БАҒдарламасының жарғысы №1 дана №1-басылым Енгізілген күні: 2015 ж. 18 ақпан Астана Мазмұны


Бизнес-шешімдерді әзірлеу блогының жетекшісі



бет7/10
Дата24.04.2016
өлшемі3.89 Mb.
#79063
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бизнес-шешімдерді әзірлеу блогының жетекшісі


Осы лауазым Бағдарламаны іске асыру барысында функционалдық командаларды жедел басқаруға жауап береді. Бизнес-шешімдерді әзірлеу блогына кіретін топтар жетекшілері мен бас сарапшылардың өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді, жұмыстардың орындалу барысы және Бағдарламаны басқарудың барлық деңгейінде ұйымдық, әдіснамалық және ақпараттық-техникалық қолдауды қамтамасыз ету үшін туындаған өзекті мәселелер туралы Бағдарлама басшысын уақтылы хабардар етеді.

Бизнес-шешімдерді әзірлеу блогы жетекшісінің міндеттері:



  • бизнес-шешімдер әзірлеу блогы үшін міндеттерді жоспарлау, белгілеу және орындалуын бақылау;

  • бизнес-шешімдерді әзірлеу блогының ресурстарын жедел басқару және жұмысын үйлестіру;

  • жоспар бойынша жұмыстарды сапалы және уақтылы орындау;

  • жоспарға сай Бағдарлама мен РМО басшылығына жүргізіліп жатқан жұмыстардың деңгейі, тәуекелдер мен өзекті мәселелер жөнінде уақтылы хабардар ету;

  • функционалдық бағыттар бойынша нәтижелерді уақтылы әзірлеуді қамтамасыз ету;

  • бизнес-шешімдер әзірлеу блогының мүшелеріне кеңес беру және білім мен іс-тәжірибелік дағдыға үйрету;

  • РМО ұсынған ұсынымдар бойынша бағдарламаларды/жобаларды басқарудың барлық рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;

  • жоспарланатын жұмыстар мен кестелерге өзгерістер енгізуге қатысты басшылыққа ұсыныс беру;

  • туындаған өзекті мәселелерді уақтылы шешуді немесе қарау үшін тиісті деңгейде оларды уақтылы беруді қамтамасыз ету;

  • әзірленімдердің барлық құрамдас бөліктерінің және барлық функционалдық бағыттағы нәтижелердің өзара үйлесуін қамтамасыз ету;

  • әзірленетін бизнес-шешімдердің біртұтастығын және бірігуін қамтамасыз ету;

  • шешімдерді әзірлеу кезінде үздік іс-тәжірибелер ұйғарымдамаларын сақтау.



    1. Ақпараттық технологиялар блогының жетекшісі


АТ блогының жетекшісі командалардың инфрақұрылымдарды, деректерді, тестілеулерді, әзірленімдерді жедел басқаруына жауап береді. Тиісті бағытта жұмыс істеп жатқан командалар басшыларының өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді, жұмыстардың орындалу барысы және өзекті мәселелер туралы Бағдарлама және РМО басшылығын уақтылы хабардар етеді. Командаларды ақпараттық-техникалық қолдауды қамтамасыз етеді. АТ блогы жетекшісінің негізгі мақсаты әзірленген бизнес шешімдерді қамтамасыз ететін және іске асыратын оңтайлы және кең көлемдегі жүйелер ландшафтын құру болып табылады. Жетекші блоктың барлық бағыттары бойынша стратегия, әдістеме және жұмыстардың орындалуы үшін жауап береді. АТ блогының жетекшісі Бағдарлама шеңберіндегі техникалық шешімдердің барлық спектрін әзірлеу және оңтайландыру үшін жауапты болады.

АТ блогы жетекшісінің міндеттері:



  • АТ міндеттерін жоспарлау, белгілеу және орындалуын бақылау;

  • АТ-блок ресурстарын жедел басқару және және жұмысын үйлестіру;

  • жұмыстарды жоспар бойынша сапалы және уақтылы орындау;

  • жобалау, әзірлеу және жүйелерді тестілеу процесінде пайдаланылатын әдістер, рәсімдер мен стандарттар бойынша АТ-командасына кеңес беру және қолдау көрсету;

  • уақтылы әзірлеуді қамтамасыз ету және команда нәтижелерін құру;

  • АТ блогының мүшелеріне кеңес беру және білім мен іс-тәжірибелік дағдыға үйрету;

  • РМО ұсынған ұсынымдар бойынша бағдарламаларды/жобаларды басқарудың барлық рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;

  • жоспарланатын жұмыстар мен кестелерге өзгерістер енгізуге қатысты басшылыққа ұсыныс беру;

  • туындаған өзекті мәселелерді уақтылы шешуді немесе қарау үшін тиісті деңгейде оларды уақтылы беруді қамтамасыз ету;

  • барлық АТ-ның құрамдас бөліктерінің және Қоғамның барлық АТ-ның әзірленімдерінің өзара үйлесуін қамтамасыз ету;

  • әзірленетін АТ-шешімдерінің біртұтастығын және бірігуін қамтамасыз ету;

  • шешімдерді әзірлеу кезінде үздік іс-тәжірибелер ұйғарымдамаларын сақтау.
  1. Бағдарламаны басқарудың стандарттары мен рәсімдері


    1. Жоспарлау, мониторинг және есептілік


Бағдарламадағы жоспарларды басқару құрылымы РМО-ның блоктар жетекшілерімен және Бағдарлама менеджерімен бірлесе отырып, жұмыс жоспарларын әзірлеу мен басқаруды Бағдарлама деңгейінде, сондай-ақ жобаларды оларды іске асыру деңгейінде қамтамасыз ету жобаланады. Бағдарламада жоспарлардың бірнеше түрі айқындалған:

  1. кезеңдік жоспар;

  2. біріктірілген жобалар жоспары;

  3. жобалық жоспар;

  4. нәтижелердің толық жоспары.

Блоктардың апта сайынғы (жедел) жоспарлары – бағыттар ресурстарын жеке тағайындаумен қатар 4-5 деңгейге дейінгі нақтыланған бағыттар бойынша жұмыстардың іс-шаралар жоспары. Жоспарлардың иелері мен басқарушылары блоктардың жетекшілері болып табылады. Жоспарларды әзірлеу туралы нақтылау «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның трансформациялау жөніндегі басшылығының 01 процесс бөлімінде Жоспарлау және мониторингте сипатталған, III-том.

      1. Жұмыс жоспарларын жаңалау циклы


Жұмыс жоспарлары ұзақтығы кемінде 6 апта болатын жұмыстарды мерзімдік жаңалауды және нақтылауды талап етеді. Жоспарларды жаңалау циклы 4 кезеңнен өтеді:

1) нәтижелер иелері Бағдарламаны басқару блогының сарапшыларымен бірлесе отырып, нақтылау жоспарларына нәтижелердің немесе жұмыс топтамаларының орындалуына байланысты жаңалау ақпараттарын әзірлейді;

2) Бағдарламаны басқару блогының сарапшылары жоспарларды дайындау барсының дұрыстығын әдіснама, құрылымдар, жұмыстарды нақтылау, өлшеу бірліктерінің болуы, ресурстарды тағайындау тұрғысынан тексереді;

3) жұмыстар жоспарлары апта сайынғы бірлескен жұмыстарды жоспарлау сессияларында қаралады және бекітіледі. Сессияға қатысушылар блоктар жетекшілері (нәтижелер иелері, ресурстар иелері) болып табылады;

4) блоктар жетекшілерінің нақтылау жоспарлары бекітілгеннен кейін жұмыстар жедел бағыттағы жоспарларға енгізіледі, ресурстар тағайындалады және жұмыс Порталда жарияланады.

      1. Есептілік

Уақыт шығындары бойынша есептілік Команданың барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.


Апта сайынғы негізде Бағдарламаны басқару блогы, Бағдарлама менеджері және CBTO сапаны басқарудың жалпы жоспары шеңберінде:

1) қызметкерлердің жұмысының көптілігін бақылайды;

2) жұмыс пакеттері мен белсенділіктері дәрежесін тексереді;

3) жұмысы аз және жұмысы көп қызметкерлерді анықтайды.

Уақыт шығындарын бақылаудың апта сайынғы процесі белгіленген нысанда жүзеге асырылады:

- дүйсенбі күні уақыт шығындары туралы есеп және Бағдарламаның апталық мәртебесі туралы есеп жасалады, ол барлық мүдделі тұлғаларға жіберіледі;

- дүйсенбі/сейсенбі күндері блоктар жетекшілері Бағдарламаның нақтылау жоспарларына ресурстар бөледі (түзетіледі);

- сейсенбі күні Бағдарлама Командасының кеңесі өткізіледі;

- дүйсенбі-жұма күндері блоктар жетекшілері мен нәтижелерге жауаптылар нақтылау жоспарларында жоспарланған жұмыс көлемдерін орындайды;

- жұма күні барлық қызметкерлер Астана уақыты бойынша 16:00 сағ. дейін уақыт шығындары туралы есеп береді. Қызметкерлер есептерді блоктар жетекшілеріне, ал блоктар жетекшілері 17:00 сағ. дейін РМО-ға есеп блоктары бойынша мәліметтерді жібереді.

Апта сайынғы негізде Бағдарламаны басқару блогы CBTO және Бағдарлама менеджері үшін Бағдарламаның іске асырылуы туралы Есеп дайындайды.

Бағдарламаның іске асырылуы туралы ай сайынғы есеп:

1) 4 апта ішіндегі апта сайынғы есептерге негізделеді;

2) мынадай бөлімдер қамтылуы тиіс:

- Бағдарламаның ағымдағы мәртебесінің қысқаша шолуы;

- нәтижелердің ағымдағы мәртебесінің қысқаша шолуы;

- әрбір нәтиже бойынша ағымдағы мәртебе;

- сапасы тексеріліп жатқан нәтижелердің ағымдағы мәртебесі;

- қиын маңызды нәтижелердің жай-күйі;

- тәуекелдер мен өзекті мәселелер.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет