Бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы Нысан пму ұСН


Тақырып 6 Сыртқы сауда операциялары



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата10.01.2023
өлшемі395.99 Kb.
#468299
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Тақырып 6 Сыртқы сауда операциялары


Жоспар
1) Сыртқы сауда операциялары
2) Сату-сатып алу сыртқы сауда келісім-шарттары
1) Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт)
құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер
шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда
балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын
құрайды.
Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы
жүргізіледі:
1) Абсолюттік артықшылық теориясы – басқа мемлекетпен
салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде
болуымен өндіріс шығындары кем болады;
2) Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)-
мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда
альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлемінде жоғары
деңгейде болады.
Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі:
1) Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік
бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар
қолданылады:
- Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел
тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту;
- Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою:
квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы);
- Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді,
демпингтен қорғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көлемінің өсуін
ынталандырады.
2) Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел
капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені
ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар
төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу,
бірігу процесі өседі.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем
балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік
статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:
- белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық
операциялар;
- меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен
міндеттемелеріндегі өзгерістер;
- бір жақты аудармалар. 
Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен,
шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік
операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар


төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының
көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы
мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел
дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның
басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп
соғады. 
Әр түрлi елдер әлемдiк экономикада жалпы және оның, жекелеген тауар
рыноктарында әр түрлi орын алады. Халықаралық сауданың әрбiр қатысушысы
өз мүдделерiн қорғау мақсатында қандай да бiр ic-әрекет атққаруға тырысады,
яғни осы салада белгiлi бiр саясат жүргiзедi. Халықаралық сауда саласында
саясаттың негiзгi eкi түpi бар: 
• халықаралық сауда саясаты; 
• сыртқы сауда саясаты. 
Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама
қабылданған саясат. Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымы (БСҰ) жүргізеді және ол әлем
елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа
халықаралық сауданы ырықтандыру жатады. 
Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттiн басқа елдермен сауда
қатынасына бағытталған ic-әрекетi түсiндiрiледi. Сыртқы сауда саясатының
негізгі мақсаттары: 
• осы елдiң халықаралық еңбек бөлiнiсiне кіруінің дәрежесi мен әдісін
өзгерту; 
• экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту; 
• елдi қажеттi ресурстармен қамтамасыз ету (шикiзат, энергия және т.б.); 
• экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту. 
Кейбiр мақсаттар ұзақ мерзiмдi сипатта болады, мысалы халықаралық
еңбек бөлiнiсiне кipy дәрежесi мен әдiсiн өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөpi аз
мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалға экспорт пен импорт көлемін
өзгерту. Сыртқы сауда саясатының негiзгi eкi бағыты бар: 
• epкін сауда саясаты; 
• протекционизм. 
Epкін сауда саясаты таза күйiнде мемлекеттiң сыртқы саудаға тiкелей
араласудан бас тартып, рынокқа негiзгi реттеушi рөлiн жүктеуiн бiлдiредi. Бiрақ
бұл мемлекеттiң осы шаруашылық ic-әрекетiнiң бағытына әсер етуден толық
шектелуiн бiлдiрмейдi. Мемлекет өз шаруашылық субъектiлерiне максималды
еркiндiк беру ушiн басқа елдермен келiсiм-шарттарға отырады.
Epкiн сауда оң саяси салдарға әкеледi, өйткенi елдердiң өзара
байланыстылығы күшейiп, бiр-бiрiне дұшпандық әрекетінің мүмкiндiгiн
төмендетеді. Epкін сауда саясатының жүргiзiлуi экономикасы дамыған елдерге
халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкiндiк бередi. Ic
жүзiнде, epкін сауда саясаты таза күйiнде ешқашан және еш жерде қолданылған
жоқ. 
Протекционизм - отандық экономиканы шетелдiк бәсекелестерден
қорғауға бағытталған саясат. Epкін сауда саясатымен салыстырғанда
протекционизмдегі рыноктың күштердің еркін іc-әpeкеті жоққа шығарылады,


өйткенi әлемдiк рыноктағы жекелеген елдердiң экономикалық потенциалы мен
бәсекеге жарамдылығы әр түрлi, осыған байланысты дамуы жағынан артта
қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іc-әрекетi пайдасыз
болуы мүмкін. Күштi шетелдiк мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке
экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы
елде тиімсіз экономикалық құурылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін. 
Протекционизм елде белгiлi бiр салалардың дамуына көмектеседi.
Аграрлы елдерде протекционизм көбiнесе индустриализацияның қажеттi шарты
болады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етедi.
Бiрақ бұл саясатты ұзақ мерзiм бойына пайдалану экономиканың тоқырауына
әкеледi, өйткенi шетелдiк бәсеке болмаса, жергiлiктi кәсiпкерлердiң техникалық
деңгейi мен өндiрiс тиiмдiлiгiн жоғарылатуға ынтасы төмендейдi. Өзiнiң
төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрiнде болады,
яғни ел импортты тек өз елiнде шығаруғы мүмкін болмайтын тауарлармен ғана
шектейдi. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейiнде ғана рұқсат
етiледi. Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндiрiсi дамыған елдерде
шиеленiскен бәсекелестiк жағдайында ұлттық тауар өндiрушiлерiн қорғау үшiн
пайдаланылуда.
Мемлекет шаруашылық субьектiлерiне кеңестер беруi және қандай да бiр
ic-әрекетке ынталандыруы мүмкін. Мемлекеттердiң сыртқы саудадағы өтiмдi
құралдары әр турлi тыйым салу, мысалға бiр өнімнің экспорты мен импортына
және бiр елге қатысты тыйым салу болып табылады. 
Сыртқы сауданың құралдарына eкi жақты немесе көп жақты келiсiмдер
жүйесi кiредi. Бiрақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың
пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы,
мемлекет шаруашылық субьектiлерiн мемлекет саясатының мақсаттарына
сәйкес шешiм қабылдауына мәжбур еткiзедi. Осы құралдарға тарифтiк жене
тарифтiк емес шектеулер кiредi. 
Кедендiк шекара арқылы жүретiн тауарларға елдің кедендiк тарифтерiне
сәйкес кедендiк баждар салынады. Мысалы, ҚР-ның кедендiк тарифi - ҚР-ның
кедендiк территориасына әкелiнген және осы территориядан шығарылған
тауарларға қолданылатын кедендік баждар ставкаларының жиынтығы. Бұл
тауарлар ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметiнiң тауарлық номенклатурасына
сай жүйеге келтiрiлген және топтастырылған ҚР-ның сыртқы экономикалық
қызметiнiң тауарлық номенклатурасы Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымының мүшелерi
елдерiнде пайдаланылатын тауарларды кодтау және бейнелеудiң үйлесiмделген
жүйесiне негiзделiп жасалған
Қазiргi уақытта тарифтiк шараларды қолдану сферасы мен мақсаттары
импорт пен экспорт бойынша айрықшаланады. Кейiнгi тарифтiк шаралардың
ауыртпалық орталығы импортты реттеу мен экспортқа шектеулерді қысқарту
механизiмдерiн этаптар бойынша өңдеу, экспортты мемлекеттiк қолдау жүйесiн
құру жағына қарай өзгеруде. Қазiргi экспортты реттеу шараларын уақытша деп
қарастыру керек. 
Сонымен, кедендiк тариф - бұл нарықтық экономика жағдайында сыртқы
экономикалық қызметтi ретеудегi маңызды құрал болып табылады. 


Тарифтiң - бұл оның тауарлық номенклатурасы, кедендiк құнды aнықтау
және баждарды салу әдiстемесi, оларды жүргiзу механизмi, өзгерiстер мен
жоюлар кедендiк-тарифтiк реттеу облысындағы атқарушы өкіметтің қызметiнiң
шектерiн анықайтын нормалар, тауардың шығу елiн анықтау ережелерi.
Кедендiк тариф, Қазақстанның импорттық саясатының басымдылықтарын
көрсете отырып, импорттық құрлымның оптималдау және валюта шығындарын
рацианалдау үшін жасалған тауарлар немесе тауар топтамалары бойынша
баждардың көлемiне байланысы кедендiк тариф не отандық өндiрiстi шетелдiк
бәсекелестiктен қорғауға, не отандық және шетел өндiрiсiнiң арасындағы
бәсекелестiкке мүмкiндiк жасайтын жағдайларды құруға жасалады, сонымен
қатар oтaндық өнімнің бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бередi.
Бұдан басқа кедендiк тариф сыртқы экономикалық қызметтiң жаңа нысандарын
дамытуға, елдің экспорты оның өнімнің импортерларына әр түрлі мақсатты
жеңілдіктер үшін жасалған. 
Нарықтық экономика жағдайында және СЭҚ либерализациялауда
кедендiк баждар СЭҚ-тің маңызды экономикалық реттеушiсi болады. Кедендiк
баждар көмегімен мемлекет тауарларды әкелу немесе шығаруды қолдауға
немесе оларды шектеуге, отандық тауарлар өндiрушiлердiң тауарларын басқа да
ұқсас тауарлардың шетел бәсекелестерiне бiрдей тепе-тең экономикалық,
ғылыми-техникалық, экологиялық, валюта-қаржылық жүргiзуге СЭҚ
субъектiлерiнiң қызметiн жалпы мемлекеттiк, ұлттық мүдделерге бағыттауға
мүмкiндiгi бар. 
Тарифтi саясатты қолдану тиiмдiлiгi туралы көптеген көзқарастар бар.
Экономикалық саясат құралы ретiнде тарифтi қолданудың қарсыластары
тарифке қарсы бiрқатар дәлелдер келтiруде: 
1. Тарифтер экономикалық өсудi тежейдi; 
2. Тариф - тұтынушыларға салықтық ауыртпалықты ұлғайтады; 
3. Импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде елдiң
экспортына нұқсан келтіреді; 
4. Тариф жұмыстылықтың жалпы деңгейiнiң қысқаруына әкеледi; 
5. Тарифтердi бiр жақты енгiзу көп жағдайда сауда соғыстарына әкеледi. 
Ал тарифтердi жақтауға мынандай дәлелдер келтiрiледi: 
1. Тариф - жас салаларды қорғайды; 
2. Тариф - жергiлiктi өндiрушiлердi ынталандыру құралы; 
3. Тариф - бюджеттiк түсiмдердiң маңызды көзi; 
4. Тариф - ұлттық қауiпсiздiктi, елдiң халықаралық беделiн қорғайды. 
Кедендiк тарифтер көп түрлiгi және орындайтын мәселелерi бойынша
мүмкiндiгiне байланысты экспорт-импорт мәмiлелерiн реттеуде өте кең
қолданылады. Көбiнесе импорттық баж салықтары протекционистiк шара
ретiнде пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсiмдердi ұлғайтуға,
дамыған елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады. 
Баж бағалық категориялар санына жатады. Бұл әр тауар бойынша бажды
негiздеуге, олардың ұлттық және әлемдiк шығындар мен бағалар арасындағы
үйлестiрудi, тұтынушының параметiрлерi мен тауардың сапасын есептеуде, т.б.
жеке бағытты алуды талап етедi. Өткен кездегi әкелу баждары анықтаған кезде,


яғни 19 ғ. жене 20 ғ. басында фискалдық бағыт болды. Баждар жоғарғы
деңгейде анықталды және мемлекеттiң табыс көздерiнiң маңыздыларының бiрi
деп қарастырылды. Сонымен бiрге бұл ұлттық экономиканы ағылшын
тауарларының eнуінен қорғаудағы мәселенi шешуге мүмкiндiк бердi, себебi
Англия басқа елдерден бұрын өнеркәсiптiк революция жолына түсті, оның
өнімі жоғары революция жолына түсті, оның өнімі жоғары бәсекелестiк
қабiлеттi болды және көбiнесе Европа мен Америка елдерiнiң тауарларынан
асып түсті. 
20 ғасырда кедендiк баждардың төмендеу тенденциясы, мемелекеттiң
табыстарын қалыптастырудағы оның рөлiнiң әлсiреуi байқалды, бiрiншi орынға
олардың реттеушi функциясы шығарылды, ал ол өз кезегiнде импорттық
тауарларды әкелуге шектеу қоюға немесе рұқсат бермеумен шектелген жоқ.
Кедендiк баждардың ставкаларын тауарлы топтар мен әр өнiмдi оның
импортындағы қажеттiлiктi, ұлттық және әлемдiк бағалардың деңгейiн ескере
отыру бойынша детальдi дифференциялау қажеттiгi өсті.
Кедендiк баждардың мұндай дифференциясы оны ғылыми негiздеудi осы
дифференцияны анықтайтын объективтi факторларды оқып бiлудi талап eтті. 
Кедендiк баждардың ставкаларының төмендеуi мен оның әр тауар
топтары мен әр өнім бойынша дифференциялауын күшейту тенденциялары
объективтi факторлармен негiзделдi. Халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң дамуы
протекционизмдi әлсiретудi қажет eттi. Ұлттық экономикалардың мамандануы,
соның ішінде пәндік, деталдық және технологиялық, елдердің сыртқы
экономикалық саясатын тауардың тобы, түpi бойынша және технологиялық
кезеңдері бойынша, кедендiк баждарды өнім мен өнім топтары бойынша оларға
әсер eтетін сыртқы және ұлттық жағдайларды ескере отырып негiзденудегi
дифференцияны талап eттi. Бұл проблеманы шешу тек дифференцияланған
рента мен бағаның жалпы теориясының позициясынан ғана мүмкін, яғни
баждарды интернационалды дифференциалданған рента түрінде қарастыру
керек. 
Халықаралық өндiрiстiк шығындар профильдi, маманданған өнiмнiң
ұлттық өндiрiстiк шығындар негiзiндегi бәсекелестiк күресте қалыптасады. Бұл
өнiмдi әлем нарығына әкелушi негiзгi өндiрушiлер өндiрiстiң табиғи
жағдайлары, орналасқан жерi, кадрлардың оқу және профессионалды
дайындығы, техниканың деңгейi, өндiрiстi ұйымдастыру мен технология
деңгейi облысында басымдықтары бар елдер болып табылады. Жоғарыда
басымдылықтаp маманданған өнім өндiрiсiндегi ұлттық шығындардың төменгi
деңгейiн, басқа да бiрдей жағдайларда өнiмнiң экспортерлары болып
табылмайтын елдердiң ұлттық нарығында өткiзiлетiн өнiмнiң аналогты
түрлерiнiң бағалары мен ұлттық шығындарын салыстырғанда ұлттық және
әлемдiк бағалардың төмен деңгейiн қамтамасыз етедi. Осы ұлттық және
әлемдiк шығындар мен бағалар арасындағы айырмашылықтаp кеден
баждарының қалыптасуының объективтi негiзi болып табылады. 
Баға мен дифференциалданған рентаның жалпы теориясының
позициясынан қарағанда, кеден баждарының экономикалық табиғатын


түсiндiруге, олардың функцияларын анықтауға, олардың caндық негiзiнiң
принциптерi мен әдiстерiн нақты қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. 
Әкелу баждары ұлттық бағалар динамикасы мен деңгейiне, iшкi өндiрiс
жағдайына сыртқы экономикалық қызметтерден келетiн мемлекеттiң
табыстарының деңгейiне ықпал етедi. Баждар деңгейi ұлттық бағалар деңгейiне
тiкелей әсер етедi және олардың арасында тура пропорцианалдық байланыс
бар: баждардың төмендеуi iшкi бағалардың төмендеуiне әкеледi, ал жоғарлауы
өcyiнe әкеледі. 
Кеден тарифтерiне қатысты, айтсақ олар ұзақ мерзiмдiк болашақта
айтарлықтай рөл атқармайды, бiрақ сауданы либерализациялаумен байланысты
қысқа мерзiмдi жоспарда пайданың көзi ретiнде маңызды рөл атқарады.
Сонымен бiрге импортқа тарифтер құрылымы бiрқатар критерилерге жауап
беру керек: 
• тарифтер контрабанданың пайда болуына әкелетiндей соншалықты
жоғары болмауы керек немесе өте дифференцияланған болмауға тиiс, өйткенi
бұл iшкi салалардың қорғанысының бұрмалауына әкеледi; 
• тариф деңгейi басқа салықтармен бiрге бағдарланып, олардың әрбiр
салықтық бюджет табыстарына қажет салымдардың жалпы көлемiн анықтауғa
болады; 
• қысқа мерзiмдi табыстарға деген қажеттiлiктi қанағаттандырылғаннан
соң бюджет тапшылығы бақылау үшiн және басқа да орта мерзiмдi және ұзақ
мерзiмдi жоспардағы салықтардан аз теуелдi болуды қамтамасыз ету үшiн
тарифтердi бiртiндеп қысқартады. 
2) Бұл операцияларды сауда делдалдары өз атынан және өз есебінен
жүзеге асырады. Мұнда сауда делдалы келісімдегі тауарды экспорттаушының
да, оны соңғы сатып алушының да жағы міндетін атқарады, құнын төлегеннен
кейін ол тауарды меншіктенушіге айналады.Қайта сату операцияларының екі
түрі бар:
1. Сауда делдалы экспорттаушыға қатысты алғанда тауарды сатып алу-
сату келісімі негізінде оны сатып алушы ретінде міндет атқаратын операциялар.
Делдал тауарды меншіктенушіге айналады, оны өз білгенімен қай нарықта да,
қандай да бағамен сатуына болады. Мұндай делдал мен экспорттаушы
арасындағы қатынас сатып алу-сату келісімі бойынша жақтар өз міндеттерін
орындағаннан кейін тоқтатылады.
2. Келісім бойынша сатушы деп аталатын, сауда делдалына экспорттаушы
құқық беретін операциялар. Ондай операцияларға сатуға құқық беру туралы
келісім негізінде тауарды белгілі жерде, келіскен уақыт ішінде сатады.
Келісімде тауарды белгілі жерде сатуға жақтардың өзара қатынасын реттейтін
тек жалпы шартты көрсетеді. Мұны орындау үшін екі жақтың сатып алу-
сатудың жеке контрактілерін жасайды. Онда жеткізетін тауардың саны, сапасы,
бағасы, жеткізу шарты, төлем амалы, есептеу түрі, төлем мерзімі, сапа
кепілдемесі, жарнама беру тәртібі белгіленеді. Келісім бойынша сатушыны әр
елде әр түрлі атайды: дистрибьютер, өз есебінен сауад жасаушы, концессионер
тағы басқалар.


