жұмысқа жұмылдыруға бағытталған.
«АКТ» пәнін оқыту барысында оқушылар:
- компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын рөлі туралы білу;
- ақпараттық-комуникациялық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты әртүрлі формаларда іздеу, жинақтау, өндеу, сақтау және жіберуді іске асыру;
- әртүрлі программалық қосымшаларды пайдалана отырып, өз ойларын іске асыру;
- бір-бірімен сөйлесу, ақпаратпен алмасу және өзара жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалану;
- авторлық құқықтарды сыйлау және компьютерді қолдану барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтау дағдыларына ие болады.
3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.
Үш тілді оқу сөйлеу әрекетінің төрт тілдік (тындалым, айтылым, оқылым және жазылым) дағдысын дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
«АКТ» пәні мектептің білім беру тілінде оқытылады. Мектептердің үштілділік саясаты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.
Үштілділік саясатының жүзеге асырылуы «АКТ» пәні бағдарламасының келесі тармақтарында көрсетілген:
«АКТ» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ), мұғалімнің, пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім мен дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған .
«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8-тармақ), мұғалімдердің, пән арқылы тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын жоғары деңгейде қалай дамытатыны сипатталған.
«АКТ» пәнін оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдері» тармағында (9-тармақ) бағалау тілі белгіленген.
4 «АКТ» пәнін оқыту үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Сыныптар бойынша оқу жүктемесі
Сыныптағы жиһаздар топтық, жұппен, жеке жұмыстар мен семинарлар және оқытудың тағы басқа да әдіс-тәсілдерін ұйымдастыруына қарай қолайлы орналасуы қажет. Мұғалімнің жұмыс үстелі, проекциялық жүйе/интерактивті тақта және материалдарды баспадан шығару құрылғылары болуы тиіс.
«АКТ» пәнін оқытудағы негізгі талаптарының бірі компьютерлік жүйелерге қол жетімділік болып табылады. АКТ кабинетіне болуға тиісті қажетті жабдықтардың тізімі:
-
Жабдықталған гарнитуралары бар дербес компьютерлер (микрофондары бар наушниктер);
-
Құрылғылар мен коммуникациялар, мұғалімдер мен оқушылардың арасында мәліметтерді алмасуды қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы ашық қолжетімді желі;
Қосымша құрылғылар: принтерлер, сканерлер, көшірме техникалары;
Барлық қосымшалар үшін ашық бастапқы коды бар программалық қамтамасыз етуді мүмкіндігінше пайдалануы.
Сыныптағы компьютерлер Интернет желісіне қосылуы қажет және әр оқушы жеке компьютер немесе мобильдік құрылғылармен қамтамасыз етілуі ұсынылады.
5 «АКТ» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер
Қазіргі заманда оқушылардың «оқып үйрену» және өздігімен жұмыс істеуі, қызығушылығы бар, сенімді, жауапты және зияткерлі тұлға болу қағидасы білім берудің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мұғалімдер оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың бойында төмендегі қасиеттерді тәрбиелеу және дамыту күтіледі:
-
оқушының дамуы үшін оның жеке пікірін тыңдау және бойындағы білімін, білігін, дағдысын пайдалануының маңыздылығын мойындау;
-
оқушыларды тиянақты сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ынталандыру және дамыта оқыту;
-
оқушыға түсінікті тәсілмен модельдеу және есептерді шешу мысалдарымен сүйемелдеу;
-
оқушыларды оқытуда «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау;
-
есептерді шешу мен талдау негізінде оқушылардың зерттеу іс-әрекеттері мен белсенділігін ынталандыру;
-
оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;
-
оқушылардың жеке, жұппен, топпен және жаппай сынып арасында жұмыс істеу қызметін ұйымдастыру.
«АКТ» пәнін оқытудың педагогикалық тәсілдері:
-
Топпен жұмыс (үш, төрт оқушы), мұнда оқушылар жалпы жобаны жүзеге асырады. «АКТ» пәнінде бірлесіп жұмыс жасаудың алатын орны маңызды, себебі топтың барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен білімдеріне сәйкес жалпы жобаға өз үлестерін қосады.
-
Абстракция негізінде модельдеу, міндеттерді шешу. Модельдеу «АКТ» пәнінің маңызды саласының бірі, сондықтан оқушылардың оқу үрдісі бір қатар тәсілдер негізінде жүргізіледі, оларға физикалық, графикалық және математикалық модельдерді құруға мүмкіндік береді.
-
Қосымша программалардың бірінде істеген дағдыларын екінші ұқсас программалық қосымшаларда пайдалана отырып, іске асырған оқушыларды марапаттау, мысалы, импортталған объектілерді редакциялау.
-
Шығармашылық ойлауды және интерпретацияны талап ететін ашық тапсырмалар.
-
Басқа білім салаларымен кіріктірілген міндеттерді шешу үшін «АКТ» пәнінің қолданбалы сипатын көрсету.
Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет көрсетуі тұлғалық, тұлғаралық және мәдени аралық құзіреттіліктердің бар болуын талап етеді.Тиісті мінез-құлық қырларын дамыту адамдарға әлеуметтік және кәсіби өмірде, сондай-ақ өсіп келе жатқан көп мәдениетті қоғамдастықтарда тиімді түрде қатысуға мүмкіндік береді. АКТ пәнінің оқу бағдарламасы мыналарды қамтитын болады:
«Желілік этикет және қауіпсіздік» тарауында:
-
плагиаттың этикалық аспектілері, авторлық құқық және мәліметтерге қол жетімділік, сондай-ақ жеке азаматтарға ықпал ету;
-
компьютердің жеке тұлғаға, денсаулығына әсері, қауіпсіздік және веб-қауіпсіздік мәселелері қамтылады.
Басқа тарауларда:
-
интерфейс жобалауында әртүрлі мәдениет пен тілді сыйлауды сақтайтын қағидаларын қолдану;
-
басқа оқушылар орындаған жұмысты бағалау үшін ұсыныстар беру;
-
тілдердің алуан түрлілігін және әртүрлі объективті пікірлерді назарға ала отырып, мәтін мен суреттерден тұратын құжаттар әзірлеу
Жалпы бағытта:
-
Қазақстан халқының наным-сенімдері туралы ақпаратты қамтитын жұмыс барынша дұрыс әрі құрметпен жүргізілуі тиіс.
7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы құзыреттілік
Сандық технологияларды пайдалану құзіреттілігі деген ол технологияларды жұмыс істеу барысында және сөйлесуде шығармашылық және екпінді пайдалану. Ол АКТ саласының базалық дағдыларында негізделген.
Оқушылар бір қатар алуан түрлі жабдықтар мен программалық қосымшаларды пайдалана отырып ақпаратты іздеу, құру және өндеу, ақпараттар мен пікірлер алмасу, сонымен қатар өз жұмыстарын бағалай отырып, іске асыру арқылы АКТ құралдарын пайдалану дағдыларын дамытады.
«АКТ» пәнінің оқу бағдарламасы:
-
практикалық есептерді шешуде және мәліметтерді жинақтау мен сақтауда ақпараттық технологияларды пайдаланудың шығармашылық тәсілдерін білуді;
-
өздігінен оқу және кәсіби даму дағдыларын, ойлау икемділігін;
-
вирус, сандық қолтаңба мен компьютерге тәуелділік мәселелері туралы дүниетанымын, жеке құндылықтары мен өмірлік ұстанымдарын дамытуды;
-
белгілі бір мақсат пен аудиторияға арналған түрлі ақпарат көздерінен алынған материалдарды жинақтауды қамтитын презентациялау дағдыларын дамытуды;
-
нақты өмірлік жағдайларды имитациялау үшін компьютерлік модельдерді қолдану және дамытуды, сонымен қатар бұл жағдайларды одан әрі түсінуді;
-
күнделік өмірде және оқуда ақпараттың алуан түрлерін (мәтіндік, сандық, графиктік, дыбыстық, аралас) өндеу үшін программалық қамтамасыз етуді таңдау және қолдануды қамтиды.
8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
«АКТ» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі әр түрлі қоғаммен тиімді қарым-қатынас орнатуға қабілетті азаматтарды дайындау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін оқушы өз ойын білдіре алатындай және сенімді болатындай орта қамтамасыз етілуі қажет.
Оқыту үдерісінде «АКТ» пәнінің академиялық тілі мен ұғымдар аппаратын сауатты пайдалану негізінде әртүрлі байланыс құралдарын пайдалана отырып, сыныптастар, мұғалімдер және көпшілікпен ауызша немесе жазбаша түрде сөйлесуді ынталандыру қажет.
«АКТ» пәнің оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым дағдылары іске асырылады:
-
оқушылардың сабақты зейін қойып тыңдап, түсінбеген жағдайда сауатты сұрақтар қоя білуі маңызды;
-
қойылып отырған міндеттерді дұрыс түсіну, қажетті ақпараттарды ажырата білуі;
-
құрбыларын зейін қойып тыңдауын өтіну, дұрыстығын тексермей болжам жасамауы.
Оқушылардың айтылым дағдыларына әсер етеді. Мысалы, көпшілік алдында топтық жұмыс қорытындысын қорғай білу. Көбінесе қорғау қорытындысының сапасы басқа оқушылардың пікірлеріне тәуелді болады.
АКТ-ны оқыту барысында оқушыларда оқытылым дағдылары дамиды. Мысалы: көпшілікке көрсетілетін барлық құжаттар дұрыс жазылуына, пунктуациясына, грамматикасына алдын-ала қарастыру және оқып шығу қажет.
Жазылым дағдыларын оқушылар, мысалы:
-
көркем әдебиет стилінен айрықша жалпы стильді сақтай отырып, жобаға мәтін ретінде жолдама басшылығын жазуы;
-
іске асыру мақсатында элементарлы деңгейде мәтінді құрылымдарға бөлу үшін пайдаланылатын стильдердің негізгі ерекшеліктерін білуі арқылы дамытады.
9 «АКТ» пәнін оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдері
Бастауыш мектепте оқыту нәтижесін бағалау критериалды бағалау жүйесін енгізу арқылы жүзеге асады.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына (оқушылар, білім беру ұйымдарының әкімшіліктері, мұғалімдер, ата-аналар және басқа да заңды өкілдер) алдын-ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі.
Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген. Критериалды бағалау нәтижесі оқыту үдерісін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қолданылады.
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі формативті ( ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.
Формативті (ағымдық) бағалау – сабақтағы және/не үйдегі күнделікті жұмыс барысындағы білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдық деңгейін айқындайды және оқыту кезінде оқушы мен педагог арасында жедел өзара байланысты жүзеге асырады, оқушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап, оқу мақсатына қол жеткізгендігін түсінуге мүмкіндік береді;
Ішкі жиынтық бағалау – сынып бойынша оқу материалдарының үлкен тарауын не бөлімін оқығаннан кейін меңгерілген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін айқындайды;
Ішкі жиынтық бағалау білім беру ұйымының педагогтары тарапынан жүзеге асырылады. Жиынтық жұмыстар үшін қойылған бағалар есептік оқу кезеңдері үшін қорытынды бағаларды анықтауға негіз болып табылады.
3-4 сыныптарда оқушылардың оқу нәтижесі:
-
формативті және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен әр тоқсанның соңында қойылатын тоқсандық баға түрінде;
-
төрт тоқсандағы формативті және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен пән бойынша қойылатын жылдық баға түрінде көрсетіледі.
ІІ «АКТ» пәні мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі
«АКТ» пәні мазмұны
«АКТ» пәні бойынша бағдарламаның мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелер күтілетін нәтиже, яғни дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде оқыту мақсаттарын қамтиды. Оқыту мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушыны бағалауға, сонымен қатар олардың әрі қарай оқыту кезеңдері туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.
№
|
Бөлімдер
|
Бөлімшелер
|
1
|
Компьютерлік жүйелер
|
1.1 Компьютер құрылғылары
|
1.2 Ақпаратты өңдеу
|
1.3 Программалық қамтамасыз ету
|
1.4 Қауіпсіздік техникасы
|
2
|
Модельдеу
|
2.1 Модельдеу тәсілдері
|
2.2 Анимация және 2D-модельдеу
|
3
|
Компьютерлік желілер
|
3.1 Компьютерлік желілер арқылы ақпарат алмасу
|
3.2 Желілік этикет және қауіпсіздік
| II Оқу мақсаттарының жүйесі
2 Компьютерлік жүйелер
|
3-сынып
|
4-сынып
|
1.1 Компьютер құрылғылары
|
3.1.1.1 енгізу және шығару құрылғыларын айту және ажырату
|
4.1.1.1 перифериялық құрылғылардың міндетін білу
|
1.2 Ақпаратты өңдеу
|
3.1.2.1 ақпарат түрлерін ажырату
|
4.1.2.1 ақпаратты әртүрлі түрде ұсыну
|
|
|
4.1.2.2 ақпараттың өлшем бірліктерін (мысалы, бит, байт, килобайт, мегабайт) ажырата білу
|
1.3 Программалық қамтамасыз ету
|
3.1.3.1 пайдаланушы мен компьютердің арасында байланыс орнату үшін жұмыс үстелінің элементтерін ажырату
|
4.1.3.1 түрлі программалар үшін интерфейстің ұқсас элементтерін бірдей қолдану
|
3.1.3.2 стандартты программалық қамтамасыз ету көмегімен дыбысты жазу
|
4.1.3.2 дыбыс және бейнелермен жұмыс істеу үшін программалық қосымшаны қолдану
|
3.1.3.3 қолданып отырған программалардың міндетін түсіндіру
|
4.1.3.3 вирусқа қарсы программаны қолдану
|
3.1.3.4 қолданбалы программаларда объектілермен жұмыс жасау (құру, көшіру, кірістіру, сақтау, атын өзгерту, орнын ауыстыру, жою)
|
4.1.3.4 объектілерді (сурет, дыбыс) қосу командаларын қолдану
|
3.1.3.5 редакторда қарапайым сөйлемдерді теру
|
4.1.3.5 құжатта сөз және сөйлемді іздеу мен алмастыру командаларын қолдану
|
3.1.3.6 қәріпті пішімдеу
|
4.1.3.6 азат жолды пішімдеу
|
1.4 Қауіпсіздік техникасы
|
3.1.5.1 компьютермен жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздігінің негізгі ережелерін орындау
|
4.1.4.1 компьютерде жұмыс істеу кезіңде уақытты шектеу қажеттілігін түсіндіру
|
2 Модельдеу
|
3-сынып
|
4-сынып
|
2.1 Модельдеу тәсілдері
|
3.2.1.1 қарапайым графикалық модельдерді құру және редакциялау
|
4.2.1.1 кестелік модельдерді құру
|
2.2 Анимация және 2D-модельдеу
|
3.2.2.1 объектілерге анимацияны қолдану
|
4.2.2.1 қарапайым 2D-модельдерін құру
|
3 Компьютерлік желілер
|
3-сынып
|
4-сынып
|
3.1 Компьютерлік желілер арқылы ақпарат алмасу
|
3.3.1.1 ақпарат алмасу үшін желіні пайдалану
|
4.3.1.1 ақпарат алмасу құралдары туралы ой қорыту
|
3.3.1.2 ақпаратты іздеуді іске асыру
|
4.3.1.2 берілген тапсырманы шешу үшін ғаламтор қызметін пайдалану
|
3.2 Желілік этикет және қауіпсіздік
|
3.3.2.1 желіде орналасқан ақпараттың барлығы нақты және пайдалы екенін анықтау
|
4.3.2.1 желіде орынсыз байланыстардың қаупі туралы талқылау жүргізу
|
|
3.3.2.2 авторын көрсете отырып қолданылған ақпаратқа сілтеме келтіру
|
4.3.2.2 желіде этикалық және құқықтық нормаларды бұзу салдары туралы ой қорыту
|
Ұзақ мерзімді жоспар
Пән: АКТ
3-сынып
Бөлімдер
|
Тақырыптар
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1-бөлім. Тірі табиғат
|
Біздің айналамыздағы ақпарат
|
3.1.2.1
|
Компьютермен танысу
|
3.1.1.1 3.1.4.1
|
Біздің айналамыздағы дыбыстар
|
3.1.3.3 3.1.4.1 3.1.3.2 3.1.3.1 3.1.1.1
|
Біздің дыбыс жазбаларымыз
|
3.1.3.3 3.1.3.1 3.1.4.1 3.2.2.1
|
2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)
|
Ғаламтор – жақсы ма әлде жаман ба?
|
3.3.2.1 3.3.2.2 3.1.4.1
|
Пайдалы ақпарат
|
3.3.1.2 3.3.2.1 3.3.2.2 3.1.4.1
|
Ақпаратпен алмасу
|
3.3.1.1 3.1.4.1 3.3.2.1 3.3.2.2
|
2-тоқсан
|
3-бөлім. Уақыт
|
Компьютер әлеміндегі оқиғалар
|
3.1.1.1 3.1.4.1 3.2.2.1 3.3.1.1
|
Заманауи мобильдік құрылғылар
|
3.4.1.2 3.1.5.1 3.1.3.1 3.1.1.1
|
Цифрлық технологиялар әлемі
|
3.1.1.1 3.1.4.1 3.3.1.1
|
4-бөлім. Ғимараттар
|
Менің мектебім
|
3.1.3.5 3.1.3.6 3.1.3.3 3.1.3.4
|
Менің арманымдағы үй
|
3.1.3.5 3.1.3.6 3.1.3.3 3.1.3.4
|
Болашақтағы мектеп. Менің суреттерім
|
3.1.2.1 3.1.4.1 3.1.3.4 3.2.2.1
|
3-тоқсан
|
5-бөлім. Өнер
|
Ұлттық ою-өрнектер
|
3.1.2.1 3.1.3.1 3.1.3.3 3.1.4.1 3.2.2.1 3.2.2.1
|
Пейзаж салайық
|
3.1.2.1 3.1.3.1 3.1.3.3 3.1.4.1 3.2.2.1
|
Халық өнері. Жобаны қорғау
|
3.1.2.1 3.1.4.1 3.1.3.4 3.2.2.1
|
6-бөлім. Атақты тұлғалар
|
Қазіргі заман кейіпкерлері (оқушылардың қызығушылықтарына қарай белгілі жұлдыздар, спорт және өнер тарландарын таңдайды,)
|
3.1.3.1 3.3.1.2 3.3.2.2. 3.3.2.1
|
«Мен үлгі тұтатын адам» шағын жобаны қорғау
|
3.1.3.3 3.1.3.4 3.1.3.5 3.1.3.6 3.1.4.1 3.2.2.1 3.3.1.2
|
4-тоқсан
|
7-бөлім. Су –тіршілік көзі
|
Су – жер байлығы
|
3.1.3.3 3.1.3.4 3.1.3.5 3.1.3.6 3.1.4.1 3.2.2.1
|
Қазақстанның су қоймалары
|
3.2.1.1. 3.3.1.2 3.2.2.1 3.3.2.1 3.3.2.2. 3.1.4.1 3.1.3.1
|
8-бөлім. Демалыс мәдениеті. Мерекелер
|
Бос уақытымызды қалай өткіземіз?
Ұлттық ойындар
|
3.1.3.1 3.1.3.3 3.1.4.1 3.2.2.1
|
Қазақстандағы мерекелер
|
3.1.3.4 3.1.3.5 3.1.3.6 3.1.4.1 3.2.2.1
|
Шағын жобаларды қорғау
|
3.1.3.4 3.1.3.5 3.1.3.6 3.1.4.1 3.2.2.1
|
4-сынып
|
Бөлімдер
|
Тақырыптар
|
Оқыту мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1-бөлім. Менің отаным - Қазақстан
|
Менің туған өлкем
|
4.1.2.1 4.1.2.2
|
Астана – біздің бас қаламыз
|
4.1.2.1 4.1.2.2 4.3.1.2 4.1.3.4
|
Виртуалды саяхат
|
4.1.2.1. 4.1.3.1 4.3.1.2
|
Менің арман қалам
|
4.1.2.1 4.1.2.2 4.1.3.2 4.1.3.4
|
2-бөлім. Адами құндылықтар
|
Мені қоршаған әлем
|
4.1.2.1 4.1.2.2. 4.1.3.4 4.2.3.1
|
Өзінді таны
|
4.1.2.1 4.1.2.2 4.2.1.1
|
Мейірімділік пен қайырымдылық
|
4.1.3.1 4.1.3.5 4.1.3.6 4.1.4.1
|
Достық туралы сурет
|
4.1.4.1 4.1.3.4 4.1.3.2
|
2-тоқсан
|
3-бөлім. Ұлттық мәдениет
|
Қазақстан мәдениеті
|
4.2.3.1 4.1.3.2 4.1.3.4
|
Біздің халқымыздың салт-дәстүрлері
|
4.1.3.2 4.3.1.2 4.3.2.1
|
Біздің альбом
|
4.1.2.1 4.1.3.2 4.1.3.4 4.1.4.1 4.2.3.1
|
4-бөлім. Мамандықтар әлемі
|
Болашақтағы мамандықтар
|
4.1.2.1 4.1.3.5 4.1.3.6 4.1.4.1
|
«Менің болашақ мамандығым» презентациясы
|
4.1.2.1 4.1.3.2 4.1.3.4 4.1.3.5 4.1.3.6
|
3-тоқсан
|
5-бөлім. Табиғи құбылыстар
|
Қоршаған орта, ол неден тұрады?
|
4.1.2.1 4.1.2.2 4.1.3.1 4.2.3.1
|
Ауа райы туралы деректер
|
4.2.1.1 4.1.3.4 4.1.4.1
|
Біздің аймақтың ауа-райы
|
4.1.2.1 4.1.3.1 4.1.3.5 4.1.3.6 4.2.1.1
|
Көктем келді
|
4.2.3.1 4.3.1.1 4.3.1.2 4.1.3.4
|
6-бөлім. Қоршаған ортаны қорғау
|
Туған өлкемнің табиғаты
|
4.1.2.1 4.1.2.2
|
Табиғатты аялайық
|
4.1.3.3 4.3.1.1 4.3.2.1 4.3.2.2
|
«Табиғатты қалай қорғаймыз» атты шағын жоба
|
4.1.2.1 4.1.3.2 4.1.3.1 4.1.3.6 4.1.1. 4.2.3.1
|
4-тоқсан
|
7-бөлім. Компьютерлік өнертабыстар
|
Шағын жобаны жоспарлау
|
4.2.1.1 4.1.3.1 4.1.4.1
|
Шағын зерттеу жүргізу
|
4.1.1.1 4.1.2.1 4.3.1.1 4.3..1.2 4.3.2.1 4.1.3.3
|
Жұмыстарды ресімдеу
|
4.1.3.4 4.1.3.5 4.1.3.6 4.2.1.1
|
Жобаларды презентациялаулау
|
4.1.2.1 4.1.4.1
|
Достарыңызбен бөлісу: |