Шағатай Ж.
Байқоңыр дейтін бір мұң бар: Кеселді космодром кімге керек? / Жаңабек Шағатай. - 2003. - 16 қазан
Кеше Қытай алғашкы космонавын ғарышқа аттандырды. ¥лы елдің бағдарламасы элден-ақ талай қауесет, сөзге тиек болып отыр.
Анау зенитке («зенит» — араб сөзі - Ж.Ш.) арқырап зымырандар үшатын Байқоңыр ғарыш айлағы туралы да алуан түрлі аңыз мол. Жалпы Рональд Рейган «имансыздық империясы» («империя зла») деп атаған КСРО-ның космосты игеруі эдемі аңыздар, романтика,ауыр апаттар мен трагедияларға толы. 1955 жылы N5 ғылыми-зерттеу сынақ полигоны ретінде аса қүпия түрде салынған ғарыш айлағы адамзат тарихындағы ең қуатты жэне ең қауіпті кешен болып танылуы заңды да. Бір ғажабы, осы нүктеден алғаш космосқа аттанған Юрий Гагарин сүлулыққа ғашық жан болған ғой. Оның жердегілермен байланысқан кездегі айтқан сөздері сол бір романтиктің бай жан дүниесінен хабардар етеді. «Гагарин: Внимание, вижу горизонт Земли. Очень такой красивый ореол. Сначала радуга от самой поверхности Земли, и вниз такая же радуга переходит. Очень красиво, уже ушло через правый иллюминатор. Видно, как проходят звезды. Очень красивое зрелище. Продолжается полет в тени Земли. В правый иллюминатор сейчас наблюдаю звездочку, она проходит слева направо. Ушла звездочка, уходит, уходит... Внимание, шимание. 10 часов 9 минут 15 секунд. Вышел из тени Земли. Сейчас появилось Солнце...»
Гагарин радиобайланысының стенограммасын оқыған сэтте алғашқы космонавтың сүлулыққа қүштарлығына еріксіз тэнті болып, Жердің сүлулығына сүқтана, қуана айтқан сөздеріне қарап адамзат үшін мақтануға болады. Ол қысқа уақытта өз жеріне қызығумен қараған.
Әтген, Байқоңыр бейбіт космосты игеру үшін емес, ең бастысы соғыс қажеті үшін салынған нысан. Соғыс идеологиясын алдыңғы орынға шығарған коммунистік билеушілер мүны сол кездегі халықаралық жағдай, саяси ахуал, элемдегі социалистік лагерь елдерін қорғау, т.т. сылтаулармен ақтағысы келгенмен, шындық біреу — КСРО жанталаса қарулануды ешқашан, бір сэтке де азайтқан емес. Тіпті, ана жылы мүхит суына батырылған «Мир» кешені де соғысқа арналған еді. Таяуда Байқоңырда үлкен мереке болып өтті. Ресейдің эскерилері кэсіби мерекесі — Космос эскерлері күнін дүрілдетіп атап өткені тэуелсіз Қазақстанға көрсеткен қыры, күш көрсетуі деп білген жөн. Осыдан 46 жыл бүрын Жердің алғашқы жасанды серігі осы жерден аттандырылса, одан бері бүл жерден 1140 космос зымыраны, 200-ден астам ғарыш аппараттары, 1000-нан астам континент аралық баллистикалық ракеталар үшырылды дейді мамандар мен зерттеушілер.
Ал осы эрбір старт кең байтақ қазақ даласына, оның қайталанбас табиғатына орасан зардап, нүқсан экелді, элі күнге экелуде. Осында жүмыс істеп түрған он бес үшыру қондырғысы мен тоғыз үшыру кешені,
зымырандар мен космостық аппараттарды дайындайтын отыз төрт техникалық кешен элем үркектеп қарайтын қуатты қарудың айрықша шоғырландырылған жері.
Байқоңырды жиырма жылға жалға алған Ресей тарапы мүны одан эрі созуды эу бастан-ақ діттеп қойған. 50 ... 100 жыл... Мэңгілік! Өйткені, Қазақстан тарапына жалдың өтемі ретінде беретін 115 млн. доллар тіленшіге үстатар тиын-тебен ғана. Оның үстіне бұ_л өтемнің басым бөлігі солтүстік көршіміздің ешкім алмайтын күні өткен техникалары есебінен жүзеге асырылары да жасырып-жабар жайт емес. Есесіне Ресейдің космос бағ-дарламасына қажетті қаржының тең жартысынан астамы Байқоңырдан жүзеге асырылар коммерциялық үшырулардың есебінен жинақталып отыр. Бүл орасан зор қомақты қаржы, нақты валюта.
Аңғарымпаз адам ресейлік ғарыш зымырандары мен космос аппараттары-нын көбіне күз айларында апатқа үшырайтынына назар аударуы орынды. 1999 жылы Қарағанды аспанында жарылған екі «Протон» осының дэлелі. 2002 жылдың казан айында американдық қүрал-жабдықтар орнатылған «Фотон-М» спутнигін алып үшуға тиісті «Союз-5» зымыраны Плесецк космодромында апатқа үшырап, бір жауынгер қаза тапты, бірнеше адам ауыр жараланды. Сол жылдың 26 қарашасы күні Еуропаның ең ауыр «Астра-ІК» спутнигін 36 мың км. биіктікке алып шығуға тиісті «Протон-К» зымыраны Байқоңырдан үшып шығып, 200 км. биіктікте апатқа үрынды. Марсқа аттандырылған планетааралық экспедицияның апатқа үрынуы Ресей космос бағдарламасының қаралы күндері. Оның үстіне осы жерде Ресей компа-ниясы үшін жүмыс істеп жүрген бірнеше қазақ жігіттерінің трагедиялық өлімі (орасан зор, берік қойманың төбесі қүлауы), отбасыларының аңырап қалуы халқымыздың жүрегіндегі ауыр жара.
Байқоңырды қазақтың тажалы деп жүргендердің пікірі жөн шығар? Бэлкім зымырандардан зэрезап болған қасиетті Байқоңыр жері бүлқынып, қарсылық танытатьш шығар. 1999 жылы «Протон» жарылғанда эуеде қалындығы 16 км., аумағы 20 км. болатын ақ бүлт пайда болған көрінеді. Біздің мамандардың айтуынша, элгі бүлттың адамдарға да, табиғатқа да түк зияны, кері эсері болмаған сияқты. Расымен солай ма?.. Діндарлар «ақырзаман боларда жер жарылып, астынан Мэді (Махди) шығады» дейді. Байқоңырдан үшырылған эрбір зымыранның орасан зор жылдамдықпен ауа қабатын тесіп өтуінің өзі орасан қуатты жарылыспен тең, бейнелеп айтқаңда, ақырзаман! Арал өңірі ғана емес, Қазақстанның көп жерлерінде алай-түлей қара дауыл соғып, кең дүние тарының қауызына сыйғандай болады. Кэртаң, науқас адамдардың денсаулығы күрт төмендеп, тіпті. далалардағы шыдамды адыраспандар бір уыс боп бүрісіп қалады. Алматыда да іле-шала суық жаңбыр жауатынын аңғарушьшар аз емес. Тіпті, Арал теңізінің қүрғауына қос дария — Әму мен Сырдарияның суы азаюы ғана емес, Байқоңыр космодромы тікелей себепші деушілердің сөзінде негіз бар сияқты. Зымыран эуеге атылғанда он мыңдаған тонна су тамшыларын кеңістікке бу етіп таратады дейді бірқатар мамаңдар. Ал Орталық Азия суға қашанда зэру. Соңғы деректерге қарағанда, Тянь-Шань тауларындағы мүзарттар өте
жылдам еріп, кейінгі жылдары 30 пайызға азайып кеткен. Бүл жағдайда осынау зор Гүлстан аймақ таяу жылдары баябан шөлге айналады деген сөз. Арал теңізін сақтау туралы айқай-шу ай астына жетті үзақ жылдарда. Таңданарлығы сол, енді элемдік қауымдастық та, эсіресе, қазақтар қарт теңіздің тағдырына біржола қол сілтеп, жылы жауып қойғаңдай. Ал бірақ халықымызға, Қазақстанға пайдасы күмэнді Байқоңырмен бақүлдасуға батылымыз да жетпейді, шын ниет те жоқ. Есесіне осы космодромда қү_пия ашылған, үзақ уақыт бойы Ресей қазынасына көк тиын төлемей келген оффшорлық компаниялардың жағдайы сол елде үлкен қоғамдық пікір тудырып отыр. Кейінгі кездері олигархтармен күресті жандандырған Ресей Бас прокуратурасы осы жабық аймаққа шындап назар аударар күн алыс емес секілді.
7,5 млрд. доллар көлемінде алтын-валюталық қоры бар Қазақстан дэл қазір Байқоңыр ғарыш айлағынан түсетін азын-аулақ ақшаға (115 млн. АҚТТТ доллары) түк те зэру емес. Бірақ Ресей жағы космодромнан қос қолдап айырылғысы келмейді. «Колумбия» ғарыш кемесі апатқа үшыраған соң НАСА өзінің космос бағдарламасын қайта қарап, кезекті үшуларын кейінге қалдырып отыр.
Қүны жүздеген миллиард түратын Халықаралық космос станциясына (МКС) үшулар тек Ресей зымырандары арқылы ғана жүзеге асырылады. Ал ресейліктер өз эріптестері, АҚШ астронавтарн мазақ еткізгісі келгендей өркөкі-ректікке, мақтаншақтыққа үрынғаны өкінішті. Ресей космонавтының орбитадан жердегі қалыңдығымен неке қиюы соның айғағы. Фарс! Тіпті бейбіт космосты игеру, адамзат білімін, дүние танымын алға апару, прогресс жолында опат болғандардың аруағын қорлау сияқты. Былайша айтқанда космос тануда адамзатгың сан ғасырлық кіршіксіз арманын ойыншыққа айналдырған осынау қадам Ресей эскерилерінің арасында эперба-қандар көп екенін көрсетеді.
Қазақстанға Байқоңыр қаншалықты қажет деген сауалға осыған дейінгі үкіметіміздің ешбірі нақты, шын мэнінде жан-жақты ғылыми, медициналық сарапталған жауап берген жоқ. Күлбілте, көмескі жауап,сырғытпа сөздер. Жаңа Үкіметіміз де бүл сорапа аяқ тастағысы келмейтін сыңайлы.1999 жылы алғашқы «Протон» жарылғанда ауласына зымыран бөлшегі қүлаған байғүсқа аталмыш зымыран шығаратын зауыттын басшысы А.Недайвода сөзге келмей, 1000 доллар үстатқан көрінеді. Көп жасасын, бірақ есесіне біздің Үкімет космодромнан шын мэнінде пайда көріп отырған жоқ. Күйген ауа, өртенген жер, экологиялық апаттың өтемі ешқашан ақша бола алмайды. Космос қүпия эрі қызық, ал жердегі тіршілік иелерінің өмірі бэрінен қымбат, қасиетті.
Байқоңыр космодромы адамзатқа, өркениетке қызмет етеді деп өзімізді алдауға болады. Бірақ, соңғы кездері Приозерскіні де жалға алуға, эскери база ретінде алуға үмытылып отырған ресейліктер Қазақстанды уысынан шығармауға жан салуда.
Достарыңызбен бөлісу: |