Бағдарламасына сәйкес дамыту туралы



Дата30.06.2016
өлшемі69.53 Kb.
#167298
түріБағдарламасы



24.09.2013 173/23-V

Қаланың денсаулық сақтау

жүйесін «2011-2015 жылдарға

арналған «Саламатты Қазақстан»

бағдарламасына сәйкес

дамыту туралы
Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваның «Қаланың денсаулық сақтау жүйесін «2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына сәйкес дамыту туралы» баяндамасын тыңдап және талқылап, мәслихат сессиясы қалалық атқарушы органдар қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту және бәсекеге қабілетті елордалық денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру жөнінде нақты шара қолданатынын атап өтті.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық бағыттарын іске асыру мақсатында елордалық денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру, басқару мен қаржыландырудың түрлері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі жұмыс белсене жүргізілуде.

Астана қаласының тұрғындарына 28 ауруханалық пен 93 амбулаторлық-емханалық ұйым жоғары кәсіби медициналық көмек көрсетуде. Соңғы 3 жыл ішінде 4 денсаулық сақтау объектісі пайдалануға берілді, атап айтқанда 360 орынға арналған № 2 қалалық аурухана, 500 орынға арналған көпбейінді стационар, ауысымда 250 науқасты қабылдайтын консультациялық-диагностикалық емханасы бар 350 орынға арналған қалалық көпбейінді балалар ауруханасы мен ауысымда 500 науқасты қабылдайтын амбулаторлық-емханалық кешен. Қалалық денсаулық сақтау жүйесінде 2772 дәрігер мен 4809 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Соңғы бес жыл ішінде қалалық денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 1,5 есе өскен және бір қала тұрғынына 31 162 теңге жұмсалады. Қалалық денсаулық сақтау ұйымдары медициналық құралдармен 83 пайызға жабдықталған. Қаланың барлық медициналық ұйымдары ұлттық стандарттар бойынша аккредитациядан өткен. Астана қаласының 21 медициналық ұйымы шаруашылық жүргізу құқығына ие, үш медициналық ұйымда бақылау кеңестері құрылған, емханаларда электрондық кезек жүйесі енгізілуде.

Амбулаторлық үлгідегі жеке меншік медициналық мекемелерде мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы мемлекеттік-меншік серіктестік секторының ауқымы кеңейтілуде.

Негізгі әлеуметтік мәні бар ауру мен жарақат түрін диагностикалау, емдеу мен оңалтуды жетілдіру жөнінде тиімді шара қолдануда. Астана қаласында 2013 жылға қарай 69,5 жыл деген жоспарлы көрсеткішті алғанда 2012 жылдың қорытындылары бойынша тұрғындардың орташа өмір сүру жасы 73,3 жыл болып отыр. 2012 жылдың осындай кезеңін алғанда балалардың туу көрсеткіші 8,4 пайызға өсіп, жалпы өлім көрсеткіші 6,2 пайызға, балалар өлімі 1,2 есе, обыр пайда болу аурулары 12 пайызға төмендеді. Туберкулезге қарсы қызметін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөнінде жүргізілген кешенді іс-шаралар аталған ауруға шалдығу көрсеткішін 15,6 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Қалалық инсультке қарсы орталығы тиімді жұмыс істеуде. Интервенционалдық пен кардиохирургиялық қызметінің белсенділігі байқалады, 2013 жылдың алты айы ішінде ашық жүрекке 160 кардиохирургиялық ота жасалды.

Қоғам денсаулығын қорғау мен нығайту мәселелерінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі артуда, бұл бағытта мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар мен қалалық қоғамдық күш-жігерін қосып қызмет етуде. Астана қаласының әкімдігі жанында Денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңес пен Емделушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес, салалық клиникалық кеңестер және ана мен бала өлімін қысқарту жөніндегі штаб жұмыс істейді. Үкіметтік емес сектормен бірлесіп денсаулық сақтау үшін өзекті тақырыптар бойынша әлеуметтік тапсырыс жүзеге асырылады. Медицина кадрларын даярлау мәселелері бойынша «Астана медицина университеті», «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамдарымен және Инновациялық-білім беру консорциумімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қызмет белсене жүзеге асырылуда.

Астана қаласында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жетілдірілуде. Қала аумағына карантиндік пен ерекше қауіпті жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының, аурухана ішінде жұқпалы аурудың пайда болуының, қаланың медициналық ұйымдарында В және С түріндегі гепатитке емделушілер шалдығуының алдын алу жөнінде мақсатты жұмыс жүргізілуде. Ұйымдастырылған ұжымдарда балаларды тамақтандыру қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Астана қаласы мәслихатының сессиясы негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің оң үрдістеріне қарамастан, Астана қаласының денсаулық сақтау жүйесінде айтарлықтай проблемалар бар екендігін атап өтеді.

Мысалы, амбулаторлық-емханалық бөліктің қызметін жақсарту қажет. Кезекте ұзақ уақыт күту, кейбір мамандардың қабылдауына жазылу қиындығы, зертханаларда анализ тапсыру уақытының шекті болуы қала тұрғындары жиі көтеретін мәселелер.

Қала тұрғындарын скрининг арқылы тексерумен қамту көрсеткіші де төмен. Ұлттық скрининг жүргізу бағдарламасын іске асыру барысында тексеруден өткен тұрғындардың үлестік салмағы жоспар бойынша тексерілетін тұрғындарға қарағанда 40-58 пайызды құрайды. 2013 жылдың І жартыжылдығының қорытындылары бойынша ана өлімі көрсеткіші 2 есе өскен, сүт бездері обырынан өлу көрсетікші 5,6 пайызға, асқазан обырынан өлу көрсеткіші 1,8 пайызға өсті.

Соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға үйде медициналық көмек көрсету, сондай-ақ осы мақсатта мамандандырылған санитарлық автокөлік сатып алу үшін қосымша қаржы қаражаты қажет. Қарттарды емдеу мен медициналық оңалту үшін денсаулықты қалпына келтіру орталығы мен арнайы күтімді талап ететін және де госпитализацияға жатпайтын науқастар үшін қажетті медициналық-әлеуметтік мекеме ашу мәселесі өзекті болып табылады.

Қалалық денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базасын одан әрі жетілдіру қажет. Қала тұрғындарын медициналық көмекпен қамту үшін 2020 жылға қарай саны 250 000 адамға көмек көрсететін қосымша 4 амбулаторлық-емханалық кешен мен 4 алғашқы көмек көрсететін медициналық-санитарлық орталық салыну тиіс. Мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымдарын салу қажет, соның ішінде жұқпалы аурулар ауруханасы, паталогоанатомиялық бюро, медициналық колледж, балалар денсаулығын оңалту орталығы, желілік қызмет көрсету үшін Онкология диспансерінің қосымша салынатын орын-жайы, жедел медициналық көмек станциясы мен қосалқы станциялары. Қала шетінде, Өндіріс, Көктал, Қараөткел тұрғын алқаптарында тұратын адамдар үшін медициналық қызмет көрсету мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.

Медицина кадрларының жетіспеушілігі мен біліктілігі өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Медицина ұйымдарының медицина қызметкерлеріне деген тапшылығы 2 970 маманды құрайды, соның ішінде - 1 200 дәрігер. Салада кадрлар тұрақтамауының себебі олардың әлеуметтік мәселелерінің шешілмеу, соның ішінде баспана жоқтығы мен төмен еңбекақы. Дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың жеке меншік, ведомстволық пен республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарға кету үрдісі байқалуда. Оның себебі 43,7 пайызға құрайтын медицина қызметкерлері санатының төмен деңгейі.
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына сәйкес дамыту туралы» баяндама назарға алынсын.


2. Астана қаласының әкімдігіне, денсаулық сақтау, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және тұрғындардың жеке және қоғамдағы жалпы денсаулығы көрсеткіштеріндегі сапалы оң іс-қимылдарға қол жеткізу үшін:

«2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру үшін толық көлемде қажетті шара қолдану. Инновациялық, жоғары технологиялы медицинаны одан әрі дамытуды жетілдіру, тең қол жеткізу шартымен елорда тұрғындарына білікті, жоғары кәсіби көмек көрсету. Қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды бақылау мен жақсарту;



құрылысы жоспарланған медициналық объектілерді салу мен уақытында пайдалануға беруді, елордалық денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеп жатқан ұйымдарының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтуды, олардың аумағы мен кіреберіс жолдарын абаттандыруды қамтамасыз ету;

соғыс ардагерлеріне әлеуметтік пен медициналық көмек көрсетуді, қарттардың денсаулығын медициналық оңалтуды тұрақты түрде жетілдіру. Жазылмайтын, ауыр науқасты және жалғыз басты науқастарды күтуді, қолдау мен көмек көрсетуді жүзеге асыру үшін хоспис ауруханасын ашу мәселесін зерделеп қарастыру;

медицина қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру мақсатында қаланың денсаулық сақтау ұйымдарында әлеуметтік көмек шараларын көздеу. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері үшін шағын отбасылық жатақхана салу мәселесін қарастыру ұсынылсын.
3. Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына:

озық халықаралық іс-тәжірибе мен қазіргі заманғы технологияларды, аурудың алдын алу, диагностикалау, науқастарды емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін зерделеу мен енгізу, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі салааралық ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі қызметті тұрақты жетілдіру;

ұлттық скрининг бағдарламасын толық көлемде іске асыруды жүзеге асыру;

өз денсаулығы үшін азаматтардың бірлескен жауапкершілігін арттыру мақсатында Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі орталықтың қызметін жандандыру. Денсаулықты нығайту үшін жүргізілетін қажетті іс-шаралардың сапасын, аурулардың алдын алуды, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану әдісін қалыптастыруды жақсарту;



әлеуметтік маңызы бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін ауруларды анықтау үшін бастапқы кезеңде барлық тұрғындардың денсаулығын алдын алу тексеру жұмысын жақсарту ұсынылсын.
4. Ішкі саясат басқармасы әлеуметтік роликтер көрсету мен медициналық тақырыптағы телерадио бағдарламаларды шығаруға мемлекеттік тапсырысты арттыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін жандандыру ұсынылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы Е. Сыдықов
Астана қаласы

мәслихатының хатшысы С. Есілов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет