Өскемен қаласы әкімдігінің «Көпбейінді № 3 мектеп - гимназиясы»КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ТӨЛҚҰЖАТ
Мекен-жайы: 070004,Қазақстан Республикасы,Шығыс Қазақстан облысы,Өскемен қаласы, Крылов көшесі,35
Басшы: Акитбаев Есім Тұрысбекұлы
Телефон: 8 (72-32) 25-36-18 (қабылдау бөлмесі)
Ақпараттық анықтама:
«Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» 1979 жылы салынған. Мектеп ғимараты-типтік.
Сыйымдылығы -1568 орын.
Жалпы көлемі-38306 кв.м
Жұмыс ауданы-7914,4 кв.м, бір балаға-4,2 кв.м.
Сыныптар саны: 49 жинақталған-сынып;
01.01.2013 жылға оқушылар саны.: оқушы;
Педагогикалық қызметкерлердің саны: 94;
Қызмет түрі: білім беру.
Мектептегі мұғалімдер саны: 94
Жоғары біліммен- 76
Жоғары санатты- 62
Бірінші санатты - 39
Материалдық – техникалық базасы
Оқу кабинеттері – 46
Спорт залы – 2
Шеберханалар – 3
Компьютерлік сынып- 3
Интерактивті тақта – 11
Асхана (отыратын орындар) - 297
2004 жылдан бастап мектептің аты Өскемен қаласы әкімдігінің «Көпбейінді № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өзгертілді.
Мектеп қызметінің негізіне он екі жылдық білім беруге көшу кезіндегі білім берудің жаңа үлгісі салынды, 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің Концепциясын дамыту, Қазақстан Республикасының он екі жылдық орта білім беру Концепциясының жобасы, 2011-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім берудің мемлекеттік бағдарламасын дамыту, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі іс-шара барысындағы Өскемен қаласының білім беру бөлімінің ұсынысы.
Мектептің болашақ жоспарын дамыту негізінде және педагогикалық ұжым қызметінің негізгі белгілерімен және нәтижелерімен таңдап алған стратегиясы білім беру қызметі нарығында, еңбек нарығында және мектептің беделі мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мектеп бітірушінің талап етуі, оқушылармен мұғалімдердің жеке және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту болды.
Мектептің басты міндеті – әрбір оқушыны лайықты біліммен қамтамасыз ету, нақты айтқанда: қазіргі әлемде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру және дамыту.
Көпбейінді № 3 мектеп - гимназиясы басқа мектептерден айырмашылығы – оқушыларды бейініне қарай білімді таңдау мүмкіншілігі. Жоғары сыныптарда бейіндік оқыту 2 бағытта жүргізіледі: жаратылыстану – математика және гуманитарлық. Бейінді оқытудың мәні: оқушылардың келешекте мамандықты дұрыс таңдауға септігін тигізеді.
Төрт мектепалды даярлық сыныптары қызмет көрсетуде. Кішкентай оқушылармен жұмыс істеу мақсатымыз – бұл 1 сыныпқа түскен кезде барлық балалар үшін біркелкі бастау сәтінің мүмкіншіліктерін құрып, өз шешімін қабылдау қабілеті бар, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиеленушілері үшін барлық жағдайлар жасалған: қажетті оқу және ойын материалдарымен жабдықталған бөлек сынып бөлмелері бар. Оқитын орын (оқу аймағы), демалатын орын бар (табиғат бұрыштары). Күннің екінші жартысында барлық тілек білдіретіндер ұзартылған күн тобына қалуларына болады. Мектепалды даярлық сыныбында үлкен жұмыс өтілі бар, тәжірибелі тәрбиешілер жұмыс істейді.
Сондай-ақ мектепте оқушылардың «Дарын» кіші ғылыми орталығы қызмет етеді, мұнда оқушылар өздерін қызықтыратын проблемалардың жүйесінде жұмыс жасайды. Бұл оқушыларды зерттеушілік, шығармашылық қызметке тартып, балалардың аналитикалық, сын көзбен ойлауларын қалыптастырады, оларға зерттеуші болуға көмектеседі.
Мектепте 90 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде:
-88 (93 %) жоғары білімді;
- 46 (67%) – жоғары және бірінші біліктілік санатты;
- 34 (61%)мектепте 20 жылдан астам жұмыс істейді;
- 10 мұғалім мектеп – гимназияның түлектері.
Мұғалімдер өздерінің жұмыстарында оқыту мен тәрбиелеудің 20 инновациялық технологияларын (М. Жампеисованың модульдік технологиясын, В.Шаталовтың дидактикалық бірлігін ұлғайту, В.Давыдовтың, А. Элькониннің оқытуды дамыту технологиясын, Сыни тұрғысынан ойлау мен жазу және басқалардың саралау және жекешелендіру технологияларын) қолданады. Бұл әрбір оқушы үшін білім алуға қолайлы, тиімді және нәтижелі етеді.
Мектепте мына бағдарламалар жүзеге асуда:
-
ҚР «Білім беру туралы» Заңы
-
Мектеп алдындағы даярлық тұжырымдамасын жүзеге асыру бағдарламасы
-
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
-
Тәрбиенің кешенді бағдарламасы
-
12 жылдық бойынша білім берудің Мемлекеттік стандарттары (жоба)
Мектептің мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеудің 37 авторлық және бағдарламаларын құрды.
Мектепте: «Көп бейінді мектеп-гимназия жағдайында педагогикалық үрдіс субъектілерінің түпкілікті құзіреттіліктерін белсенді-әрекетті технологиялар негізінде дамыту» аттытақырыпта тәжірибе-экспериметтік жұмысы жүргізіледі.
Соңғы 3 жылда мектепті 208 түлек бітірді. Олардың 29 түлегі «Алтын белгі» иегері, 7-уі ерекше үлгідегі аттестатқа аяқтады.
2009 жылғы Ұлттық Бірыңғай тестілеу нәтижесінде «Мектеп бітірушілердің орташа балы жоғары болған. Республикадағы 100 мектеп» қатарына қосылды.
2011-2012 оқу жылында оқушылардың ҰБТ орташа балы 92% болды.
2009-2010 оқу жылы:
«Қазақ тілі пәнін қашықтықтан оқыту»2010» қалалық сайыста – бас жүлде;
«Ең үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі » қалалық сайыста – ІІ орын
«Ең үздік орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі » қалалық сайыста – ІІ орын
2010-2011 оқу жылы:
«Үздік портфолио» қалалық сайыста – І орын
«Үздік психолог» қалалық сайыста – ІІІ орын
2011-2012 оқу жылы:
«Жыл оқу ісінің орынбасары-2012» қалалық сайыста – І орын
«Жыл мұғалімі- 2012» қалалық сайыста – ІІІ орын
«Керемет сынып жетекшісі-2012» қалалық сайыста – бас жүлде
2012-2013 оқу жылы:
«Керемет сынып жетекшісі-2013» қалалық сайыста – ІІ орын
Достарыңызбен бөлісу: |