Келісім бойынша делдалдық сауданың бағыттары мыналар:
- белгілі жерде экспорттаушыдан соңғы тұтынушыға тауар жүргізеді;
- сатылған тауарларға техникалық жағынан қызмет көрсетеді;
- қосымша бөлшектермен қамтамасыз етеді;
- экспорттаушымен жасалған келісім-шартты сақтайды;
- өз атынан және өз есебінен шетел контрагенттерінің тапсырыстарын
өндірушілерде орналастырады;
- қойма жұмыстарын ұйымдастырады, тұтынушыға жеткізеді;
- тауар үлгілерін көрмеге шығарады, жарнама жасайды.
Бұл операцияларды комитент деп аталатын басқа жақтың тапсыруы
бойынша комиссионер деп аталатын бірінші жақ өз атынан, бірақ комитент
есебінен жасайды. Комитент және комиссионер арасындағы өзара қатынасты
комиссия келісімімен реттейді. Осыған сәйкес:
- комиссионер комитенттің тауарын сатып алмайды, тек тауарды комитент
есебінен сатып алу-сату мәмілесіне келеді. Соңғы тұтынушының иелігіне
бергенше тауар комитент меншігінде қалады;
- тауарды комиссионерлер арқылы сату көбінде комитент тауарларын
комиссионерлер иелігіне беруге байланысты, сөйтіп тауар оның меншігі болып
қалады;
- комиссионер елегіндегі сату үшін оған комитенттен жіберілген тауар
комитенттің меншігі болып есептеледі. Комитент үшін комиссионер сатып
алған тауар да осымен бірдей. Мұндай тауар кездейсоқ бүліну, жоғалу
тәуекелдігі, екі жақтардың басқа келісімі болмаған жағдайда комитентте
сақталады. Бірақ, комиссионер оған жүктелген тауардың сақталуын
қанағаттандыруға байланысты барлық шараларды қолдануға міндетті. Оның
кінәсынан болып тауар жоғалған, бүлінген жағдайда оған жауап береді;
- комиссионер сатып алушымен сатып алу-сату келісімін өз атынан
жасайды, жеткізілген тауар төлемін одан өзі алады. Ол тек комитенттің
бақылауымен делдал болады. Сатып алушы үшін ол сатушы болып есептеледі.
Комиссия келісімінде комитенттің тауарын комиссионер сататын бағаны
анықтайтын тәртіп белгіленеді. Ол баға әдетте, тауардың әрбір бөлігіне қатысты
анықталады, онда ең аз мөлшердегі немесе ең жоғары мөлшердегі баға
белгіленуі мүмкін. Комиссионерге соңғы сатылу бағасын анықтайтын құқық
беріледі.
Келісімде баға жоғарлауы тауардың бәсекелік қабілеті төмендеудің
сылтауы болмайтындығы туралы келіседі.
- Комиссионер өзінің делдалдығы үшін комитенттен төлемақы алады, ол
келісімде көрсетіледі. Ондай төлемақы келісім сомасынан процентпен есептелуі
(10 пайыз) мүмкін немесе комитент көрсеткен баға және комиссионердің
өткізген бағасы арасындағы айырмамен анықталады.
Шетел сатып алушыларының комиссиялық тапсырмасы индент деп
аталатын түрде болады. Индент дегеніміз – бір елдің импорттаушысы басқа
елдің комиссионеріне тауардың белгілі бөлігін сатып алуға берілетін бір реткі
комиссиялық тапсырма. Бұл тапсырысты комиссионер өз елінің өндірушісіне
береді. Ол екі түрде болады.


Жабық индент дегеніміз – тауардың берілген бөлігін қандай өндірушіден
сатып алуға болатынын индент нақ белгілесе, тапсырылған тауар туралы
мәліметтер нақты болғанды атаймыз. Өндірушіні таңдау құқы комиссионерге
берілетін немесе тапсырыс берілген тауар туралы мәліметтер нақты болса оны
ашық индент деп атаймыз.
Комиссиялық операцияның бір түрі консигнация операциясы. Оларды
консигнатор деп аталатын бір жақ өз атынан, консигнант есебінен қоймадағы
тауарды сатуға берілген тапсырмалар арқылы жүргізеді. Консигнация келісімі
дегеніміз – бір жағы (консигнатор) басқа жағының (консигнант) тапсырысы
бойынша белгілі уақыт ішінде келісім төлемақысы үшін консигнатор еліндегі
қоймаға жеткізілген тауарларды өз атынан консигнант есебінен сататын келісім.
Өткізетін елде орналасқан қоймадан тауар сату жаңа нарықтар игеруді біршама
жеңілдетеді. Өйткені шетел сатып алушылары өздеріне қажетті тауар, заттарды
тек катологтар, прейскуранттар, ерекшелік көрсеткіштермен ғана емес, тауарды
көру, құрал-жабдықтарды жұмыста іске қосып байқау арқылы тікелей көріп
танысуды талап етеді.
Саудадағы агенттік операцияларды біржақ бұған тәуелсіз агент деп
аталатын басқа жаққа тапсырма беру, оның атынан ескертілген жерде тауар сату
немесе сатып алуға байланысты заңды іс жүргізу арқылы жасайды. Агент,
агенттік келісім бойынша анықталған өкілеттілігі шегінде қызмет жүргізуге
міндетті. Агент тек сатып алу-сату мәмілесін жасауға демеу болады, өзі оған
контрактының жағы ретінде қатыспайды, өз есебінен тауар сатып алмайды. Ол
агенттік келісім бойынша жүктелген жауапкершілік шеңберінде өкілі ретінде
ғана қатысады. Басқаша айтқанда агенттік келісім тауар сатуға құқық бермейді.
Агенттік операцияларды құқық жағынан реттеу әр елде әр түрлі болады.
Агенттік операциялар ды агенттік келісім деп аталтын көп жылдық келісім
негізінде жүргізеді. Агенттің тәуелсіздігі оның еңбек қатынасында еместігі, өз
қызметін белгілі төлемақы үшін өз бетімен жүргізуіне байланысты.
Әр түрлі елдерде агенттерді анықтауда принциптік айырмашылығы жоқ,
бірақ атаулары әртүрлі: мысалы Англияда агент немесе принципиал деп атайды,
ал Франция және Австрияда сауда өкілі немесе кәсіпкер деп атайды.
Брокерлік операцияларды делдал-брокер арқылы сатушы мен сатып
алушы арасында байланыс жасау арқылы жүзеге асырады. Брокер әр уақытта
заңды түрде нақты қызмет жасайтын делдал ретінде міндет атқарады. Олардың
мынадай ерекшеліктерін атап кетуге болады:
- брокердің қандай нақты қызметпен айналысатыны кімнің атынан іс
жүргізетініне байланыссыз болады;
- брокер еш уақытта келісімнің жағы болмайды, ол өз делдалдылығымен
жасалған келісім бойынша өзіне міндет алатын жақтардың назарында болуды
мақсат етеді. Оның агенттен айырмашылығы ол өкіл болмайды, жақтардың
ешқайсысымен келісімдік шартқа отырмайды, жеке тапсырмалар негізінде
қызмет жасайды;
- брокерде әрбір жеке келісім жасауға төтенше ерік беріледі, ол осы
еріктің қатал шеңберінде қызмет атқаруға міндетті. Мысалы, тауардың саны,
сапасы, бағасы туралы өз клиенттерінің көрсетулерін брокер орындауға тиісті;


- клиенттің талабы бойынша брокер оның атынан жүргізген барлық
операциялар туралы оған есеп беруге міндетті;
- брокерге оның делдалдылығымен жасалған контрактының орындалуын
бақылау, жарнама жасау, басқа да қызмет жайында тапсырма берілуге болады.
Әдетте, брокерлер белгілі тауар түрлерін сатып алу-сату бойынша
делдалдық операциялар жасауға мамандандырылады. Бұл дәстүр бойынша
биржалық және аукциондық тауарлар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет