М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектебі
Ресурстық орталық
Бақылау диктанты.
«Тоғжан аулында»
Қазақ тілі
9 сынып
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Сағызбаева Н. Қ
ақпан-2012ж
Қазақ тілі
9-класс
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты
Тоғжан аулында
Сабақтың мақсаты: Орфографиялық, пунктуакция және грамматикадан
оқушылардың сауаттын,білімін сынау
Тәрбиелігі: Алынғана мәтін оқушының танымдық белсенділігін
арттырып, көркемдік сезіммен бейнелі қабылдауына
ықпал ету.
Сабақ кезеңі: І.Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу
ІІ. Өткенді пысықтау
Тез жауап берейік
-
Шіркін бұрынғының әндері-ай
Сөйлемге қандай тыныс белгісі қажет?
-
Ойдың аяқталмағандығының белгісі не?
А) үтір ә) леп белгісі б) көп нүкте в) сұрау белгісі
3. «Қуанышты» сөйлемдерден соң қандай тыныс белгісі қойылады?
А)сұрау белгісі ә) көп нүкте б) леп белгісі в) нүкте
4. Сұрау белгісі қандай сөйлемдерден соң қойылады?
5. Мына сөздердің қайсысынан соң леп белгісі қойылады?
А) жаңалық ,бірталай, бәрекелді, апырай в) қолайлы
6. Бәріміз де жақсы жауап бердік
Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
ІІІ. Балалар, негізгі тапсырма мәтіннің негізгі мазмұны түсініп, әдемі, сауатты жазу.
Орфография, пунктуация ережелерін естеріңізге түсіре отырып, практикада қолдана біліңіз.
(оңашаланған айқындауыш мүше) жалпылауыш мүше, бастауыш пен баяндауыш арқылы сызады
Ал, көңіл-күйлеріңіз қалай?
Сіздерді ешкім режіткен жоқ па?
ІV. Ендеше саусақтарымызды жаттықтырайық
«Өзіммен өзім»
Маужырап отырған күйдегідей ыңғайланып отырыңдар. Әбден қалжырап, тіпті саусағыңызды да қимылдата алмайтындай әсер болғаны дұрыс. Енді көзімізді жұмып, жазғы жылы күн айнала жұп-жұмсақ, көкпеңбек шөптер, күн жоғары көрерілгенде қолымызды жоғары созып, саусағымызды массаж жасаймыз еркін, жайлап тыныс алыңдар да, еркін демалыңдар.
V.Тақырыпты тақтаға жазып, мақсатын ұғыну. Жаттығу жасап болсақ, сіздермен бүгін бақылау диктантын жазамыз.
Тақырыбы: Тоғжан ауылында
Дәптерлерімізді ашамыз, күннің жазын жазамыз.
Сүйіндіктің аппақ үлкен үйі жылы екен,іші толы тірелген жүк,буулы тең менен сандықтар.Оның ар жағы екі босағаға шейін текемет,алаша,тұс киізбен қоршалыпты.
Саптама мен тиін ішікті әлі тастамаған Абай бұл үйде тоңазитын емес.Биылғы көктемде алғашқы рет киіз үйге қонғалы отырғаны осы.Мұнда бір жеңіл салқындық,кең тыныс бар.Көктемдегі киіз үй Абайға әрқашан таңсық болатын.
Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар.Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы-Әлібек,Асылбек пен-бәрі де қонақтармен бірге болды.Бұл үйге ,әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы – Тоғжан .Абай келгеннен бері , Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті.Сылдырлаған шолпысы ,әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері- баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты.Толықша келген ,аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр.Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас,жүрекке шабар жендеттің жебесіндей.
Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп,не қымсынса, сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір жазылып, толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей.Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай.
(192 ) Мұхтар Әуезов.
А) мәтінмен таныстыру.
Ә) Мәтінге байланысты қысқаша мәлімет.
Шаңырақ халық түсінігінде не? Шаңырақтың мекен-жайы
Шаңырақтың қасиеті неде? Шаңырақтың жылылық
Оны неліктен қастерлейді Шаңырақ-алтын ұя, асыл мұра
Түйін:
Ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрып, ырым-тыйымдарды дәріптейтін өнегелі ұрпақ болайық.
Тоғжанның сымбатына ақылы сай екендігі неден байқалады?
VІ. Сөздік жұмыс. Тұс киіз
Буулы тең
Тиін ішік
Жеке сөйлемдерді оқып жаздыру
Соңғы сөйлем жазылып болған соң, мәтінді толық оқу.
VІІ. Сабақты қорыту: Қандай қиыншылықтар кездесті?
Достарыңызбен бөлісу: |