Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С



Pdf көрінісі
бет10/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Альбуминдер мен глобулиндер дәнекер тіннен сумен алынады. 
Алғашында аз ғана мөлшерде альбуминдер, ал одан кейін тұзды 
ерітінділермен өңдегенде – глобулиндердің біршама мөлшері алынады. 
Шикізатты алдын ала дайындағанда желатин алу үшін альбуминдер мен 
глобулиндердің көп бөлігі алынып тасталады. Бұл ақуыздар болғанжа 
желатин бұлдыр болады. 
Альбуминдер мен глобулиндер (5-5,5%) құлақ пен ерін сияқты тін 
байланыстырушы түзілулерде көп болады. Аталған шикізатты зельц пен 
сілікпе дайындау үшін қолдануға кеңес беріледі. 
Дәнекер тіннің өзі. Негізгі зат пен әр түрлі талшықтардың 
арақатынасына қарай дәнекер борпылдақ және тығыз тіннің өзі болып 
бөлінеді. 
Борпылдақ дәнекер тін барлық органдар құрамына кіреді. Он қан 
тамырларын жауып тұрады, барлық органдар мен тіндерді қаттап тұрады,
органдар, бұлшықеттер арасындағы бос орындарды толтырады, тері шелі 
осыдан тұрады. Борпылдақ дәнекер тіннің жасушааралық затында аморфты 
зат басым, талшықша салыстырмалы аз және олар әр түрлі бағытта 


21 
орналасқан. Борпылдақ дәнекер тіннің құрамына коллагенді, ретикулинді 
және 
эластинді 
талшықтар 
(Сурет 
2.3) 
кіреді. 
Негізгі 
затта 
мукополисахаридтер бар және олар ақуыздармен берік байланысқан. 
Сурет 2.3. Борпылдақ дәнекер тіннің сызбалық құрылымы: 1 – коллагенді 
талшықтар; 2 – эластинді талшықтар; 3 – жасуша; 4 – ядро. 
Тығыз дәнекер тіннің сіңір (бұлшықеттерді сүйекке бекітетін 
эластикалық емес, иілгіш емес тәжі), сүйектер, фасциялар, терілерді бір-
бірімен қосатын байламдар құрамына кіреді. Тығыз дәнекер тіннің 
жасушаралық затында негіз зат аз да, талшықтар көп (сурет2.4). 
Талшықшалар бір-біріне қатар орналасуы мүмкін, мысалы, сіңірлерде немесе 
жуан түйіндер түрінде, бір-бірімен шырмалып торт үзеді, мысалы тері 
дермасында (кориумында). 
Сурет 2.4. Тығыз дәнекер тіннің сызбалық құрылымы: 1 – коллагенді 
талшықтар; 2 – эластинлі талшықтар; 3 – жасуша; 4 – ядро. 


22 
Тығыз дәнекер тіннен жасалған әр түрлі түзілістерде құрылымы мен 
функционалдық ерекшелдіктеріне қарай негізгі молекулалық ақуыздардың 
сандық арақатынасы әр түрлі. Осылайша, сіңірлерде, фасцияларда және тері 
дермасында 31-33%, ал бұқаның желке байламында коллаген бар болғаны 
7,5%, ал эластин 31,7%. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет