Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерiн ұсыну қағидаларын бекiту туралы



Дата12.07.2016
өлшемі327.71 Kb.
#194125
Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерiн ұсыну қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 20 сәуiрдегi № 504 Қаулысы



      "Ғарыш қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерiн ұсыну қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2012 жылғы 20 сәуiрдегi
№ 504 қаулысымен  
бекiтiлген    

Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары
транспондерлерiн ұсыну қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерiн ұсыну қағидалары (бұдан әрi – қағидалар) "Ғарыш қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға әлеуметтiк-экономикалық мақсаттағы ғарыш аппараттары транспондерлерiн немесе транспондерлерiнiң сыйымдылығын (бұдан әрi – транспондерлер) жалға ұсыну тәртiбiн айқындайды.


      2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ғарыш аппараты транспондерiнiң сыйымдылығы – транспондерлердiң жиiлiк-энергетикалық ресурсы;
      2) ғарыш аппараты – ғарыш кеңiстiгiнде орналасқан және спутниктiк байланысты ұйымдастыруға арналған техникалық құрылғы;
      3) ғарыш аппаратының транспондерi – ғарыш аппаратына орнатылған және Жер–ғарыш–Жер сигналдарын қайта таратуға арналған радиохабар тарататын құрылғылар жиынтығы;
      4) ғарыштық байланыс жүйесiнiң ұлттық операторы – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған, ғарыш жүйесiн техникалық пайдалануды қамтамасыз ететiн және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға транспондерлердi жалға ұсыну бойынша қызметтер көрсететiн ұйым.
      5) спутниктiк байланыстың жер станциясы – Жердiң бетiнде орналасқан және бiр немесе бiрнеше ғарыш аппараттарымен немесе бiр немесе бiрнеше қайталайтын ғарыш аппараттарының көмегi арқылы осыған ұқсас жер станцияларымен немесе ғарыштағы басқа да объектiлермен байланысты жүзеге асыруға арналған станция;
      6) спутниктiк байланыстың жер станциясының ғарыш аппаратына қолжетiмдiлiгi – ғарыштық байланыс жүйесiнiң ұлттық операторы беретiн, спутниктiк байланыстың жер станцияларының транспондерлерге қосылуының техникалық мүмкiндiгiн растайтын құжат.

2. Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға транспондерлердi
ұсыну тәртiбi

      3. Транспондерлердi жалға алу үшiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрi – өтiнiш берушi) ғарыштық байланыс жүйесiнiң ұлттық операторына (бұдан әрi – ұлттық оператор) осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.


      Өтiнiмге мыналар қоса берiледi:
      1) осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес айлар бөлiнiсiндегi транспондерлердi жүктеу кестесi;
      2) осы қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ұйымдастырылатын спутниктiк байланыс арналарының параметрлерi;
      3) осы қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес пайдалануға жоспарланып отырған спутниктiк байланыстың жер станцияларының тiзбесi.
      4. Ұлттық оператор ұсынылған құжаттарды қарайды және қарау нәтижелерi бойынша өтiнiм берушiнi транспондерлердiң жалға берiлетiндiгi туралы хабардар етедi немесе дәлелдi бас тартуды құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде жiбередi.
      5. Ұлттық оператор мынадай жағдайларда транспондерлердi жалға ұсынудан бас тартады:
      1) ұсынылған құжаттар осы қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;
      2) транспондерлер бос болмаса немесе резервтелген болса.
      6. Транспондерлердi жалға ұсыну туралы хабардар еткенде, осы қағидалардың 5-қосымшасында көрсетiлген нысанға сәйкес транспондерлердi жалға ұсыну бойынша қызметтердi көрсетуге үлгiлiк шарттың жобасы қоса берiледi. Транспондерлердi жалға ұсыну бойынша қызметтердi көрсету шартына хабарлама жiберiлген сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қол қойылады.
      7. Транспондерлердi жалға ұсыну бойынша қызметтердi көрсету шартына қол қойылғаннан кейiн өтiнiм берушi ғарыш аппаратына спутниктiк байланыстың жер станцияларының қолжетiмдiлiгiн алуы тиiс.
      8. Ғарыш аппараттарына спутниктiк байланыстың жер станцияларының қолжетiмдiлiгiнiң техникалық талаптарын ұлттық оператор айқындайды және спутниктiк байланыстың жер станцияларын сынаудан тұрады.
      9. Ұлттық оператор өтiнiм берушiде осы рұқсатта көрсетiлген жиiлiктердi, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арнаның) өтiнiмде көрсетiлген спутниктiк байланыстың жер станцияларын қолдану арқылы пайдалануға тиiстi радиожиiлiк органы берген радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсаттардың көшiрмелерi болған жағдайда спутниктiк байланыстың жер станцияларына сынау жүргiзедi.
      10. Спутниктiк байланыстың жер станцияларын сынаудың оң нәтижелерi болған жағдайда, ұлттық оператор осы қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ғарыш аппараттарына спутниктiк байланыстың жер станцияларының қолжетiмдiлiгiн ресiмдейдi.

Жеке және (немесе) заңды    


тұлғаларға ғарыш аппараттары  
транспондерлерiн ұсыну қағидаларына
1-қосымша           

Ғарыш аппараттары транспондерлерiн және транспондерлерiнiң
сыйымдылығын жалға ұсынуға өтiнiм

1. Өтiнiш берушi ____________________________________________________


                              (кәсiпорын, ұйым атауы)
2. Өтiнiш берушiнiң мекенжайы (заңды және почталық) _________________
_____________________________________________________________________
3. Өтiнiш берушiнiң деректемелерi ___________________________________
                              (банктiк деректемелерi, сәйкестендiру
                               нөмiрi (ЖСН, БСН) резиденттiк елде
                               салықты тiркеу нөмiрi)
4. Телефон, факс, интернет-ресурс ___________________________________
5. Байланысатын тұлға _______________________________________________
                             (тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы)
6. Өтiнiш берушiнiң лицензиясы (бар болған жағдайда)_________________
_____________________________________________________________________
           (лицензия нөмiрi, қызмет түрi, жарамдылық мерзiмi)
7. Сұрау салынған жиiлiк-энергетикалық ресурс _______________________
_____________________________________________________________________
      (ғарыш аппаратының атауы, сұрау салынған ресурс көлемi, МГц)
7.1. Ресурсты пайдаланудың барлық мерзiмiне МГц жалпы көлемi ________
8. Ресурсты пайдалануды бастау ______________________________________
                                          (күнi, айы, жылы)
9. Пайдаланудың жоспарлы мерзiмi ____________________________________
                                          (ай, жыл саны)
10. Өтiнiш берушiнiң айрықша талаптары ______________________________
Өтiнiмге берiлетiн қосымшалар:
      1. Айлар бөлiнiсiндегi ғарыш аппараттары транспондерлерiн және транспондерлерiнiң сыйымдылығын жүктеу кестесi.
      2. Ұйымдастырылатын спутниктiк байланыс арналарының параметрлерi.
      3. Пайдалануға жоспарланып отырған спутниктiк байланыстың жер станцияларының тiзбесi.

      Басшы ______________________


           (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Қолы ______________________


      Күнi _______________________

      М.О.

Жеке және (немесе) заңды    
тұлғаларға ғарыш аппараттары  
транспондерлерiн ұсыну қағидаларына
2-қосымша           

Айлар бөлiнiсiндегi ғарыш аппараттары транспондерлерiн және
транспондерлерiнiң сыйымдылығын жүктеу кестесi


р/с


Кезең, ай-жыл

Жүктелетiн ресурс, МГц




























      Басшы __________________________
            (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Қолы ___________________


      Күнi ___________________
      М.О.

Жеке және (немесе) заңды    


тұлғаларға ғарыш аппараттары  
транспондерлерiн ұсыну қағидаларына
3-қосымша           

Ұйымдастырылатын спутниктiк байланыс арналарының параметрлерi

Параметрлер

Параметрлердiң мәнi

1
арна үшiн

2
арна үшiн

3
арна үшiн

№*
арна үшiн

Спутниктiк байланыстың таратушы жер станциясының белгiсi (сәйкестендiру нөмiрi**)













Спутниктiк байланыстың қабылдаушы жер станциясының белгiсi (сәйкестендiру нөмiрi**)













Ақпараттық жылдамдық, кбит/с













Қызмет арнасының ақпараттық жылдамдығы, кбит/с













Модуляция түрi













Кодтың салыстырмалы жылдамдығы













Блоктық кодтау (мысалы: Рида-Соломон коды және т.б.)













Бiр бит энергиясының шу қуатының спектрлi тығыздығына қатынасы, дБ













Тасушы/шу қатынасы, дБ













Қосымша мәлiметтер (айрықша талаптар)













      Ескертпе:
      * Ғарыш аппараты арқылы бiр уақытта жұмыс жасайтын арналардың саны
      ** Спутниктiк байланыстың жер станцияларының сәйкестендiру нөмiрлерi мынадай тәртiппен берiледi:
      ААА-ВВВ-XXXХ, мұнда
      ААА – өтiнiш берушiге тиесiлiгi (мысалы: "Достық" ЖШС - DOS);
      ВВВ – спутниктiк желiнiң атауы немесе спутниктiк байланыстың жер станцияларының орналасқан жерi (мысалы: SkyStar Advantage – SSA желiсi; Алматы қ. – ALM);
      XXXХ – станцияның төрт таңбалы коды (желiдегi реттiк нөмiрi).
      Егер өтiнiш берушi осы сәтте ұлттық оператордың есептiк кешенiнiң деректер базасында жоқ модуляция түрi мен сигналдар кодын пайдаланса, онда өтiнiм берушi иеленетiн жолақты есептеудi дербес жүргiзуге және нәтижелерiн ұлттық операторға беруге құқылы. Өтiнiш берушi спутниктiк байланыстың жер станцияларының параметрлерi бойынша толық ақпаратты 4-қосымшаға сәйкес ұсынады. Ұлттық оператор өз кезегiнде өтiнiш берушiнiң сигналдар параметрiнiң ұсынылған ақпаратқа сәйкестiгiне өлшеудi жүргiзедi.

      Басшы _______________________


           (тегi, аты, әкесiнiң аты)
      Қолы __________________
      Күнi ___________________
      М.О.

Жеке және (немесе) заңды    


тұлғаларға ғарыш аппараттары  
транспондерлерiн ұсыну қағидаларына
4-қосымша          

Пайдалануға жоспарланып отырған спутниктiк байланыстың жер
станцияларының тiзбесi

Параметрлер

Параметрлердiң мәнi

№ 1
спутниктiк байланыстың жер станциясы үшiн

№ 2 спутниктiк байланыстың жер станциясы үшiн

№ 3
спутниктiк байланыстың жер станциясы үшiн

№__
спутниктiк байланыстың жер станциясы үшiн

Спутниктiк байланыстың жер станциясының cәйкестендiру нөмiрi*













Орналасқан елi*













Жақын орналасқан елдi мекеннiң атауы *













Мекенжайы (почталық индекс көрсетiлген)*













Әкiмшiлiктiң телефоны, факсы, e-mail













Ауысымдық персоналдың телефоны, факсы, e-mail*













Бойлық, град: мин: сек*













Ендiк, град: мин: сек*













Теңiз деңгейiнен биiктiгi, м*













Антеннаның диаметрi, м













Антеннаның жасаушысы (түрi)













Автосүйемелдеу жүйесiнiң болуы













Сапалылықтың номиналды мәнi, дБ/оК













Антеннаның қабылдауын күшейту, дБи













Антеннаның қабылдауын күшейтудiң өлшеу жиiлiгi, МГц (шығарушының деректерi бойынша)













Шуы аз күшейткiштiң шу температурасы, оК













Қабылдаудың антенналық-толқын өткiзгiш жолындағы шығындар, дБ













Таратудың жиiлiк диапазоны, МГц













Антеннаның таратуын күшейту, дБи













Антеннаның таратуын күшейтудiң өлшеу жиiлiгi, МГц (шығарушының деректерi бойынша)













Ең жоғарғы баламалы изотропты сәуле шығару қуаты, дБВт













Ең төменгi орнатудың баламалы изотропты сәуле шығару қуаты, дБВт













Баламалы изотропты сәуле шығару қуатының мәнiн орнату қадамы, дБВт













Баламалы изотропты сәуле шығару қуатын ұстаудың дәлсiздiгi, дБВт













Баламалы изотропты сәуле шығару қуатында бақылау блогының болуы













Таратқыштың қуаты, Вт*













Таратудың антенналық-толқын өткiзгiш трактындағы шығындар, дБ













Таратқыш түрi (қума толқыны лампасы, қатты дене және т.б.)













Кроссполяризациялық шешiлiс, дБ













Қосымша мәлiметтер













      Ескертпе:
      * Спутниктiк байланыстың бiр типтiк жер станциялары үшiн әр типтiң бiр станциясы үшiн ғана барлық жолдар толтырылуы қажет, ал осы типтегi қалған станциялар үшiн "*" жолдарда белгiленген деректер бөлек тiзiммен қоса берiлуi қажет.

      Басшы _________________________


            (тегi, аты, әкесiнiң аты)
      Қолы __________________________
      Күнi __________________________
      М.О.

Жеке және (немесе) заңды    


тұлғаларға ғарыш аппараттары  
транспондерлерiн ұсыну қағидаларына
5-қосымша          

Ғарыш аппараттары транспондерлерiн немесе транспондерлерiнiң
сыйымдылығын жалға беру бойынша қызметтердi көрсетуге арналған
үлгiлiк шарты

_____________ қаласы                         "___" _________ ____ ж.

      ____________________ (бұдан әрi – жалға берушi) атынан Жарғы негiзiнде әрекет ететiн ______________________ бiр тараптан және ____________________ (бұдан әрi – жалға алушы) атынан _____________ негiзiнде әрекет ететiн ____________________ екiншi тараптан, бұдан әрi бiрлесiп Тараптар деп аталатындар төмендегiлер туралы осы _______________ ғарыш аппараты транспондерлерiн немесе транспондерлерiнiң сыйымдылығын жалға ұсыну бойынша қызметтердi көрсетуге Шартты (бұдан әрi – шарт) жасасты:

1. Шарттың мәнi

      1.1. Жалға берушi жалға алушыға _____ град ш.б. орбиталық позициясындағы № _____ диапазонның _____ ғарыш аппаратының транспондерлерiн және транспондерлерiнiң сыйымдылығын (бұдан әрi – транспондерлер сыйымдылығы) жалға ұсыну бойынша қызметтердi (бұдан әрi – қызметтер) осы шарттың 2-қосымшасында көрсетiлген көлемде және мерзiмде көрсетедi, ал жалға алушы шартта көзделген жағдайларда транспондерлердiң сыйымдылығын жалға алады және көрсетiлген қызметтерге шарт пен шарттың 1, 2 және 3-қосымшаларында көзделген жағдайларда ақы төлеудi жүргiзедi.


      1.2. Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Шарттың 1-тармағында көрсетiлген қызметтер тiзбесi өзгертiлуi және толықтырылуы мүмкiн.
      1.3. Қызметтер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ________ № ______ қаулысымен бекiтiлген Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерiн ұсыну қағидаларына (бұдан әрi – қағидалар) осы шартқа, шарт қосымшаларына, жалға берушiнiң iшкi құжаттарына сәйкес жалға берушi ұсынады.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      2.1. Жалға берушiнiң мiндеттерi:


      2.1.1. Шарт талаптарына сәйкес қызметтердi үздiксiз, тәулiк бойы ұсынуды қамтамасыз ету.
      Жалға алушының қызметтердi пайдалану кезiнде пайдаланатын техникалық құралдары жалға алушының шарт жасау сәтiнде мәлiмдеген сипаттамаларына сәйкес болған жағдайда транспондердiң үздiксiз және тәулiк бойы жұмыс жасауы қамтамасыз етiледi.
      2.1.2. Осы шартта көзделген талаптарға сәйкес қызметтердi ұсынуда сапаның нашарлау немесе үзiлiстiң болу мүмкiндiгi туралы жалға алушыны хабардар ету.
      2.1.3. Қызметтер ұсынуда үзiлiстердi немесе қызметтер сапасының нашарлау мүмкiндiгiне әкелуi мүмкiн жөндеу, регламенттеу және баптау жұмыстарын жүргiзу кезiнде жалға берушi жалға алушыны осы жұмыстарды жүргiзу басталғанға дейiн кемiнде күнтiзбелiк бес күн бұрын хабардар етуге мiндеттенедi.
      2.1.4. Қызметтердi ұсыну үшiн қажеттi қызметтердi ұсынуда үзiлiстi талап ететiн және спутниктiк жабдықтың (бұдан әрi – спутниктiк жабдық) авариялық (авария алдындағы) жағдайына байланысты жүргiзiлетiн жедел жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу туралы, егер осындай жұмыстарды алдын ала болжай алса, осындай жұмыстарды жүргiзу басталғанға дейiн 2 сағаттан кешiктiрмей жалға алушыны хабардар ету. Аталған хабарламада осындай жұмыстардың күнi, басталу уақыты және шамамен аяқталу уақыты көрсетiлуi тиiс.
      2.1.5. Спутниктiк жабдықтың Жер мен Айдың көлеңке учаскелерiнен өтуiне байланысты қызметтер ұсынуда орын алуы мүмкiн техникалық үзiлiстердiң кезеңдерi туралы жалға алушыны кемiнде бiр ай бұрын хабардар етедi.
      2.1.6. Жалға алушыны оның шартта және/немесе қағидаларда көзделген талаптарды жалға берушiнiң спутниктiк жабдығының тиiсiнше жұмыс iстеуi үшiн қауiп төндiретiндей бұзуы туралы хабардар етедi және осындай бұзушылықтарды жою үшiн жалға алушыға хабарлама алған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiм бередi.
      2.2. Жалға алушының мiндеттерi:
      2.2.2. Шарттың талаптарына сәйкес қызметтерге уақтылы және толықтай ақы төлеудi жүргiзу.
      2.2.1. Көрсетiлетiн қызметтердi ұсынудағы үзiлiстер немесе сапаның нашарлауы туралы жалға берушiнi шартта көзделген тәртiппен хабардар ету.
      2.2.3. Шартта және жалға берушiнiң iшкi құжаттарында көзделген талаптардың жалға берушiнiң спутниктiк жабдығының тиiсiнше жұмыс iстеуi үшiн қауiп төндiретiндей бұзылуын жалға берушiден мұндай бұзушылықтар туралы тиiстi хабарлама алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде жою.
      2.2.4. Белгiленген тәртiппен спутниктiк байланыстың жер станцияларының ғарыш аппаратына қолжетiмдiлiк алу және шарттың 1-қосымшасына сәйкес ақы төлеудi жүргiзу.
      2.2.5. Жалға алатын транспондердi немесе жиiлiк ресурсын жалға берушiмен алдын ала жазбаша келiспей үшiншi тұлғаларға пайдалануға бермеу.
      2.2.6. Қағидалардың талаптары мен шарт талаптарын қатаң ұстану.
      2.2.7. Қызметтер тоқтатылған кезде ___________ ғарыш аппаратына бағытталған өздерiнiң спутниктiк байланыстың жер станцияларынан сәулелендiрулердi алып тастау және бiр тәулiк iшiнде бұл туралы жалға берушiнi хабардар ету.
      2.2.8. Егер жалға алушы шартта көзделген талаптардың бұзылуына жол берсе мұндай бұзушылық жалға берушiнiң немесе оның өзге клиенттерiнiң желiсiнiң немесе жабдығының тиiсiнше жұмыс iстеуi үшiн қауiп төндiрсе, мәжбүрлi тоқтатылғаны және бұзушылықтар жойылғаннан кейiн қайта қосылғаны үшiн жалға алушы жұмыс жасайтын транспондерлер үшiн жалға берушiге тиесiлi соманы төлейдi.
      2.2.9. Жалға алушы кедергi көздерiн iздеу және жою кезiнде жалға берушiге жәрдем көрсету бойынша барлық шараларды қабылдауға мiндеттi.
      2.3. Тараптардың мiндеттерi:
      2.3.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгеруiне сәйкес жалға берушi қолданысқа енгiзiлетiн талаптарды қоса алғанда шартта көзделген талаптарды қатаң сақтауға;
      2.3.2. Заңды мекенжайдың, заңды мәртебенiң және банктiк деректемелердiң кез келген өзгерiстерi туралы бiр-бiрiн дереу жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ екiншi Тараптың сұрауы бойынша келiссөздер жүргiзу үшiн, қаржылық және өзге құжаттарға қол қою үшiн өздерiнiң өкiлдерiнiң уәкiлеттiгiн растайтын құжаттарды ұсынуға мiндеттенедi.
      2.4. Жалға берушiнiң құқықтары:
      2.4.1. төтенше жағдайларды жою, ұлттық мүдделердi сақтау, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк органдардың транспондерлер сыйымдылығын пайдалану қажеттiлiгi туындаса;
      жалға алушы шартта көзделген талаптарды бұзса және мұндай бұзушылық жалға берушiнiң не оның басқа да клиенттерi желiсiнiң немесе жабдығының тиiсiнше жұмыс iстеуi үшiн қауiп төндiрсе және жалға алушы мұндай бұзушылықтарды жою туралы жалға берушiден талапты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде жоймаса;
      жалға алушы төлем мерзiмi кешiктiрiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қызметтерге ақы төлемесе;
      шарттың 11-бөлiмiне сәйкес анықталатын еңсерiлмес күш мән-жайының (форс-мажор) салдары жағдайында жалға алушыға алдын-ала жазбаша хабарлама жiбере отырып, жалға алушыға қызметтердi ұсынуды (толықтай немесе жартылай) тоқтату.
      2.4.2. Жалға алушы төлем бойынша қаржылық мiндеттердi бiрнеше рет бұзған жағдайда, егер:
      мұндай бұзушылық күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде үздiксiз созылса;
      ақы төлемеу бойынша мерзiмi өткен күндердiң жалпы саны он екi ай iшiнде күнтiзбелiк алпыс күндi құраса жалға берушi жалға алушыны жазбаша хабардар етiп, шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқылы.
      Бұл ретте, жалға алушы жалға берушiге тиесiлi төлемдi төлеуден босатылмайды.
      2.5. Жалға алушының:
      бұзу күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн бұрын жалға берушiге жазбаша хабарлама жiберiп, шарттың қолданысын бiр жақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын мынадай жағдайларда бұзуға құқығы бар:
      жалға берушiнiң кiнәсi бойынша қызметтердi ұсынуда күнтiзбелiк отыз күннен аса созылған үзiлiс;
      жалға берушi шарт немесе Қағидалардың талаптарын бiрнеше рет орындамаған жағдайда;
      егер жалға берушi күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ұқсас қызметтердi басқа спутникте ұсынбаса, _________ ғарыш аппараты коммерциялық пайдаланудан шығарылған жағдайда.

3. Шарт бағасы мен есептесу тәртiбi

      3.1. Шарт бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құны айына транспондер сыйымдылығының 1 МГц (бiр Мегагерц) үшiн шарттың 1-қосымшасында белгiленген.


      3.2. Транспондер сыйымдылығының 1 МГц құнына:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген барлық салықтар, баж салықтары және басқа да мiндеттi төлемдер мен алымдар, соның iшiнде қосымша құн салығы (ҚҚС);
      2) басқа да шығындар, соның iшiнде iлеспе қызметтердiң құны кiредi.
      3.3. Транспондер сыйымдылығының 1 МГц құнының өзгеруi Жалға берушiмен жылына бiр рет қана жүргiзiлуi мүмкiн.
      3.4. Қызметтердi көрсеткенi үшiн төлем қызметтер ұсынылған күннен бастап есептеледi.
      3.5. Осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын жүктеу кестесiне (2-қосымша) сәйкес жалға алушы жалға берушiге ай сайын төлемге шот ұсынылғаннан кейiн он банктiк күн iшiнде алдын ала ақы төлеу жағдайларында қызметтерге төлем жүргiзедi.
      3.6. Шоттар қызмет көрсетiлетiн айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiне дейiн берiледi. Толық емес айға есеп қызмет көрсетiлетiн күнтiзбелiк күндер санының есебiнен анықталады. Толық емес айға төлемдi есептеу үшiн отыз күннен тұратын ай қарастырылады. Егер қызметтер көрсетудi тоқтату жалға алушының талабы бойынша қызметтердi көрсетудiң есептi айы аяқталғанға дейiн болса, онда толық емес мерзiмге қайта есептеу жүргiзiлмейдi, 2-қосымшаға сәйкес жалға алудың толық сомасы алынады.
      3.7. Жалға берушi жалға алушыға Қызметтер ұсынылған айдан кейiнгi айдың 5 күнiнен кешiктiрмей (бұдан әрi – есептi ай) жалға алушыға есептi айда қызметтердiң көрсетiлгенiн растайтын көрсетiлген қызметтер актiсiн және шот-фактураны жiбередi. Жалға алушы жалға берушiден көрсетiлген қызметтердiң актiсiн алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде актiге қол қоюға және жалға берушiге жiберуге немесе қызметтердi толықтай немесе жартылай қабылдаудан бас тартуды, бас тартудың себептерiн көрсете отырып мәлiмдеуге мiндеттi. Жалға алушы негiздi бас тартуды жiберген және Тараптар оны мойындаған жағдайда, жалға берушi негiздi бас тарту алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей екiжақты акт жасайды, онда жалға алушының шағымдары көрсетiледi, соған сәйкес тиiстi түзетулер жүргiзiледi.
      3.8. Жалға берушi жалға алушы қол қойған, көрсетiлген қызметтердiң актiсiн немесе қызметтердi толықтай немесе жартылай қабылдаудан негiздi бас тартуды белгiленген уақытта алмаған жағдайда, жалға берушi есептi айда ұсынған қызметтер қабылданған болып есептеледi.
      3.9. Егер жалға алушы 2-қосымшада көрсетiлген мерзiмдерде транспондерлердiң сыйымдылықтарын толтырмаған жағдайда, жалға берушi өзi көрсеткен қызметтер есептi мерзiмде толық көлемде орындалды деп есептейдi.
      3.10. Егер есептi кезеңде нақты көрсетiлген қызметтердiң бағасы алдын ала төлемнiң сомасынан асып кетсе, берешек сомасына жалға берушi шот ұсынған уақыттан бастап бес банктiк күн iшiнде жалға алушы берешектi төлеуге мiндеттi.
      3.11. Спутниктiк байланыстың жер станцияларының қолжетiмдiлiгiне рұқсат алу бойынша қызметтерге жалға алушының ақы төлеуi жалға берушi ұсынған шоттың негiзiнде он банктiк күн iшiнде жүзеге асырылады.

4. Қызметтердi ұсыну мерзiмдерi мен шарттары

      4.1. Қызметтердi ұсыну Тараптардың қызметтердi ұсынуды бастау туралы екiжақты актiге қол қойған күнiнен (бұдан әрi – қызметтердi ұсынуды бастау күнi) бастап, спутниктiк байланыстың жер станцияларының транспондерлерге қолжетiмдiлiгiне тиiстi рұқсат алу рәсiмiнен кейiн басталады.


      4.2. Жалға алушы ұсынылатын қызметтердiң жалға берушiнiң кiнәсiнен сапасының нашарлауын немесе ұсынудағы үзiлiстердi байқаған жағдайда, жалға берушi бұзушылықтарды жою және қызмет сапасын ұстау бойынша тиiстi шаралар қабылдау үшiн жалға алушы бұл туралы жалға берушiнi тез арада хабардар етуге мiндеттенедi (ең жедел, қолжетiмдi әдiспен: телефон, факс, электронды почта арқылы). Жалға берушi жалға алушының хабарламасының уақытын белгiлеуге, ұсынылатын қызметтердiң сапасының нашарлауы немесе ұсынудағы үзiлiстердiң себептерiн анықтауға, егер үзiлiстер жалға берушiнiң кiнәсiнен болса, оларды жою бойынша қажеттi шаралар қабылдауға, кейiн жалға алушыны қабылданған шаралар туралы хабардар етуге және қызметтердi ұсынуды жаңартуға мiндеттi. Жалға берушi жалға алушыдан хабарлама түскен уақыттан бастап отыз минут iшiнде тiркеу журналында қызметтердi ұсынудағы үзiлiс фактiлерi туралы жалға алушының хабарламаларын тiркеуге мiндеттi. Үзiлiс мерзiмi жалға алушыдан қызметтердi ұсынудағы үзiлiстер фактiлерi туралы хабарлама түскен уақыттан бастап есептеледi және жалға алушы қызметтер көрсетудi жаңарту сәтiнде аяқталады. Жалға берушiнiң кiнәсi бойынша үзiлiс фактiсi расталғаннан кейiн, Тараптар үзiлiс себептерi мен уақыты көрсетiлген үзiлiс актiсiне қол қояды.
      4.3. Жалға берушi осы шарттың 1.1-тармағында көрсетiлген және резервтелген жиiлiк көлемiн ұстауға және жалға алушының талабы бойынша шартқа 2-қосымшада көрсетiлген транспондерлердi жүктеу кестесiне сәйкес мынадай жағдайларда ұсынуға мiндеттенедi:
      Жалға алушы шарттың 1-қосымшасына сәйкес мәлiмделген, алайда белгiленген көлемде спутниктiк сыйымдылықтың пайдаланылмаған көлемiн төлейдi;
      осы шарттың 3.10-тармағында көзделген тәртiппен жалға алушының мәлiмдеген жиiлiктерiн мерзiмiнен бұрын жүктеуге рұқсат етiледi;
      жалға берушiнiң резервтелген көлемдi жалға алушының жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға беруiне рұқсат етiлмейдi.
      4.4. Транспондердiң мәлiмделген сыйымдылығын жоспардан тыс жүктеудi жалға алушының жазбаша өтiнiшi бойынша Тараптар жүргiзедi. Өтiнiштi транспондердiң сыйымдылығын жүктеудi арттырудың болжамды күнiне дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, жалға алушы жiберуi қажет. Өтiнiштiң түсуi бойынша жалға берушi жоғарыда көрсетiлген мерзiмде жалға алушыға өтiнiшке сәйкес транспондердiң сыйымдылығын жүктеудi арттыру мүмкiндiгiн беруге мiндеттi. Бұл ретте Тараптар бес жұмыс күнi iшiнде 2-қосымшаға тиiстi өзгертулер енгiзедi. Пайдаланылатын транспондерлердiң сыйымдылығына төлем шарттың 3-бөлiмiне сәйкес жүзеге асырылады.
      4.5. Транспондердiң сыйымдылығын пайдалану барысында жалға алушы аппаратурасында өткiзiлетiн барлық өзгерiстер мен алдын алу жұмыстары туралы жалға алуға мiндеттi түрде жүргiзiлетiн жұмыстар және/немесе жұмыстар жоспары туралы ақпаратты және жүзеге асырылатын өзгертулер бойынша ақпаратты ұсына отырып, олар басталғанға дейiн екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жалға берушiнi хабардар етедi.
      4.6. Транспондердiң сыйымдылығын пайдалану кезiнде жалға алушының аппаратурасында апаттық-қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлу кезiнде жалға алушы бұл туралы жалға берушiнi кешiктiрмей дереу хабардар етедi (ең жедел, қолжетiмдi әдiспен: телефон, факс, электронды почта арқылы).
      4.7. Егер транспондердiң бөлiгiн енгiзу кезiнде транспондердiң екiншi бөлiгi басқа жалға алушының пайдалануында болса, транспондердiң енгiзiлетiн бөлiгi, әдетте, транспондер үшiн бұрын орнатылған параметрлерге ие болады. Транспондердiң белгiленген параметрлерiнiң өзгеруiн жалға берушi есептейдi, оны транспондердi қолданатын барлық жалға алушылармен келiседi.

5. Қызметтердi ұсыну барысындағы үзiлiстер

      5.1. Егер жалға берушiнiң кiнәсiнен қызмет мүлдем көрсетiлмеген жағдайда, сондай-ақ нақты қызмет көрсетiлмеген уақыттың жалпы ұзақтығы айына ___ сағаттан көп болса, онда бұл тұрып қалу қызмет көрсетудегi үзiлiс деп есептеледi. Жалға берушi қызметтердi көрсетуде үзiлiс болған айға төлемдi, егер қызметтердi көрсетудiң осы айында осындай үзiлiс орын алмаған жағдайда, жалға алушы төлеу керек болатын, көрсетiлген уақыттан артық үзiлiстiң әрбiр сағаты үшiн айлық төлемнiң 1/720 бөлiгiне азайтуға мiндеттенедi. Егер тұрып қалу айына ___ сағаттан аз болса, онда үзiлiс болып есептелмейдi және оны жалға берушi өтемейдi.


      5.2. Қызметтердi көрсетудегi үзiлiс Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған сервистi үзу актiсiмен ресiмделедi және шарттың осы бөлiмiнiң жағдайларында жалға берушiнiң қызметтерi үшiн төлемдi азайтуға құжатты негiз болып табылады. Қызметтердi көрсетудегi үзiлiстер үшiн қызметтер бағасын азайту екi тарап та қол қоятын көрсетiлген қызметтердiң ай сайынғы актiсiнде көрсетiлуi қажет.
      5.3. Егер қызметтiң болмауы және/немесе оның сапасы мен көлемiнiң нашарлауы жалға алушының кiнәсiнен туындаса, онда қызметтi алмау/нашар сападағы және көлемдегi қызметтi алу уақыты қызметтердi көрсетудегi үзiлiс болып есептелмейдi.

6. Тараптардың жауапкершiлiгi

      6.1. Тараптардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамау немесе тиiсiнше орындамау арқылы келтiрген шығын үшiн келесi Тараптың алдында жауапты болады.


      6.2. Егер сапаның төмендеуi жалға алушының техникалық құралының тиiсiнше жұмыс iстемеуi себебiнен орын алса, жалға берушi арналардың жұмыс сапасына жауапты болмайды.
      6.3. Жалға берушi шарт бойынша мiндеттердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, соның iшiнде қызмет беруде үзiлiстер болғанда (бұдан әрi – мiндеттердi бұзу) жалға берушi мiндеттi бұзған әрбiр жағдай үшiн жалға алушыға қызметтiң ай сайынғы құнының 0,1% көлемiндегi айыппұлды мiндеттi бұзған әр тәулiк (24 сағат) үшiн төлейдi, алайда ол қызметтiң ай сайынғы бағасының 10 %-ынан аспауы қажет. Егер мiндеттi бұзу кезеңi 24 сағаттан аз болса, айыппұл мiндеттi бұзу уақытына тең төленедi.
      6.4. Жалға алушының шарттың 2.2.7-тармағын орындамауы жалға берушiнiң қызметiн одан әрi пайдалануын растайды және Шарт жағдайларына сәйкес қызметке ақы төлеу бойынша мiндеттемелер жүктейдi.
      6.5. Жалға алушы шарт бойынша жалға берушiге тиесiлi кезектi ай сайынғы төлемнен айыпақы (айыппұл, өсiм) сомасын ұстап қалуға құқылы.
      6.6. Шартта көзделген қызметтердiң көрсетiлгенi үшiн төлем мерзiмiнен кешiктiрiлген жағдайда, жалға алушы жалға берушiге төлемнiң әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн, қызметтiң ай сайынғы бағасының 0,1% көлемiндегi айыпақы төлейдi, алайда қызметтiң ай сайынғы бағасының 10%-ынан аспауы қажет. Айыпақыны төлеу жалға алушыны нақты көрсетiлген қызметтердiң төлемдерiн төлеуден босатпайды.
      6.7. Көрсетiлген қызметтер үшiн ақы төлеу мерзiмi 60 (алпыс) күннен астам уақытқа кешiктiрiлген жағдайда жалға берушiнiң қызметтердi көрсетудi тоқтату, айыппұл санкцияларын қолдану және шартты бiржақты тәртiпте бұзу құқықтары бар. Шартты бұзу жалға алушыны айыпақы мен нақты көрсетiлген қызметтердiң төлемдерiн төлеуден босатпайды.
      6.8. Айыпақыны төлеу жалға алушы мен жалға берушiнi мiндеттерiн орындаудан және бұзушылықтарды жоюдан босатпайды.
      6.9. Жалға берушiнiң спутниктiк жабдығын пайдалану арқылы жалға алушы беретiн ақпараттың мазмұнына жалға берушi жауапты болмайды.

7. Шарттың қолданылу мерзiмi, қызметтер көрсетудi тоқтата тұру,
Шарттың қолданылуын тоқтату

      7.1. Осы шарт оған қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және ______ қолданылады.


      Шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына қарай шарт бойынша өз мiндеттерiн тиiсiнше атқарған жалға алушының жаңа мерзiмге шарт жасауда басқа тұлғалардың алдында артықшылығы болады.
      Егер жалға алушы шарттың мерзiмi аяқталғаннан кейiн жалға берушi тарапынан қарсылық болмаған жағдайда жалға берушiнiң қызметiн қолдануды жалғастырса, шарт сол жағдайларда және сондай мерзiмге ұзартылған болып есептеледi.
      7.2. Шарттың қолданылуы бiр Тараптың шартты бұзу күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн бұрын жiберiлген жазбаша хабарламасы арқылы мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы да мүмкiн.
      7.3. Шарттың қолданылуының тоқтатылуының негiзiне қарамастан шарт Тараптардың бiр-бiрiне қаржылық мiндеттемелерi болмаған жағдайда немесе Тараптардың қаржылық дауларын реттеу үшiн шарттың бұзылған күнiне дейiн жасалған өзара есептесулер актiсiнде көрсетiлген талаптарды екi Тарап та орындағаннан кейiн ғана тоқтатылған болып есептеледi.
      7.4. Шарттың қолданысы мерзiмiнен бұрын бiр жақты түрде жалға алушымен бұзу болжанып отырған күнге отыз күн қалғанға дейiн жазбаша хабарлама жiберу арқылы жалға берушiнiң бастамасы бойынша мынадай жағдайларда тоқтатылуы мүмкiн:
      1) Жалға алушы жалға берушiнiң спутниктiк жабдығының тиiсiнше жұмыс iстеуiне қатер төндiретiн шартта қарастырылған талаптарды бұрмалауға жол бередi және қызметтердi берудi тоқтатқан күннен бастап отыз күн iшiнде бұрмалаушылықтарды жоймайды:
      2) _________ ғарыш аппаратын коммерциялық пайдаланудан шығарған кезде егер жалға берушi жалға алушыға күнтiзбелiк отыз күн iшiнде басқа спутниктен ұқсас қызметтердi ұсына алмайтын болса;
      3) жалға алушы ақы төлеу бойынша қаржылық мiндеттемелерiн бiрнеше рет бұзған кезде және мұндай бұрмалаушылық төлемдi кешiктiрген күннен бастап алпыс күнтiзбелiк күн бойы созылған болса жалға берушi бiржақты түрде шартты бұзады.

8. Құпиялылық

      8.1. Әрбiр Тарап осы шарттың күшiнде болу мерзiмi iшiнде және ол күшiн жойғаннан кейiн ___ жыл бойы осы шартты, оның iшiнде шарттың мәтiнiн, оған қосымшаларды, толықтыруларды орындау нәтижесiнде алынған барлық ақпаратқа құпия ретiнде қарайды және қорғайды. Әрбiр Тарап құпия ақпаратты шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындаудың айрықша мақсаттарында ғана пайдалануға мiндеттенедi және құпия ақпаратты жария етудi немесе құқыққа қарсы пайдалануды болдырмайтын барлық қажеттi iс-шараларды жүзеге асырады.


      8.2. Тараптар басқа Тараптың алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз кiмге болса да шарттың, оған қосымшалардың, толықтырулардың мазмұнын ашуға тиiс емес. Құпия ақпарат шартты орындау үшiн тартылатын әр Тараптың қызметкерлерiне құпия түрде және шарттық мiндеттемелердi орындау үшiн қажеттi шамада ғана берiлуi тиiс.

9. Iлеспе қызметтер

      9.1. Жалға берушi шартқа сәйкес Қызметтердi беруге, оның iшiнде шарт бойынша қызметтердi көрсету үшiн қажеттi техникалық жәрдемдесудi, консультациялар және басқа да қызметтер көрсетудi қамтамасыз ететiн iлеспе қызметтердi беруге кепiлдiк бередi.



10. Құқықтарды беру

      10.1. Тараптар басқа Тараптың алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз кiмге болса да шарт бойынша өз құқықтарын толық та, iшiнара да бермеуi тиiс.



11. Еңсерiлмес күш (форс-мажор) мән-жайлары

      11.1. Тараптар егер осы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамау Тараптар осы шартты жасасқаннан кейiн туындаған, Тараптар алдын ала болжай алмаған және ақылға қонымды шаралармен тоқтата алмаған жаңсақтық пен немқұрайлыққа қатысты емес еңсерiлмес күш мән-жайының (форс-мажор) салдары болып табылатын болса, орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады. Мiндеттемелердi орындау мерзiмi осындай еңсерiлмес күш мән-жайлары орын алған уақытқа тең мерзiмге кейiнге жылжытылады. Осы шарттың мәтiнiндегi жоғарыда көрсетiлген еңсерiлмес күш мән-жайларына мыналар жатады: табиғи зiлзалалар, соғыс және әскери iс-қимылдар, жаппай тәртiпсiздiктер, ғарыш аппаратымен болған тосын жағдай, мемлекеттiк өкiметтiң билiк немесе басқару органының осы шартты орындамауға алып келген құқықтық актiлерi. Еңсерiлмес күш мән-жайының (форс-мажор) салдарына сiлтеме жасайтын Тарап Қазақстан Республикасының құзыреттi органдарының оларды растайтын құжатын беруге мiндеттi. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бiрiнiң басқа Тараптан шығынның орнын толтыруды талап етуге құқығы болмайды.


      11.2. Тараптар еңсерiлмес күш мән-жайын болдырмау немесе жұмсарту және оның зардаптарын тез жою үшiн қажеттi күш-жiгердi жұмылдыруға мiндеттi.
      11.3. Егер еңсерiлмес күш мән-жайларының зардабы ____ күнтiзбелiк айдан артық уақыт жалғаса беретiн болса, шарт кез келген Тараптың талабы бойынша бұзылатын күнге дейiн кем дегенде ____ жұмыс күнi бұрын басқа Тарапқа хабарлама жiберу арқылы бұзылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда Тараптар нақты көрсетiлген қызметтер үшiн өзара есеп айырысулар жүргiзедi.

12. Дауларды шешу

      12.1. Тараптар келiссөздердiң барысында олардың арасындағы шарт бойынша немесе соған байланысты туындаған барлық келiспеушiлiктердi немесе дауларды шешуге барлық күштi жұмылдыруы тиiс.


      12.2. Егер осындай келiссөздер басталғаннан кейiн ____ жұмыс күнi iшiнде Тараптар шарт бойынша дауды шеше алмаса, дау сотта қаралады.

13. Тараптардың хабарламалары

      13.1. Бiр Тараптың шарттың орындалуына немесе түсiндiру мақсатына бағытталған хабарламалары жазбаша түрде жасалуы және электрондық почта немесе факс арқылы басқа Тараптың шартта көрсетiлген мекенжайына жiберiлуi тиiс.


      13.2. Факс немесе электрондық почта арқылы жiберiлген хабарламалар немесе хабарлар факспен немесе электрондық почтамен жiберiлгеннен кейiн ___ күн iшiнде (почта ұйымының түбiртегiндегi күн бойынша) курьерлiк немесе тапсырысты почтамен қосымша түрде расталуы тиiс.
      13.3. Хабарламалар жеткiзiлген күннен бастап немесе күшiне енуi көрсетiлген күнi (егер Хабарламада басқа күн көрсетiлмесе) осы күндердiң қайсысы кеш келгендiгiне қарай күшiне енедi.
      13.4. Шартты орындау барысындағы қажеттi хабарламалар Тараптардың шартта көрсетiлген немесе қажет болғанда жағдайда түзетiлген ресми мекенжайларына жiберiледi.

14. Өзге де жағдайлар

      14.1. Шартқа барлық өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қосымша келiсiммен ресiмделедi, оған Тараптардың өкiлдерi қол қояды және мөрлерiмен куәландырады.


      Барлық енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар, сондай-ақ шартқа қосымшалар оның ажырамас бөлiгi болып табылады.
      14.2. Шартта көрсетiлмеген басқа қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасында регламенттеледi.
      4.3. Осы шарт мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде екi данада, әр Тарап үшiн заңды күшi бiрдей бiр-бiр дана жасалды.

15. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелерi

"Жалға берушi"                         "Жалға алушы"

М.О.                                    М.О.

Ғарыш аппараты транспондерлерiн


немесе транспондерлерiнiң   
сыйымдылығын жалға беру   
бойынша қызметтердi көрсетуге
арналған үлгiлiк шартына 
1-қосымша        

Қызметтердiң құны

      Қызметтердiң ай сайынғы құны ғарыш аппараты транспондерiнiң немесе транспондерi сыйымдылығының 1 МГЦ құнына қарай белгiленедi, ҚҚС-тi есептемегенде айына ____________ теңгенi құрайды. 1 МГЦ резервте сақтағаны (мәлiмделген, бiрақ жүктелмеген көлем бiртiндеп жүктелген жағдайда) үшiн түзету коэффициентi ғарыш аппараты транспондерiн немесе транспондер сыйымдылығының 1 МГц құнының _____% құрайды.


      Cпутниктiк байланыстың бiр жер станциясының ғарыш аппаратына қолжетiмдiлiгiнiң рәсiмiн жүргiзу құны ҚҚС-тi есептемегенде ________ теңгенi құрайды.

Жалға берушiнiң атынан қол қойған:  Жалға алушының атынан қол қойған:

Қолы:________________________       Қолы:______________________

Күнi: "___" _____________ ___ж.     Күнi: "___" ___________ ___ж.

Ғарыш аппараты транспондерлерiн
немесе транспондерлерiнiң   
сыйымдылығын жалға беру   
бойынша қызметтердi көрсетуге
арналған үлгiлiк шартына 
2-қосымша        

Айлар бөлiнiсiндегi транспондерлердi немесе транспондерлер
сыйымдылығын жүктеу кестесi

Р/с


Кезең, ай-жыл

Алатын жиiлiк жолағы, МГц

Жиiлiк диапазоны (қабылдау/тарату), МГц

Жүктелуiне қарай бiр айдағы құны, теңге














































Жалға берушiнiң атынан қол қойған:  Жалға алушының атынан қол қойған:

Қолы:________________________       Қолы:______________________

Күнi: "___" _____________ ___ж.     Күнi: "___" ___________ ___ж.

Ғарыш аппараты транспондерлерiн


немесе транспондерлерiнiң   
сыйымдылығын жалға беру   
бойынша қызметтердi көрсетуге
арналған үлгiлiк шартына 
3-қосымша        

Спутниктiк байланыс арналарының ерекшелiгi

Жасалған күнi:


Ғарыш аппаратының атауы:
Ғарыш аппаратының геостационарлық орбитада орналасу нүктесi:
Борттық қайта тарату транспондерiнiң нөмiрi:

Параметрлер

Параметрлердiң мәнi

1 арна

2 арна

№* арна

Таратушы станцияның белгiсi










Қабылдау станциясының белгiсi










Ақпараттық жылдамдық, кбит/с










Қызмет арнасының жылдамдығы, кбит/с










Модуляция түрi










Кодтың салыстырмалы жылдамдығы










Кодты қорғау










Шудың спектрлi тығыздығына бит энергиясының ара-қатынасы










Жиiлiктердiң орналасу жолақтары, МГц










Борттық қайта таратқыштың баламалы изотропты сәуле шығару қуаты, дБВт










Транспондер пайдаланатын жиiлiк жолағының пайызы










Транспондердiң пайдаланатын энергетикасының пайызы










Жоғары желiге орталық жиiлiк, МГц, поляризация










Төменгi желiге орталық жиiлiк, МГц, поляризация










Жер станцияларының баламалы изотропты сәуле шығару қуаты, дБВт










Жер станциясының тарату қуаты, Вт










Халықаралық үйлестiру жағдайларына сәйкестiгi










Қосымша мәлiметтер










      Ескертпе: * ғарыш аппараты арқылы бiр уақытта жұмыс жасайтын арналар саны

Жалға берушiнiң атынан қол қойған:  Жалға алушының атынан қол қойған:

Қолы:________________________       Қолы:______________________

Күнi: "___" _____________ ___ж.     Күнi: "___" ___________ ___ж.

Жеке және (немесе) заңды    
тұлғаларға ғарыш аппараттары  
транспондерлерiн ұсыну қағидаларына
6-қосымша          

Ғарыш аппаратына спутниктiк байланыстың жер
станциясына қолжетiмдiлiгi

_____________________________________________________________________


                     (ұлттық оператордың атауы)
_____________________________________________________________________
                  (заңды және почталық мекенжайы)
_____________________________________________________________ ұйымына
(кәсiпорынның-спутниктiк байланыстың жер станциясы иесiнiң атауы)
_____________________________________________________________________
(спутниктiк байланыстың жер станциясының атауы және сәйкестендiру                               нөмiрi)
      спутниктiк байланыстың жер станциясын пайдаланумен ғарыш аппаратына қолжетiмдiлiкке
___________________________________________________ ғарыш аппаратының
№ ______ транспондерiнде
__________ бастап "__" ________ ж. № _______ шарт мерзiмi аяқталғанға дейiнгi кезеңде рұқсат етедi.

      Басшы _________________________


            (тегi, аты, әкесiнiң аты)
      Қолы _________________________
      Күнi _________________________

      М.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет