12
Дәнекер және май тін – химиялық құрамы.
Колагеннің май тінді термиялық өңдегенде өзгеруі.
Тіндік майлардың автолитикалық өзгерістері
.
Дәнекер ұлпасы (textus соп- nectivus; лат. textus — үлпа, connectivus —
дәнекер) — жануарлар ағзасының барлық мүшелері
құрамына кіретін,
денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып,
ағзаның ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы
жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. Оның кейбір түрлерінде
жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық
заттар көбірек болады. Жоғары дамыған жасушааралық зат – негізгі зат
немесе аморфты зат, трофикалық қызмет атқарады. Сонымен қатар негізгі зат
у-ды әлсіретеді – яғни қорғанғыштық функция. Ұлпаның тіректік қызметі
жасушааралық заттың 3 түрлі талшықтарына байланысты: коллаген, эластин
және аргирофильді.
Коллаген талшықтары – мықтылықты беретін фибриллярлы
құрылымды (жарықтық оптикалық зерттелетін гистологиялық препараттарда
көлденең сызықты). Олар негізгі және қышқыл бояғыштармен тармақталмай
боялады. Коллаген талшықтары бір-біріне параллель және тығыз орналасады.
Талшықтар шоғырьшың
арасында саңылаулар болады, ондағы аморфты затта
фиброциттер жатады. Фиброциттер немесе сіңір клеткалары, бірінші ретті
коллаген талшықтар шоғырының тізбектерінің арасьшда орналасады. Бірінші
ретті коллаген шоғырлары бірігіп, екінші ретті шоғырлар күрайды. Оларды
эндотеноний (tendo — сінір) деп аталатын борпылдак қалыптаспаған дәнекер
ұлпаның жұқа қабаты қоршап түрады. Осы принциппен екінші ретті коллаген
шоғырлары, үшінші ретті шоғырларға бірігеді, бұларды да дәнекер үлпасы
каптайды, бірақ олардын дәнекер ұлпалық
кабы қалың болады және
перитеноний деп аталады.
Эластикалық талшықтар гомогенді, төзімді емес, бірақ белгілі-бір
шектеулерге дейін созылады. Табиғи сары түстес түсі бар және арнайы
бояулармен
боялады
(орсеин,
паральдегидфуксин),
тармақталып,
анастомоздар түзеді.
Аргирофильді талшықтар – ерекше жұқа және жарықтық оптикалық
зерттеу кезінде оларды азот қышқылды күміспен импрегтейді. Жас коллаген
талшықтар аргирофилді қасиетке ие.
Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық
заттың арақатынасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен
лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал
13
жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары)
тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген.
Дәнекер ұлпасы
жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден
басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының
туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға
қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер
ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс,
тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Жануарлар
ағзасының құрамында дәнекер ұлпаларының элементтері кездеспейтін
мүшелер болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің
қабықтары мен қабаттарын, қомақты мүшелердің
паренхима бөліктерін
дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды,
әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын, қаңқа
сүйектері байламдарын, бұлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің
сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі
тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген.
Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа,
борпылдақ
дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекерұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы
жатады.
Дәнекер тін мезенхималды ұрықтан пайда болады және жасуша мен
негізінен фибриллярлы ақуыздар мен негізгі заттан түзілген жасушаралық
материалдан тұрады. Функционалдық қолданылуына қарай дәнекер тін
эмбрионалдық дамуы кезінде сараланады. Бұл ретте сіңір, шеміршек, сүйек,
тері мен ірі қан тамырларының қабаттары түзіледі. Олардың барлығында
фибриллярлы
ақуыздар мен негізгі зат бар, бірақ олардың сандық және
сапалық арақатынасы өзгере алады, ал бұл олардың қасиеттерін түсіндіреді.
Дәнекер тіннің түріне қарай негізгі зат әр түрлі күйде болады.
Осылайша, дәнекер тінде ол жартылай сұйық, шырыш секілді материал
болып
табыладыэлектрондық
микроскоппен
көрінетін
өте
жұқа
мембраналардан тұрады. Химиялық өзгерістердің салдарынан негізгі зат
шеміршекті тінге айнала біршама серпімділігін сақтап тығыздалады, негізгі
заттың минералды тұздардың жиналуы
нәтижесінде одан әрі қарай
тығыздалуы мықты сүйек тінінің түзілуіне алып келеді.
Негізгі зат қышқыл мукополисахаридтер атауын алған қосылыстармен
түзілген. Тіндерде олар бос түрінде тіршілік етпейді, олар ковалентті
байланыспен ақуыздарға қосылған. Осы себептен оларды протеогликандар
деп атайды.
Дәнекер тіннің арнайы жасушалары, фибриллярлы ақуыздар (коллаген,
эластин) мен негізгі материал (мукополисахаридтер, гликопротеинтер)
паренхиматозды жасушалар мен қан капиллярлары арасындағы кеңістікті
толтырады (2.1 сурет).
14
Сурет 2.1. Дәнекер ұлпаның құрлымдық сызбасы
1- дәнекер тін; 2 – паренхиматозды жасушалар; 3 –
капиллярлар мен
қан элементтері; 4 – шырлы жасушалар; 5 – фиброциттер мен фибробласттар;
6 – коллаген талшығы; 7 - эластин талшығы; 8 - негізгі материал (матрикс)
Дәнекер тін көптеген үй жануарларының етінің 16% құрайды, алайда
оның бөліктерінде таралуы мен сапалық құрамы алуан түрлі.
Дәнекер тін шұжық және кулинариялық өнімдерді дайындауда,
желатин мен желім өндіруде, сондай-ақ кейбір басқа технологияларда
қолданыла алады.
Эмбрионалдық дамуы, морфологиялық компоненттерінің құрылымы
мен біртипті ақуызды заттарлың сандық мөлшері жағынан дәнекер тінге
жабын ұлпа жақын.
Достарыңызбен бөлісу: