Байғабылов нұрлан оралбайұлы атамекеніне оралған қазақтардың мемлекет құрушы ұлт талаптарына әлеуметтік сәйкестенуі


Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдар



бет11/11
Дата23.02.2016
өлшемі11.38 Mb.
#7137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы бағдарламасы

  • Баймолда Д.. Елге оралған оралмандардың берері көп //abai.kz ақпараттық порталы

  • Ионин Л.Г. Социология культуры. – М.: Аспект-Пресс, 1998. – 211 с

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. //http: www.economika.astana.kz

  • ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қ.Келімбетовтің елдің 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі// http:kz.government.kz

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


    ҚОСЫМША А
    «Қазақстанға оралған қандастардың әлеуметтік сәйкестенуі » атты әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
    Зерттеу жүргізу мерзімі: 2012 жылдың 3-22 маусым аралығы

    Зерттеудің өзектілігі. 2015 жылға дейінгі Қазақстан мемлекетінің стратегиялық дамуы жоспарына сай елдегі халық санын жиырма миллионға жеткізу сандық көрсеткішіне, халқымыздың демографиялық құрамын оңтайландыру мәселесіне осы тұрғыда шетелдегі қандастарымызды тарихи отанына тарту керектігін міндеттейді. Ел Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2002–2015 жылдарға арналған Тұжырымдамасында» шет елде тұратын этникалық қазақтардың қайтып оралуын ынталандырумен қатар, көшіп келушілердің жаңа ортаға бейімделу мәселесінеде баса назар аударылды. Атамекеніне оралған қазақтардың мемелекет құрушы ұлт талаптарына әлеуметтік сәйкестенуі тақырыбы әлеуметтану ғылымы саласы үшін көтеріліп отырған тың тақырып.

    Оралған қандастардың әлеуметтік бейімделуі мен сәйкестену деңгейі жоғары болған сайын, беретін адами ресурсы да аймақ, ел үшін жоғары болады. Керісінше жағымсыз жағдай, көшіп келген қоныстанушының тұрғылықты жеріне бейімделуі ауыр болуы әлеуметтік жағдайды шиеленістіре түседі. Осы тұрғыда оралған қазақтардың әлеуметтік сәйкестену тақырыбының зерттелуі өзекті мәселе.



    Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

    Мақсаты-атамекенге оралған қазақтардың мемлекет құрушы ұлт талаптарына әлеуметтік сәйкестенуіне әлеуметтанулық талдау жасау және диссертациялық жұмыстың кейбір түйткіл тұстарын сарапшылар пікірімен нақтылай түсу.

    Аталған мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылды.

    Негізгі міндеттер:



    1. Қазақстан Республикасындағы мемлекет құрушы ұлтпен этностардың әлеуметтік жауаптылығы мен сәйкестенуі мәселесін нақтылай түсу.

    2. Қазақстан Республикасындағы мемлекет құрушы ұлттың әлеуметтік жауаптылығы туралы сарапшылар пікірін зерттеу.

    3. Елге оралған қазақтардың мемлекет құрушы ұлт талаптарына әлеуметтік сәйкестенуінің негізгі бағыттарын оның мазмұнын айқындай түсу.

    Қосалқы міндеттер:

    1. Елге оралушы қазақтардың әлеуметтік бейімделу мен оның мәселелік аспектілері туралы сарапшылар мен пікірлесу.

    2. Білімдік және рухани-мәдени сәйкестенуінің барысын айқындай түсу.

    3. Әлеуметтік және саяси-экономикалық бірегейліктің негізгі қырларын нақтылау.

    Іріктелген сарапшылар: тарихи отанына оралған қазақтар мен көші қон саласына байланысты мемлекеттік қызмет өкілдері, ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың жетекші құрамы т.б.

    Зерттеу пәні: оралман-қазақтардың қазақ қоғамындағы мемлекет құрушы ұлттың талаптарына әлеуметтік сәйкестену үрдісі және оның мәселелік қырлары.

    Негізі ұғымдар:

    • Оралман, «Нұрлы көш» бағдарламасы, репатриант, әлеуметтік сәйкестену, ұлт, этнос, көші-қон т.б.

    Зерттеу жүргізілетін негізгі ел аймақтары: оңтүстік, батыс, шығыс, солтүстік.

    Зерттеу әдісі: ғылыми бақылау, іріктелген сарапшылармен тереңдетілген сұхбат, БАҚ құралдары ақпараттарын контент-талдау.

    Іріктеу жиынтық:

    Павлодар, Ақтөбе, Астана және Шымкент қалалары бойынша сапалы әдіспен 40 сарапшымен тереңдетілген сұхбат негізінде сауалнама жүргізілді. Сарапшылар қатарында: көші қон мәселесімен тікелей байланысты мемлекеттік қызмет өкілдері (10), қоғамдық ұйымдардың жетекші құрамы (10), ғалымдар (10) және елге оралған қандастар қамтылды (10).



    Сұхбаттың негізгі сұрақтары диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі түйінді мәселелері тұрғысынан жасалынды.

    1. «Сіздің пікіріңізше атамекенге оралған қандастардың қоныстану үрдісі қалай жүруде және қандай проблемалық жақтары бар?»

    2. «Қазақ ұлтын мемелекет құрушы ұлт деп айшықтағанымыз дұрыс па?»

    3. «Мемлекет тарапынан бөлінген арнайы квота негізінде Қазақстанға оралу жыл сайын кеміп келеді» деген пікір орын алуда. Сіздіңше көштің саябырсып отырғанына не себеп?

    4. «Нұрлы көш» бағдарламасының жүзеге асуына сіздің көзқарасыңыз қандай және сіздің, көңіліңіз толмайтын жақтары бар ма?»

    5. Сіздің пікіріңізше «Атамекенге оралған қазақтардың Қазақстандық қоғамға тезірек бейімдеу мақсатында қандай ауқымды іс шаралар жасалынды және жасалуға тиіс?

    6. «Сыртқы көшi-қон саясатын жүргiзу үшiн арнайы министрлiк құрылуы шарт» деген ой-пікірге қалай қарайсыз?

    7. «Отанына оралған қазақтардың әлеуметтік бейімделуі барысында қандай басты проблемалар жиі кездеседі?»

    8. «Қазақстан Республикасындағы «мемлекетқұрушы ұлттың әлеуметтік жауаптылығы» дегенді Сіз қалай түсіндірер едіңіз?»

    9. «Оралман» атауы дискуссия тудырып отырған ұғым болып тұр. Сіздің ол атауға көзқарасыңыз қандай?»


    ҚОСЫМША Б

    Сурет Б 1. - «Нұрлы көш» жобасымен салынған үйлер (Шымкент қ.)

    Сурет Б 2 - «Нұрлы көш» жобасымен салынған үй (ШҚО, Курчатов қ.)

    Сурет Б 3 - Көгалдандыру жұмысы (ШҚО, Курчатов қ.)

    Сурет Б 4 - Оралмандар жанұясы (Павлодар қ.)




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет