Тақырыптың өзектілігі



Дата02.01.2022
өлшемі65.4 Kb.
#452973
Документ Microsoft Office Word (3)


 КІРІСПЕ

 

Тақырыптың  өзектілігі.



Айналадағы орта адамның  өмірі мен тұрмысына тұрақты  әсер етеді. Қазіргі кездегі айналадағы орта, оның жағдайын жақсарту, табиғи байлықтарды  тиімді пайдалану маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Оның басты себебі – химия өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының басым қарқынмен дамуы, өнеркәсіпті индустрияландыру мен химияландыру, қалалардың өсе түсуі болып отыр. Осылардың салдарынан айналадағы ортаға шығарылатын қалдықтардың көлемі арта түсуде.

Атмосфераның түтін  және газ қоспаларымен ластануы адамдардың денсаулығына ерекше зиянды әсер етуде. Мұндай көрініс кейінгі кездері Қарағанды қаласының аспанында да жиі байқалып жүр. Ауа қосындыларының қозғалыссыз қалуының салдарынан түтін-бу-газ қоспасы қала үстінде тұрып алады. Бұл күн сәулесінің әсерінен әр түрлі улы газдарға ажырайды. Соның әсерінен тұрғындардың көз және тыныс алу ағзаларының науқастануына әкеліп соқтырады. Газбен қоса бөлінетін әр түрлі қышқылдар ғимараттар мен сәулеткерлік ескерткіштерге де зиянды залалын тигізеді.

Айналадағы ортаның  нашарлауына адамның өмірі мен  денсаулығын жақсартуға бағытталған  ғылыми-техникалық прогрестің де әсері  мол. Іштен жанатын қозғалтқыш, синтетикалық жуғыш заттар, пестицидтер мен медициналық дәрі-дәрмектер адамның қолайлы өмір сүруі үшін пайдаланылғанымен, оның кері әсерлері де толып жатыр.

Қала ішіндегі көліктер қуатты шуыл көзі екендігі белгілі. Сол  сияқты адамға өнеркәсіптік шуылдың да ықпалы аз емес, соның салдарынан  адамдар жүйке  жүйесінің науқастарына ұшырайды. Қан қысымының артуы көбіне кәсіпорын шуылының әсерінен болатындығы анықталып отыр.

Қазақстан Республикасының  экологиялық жағдайдың қиындай  түсуі айналадағы ортаның сапасын күн сайын бақылап отыру қажеттігін туындатады.

 

Курстық жұмыстың мақсаты



Қазақстан Республикасының  экологиялық мәселеріне қарастыру.

 Курстық жұмыстың негізгі міндеттері

- Қазақстан жеріндегі   экологиялық мәселелердің аспектілеріне  талдау жасап,  экологиялық апаттардың ауыр салдары мен зардаптарын қарастыру

        -ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау аймағындағы заңдылықтарының принциптерін, экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық мақсаты мен міндеттерін көрсету.

Курстық жұмыстың құрылымы

 Қазақстандағы жер үсті сулар қоры туралы курстық жұмыс 2 тараудан тұрады, қорытынды және 15 пайдаланған әдебиеттер тізімі тіркелген.

 

1 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ



                            1.1 Қазақстан экологиясына қысқаша  сипаттама

 

Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, "экология" пәнін бала бақшалардан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз. 


Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді. 
      Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. 
Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда жылына стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т.  зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен.

Кейінгі кездерде  Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. Мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардың кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп те жүр.

Атмосфераны ластағыш заттардан  бір ғана мультипликатор - қорғасын ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын - политропты у. Оның организмдегі азғантай ғана концентрациясы, органдар мен тканьдарды, қан жүйесін, орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдап, бүлдіреді. Қорғасынның жоғары мөлшері - Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа құрамында байқалады. Шашқа жасалған спектральды анализ мәліметтері бойынша, бұл қала тұрғындарында, қорғасын мөлшері ең жоғары, яғни шекті мөлшерден 6 есе көп болып шықты. Қорғасынның бірқатар мөлшерін тұрғындар су, азық-түлік өнімдері арқылы қабылдайды. Сондықтан да болар, шығыс қазақстандықтардан ақ қан ауруымен науқастанғандардың саны көбейіп отыр. Тауар күйіндегі 1 тонна қорғасын алу үшін, 1000 тонна кенді қазып өңеуге, 5 тоннаға дейін бос жынысты қазып алуға тура келеді. Қазақстан полиметалл кендеріндегі қорғасынның концентрациясы 0,32 мен 0,8 % аралығында. Бұл көрсеткіш ең бай кен көздері үшін, 1,5/2,5%. Қалдық сақтағыш қоймаларда жинақталған уақытына байланысты, өндіріс қалдықтарындағы қорғасын мөлшері 0,4%, 0,7 %, кейде 1,5 %-ға дейін жетеді. Осыған орай, бұл техногенді қалдықтар ұзақ уақыт жатқан сайын, олардағы микроэлементтер зияндылығы қоршаған орта үшін арта түсері де сөзсіз. Жалпы, бүгінгі күнге дейін, Қазақстаңдағы түсті металлургия кәсіпорындарының техногенді қалдықтарының мөлшері,  астрономиялық  цифрларға  жетіп  жығылып отыр: 9,139 млрд тонна. Республика бойынша қалдықтардың 16,5%-ы шығыс Қазақстан экожүйесінің үлесіне тисе, бір ғана "Жезқазған түсті металл" өндірістік бірлестігінде - 13,5% қалдық қордаланған (912046 млн.т), ал "Соколов-Сары-бай"өндірістік бірлестітінде қалдықтардың 42,9%-ы жинақталған.

Республикадағы жұмыс  істеп тұрған кәсіпорындардың тазалау  қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30%-дан аспайды. Өндіріс сарқынды, шайма және қолданылған суларынының  әсерінен, Ертіс, Орал т.б. өзендерінің  суы, зияндылығы жөнінен нормативтік  көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен соң ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, бұл су көздерінің "есте сақтау қабілеті" де зақымданған. Қазіргі экожүйені қалыптастыру, ғылым мен техника жетістіктерін өндіру, осы мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай.

Жер және минералды шикізат  ресурстары, ауыл шаруашылық алқаптары, тозудың аз-ақ алдында десе де болады. Бұл айтылғандарға, үлкен аумақтардағы жер дефляциясы дәлел бола алады. Суармалы жерлердегі құнарлылықтың төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы, Қазақстан далаларының егіс алқаптарында жиі байқалып отырған құбылыс. Ал, табиғатта қалыңдығы 5 см гумус қабатын жинау үшін жүздеген жылдар қажет болса, аридті климатты аймақтар үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні анық. Топыраққа рекультивация жасау да қымбатқа түсетін іс-шара: 1 га үшін 300 мың теңгеге дейін, кейде онан да көп шығын жұмсалады. Мұның тағы бір зияны, экожүйенің микроклиматы енді қайтып орнына келмейтін күй кешеді.

Пайдалы қазбалардың  ішінен, республикаға, әсіресе ең максималды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден - қорғасын, хром оксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйіңде басқа елдерге жөнелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұймның тиімділігін солар көріп отыр. Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін орындардың маңындағы зиянды қалдықтар мен бүлінген су, ауа, топырақ әсерлері. Қоршаған   ортаның,    Республикамыздағы   халықтың науқастануына тигізер әсері 60% шамасында. Ол әсіресе, мұнай, тау - кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық ауру түрлерінің өршуіне ықпал етуде.     

 

1.2 ҚР-сында қалыптасқан экологиялық апат аймақтар



 

Каспий - жер шарындағы басқа мұхиттармен, теңіздермен тікелей де, не бұғаз каналдармен тікелей байланысы жоқ, тұйық су көзі. Бұл тұрғыдан оны көл қатарына жатқызады. Ал,көлеміне,даму тарихына,физикалық-географиялық даму сатыларының сипатына қарағанда теңіз қатарына жатады. Сондықтан Каспий жағалауындағы 5 мемлекет: Ресей Федерациясы, Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан республикалары мен Иран мемлекеті Каспийді не көл, не теңіз деп атап келеді. Каспий теңізі бұдан 1,5 миллион жыл бұрын дүниежүзілік мұхиттардан бөлініп қалған, содан бері оның көлемі бірнеше өзгерген.  

Каспий теңізі-өзіне  құятын өзендермен қоса алғанда ішкі сулардың ішінде балық шаруашылығы  жөнінен ерекше орын алатын су көзі. Бекіре тұқымдас балықтардың дүниежүзілік қорының 90%-н ала отырып, оның өнімдерін ішкі және сыртқы базарларға шығарады. Тұщы суда өсетін қара балықтарды аулау дүниежүзінде бірінші орын алады.

Каспий теңізінде балықтар қорының азаюына бәрінен бұрын адам әрекеті үлкен зиян келтіреді. Бекіре тұқымдас балықтардың қорының азаюына өзендерде су электр станцияларын, бөгеттер, су қоймаларын тұрғызу, өзен мен теңізді ластау, аяғында жаппай етек алған броконерлік үлкен зиян тигізіп отыр. Қазіргі кезде бекіре тұқымдастар құрып кету қаупінде. Қазақстан Республикасының үкіметі балық қорын қорғау, оның ұлғайту жөнінде шараларды қолға алуда.

  Итбалықтардың қырылу себептері. Каспий теңізі итбалығының тұқымы шектеулі. Теңізде итбалық солтүстік шығыстан оңтүстікке дейін жайылған. Еділ өзеніне  Волгоград қаласына дейін, Жайық өзеніне 200 шақырымға дейін кіреді. Жыл мезгіліне қарай итбалық орын ауыстырып отырады. Күзгі, қысқы айларда терістікке шоғырланады. Итбалық сүтқоректі жануар, ол баласын емізеді, баласы қыстың қаңтар, ақпан айларында мұз үстінде жатады, ақпан айының аяғына таман суға түсіреді.Осы цикл жылма-жыл қайталанып отырады. Итбалық аулаудың бірнеше ғасырлық басында 115 мың басқа дейін итбалық ауланған, қазіргі мезгілде сан жағынан да, мезгілі жағынан да шектелген, себебі қоры азайды. Оның басты себебі теңіз суының ластануы. Соңғы жылдары, итбалықтың өсуі, таралуы қолайсыз жағдайға қарай өзгеріп бара жатыр. Күшіктерінің өлуі көбейген, өткен 2006 жылы мыңдаған ірі итбалықтың өлгені тіркелсе, 2007 жылы наурыз, сәуір айларында оның саны 600-ден асып кетті. Теңіз суының мұнаймен былғануына итбалықтар ауруларға, оның ішінде жұқпалы ауруларға шалдығады. Итбалықтардың қырылу себептері әлі белгісіз,тек улы газдармен уланған деген тұжырым бар.

Каспий аймағының соның  ішінде Атырау облысының топырағы негізінен  қоңыр топырақты болып келеді. Каспий аймағының топырағы әртүрлі  дәрежеде ластанған. Көп жағдайда топырықтың ластануы мұнай химиясы, мұнай өңдеу  өндірісінің, өндіріс орындарының, транспорттың әсерінен болып отыр.

Каспий суының жылдан жылға ластана түсуі ондағы балықтардың  жағдайына әсер етеді. Теңіздің ұзақ уақыт мұнайдың, ауыр металдардың, фенолдың аздаған мөлшерімен ластануы балықтарға ерекше қауіп туғызады. Себебі, балық  организмі судағы лас заттарды өз организміне жинақтағыш болып келеді.   

Экологтарды ғалым-ихтиологтарды  қазір алаңдатып отырған мәселе- Солтүстік-Шығыс Каспий қайраңынан мұнай мен газдың өндірілуі болып  тұр.

        Арал теңізі – жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл. Геологиялық тарихына қарағанда,  Каспий теңізінен едәуір жас. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогеннің аяғында алғашқы рет суға толған. Сол кезде Әмударияның ескі арнасы арқылы бірнеше рет Каспий теңізімен жалғасып, үзіліп отырған. Сөйтіп, қазіргі Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасында.

Арал теңізі суының көлемі жағынан Қазақстанда, тіпті бүкіл  ТМД елдерінде екінші, ал дүние  жүзінде төртінші орын алатын көл.1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит  деңгейінің 53 м биіктікте жатқан. Теңіз суы антропогендік әрекеттің нәтижесінде, шаруашылық мақсатына үздіксіз суды пайдалану барысында 2002 жылы теңіз деңгейі 20 м-ге төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзендер Сырдария 1974 жылдан және Әмудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды. Арал теңізінде ірілі-ұсақты 1100 аралдар тобы болатын, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылып кетті. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді.

Арал апаты - Арал теңізінің тартылуына байланысты. Оңтүстік Арал мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқр, қаяз, ақмарқа, алабұға) құрып кетті. Арал аймағынан жүздеген мың адам туып өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болады. Бұрын теңіз маңындағы мекендеген су құстары түгелге жуық Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (итбала қаз, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр т.б) құрып кетті. Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері –антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамиды. Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты.

Арал апатына себеп болған факторларға:



  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

  • табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл  өңірде соңғы мәліметтер бойынша  туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы  аурулар республиканың басқа  өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп тұр.  

Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. Арал тағдыры – адам тағдыры болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ  алдындағы борышы. 

Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Аумағы бойынша еліміздегі Каспий және Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Аумағы 501 мың км²  шамасында, ең терең жері 26,5 м. Балқаштың батыс бөлігіне – Іле, шығыс бөлігіне – қаратал, Ақсу, Лепсі және Аякөз өзендері құяды.

Балқаштың әлеуметтік - экологиялық  жағдайы жылдан жылға нашарлап барады. Оның негізгісі көлдегі судың  көлемінің кеміп бара жатқанында. Балқашқа құйылатын өзендер, жолшыбай ауыл шаруашылық қажеттеріне қолданылып отыр. Мысалы: 1970 жылдары Іле өзенінде салынған Қапшағай СЭС, Балқаш көліне құйылатын судың көлемін 20 пайыздан астам азайтты, осының салдарынан, көл жыл сайын кеміп бара жатыр. Өзендерден келіп жатқан судың аздығынан, көлдегі тұздардың мөлшері артып, қазіргі күнгі Балқаш көліндегі судың деңгейі 1,5 метрдей төмендеп кеткен. Балқашқа құятын – Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері арқылы келетін судың мөлшері де азайып келеді.

Балқаш көліне құятын өзен сулары, ауыл шаруашылық егіндерін  суаруға өте көп мөлшерде жұмсалуда, суарылуға қолданылатын судың бұдан әрі қарай өсетін болса, Балқаш көліне үлкен қауіп төнері анық.

Кезінде Балқаш көлі жағалауында: балық және аң аулау шаруашылығы, бау-бақша, егін және аң аулау шаруашылықтары жақсы дамыған болатын.

Балқаш экологиясы – Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында 20 ғасырдың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды.

Ішкі себеп - Қапшағай су электр станциясының салынуына байланысты (1970) Іле өзенінің арнасының бөгелуі. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады.

Сыртқы себеп - Балқаш алабындағы су қорының жартысына  жуығы Қытай мемлекетінің аумағында  қалыптасады. Бұл халықаралық деңгейде реттелетін мәселе.

Қазақстанның інжу-маржаны  саналатын Балқаш көлі экологиялық  апат алдында. Оның үстіне ғалымдар ғаламдық жылынудың салдарынан соңғы жылдары әлемдік мұздықтардың еріп, климаттың өзгергені байқалып отырғанын айтады. Осының әсерінен флора мен фаунаға бай көл маңы экологиялық дағдарысқа ұшырады. Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

Балқаш көлі аз уақытта  тартылып, Арал секілді тұзы бұрқыраған сорлы аймаққа айналып шыға келуі  ықтимал. Ал, бұл келеңсіздіктің алдын алу үшін Қазақстан мен Қытай өзара келісімге келіп, Іленің суына кедергі келтірмеулері керек. Әйтпесе, бүгінде тұзы талай жерге барып қалған Арал секілді тағы бір сор тек қазақ жерінің ғана емес, жер жүзінің экологиялық ахуалын нашарлатады.

Әскери полигондар. Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған т.б полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағдарламасында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды.

Полигондардың ішінде Семей  өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы. Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.

«Семей» ядролық  полигонының аумағы 18,5 мың км2. Полигон бұрынғы Семей облысы. Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Сынақ аймағында 1949-1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әр түрлі ядролық жарылыстар жер астында жасалды. Семей ядролық  полигонында ауада және жер бетінде сыналған ядролық зарядтардың қосындысы қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті.

1991 жылы 20 тамызда елбасының  бұйрығымен Қазақстан жерінде  атом қаруын сынау біржола  тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние  жүзінің қауымдастығы қуана қарсы  алды. Халықаралық деңгейдегі бұл  шешім «Семей – Невада» қоғамдық  қозғалысының жемісі болды.

Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда «Семей полигоны аймағындағы  тұрғындардың денсаулығын зерттеу  және сауықтыру шараларын ұйымдастыру» туралы маңызды құжаттар қабылданды. Ал полигондардың қоршаған табиғи ортаға тигізген зардабын жою проблемасы  халықаралық деңгейде жүргізілуде

Семей ядролық полигонындағы  жергілікті тұрғындарды медициналық  тексеруден өткізгенде тұқым қуалайтын  ауруға шалдығуына байланысты адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің арасында ерте қайтыс болу жиі кездесетіні анықталған. Сондай-ақ қатерлі ісік, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуына байланысты ауруға шалдыққандар көп.

1991 жылдың 29 тамызда Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Семей ядролық полигонын жабу» туралы жарлыққа қол қойды.

 

1.3 Апатты аймақтардың қоршаған ортаға, шаруашылыққа тигізетін



зардаптары  әсері.

 

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірсыпыра жерлері 50 жылға жуық «Капустин Яр» атты әскери полигоны болғаны кейінгі  кезде ғана халыққа белгілі болды. «Капустин Яр» және «Азғыр» әскери полигондарында жаппай қырып – жоятын жаңа қару – жарақты сынау жас келіншектердің бала туу қабілетінен айырып жібергені байқалады. Неге десеңіз, жас әйелдердің денсаулықтары адам айтқысыздай болып нашарлап кеткен. Осыған орай адамдардың өсу процесі тежеліп  қалған. Сол аймақтағы дүниеге келетін балалардың күрт азаюы экологияның әсерінен болып отыр деп ғалымдар тұжырымдайды.



«Осы аймақтағы келесі полигон –  «Тайсойған» полигоны – Қызылқоға ауданында 7500 км2 жерді алып жатыр. 1952 жылдан пайдаланып келе жатқан бұл аймақтағы полигон үш бөліктен тұрады.Полигондардың айналадағы ортаға қаншалықты әрекеті болғанын бүгінгі таңда нақтылап айту мүмкін емес. Полигондарға жақынырақ жерде тұратын адамдар арасында әртүрлі ауруға шалдығушылық байқалып жүр.

Аумағының үштен екісіне  дерлік әскери полигондар орналасқан Қызылқоға ауданы тұрғындарының  денсаулығы жөнінде соңғы кездері  статистикалық деректер де біраз  қолайсыз жайлардың бетін ашты. Мысалы, мұнда әйелдер арасында анемия ауруы көп тарап келгендігін аңғарамыз. Аналардың күні жетпей босануы, сәбилердің дүниеге кеміс болып келуі баршылық. Ауданда жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан адамдар саны азаймай отыр. Аурулардың ішінде бала көтеру мен босанудың қиындауы, үлкендер мен балалар арасындағы өкпе ауруы, рак біраздан бері бірінші болып келеді. 

Байқоңыр ғарыш  айлағы қазақ жерінде ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран  тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Байқоңыр ғарыш айлағындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан  Байқоңыр ғарыш айлағы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшырау мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатында көздейді. Байқоңыр ғарыш айлағы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептеледі.

Айлақ 1957 жылы Байқоңыр қаласында  салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 60 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран  ұшыратын қондырғылар бар.Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа-райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады. Сол себептен ауа-райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі –жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта көп өспейді. Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шаршы шақырым. Ғарыш айлағын салуға байланысты 20000 га жер шаруашылық айналымынан шығып қалған. Ол жерлер егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамды. Мұнда бұрынғы кезде малдар қысы – жазы өз аяғымен жайылып жата беретін еді. Зымырандардың қатты дыбысы малдардың, адамдардың зәресін алады.Бұл аймақта ерсілі-қарсылы соққан жел көп болады. Кейбір күндері күшті дауыл тұрып, жердің үстіңгі қабатындағы топырақтарды ұшырып әкетіп, қара боран туғызады. Осындай қара боранды күндері бір жылдың ішінде 20-25 күн болады. Қандай да болмасын, ұшырылған зымыран тасымалдаушылар апатқа ұшырауы табиғи құбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника, ешкімде апат болмайды деп кепілдік бере алмайды. Космос корабльдерін жасағанда, оларды космодромда ұшуға дайындағанда, бірнеше қателер кетуі мүмкін. Зымырандар жер бетінен 40-50 шақырым биіктікке көтерілгенде, бірнеше себептерге байланысты кенеттен апатқа ұшырап отыратын жайттар болады. Зымырандар апатқа ұшыраған кезде, олардың бактеріндегі улы отындардың жарым жартысы әуеде жанып кетеді де, ал қалған аз мөлшері жерге түседі. Олар табиғи ортаны ластауы мүмкін.Байқоңыр ғарыш айлағы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға берілді.

Қала экологиясы. Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттілігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері 6 млрд3 деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Осындай қаланың бірі – оңтүстік астана Алматы қаласы.

Алматы қаласының халқы  жыл сайын артып, білім, ғылым  және мәдениет ошағына айналуда. Осы  уақытқа дейін Алматы қаласының  пайдаланған тұрмыстық-коммуналдық  суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын.

Қалыпты экологиялық  жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жинақталған  ақаба су Жаманқұм жағалауын бұзып  жарып, Қапшағай су қоймасына қарай  ақты. Бұл апатты жағдай көптеген мал басы мен құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын. Жаманқұм су жинақтау орнының жойылуы Сорбұлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбұлақ суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті.

Жасанды көлдің жиегін бұзып  кету қаупі күн өткен сайын  өсе түсуде. Кейбір болжамдар бойынша  Сорбұлақ апаты болған жағдайда Іле-Балқаш алабы бұрын-соңды болмаған апатқа ұшырап, 50 000 тұрғыны бар Балқаш өңірі  зардап шекпек.

Қорыта айтқанда, Сорбұлақ мәселесі барлық ірі қалаларға тән жағдай. Оны  шешу қоршаған ортаның тазалығы мен адам баласының салауатты өмір салты үшін ауадай қажет мәселелер. Ең бастысы өндіріске тұрмыстық коммуналдық суларды тазартудың бүгінгі күн талабына сай жаңа технологияны енгізу жолы ғана бұл мәселені дер кезінде шешері сөзсіз.

 

         1.4 Өндірістік және шаруашылық қалдықтарды зиянсыздандыру



                                          проблемасы.

 

Қазақстан ғалымдарының есептеуі бойынша  Қазақстанның әрбір тұрғынына 1000 тоннадан өндіріс және шаруашылық қалдықтары жинақталған. Бұған Каспий аймағы да кіреді. Бұл аймақта мұнай мен газ өңдеу зауыттары, өндірістік, ауыл шаруашылық, құрылыс, энергетикалық, транспорттық, коммунальдық-шаруашылық мекемелері мен ұйымдары орналасқан. Қаладағы қалдықтармен жұмыс реттелмеген.



Ірі өнеркәсіп пен  қалалар, т.б. құрылыстар кешені көбінесе суы мол, адамдар үшін қолайлы жерге салынады. Ол үшін ормандар қырқылып, құнарлы жерлер пайдаланылады. Осының бәрі қоршаған табиғи ортаға өзімен бірге өндіріс қалдықтары мен түрлі тұтыну қалдықтарын көбейтіп, үлкен проблема туғызады. Қалдықтарды біз көбіне қоқсықтар дейміз. Ал әрбір отбасындағы бір адам тәулігіне 1,2 - 1,4 кг қоқыс шығарады.

Нағыз тұрмыстық қалдықтарға: қағаз, тамақ, шыны, металл, тоқыма бұйымдары, пластмасса, резина өнімдерінің қалдықтары, т.б. жатады. Осы қалдықтарды біз күнделікті шығарып отырамыз.

Ал өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен зияндылығы жөнінен өте  күрделі әрі қауіпті болып  келеді. Олар су, дала, орман, т.б кешендерді ластап, айнала қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұдан бүкіл тіршілік атаулы және адамдар ауруға шалдығуы мүмкін.

Қазақстанда қалдықтарды  өңдеу проблемасы әлі шешілмей келеді. Көптеген қалаларымыз (Қарағанды, Екібастұз, Рудный, Жезқазған, Риддер, т.б) өнеркәсіп шоғырланған жерлерге салынған. Өнеркәсіп қалдықтары тау-тау болып үйіліп жатады. Оны өңдеу баяу жүргізілуде. Осының бәрі желмен, сумен ауаға, топыраққа тарап, қоршаған ортаны ластап жатыр.

Өндірістік және тұрмыстық  қалдықтарды жоюға бола ма? Өркениетті  дамыған елдерде бұл проблема жақсы жолға қойылған. Мысалы, Жапонияда қалдықтарды өңдеудің бірнеше сатылы жүйесі бойынша жұмыс стейтін зауыттар бар. Олар қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиямен жұмыс ісейді. Өңдеудің соңғы өнімі – құрылыс материалдары немесе тыңайтқыш. Міне, осындай деңгейге жету барлық мемлекеттердің алдағы жоспары. Біздің республикамызда бұл бағытта біраз жұмыстар жүргізілуде.                       

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

2 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАЛАРЫ



2.1 ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау аймағындағы заңдылықтары

 

ҚР-ның  экологиялық  заңдарының негізгі көздері – құзыретті мемлекеттік органдармен қабылданатын нормативтік актілер (заңдар, жарлықтар, қаулылар, нұсқаулар). Олардың арасында ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Президентінің жарлықтарын, экологиялық қатынастарды реттейтін, аса маңызды нормативтік актілер ретінде кодекстерді бөліп көрсету керек. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау сферасында құқықтық реттеудің негізгі бағыттарын анықтайтын, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңы базалық нормативтік акт болып табылады. Табиғи ресурстар мен табиғи құрауыштардың жеке түрлерінің құқықтық режимін регламентациялайтын заңдар актілердің үлкен тобын құрайды:



  1. «Жер туралы» ҚР Заңы;

  2. «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» ҚР Заңы;

  3. «Жануарлар әлемін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы» ҚР Заңы;

  4. «Экологиялық сараптау туралы» ҚР Заңы;

  5. «Ерекше қорғалатын территориялар туралы» ҚР Заңы;

  6. ҚР су кодексі;

  7. ҚР орман кодексі;

  8. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Президентінің Жарлығы.

Жоғарыда  аталған  белгілерге ие болатын объектілер санына табиғи ресурстар – жер, ормандар, сулар, жер қойнауы, жануарлар әлемі, атмосфера-лық ауа, табиғи кешендер – қорықтар, қаумалдар, ұлттық саябақтар, сондай-ақ адамды қорғайтын орта – табиғи объектілердің, соның ішінде тірі табиғи ресурстардың да, сондай-ақ атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қосқанда өлі табиғи ресурстардың да жиынтығы, сонымен бірге олардың өзара әрекеттесуіндегі климат кіреді. Сондай-ақ экологиялық жаратылыстану жүйелері, Жердің озон қабаты, тектік қор және басқа объектілер Заңмен қорғалады.

Табиғи объектілердің ерекшеліктері  оларды қорғауды іске асыратын, нақты  нысандармен байланыстырылады.  Қоршаған ортаны қорғау шаруашы-лық және өзге қызмет процесінде жүзеге асырыла алады, бұл табиғат пен адамның өзара үйлесімді әрекеттесуін, қоршаған орта сапасының жақсарты-луын, табиғи ресурстардың тиімді пайдаланылуы мен ұдайы өсірілуін болжайды. Экологиялық құқықтың ерекше объектісі ретінде  адамның мекен-деу ортасын қорғау елеулі ерекшелікке ие болады. Көрсетілген объектілерді тиімді пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің мәселелері  берілген оқу құралының кейінгі бөлімдерінде қарастырылады.

1996 жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта экологиялық қауіпсіздік "қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсер ету салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардың, өнеркәсіптік кездейсоқ оқиғалар мен күйреулердің зардаптарынан жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу дәрежесі" ретінде қарастырылады.

1997 жылы 15 шілдеде қабылданған: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" ҚР Заңы табиғатты қорғау саласындағы басты заң болып табылады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, сонымен қатар ол экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адамның шаруашылық және өзге қызметінің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерінің алдын алуға, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

1997 жылы 15 шілдеде "Ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасынын Заңы қабылданды. Қазақстанда қорықтар мен қорықшаларды сақтау бұл заңды қабылдаудың мақсаты болып табылды. Осы заңға сәйкес ерекше қорғалатын аумақтардың мынадай түрлері белгіленді: мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік қорықтық аймақтар, мемлекеттік табиғи қорықшалары және т.б.

1997 жылы 18 наурызда "Экологиялық  сараптама туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бүгінгі күнде экологиялық сараптаманың  оң қорытындысы болмайынша қандай  да бір шаруашылық қызметті  жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.

1993 жылы 21 қазанда қабылданған  "Жануарлар әлемін қорғау, өсіру  және пайдалану туралы" ҚР Заңының  маңызы зор. Жануарлар әлемі  мемлекеттің меншігіне жатады. Елді  мекендердің құрылыстарын салғанда, өсімдіктерді қорғау үшін химиялық  дәрілерді қолданған кезде, өндірістік процесстерді жүзеге асырған кезде, табиғат апаттары кезінде, жабайы андардың қоныс аудару және олардың тіршілік ету ортасын өзгерту кезінде осы заң бойынша белгілі бір талаптар қойылады. Мұның бәрі орындалуы керек. Аң, балық аулау үшін арнайы тәртіппен пайдалану квотасы мен шектері белгіленеді.

Қазақстанда табиғатты  қорғау қызметін реттейтін арнайы кодекстер  бар. Олар: 2003 жылы 20 маусымда қабылданған "Жер кодексі", 2003 жылы 9 шілдеде  қабылданған "Су кодексі; 2003 жылы 8 шілдеде  қабылданған "Орман кодексі".

2002 жылы 11 наурызда "Атмосфералық  ауаны қорғау туралы" ҚР Заңы  қабылданды. Бұл заң әрбір қазақстандыққа  қоршаған ортаны ластағаны үшін  кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік  береді.

Республиканың атмосфералық ауасына жыл сайын үш жарым  мың тоннадан астам зиянды заттар шығарылады. Қазақстан 1992 жылғы Рио-де-Жанейро Декларациясында 6-қағидасымен бөліп көрсетілген экологиясы неғұрлым нашарлаған елдердің қатарына жатқызылған.

Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі  үшін қолайлы жағдай туғызу — демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды.

 

 



2.2 Қазақстан Республикасы экологиялық заңдылықтарының принциптері.

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы экологиялық кодексінде қабылданған экологиялық заңнаманың негізгі принцптері 5-бапта төмендегідей түрде берілген:



1) Қазақстан Республикасының  орнықты дамуын қамтамасыз ету;

2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

3) экологиялық қатынастарды  реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас;

4) қоршаған ортаны  қорғау саласындағы мемлекеттiк  реттеу және табиғи ресурстарды  пайдалану саласындағы мемлекеттiк  басқару;

5) қоршаған ортаны  ластаудың және оған кез келген  басқа түрде залал келтiрудi  болдырмау жөнiнде алдын алу  шараларының мiндеттiлiгi;

6) Қазақстан Республикасының  экологиялық заңнамасын бұзғаны  үшiн жауаптылықтан бұлтартпау;

7) қоршаған ортаға  келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi;

8) қоршаған ортаға  әсер етудiң ақылы болу және  оған рұқсат алу тәртiбi;

9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;

10) қоршаған ортаны  қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар  қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi  мен жариялылығы;

11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру;

12) экологиялық ақпараттың  қолжетiмдiлiгi;

13) табиғи ресурстарды  пайдалану мен қоршаған ортаға  әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi  қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасы  экологиялық заңнамасының халықаралық  құқық принциптерiмен және нормаларымен  үйлесуi;

15) жоспарланып отырған  шаруашылық және өзге де қызметтiң  экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы  және оны жүзеге асыру туралы  шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады.

Стратегиялық жоспарлаудың бір іргетасы деп Қазақстаннның 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиясы немесе «Қазақстан-2030» бағдарламасын атауға болады. Оны ҚР Президенті 1997 жылдың қазан айында жария еткен болатын. «Қазақстан-2030» қоршаған ортаны қорғау мен ТД бойынша бірқатар мақсатарды біріктірген.

Солардың ішінде: қоршаған орта сапасын тұрақтандыру, адам өміріне  жайлы келетін ортаны қамтамасыз ету, келер ұрпақ үшін табиғи байлықтарды қорғау мен солардың өндірілуі мен пайдаланылуын тиімді ету секілді мақсаттар бар. Қоршаған ортаның басымдылығына мыналар жатады:

• кедейлікпен күресу;

• халықтың денсаулығына қатысты экологиялық қауіптің алдын алу және деңгейін төмендету;

• шөлге айналумен күресу;

• биологиялық әралуандықты сақтау;

• көшетханалық орындардан бөлінетін газ және озон қабатын бұзатын заттармен қатар, атмосфераға тасталатын қалдықтарды қысқарту;

• ауыз суға қолжетім деңгейін кеңейту;

• трансшекаралық қоршаған орта мәселелерін шешу;

• қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру;

• радиациялық және биохимиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.

Экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету бойынша Қазақстан  Республикасының әкімшілік құқық  бұзушылық туралы кодексіннің бірқатар баптарында қарастырылған. Атап айтқанда: «Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық» 19-тараудың 240-бабы бойынша Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегiсанитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

241-бабында ластануға  ұшыраған жерлерде залалсыздандыру  немесе өзге де қалпына келтiру  шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген  адамдардың осындай шараларды  жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше  жүргiзбеуi, егер бұл iс-әрекеттер  адам немесе қоршаған орта үшiн ауыр зардаптарға әкеп соқтырмаса, – жеке тұлғаларға – жиырма бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады делінген.

13 тарауда: жер асты  суларын байқаушы және режимдiк  ұңғыларды, су объектiлерiндегi байқаушы  режимдiк тұстамаларды, су қорғау  немесе су шаруашылығы белгiлерiн,  орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгiлерiн, маркшейдерлiк, геодезиялық және нивелирлiк пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру/121-бап/; жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу/122-бап/; суға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу/124- бап/; орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу/125-бап/; жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу/126-бап/ үшін әкімшілік жазалар қарастырылған.

Жоғарыда айтылғандарды  қорытындылай келе, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

Экологиялық қауіпсіздік  – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі болып табылады және өзіндік күрделі құрылымға ие. Экологиялық қауіпсіздіктің екі бағыты бар – табиғи қауіпсіздік және техногенді қауіпсіздік.

Экологиялық қауіпсіздіктің негізі экологиялық мүдделер, экологиялық қауіп қатерлер және экологиялық қорғау болып табылады. Сондықтан да ұлттық мүдделер қатарына экологиялық мүдделерді де айқындау маңызды. Біздің елімізде қазіргі таңда экологиялық қауіп-қатерлер саны да өсіп келеді. Әрине жоғарыда көрсетіп өткендей, мемлекет тарапынан экологиялық саясатқа, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жете көңіл бөлініп отыр. Дегенмен, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар жақсартуды талап етеді.

Біріншіден, экологиялық  қауіпсіздікті сақтау, осы саладағы заңнаманы жетілдірумен тығыз байлынысты.

Екіншіден, қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізу арқылы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары бойынша толықтырулар жасаған маңызды.

Үшіншіден, экологиялық  қауіпсіздікті қаматамасыз ету бағытындағы атқарушы билік органдарының қызметін жандандыру қажет.

Төртіншіден, экологиялық  сақтандыру жүйесін арттыру маңызды.

«Жер қойнауының байлығы  – барша келер ұрпақтың игілігі. Бәріміз мұндай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз», – деп Елбасымыз атап өткендей, еліміздің қолда бар байлығын сақтау, оны тиімді пайдаланып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы жарқын болашақта өмір сүру өзіміздің қолымызда.

Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында Жер планетасының тұтастығы мен табиғатының өзара байланыстылығын мойындай отырып, Рио-де-Жанейро Декларациясының принциптеріне сәйкестендірілген.

Олардың қатарында мыналар  бар: адамдардың табиғатпен үйлесімдікте салауатты және жемісті өмір сүру құқығы, мемлекеттің өз табиғи ресурстарын игеру жөніндегі егеменді құқығын іске асыруы және ұлттық юрисдикцияның қолдануы шегінен тыс басқа мемлекеттердің немесе аудандардың қоршаған ортаға келтірілген залалы үшін жауапкершілікті мойындауы; мемлекеттің қоршаған ортаны дамыту мен қорғау жөніндегі құқығын іске асыру қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін әділетті қанағаттандыруды қамтамасыз етуі, мемлекеттің экологиялық тұрғыдан мейлінше шетін ел ретінде Қазақстан саясатында оның қажеттіктері мен мүмкіндіктерін пайдалану және басым түрде еске алуы; жердің экологиялық жүйесін сақтау, қорғау және оның салауатты жай-күйімен тұтастығын қалпына келтіру мақсатындағы ауқымды әріптестік пен ынтымақтастық, өндіру мен тұтынудың тіршілік етуге қабілетсіз үлгілерін азайту және істен шығару әрі тиісті демографиялық саясатты қуаттау негізінде тұрақты даму мен неғұрлым жоғары өмір сүрудің дәрежесіне қол жеткізу; қоршаған ортаны тиімді пайдалануда әйелдердің маңызды ролі және олардың тұрақты дамуға қол жеткізу үшін жан-жақты қатысуының қажеттілігі; барлық мүдделі азаматтардың экологиялық мәселелерді шешуге пәрменді қатысуы үшін жағдайлар туғызу, мемлекеттің қоршаған ортаның сапасы мен оған әсер ететін қауіпті материалдар жөнінде ресми ақпараттың ашық болуын, жұртшылықтың шешімдер қабылдау процестеріне қатысу мүмкінділігін қамтамасыз ету, жұртшылықтың хабарлылығын дамыту және қуаттау.

3. Экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық мақсаты мен міндеті: халықаралық қатынастарда, интеграциялық процестерде экологиялық мәртебенің ерекшеліктерін тиісінше есепке алу;

- қоршаған ортаның  жай-күйіне жүргізілетін бірыңғай  мониторинггің жүйесін енгізу;

- экологиялық қауіпсіздік  пен табиғат тұрақты пайдалану  жөніндегі аса маңызды, соның  ішінде, іргелі (фундаментальный) проблемалар  жөніндегі ғылыми зерттеулердің өзара орнатылуын қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының  табиғи орта сапасының жай-күйін  бағалауды, оның аумағын экологиялық  аудандастыру мен арнаулы картаға  түсіру;

- қоршаған ортаны қорғауды  және табиғат пайдалануды басқаруды реттейтін табиғат қорғау заңының жүйесін жасау, экологиялық бақылау  жүйесін жетілдіру;

- табиғат пайдалану  жоспарларын қоршаған ортаны  қорғау мен тұрақты пайдаланудың  экологиялық бағдарламаларын, жүйелерің  әзірлеу;

- экологиялық білім  және тәрбие беру жүйесін дамытуды;

- қоршаған ортаны қорғау  мен табиғатты пайдаланудың экономикалық  тетігін (механизімін) жасау;

- қоршаған ортаны қорғау  мен табиғат пайдалану мен  дүлей апаттардан сақтану проблемалары  жөнінде халықаралық ынтымақтастық  бағдарламаларын әзірлеу.

Қазақстан Республикасында  экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасын іске асырудың негізгі стратегиялық бағыттары - ресурс сақтаушы экологиялық  таза технологиялар әзірлеу және енгізу, жұмыс істеп тұрған өндірістік процестерді моделдендіру және жетілдіру жолымен республиканың әлеуметтік-экономикалық және адам тұрмысының дамуын қамтамасыз ету.

1998 жылғы 26 маусымда  күшіне енген Қазақстан Республикасының  "Қазақстан Республикасының Ұлттық  қауіпсіздігі туралы" Заңында  "экологиялық қауіпсіздік - жеке  адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі" деп анықтама берілген.

Сонымен экологиялық  қауіпсіздік дегеніміз не? Шамамен экологиялық қауіпсіздіктің 500-ге тарта анықтамасы бар екен. Бірақ кәдімгі қарапайым деңгейдегі түсінікке аударсақ, онда бұл дегеніміз халықтың антропогенді және табиғи факторлардан тұратын теріс мәнді биологиялық жүйеден қорғалуы.

Жалпылама шама ретінде қазіргі таңда экологиялық тәуекелді атап отыр, ол организмнің немесе популяцияның, бір сөзбен айтқанда биологиялық жүйенің күйреуінің ықтималдығы болып табылады. Осы шама қазіргі таңда БҰҰ-ның қарамағындағы ұйымдарда, атап айтсақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында да ресми шама болып табылады.

Қазіргі әлемде экологиялық  процестер жаһандық масштабтарға ие бола түсуде. Бұл туралы мамырдың 25-інде Астанада ашылған қоршаған орта және даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты форумының 5-ші отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Mинистрі Даниал Ахметов айтты. Сондай-ақ, Премьер-Mинистр Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне үлкен көңіл бөліп отырғандығын жеткізді. Атап айтқанда, республикада 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы құрылған. «Бүгіндері Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Біз экологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі негізгі келісімдерге қосылдық. Азия-Тынық мұхиты аймағында біздің ел Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары секілді ұйымдардың аясында табысты қарым-қатынастар орнатуда», - деді ол.

Қазақстан егемендік  алған соң көптеген экологиялық  проблемалармен бетпе-бет қалғанын айтты. Көз алдымызда жоғалып  бара жатқан Арал мәселелері, ядролық сынақтар шарпыған кең байтақ елді мекендер, мұнай-газ секторындағы және басқа да өндіріс орындарының зиянды қалдықтармен күресу кеңес өкіметінің Қазақстанға мұраға қалдырған еншісінің бірі болды. «Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына зиянды мәселелердің басым бөлігі құпия түрде сақталып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі күні Арал, Каспий маңы және еліміздегі сынақ алаңдарының зардаптарын ғаламдық проблемаларға жатқызуға толық қақымыз бар», деді экология министрі. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен 2003 жылы қауіпсіздік кеңес отырысында алғаш рет экологиялық қауіпсіздік мәселесі көтеріліп, ол бойынша маңызды шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасын Елбасы мақұлдады.

Қазақстан Республикасының  «Қоршаған ортаны қорғау туралы»  заңы қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмін экономикалық мәселелерге  жеке бөліммен бөліп береді.

Мұнда қоршаған ортаны қорғаудың  экономикалық әдістері белгіленген: жоспарлау мен қаржыландыру; табиғи қалаларды пайдаланған үшін төлем ақы; қорды қоршаған ортаны ластандырудың төлемақысы; қоршаған ортаны қорғау қорын жасау. 1998 жылғы бюджеттің табысты бөлігі табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін салықтан түсті - 16 млрд. астам теңге. Бұл бюджеттің табысты бөлігінің 8,2% көлемінде. Негізінен бұл қазба байлықтың төлем ақысы.

Жергілікті бюджет табысына орман; су, жер ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы түседі.

Төлемақы көлемі олардың  экономикалық бағалануына көбінесе сәйкес келе бермейді. Олар негізінен шартты түрде төленеді, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге кететін шығыннан төмен.

Табиғатты пайдаланудан түсетін төлемақы оны қорғауға кететін  шығынды өтеуі тиіс.

Қазіргі негізгі принцип  мынадай - ластандырушы төлейді. Ластандыру үшін төленетін төлемақының көлемін ұлғайту үшін құқықтық негіз жасап, төлемақы мөлшері деңгейін соған сәйкес анықтаудың әдістемелігін өзгерту қажет. Сонымен қатар экологиялық заңды өтеудің міндетті сақтандыру шараларын енгізу қажет.

Қоршаған ортаның ұлттық стратегиясын енгізу үшін инвестиция қажет. Алайда өтпелі экономиканың жағдайында инвестицияға кезігетін елеулі кедергілер бар.

Біріншіден, капитал рыногының  шектелген дамуының. Мемлекеттік  бюджет пен экономиканы басқарудың орталықтанған жүйесі барлық инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі ретінде капитал рыногымен әлі толық алмасқан жоқ. Оның зайымдар, бонустар беретін басқа да финанстық құралдары жеткіліксіз. Соған қарамастан жергілікті банк жүйесі баршылық, олар өте жоғары проценттік мөлшерде займдар береді. Көпшілігінде мұндай экологиялық инвестициялардың ғұмыры қысқа. Ластандыру төлемақысының жүйесі өте төмен белгіленген, әрі өте нашар орындалады. Оларды ынталандыратын күш әлсіз бюджеттік мәжбүрлікпен төмендейді, сөйтіп кәсіпорындарға бағалауды бюджетке өткізуді мүмкіндік береді. Экологиялық қорларды құрудың басты себебі олар кездескен қиыншылықтарға қарамастан инвестицияларды қолайлы деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар қорлар экологиялық стандарттар мен нормаларды енгізуді жеңілдетуі, таза әрі қорларды үнемдейтін технологияның да шығуына ықпал етеді.

Елбасы жолдауында 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуы  тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады деп жазылған. Бұл елбасы жолдауы - болашақ бағдарламасы деген сөз. Экология ел амандығы десек ең алдымен табиғатты сауықтыруымыз керек.

Қазақстандағы табиғат  қорғау инвестициясының негізгі  бөлігі ішкі ресурстардан түседі, алайда қаржыландыру деңгейі темен.

Үкімет табиғат қорғау қорының қызмет аясын, құқығын кеңейтіп, сол арқылы экологиялық төлемақыны өндіру мен жұмсауды бақылау құқығы бар дербес статус беріп отыр. Дербес заңды тұлға ретінде Республикалық  экологиялық қор құрылды. Оның қаржысы экология және табиғи қорлар стратегиясын туындайтын экологиялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.

Қорларды құру республикада табиғатта қорғаудың экологиялық  механизмін одан әрі жетілдіруге  мүмкіндік жасайды.

Табиғат қорғаудың басымдық шараларын іске асыру үшін халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанға сыртқы қажет.

Қазақстан конституциясында және «Қазақстан - 2030» стратегиясында біздің азаматтарымыздың қолайлы қоршаған ортада салауатты өмір сүруіне, дер  кезінде нарықты экологиялық  ақпарат алып отыруына құқық берілген.

 

2.3 Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі



 

Қоршаған орта мен  табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингі  туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы Экологиялық кодексінде  жеке тарау берілген.   

 Экология саласындағы  мемлекеттік басқарудың тиімділігін  қамтамасыз ететін маңызды факторлардың  бірі - бұл табиғат ортасының жай-күйі  мен сапасы туралы толық, объективті  ақпараттың болуы және оған  ықпал етудің деәгейі. Егжей-тегжейлі  ақпарат алу мемлекеттің дербес қызметінің мазмұны болатын экологиялық мониторинг.  

Мемлекеттік экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі) - табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйінің өзгеруін бағалау, болжау және бақылау мақсатында олардың жай-күйін қадағалаудың кешенді жүйесі. 

Атмосфералық ауа, жер, жер үсті мен жер асты сулары, жер қойнауы, жануарлар және өсімдіктер дүниесі, сондай-ақ климат пен Жердің озон қабаты, экологиялық жүйелер, қоршаған ортаныә халықтың денсаулығына әсер ететін факторлары мемлекеттік экологиялық мониторинг объектілері болып табылады.  

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі және оның міндеттерi:

1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі - экологиялық қауіпсіздікті, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешімдердің қабылдануы үшін қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйі туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйе.

2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган арнайы мемлекеттік уәкілетті органдармен бірлесе отырып ұйымдастырады.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің принциптері:

1) бірыңғай ұйымдық, әдістемелік, метрологиялық және ақпараттық ұстаным негізінде жұмыс істеу;

2) қолданыстағы мемлекеттік және өзге де мониторинг жүйелерінің мүмкіндіктерін барынша пайдалану болып табылады.  

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің міндеттері:

1) қоршаған ортаның, биологиялық әралуандық және экожүйелердің жай-күйі туралы, антропогендік әсер ету көздері, тіршілік ету ортасының халық денсаулығына әсер ететін факторлары туралы дұрыс және салыстырмалы ақпарат алу;

2) қоршаған ортаның жай-күйін, антропогендік әсер ету деңгейлерін, биосфера жай-күйінің көрсеткіштерін, экожүйелердің функционалдық тұтастығын бағалау және болжау;

3) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын басқарушылық шешімдері мен өткізілетін іс-шаралардың тиімді болуына талдау жүргізу үшін деректермен қамтамасыз ету болып табылады.   

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі тіршілік ету ортасы мен халықтың денсаулығын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қамтитын, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы мониторинг жүйелері мен мониторингтің кіші жүйелерінің базасында қалыптасады.   

Арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес табиғи объектілерге зерттеу жүргізуге және мониторинг түрлерін (кіші жүйелерді) ұйымдастыруға міндетті. 

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің мазмұнын мониторингтің мынадай кіші жүйелері:

1) қоршаған орта жай-күйінің мониторингі;

2) табиғи ресурстар мониторингі;

3) мониторингтің арнайы түрлері құрайды.   


    • « Предыдущая

 Жұмыс істеу процесінде Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің кіші жүйелеріне мониторингтің басқа да түрлері енуі мүмкін. 

Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі мынадай түрлерді қамтиды:

1) атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі;

2) атмосфералық жауын-шашын жай-күйінің мониторингі;

3) су ресурстарының сапалық жай-күйінің мониторингі;

4) топырақ жай-күйінің мониторингі;

5) метеорологиялық мониторинг;

6) радиациялық мониторинг;

7) трансшекаралық ластаулар мониторингі;

8) фондық мониторинг.  

Қоршаған орта жай-күйінің мониторингін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.    

Табиғи ресурстар мониторингі мынадай түрлерді қамтиды:

1) жер мониторингі;

2) су объектілері және оларды пайдалану мониторингі;

3) жер қойнауы мониторингі;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингі;

5) таулы экожүйелер мен шөлейттену мониторингі;

6) орман мониторингі;

7) жануарлар дүниесі мониторингі;

8) өсімдіктер дүниесі мониторингі.   

Табиғи ресурстар мониторингін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі:

1) ғылыми зерттеулер ұйымдастыру мен жүргізу, Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті және жеткілікті әдістемелік база;

2) қоршаған ортаның жай-күйін айқындайтын нормативтерді, оған антропогендік әсер ететін нормаларды, қоршаған ортаның жай-күйін бағалау мен болжау, табиғат қорғау қызметінде басқарушылық шешімдерді шығару және қабылдау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін негіз болып табылатын экологиялық қауіпсіздік нормаларын әзірлеу және белгілеу;

3) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыәғай мемлекеттік жүйесінің, оның құрылымдық бөлімшелері мен элементтерін құру және жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті талаптарды, ережелер мен рәсімдерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және қолданысқа енгізу;

4) бақылаудың салыстырмалы нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін әдістемелік құжаттарды әзірлеуді және енгізуді ұйымдастыру;

5) ақпараттық жүйелердің құрылымдарын, деректер базасының жүйелерін, жіктеуіштерді, деректер сөздіктерін және құжаттардың біріздендірілген нысандарын әзірлеу;

6) техникалық қамтамасыз ету;

 

 

7) талдамалық зертханаларды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да бөлімшелерді аккредиттеуді ұйымдастыру негізінде жұмыс істейді.



 

 

                                                      ҚОРЫТЫНДЫ



 

       Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейтті.

Қазақстанның жері қаншалықты ұланғайыр болса, оның қойнауындағы табиғи байлықта соншалықты мол, әрі  алуан түрлі. Ұлан байтақ өлкенің  қысы Сібірдің қақаған аязындай бет  қарыса, жазы Орта Азияның аптап ыстығындай ми қайнатады. Жер бедері бірде тайгаға ұқсаса, бірде шөлге ауысады. Бірде жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат, жал-жал құмды жоталарға жолығасың. Аспанмен таласқан асқар таулар алыстан көз тартады. Республика аумағын төрт аумаққа – орманды дала, дала, шөлейт және шөл – бөлуге болады.

Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің  табысты аяқталуы да, ел алдымен, ұстанған экологиялық саясатқа байланысты. Ол үшін жердің құнарсыздануы мен жер бедерінің жүдеушілігі, су ресурстарының тапшылығы, Арал, Балқаш көлдері суалуы, Семей ядролық полигоны мен басқа да әскери полигондардың, Каспий жағалауының проблемалары, елді мекендерде ауаның, топырақ пен судың ластануы жағдайлары сияқты маңызды мәселелерді шешу мемлекеттік деңгейде қаралуы керек. Қазақстан жерінің табиғат байлықтарының азаюы экономикаға қатты әсер ететін әлеуметтік шараларды іске асыруға қол байлау болатыны өзінен өзі түсінікті.

Қоршаған орта мен  табиғатты тиімді пайдалана отырып, оны сақтау үшін келеңсіз әрекеттерді жасамау осы кездегі ең басты бағыты болуы тиіс. Мектеп табалдырығынан бастап жоғары оқу орындарында, ірі өндіріс орындарында, ғалымдардың ғылыми жұмыстарында табиғаттың байлығын адамның игілігіне тиімді жаратуды қарастыру керек. Табиғаттың байлығын адамның қажеттілігіне жаратудың орнына жаппай үлкен қауіп төндіретін, ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, сол сияқты адамның күнделікті өмірде ормандарды отау, аң мен құстарды есепсіз аулау, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есірткінің таралуы экологиялық апаттың індеті болып табылады. Адамдар «табиғат - өз үйің» дегенді қайталаудан жалықпайды. Өкінішке орай бүгін сену қиын. Құстардың өз ұяларын бұзбайтындары сияқты адамдар да өз ошағына деген қамқорлық танытуы керек шығар деп есептеймін.

Табиғат – адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын осыдан алады. Биологиялық түр ретінде  алғашқы адамдар табиғат ресурстарын  тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығымен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті.

Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын  пайдалану еселеп өсті. Енді бос  жатқан жердің, судың иесі табылып одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бәрі табиғатқа бұрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінді.Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қорғауға көп көңіл бөліп отыр. 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы заң» қабылданды. Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ ұрпақтың салтанатты өмірі үшін сақтау.

Табиғат қорғау заңын  орындау негізгі ұстанымдары  мен ережелеріне негізделген.

Табиғат қорғаудың бірінші  ұстанымы. Табиғат байлықтарын пайдалануды тұтынушылардың мақсатын ескере отырып жүзеге асыру. Мысалы, орман тек құрылыс материалы ғана емес, ол ауа райын реттеуші, ылғал көзі, дәрі-дәрмек, аң мен құстың мекені, топырақты қорғаушы және адам үшін денсаулық кепілі екенін ескеру керек.

Табиғат қорғаудың екінші ұстанымы.  Табиғат байлықтарын пайдалану барысында оның жергілікті жер үшін маңызы мен қорын қатаң есепке алу. Бұл әсіресе орман, су қоры үшін қажет.

Табиғат қорғаудың үшінші ұстанымы.  Табиғат қорларын пайдаланғанда олардың бір-бірімен байланысты екендігін есте сақтау керек. Яғни, табиғаттың тарихи - табиғи байланысын, тепе-теңдік процесін бұзбау деген сөз. Қорыта айтқанда, адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндетті борышы. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 


  1. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.

  2. Қоршаған ортаны қорғау” ҚР Заңы. Алматы. 1998ж.

  3. “ҚР Жер кодексі” 2003 жылғы 20 маусымдағы Заңы.

  4. 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Су кодексi.

  5. 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Орман кодексi.

  6. “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” Қазақстан Республикасының 2001.01.23 заңы.

  7. “Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы”

  8. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы заңы // www.e.gov.kz

  9. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы.// www.e.gov.kz

  10. 3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы No 212 Экологиялық кодексі. Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., No 1, 1-құжат.

  11. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы No155 Кодексi. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., No 5-6, 24-құжат.

  12. Стамқұлұлы.Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.  
    Е. Мамбетказиев, Қ Сыбанбеков  Табиғат қорғау, Алматы , Қайнар, 1990

  13. Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д. «Экология негіздері».   Қарағанды, 2002

  14. Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001

  15. Ә. Бейсенова , А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет