"Бақытты сәт" жаттығуы


Сурет бойынша әңгіме құру, сипаттау жаттығуы



бет14/36
Дата21.03.2024
өлшемі176.34 Kb.
#496244
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
ҚТОӘ дәріс Қатысым

7. Сурет бойынша әңгіме құру, сипаттау жаттығуы
7.1. Алдымен балаға ат қой, ол қайда барады, не істеді, ол қалай киінген? т.б. Баланың суреті беріледі.
Мақсаты: тіл үйренуші күн тәртібі тақырыбын пайдаланып сурет бойынша ауызша шағын әңгіме құруы керек.
Өтілген материал: Зат есім, сын есім, етістік, күн тәртібі мен уақыт лексика-грамматикалық тақырыптары.
Нәтиже: Оқушылар сурет желісі бойынша жүйелі түрде сөйлем құрай отырып, өз бетінше ауызша шағын әңгіме құрап, әңгімелеп береді.
7.2. Туыстарыңыздың, дос, жолдас, жақындарыңыздың фотосуреттерін алып келіп, олар жайында әңгіме айтып беріңіз.
7.3. Берілген суретке қарап отырып мектебің туралы әңгімелеп бер.
7.4. «Ара» сөзін анықта.
Тапсырма: Берілген сурет бойынша сөздің мағынасын ажыратып, мазмұны түсінікті болу үшін сөйлем құра.
Бұл тапсырма түрінде оқушылар алдына екі түрлі сурет беріледі, бірінде ұшатын бал ара бейнеленсе, екіншісінде ағаш кесетін араның суреті беріледі. Жаттығудың мақсаты: Омоним сөздердің жазылуы бірдей болғанымен мағынасы әр түрлі болатынын, сөздің мағынасын ашу үшін сөйлем құрату арқылы дәлелдету.
Нәтиже: Осындай суреттер арқылы грамматикалық және лексикалық тақырып бойынга өтілген материалды пысықтап, сабақ соңындағы бекіту сәттерінде ауызша жұмыс жасатуға болады.
7.5. Төмендегі суретке қарап, қалаңның табиғаты туралы сипаттап бер.
8. Берілген сұрақтарға жауап беру жаттығуы
8.1. Төмендегі сұрақтарға сүйене отырып, «Менің өмірбаяным» атты сұхбат құрыңыз.
- Сен қай қай жылы туылдың?
- Қай жерде туылдың?
- Отбасыңда неше адамсыңдар?
- Ата-анаңның есімдері?
- Нешінші жылы және қандай балабақшаға бардың?
- Бірінші сыныпқа қашан және қай мектепке бардың?
- Оны қашан және қалай аяқтадың?
- Мектептегі жолдастарыңмен қарым-қатынасың қандай?
- Қай ЖОО – да оқисың?
- Неге осы оқу орнын және мамандықты таңдадың?
- Болашаққа деген жоспарларың?
- Осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктерің қандай? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет