Мақсат 4.3.2.: Құрылысты дамыту
- Тараз қ. « Бурыл А,Б,В» алқабының су құбыры жүйелері - бөлінгені 195,125 млн. теңге, игерілгені 192,425 млн. теңге. 2,7 млн. теңге игерілмеген, жобаға түзету енгізілу керек, қосылатын нүктелері ескерілмеген. Нысан 2013 жылы аяқталады.
Коммуналдық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету, жылу энергиясы, газдандандыру нысандарын жаңғыртуға және құрылысына, жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 2012 жылы 2,438 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде 1,758 млрд. теңге – республикалық бюджет және 0,679 млрд. теңге – жергілікті бюджет қаражаты.
Жыл қорытындысы бойынша 8,98 км кәріз жүйелері, 27,5 км су құбырлары жүйелері, 12,2 км жылу беретін жүйелер, 20,02 км газбен құбыры желісі, 51,9 км электр жүйесі тартылды.
Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 14,7 мың шаршы метрді құрады.
«Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы алаңы 8,712 мың шаршы метр екі 70 пәтерлі тұрғын үй «Бәйтерек» мөлтек ауданында пайдалануға берілді. Тараз қаласында Тұрғын үй жинақ банкінің қарызға алушыларына арналған 75 пәтерлі (8,9 мың ш.м.) тұрғын үй «Ұн комбинаты» алаңында пайдалануға берілді.
Мақсат 4.3.3. Автомобиль жолдарын және жолаушылар көлігін дамыту
2012 жылы жоспарлалған іс-шаралар толық көлемдерде орындалды. Осы іс-шараларды іске асыру үшін бөлінген бюджеттiк қаржы 100%-ға игерілді. 2012 жылы жол жөндеу жұмыстарына жалпы барлығы 1 827 101,88 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыға Төле би даңғылы (Тәуке хан көшесінен Сыпатай батыр көшесіне дейін) - 2,12 км, Жамбыл даңғылы (автобекеттен айналма жолға дейін) - 5,0 км, «Достық» алаңы, Абай даңғылына (Балуан Шолақ көшесінен Ы. Сүлейменов көшесіне дейін) күрделі жөндеуден өтркізілді. Сонымен қатар келесі көшелер бойынша орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді: Бөлтірік Шешен көшесі - 1,52 км., Қосы батыр көшесі (Ш. Руставели көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін -1,469 км, Сухамбаев көшесі - 2,2 км, Жолаев көшесі - 1,3 км, Сорокин көшесі - 1,12 км, Байзақ батыр 1-ші бұрылысы - 1,133 км, Центральная 1-ші бұрылысының жалғасы - 1,56 км, Аппасов көшесі - 0,85 км, Маяковский көшесі - 1,72 км, Асқаров көшесінің кеңейту жұмыстары - 0,65 км, Лесная көшесі - 0,65 км, Пушкин көшесі - 1,2 км, Сеченов көшесі - 0,75 км, Талас көшесі – 2,5 км, Құлжабаев көшесі – 0,75 км, Рахмати көшесі - 1,05 км, Сырым Датұлы көшесі – 0,273 км. Барлығы жөндеу жұмыстарымен - 34,5 км. жолдар өалпына келтірілді. Сонымен қатар қала көшелерінің ағымды жөндеу жұмыстарына 59 000,00 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілі. 2012 жылы қалада 109 бағдаршам нысаны пайдаланылуда. Оларды техникалық қалыпты жағдайда ұстау үшін және жол көлік апаттарының салдарын жоюмен 4 бригада айналысады. 70 дана көліктік және 40 дана жаяу жүргіншілер лампалы бағдаршам нысандарына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жарық диодтыларға ауыстырылып, уақытты кері есептейтін 10 дана таймерлер қосымша орнатылды. Жол полиция басқармасының тапсырмасымен қалада 371 жарық шағылыстырғыш жол белгілері орнатылды. Жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1500 м. жолаушы қоршауы (перильное ограждение) жөнделіп қалпына келтірілді. Қаланың барлық көшелеріне 33 992,4 м2 көлемінде көлденең жол жолағы жасалынды. 100 м2 көлемінде суық пластиктан жүргіншілерге арналған жол өткелі орнатылған. 258,54 м. жасанды жол бөгеттері «лежачий полицейский» орнатылды. Қазіргі таңда Жамбыл облыстық Әділет басқармасынан 892 көп қабатты тұрғын үйлер кондоминиум нысаны болып тіркелінді. Бүгінгі таңға дейін кондоминиум нысанын құру негізінде «Тараз қаласы әкімдігінің ТЖКШ,ЖК және АЖ бөлімі» КММ-не тұрғындар және ПИК төрағалары тарапынан 948 хаттама тапсырылып, Әділет Министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығына» техникалық құжат дайындауға өткізілді. Әділет Министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығында» 893 көп қабатты тұрғын үйлерге техникалық құжат әзірленді. «Тараз қалалық жер кадастр филиалынан» 892 үйге мемлекеттік актісі дайындалды. «Тараз су» МКК – і 2012 жылы дайындық жұмыстары бойынша - 88,5 км су құбырларын шайды, 2 160 құдық тазалады, 410 метр су құбырын ауыстырды, оның ішінде: 214 метр тұрғын үйге кіретін су құбыры, 73 дана су жапқыш, 4 дана жабын тақталары ауыстырылып, 2 745 дана су жапқыш, 1 180 өрт сөндіргіш гидранттар, 65 дана су таратқыш колонкалар жөнделді, 110 км кәріз құбыры шайылып тазаланды, 209 люк қақпақтары ауыстырылды, 1 фекальды насос жөндеуден өтті, 2 800 метр каналдар мен астаулар, 80 метр қайыра төгу құбырлары тазаланды, 8 дана тереңдік сораптар, 8 дана кері қақпақтар және 245 метр су көтеретін құбырлар ауыстырылып, 3 дана көлденең сораппен 14 дана кері қақпақтар жөнделді.
Білім. Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2012 жылы бюджеттен 11453,3 млн.теңге немесе 2011 жылға қарағанда 21%-ға артық қаражат бөлінген, 11452,9 млн.теңге немесе 99,9% игерілген.
Білім беру нысандарын қамтамасыз етуге және құрылысына 2012 жылы бюджеттен 11453,3 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 835,2 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 10618,1 млн.теңге қарастырылған. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 11452,9 млн.теңге (99,9%) игерілген, оның ішінде 834,9 млн. теңге (99,9%) республикалық бюджеттің және 10618,0 млн. теңге (99,9%) жергілікті бюджеттің қаражаттары. «Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асырудың шеңберінде апатты мектеп санын жою мақсатында жаңа құрылыс есебінен 1 мектеп пайдалануға берілді (Көлтоған шағын ауданындағы 180 орындық мектеп).
2012 жылы 389 910,0 мың теңгеге, оның ішінде облыстық бюджеттен 144 364,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 245 546,0 мың теңге қарастырылып, 5 мектепке (№№1, 9, 39, 43, 48) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен қарастырылған 166000,0 мың теңге қаржыға 26 мектепке (№№ 2, 7, 9, 13, 14, 16, 17, 20, 22, 23, 25, 28, 30, 31, 35, 37, 38, 40, 41, 44, 45, 46, 47, 50, 51, 52) шатыр, кәріз, жарық және жылу жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ, 2 мектептің (№№7,45) және 3 (№№8, 10, 20) балабақшаның, Молодогвардейская көшесі, 26 мекен-жайында орналасқан 280 орындық балабақшаның жобалық-сметалық құжаттары мен мемлекеттік сараптамасы дайындалды.
Білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында 16388,0 мың теңге республикалық бюджет қаражаты есебінен 4 химия кабинеті сатып алынды. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі бір компьютерге орташа есеппен 22 оқушыдан құрайды. Жалпы қаладағы 58 мектептің барлығы компьютерленген және телефондандырылған, Интернет желісіне 100% қосылған, 55 мектепте 250 интерактивті тақталар орнатылған, кең ауқымды Интернет желісіне қаланың 58 мектебі немесе 100% қосылған, 13 білім нысанында электрондық оқыту жүйесі енгізілген.
Жалпы орта білім беру қызметі сапасының жоғарылауы нәтижесінде халықаралық, республикалық пәндер олимпиадасы мен ғылыми жарыстарда қала оқушылары жүлделі орындарды иеленді. 2012 жылы 1 оқушы халықаралық, 9 оқушы республикалық, 68 оқушы облыстық пән олимпиадаларының жүлдегері болды. Ғылыми жоба жарысында 37 оқушы облыстық, 1 оқушы республикалық кезең жүлдегері атанды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу көрсеткіші 2011 жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға (2011 жылы-94,3%, 2012 жылы -86%) төмен болды. ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп бітірушілерінің орташа балы 2011 жылы - 86,5 2012 жылы - 73,7 балл болып, облыс көлемінде 4-ші орынды иеленді (Республика-70,9 балл, облыс -71,33 балл). 2012 жылы 3 білім мекемесі ҰБТ қорытындысы бойынша Республиканың «100 үздік мектеп» тізіміне енді, олар: №1, №40, №45 гимназиялар.
«Балапан» бағдарламасын іске асырудың шеңберінде 250 орындық балабақша пайдалануға берілді, 1 мемлекеттік және 1 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер, 1 шағын орталықта жалпы алғанда, 605 орын ашылды.
2013 жылдың 1 каңтарына 67 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеуде, оның ішінде 59 мемлекеттік және 8 жекеменшік, онда 14218 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 48,4%-ды құрады.
Спорт. Демеушілердің есебінен Тараз қаласында 5 спорттық алаңша салынды (Тараз қ. № 8 мектеп гимназияда, Желтоқсан–Қонаев көшелерінің қиылысында, Ниетқалиев көшесінің бойында және Д.Бедного көшесінде).
Тараз қаласында Спорт сарайының құрылысы, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп – интернатта екі спорт залы, №1 мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебінде спортзал құрылыстары жүргізілуде.
2012 жылдың қорытындысы бойынша Тараз қаласында жүйелі түрде спортпен айналысушы азаматтар саны 2011 жылмен салыстырғанда 12043 адамға артып, 64476 адамды құрады, бұл жалпы облыс орталығының халық санынан 19,5% құрап отыр.
Балалар мен жасөспірімдер саны 9385 адамды құрады, бұл Тараз қаласындағы балалар мен жасөспірімдер санының 17,2% құрап отыр. (54390 жалпы саны).
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ж. Сапаралиев
Достарыңызбен бөлісу: |