Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет259/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   348
18.08.2023 dis

ЖІГЕРІ ЖОҚ Көңілі босаң, намысшыл емес, босбелбеу, қайратсыз, жасық, 
жасқаншақ. Біреуге мен көк аспандай ашық болып көріндім, Біреуге мен жігері жоқ жасық 
болып көріндім (М.Шаханов, Ғасырлар.). Жігері жоқ, ақылы кенде, Жамбасыңнан жат 
сұлап (Абай, Тол. жин.). Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ, Жігері жоқ маңызы жеңіл 
үшін (Абай, Тол. жин.). 
426. 
ЖІКШІЛ сын. 1. Жік салғыш, алалық тудырғыш. Жікшіл ел жетпей мақтайды, 
Желөкпелер шын деп ойлайды (Абай, Тол. жин.). Бұлар мансапқор, жікшіл, жемқор, 
басқаның еңбегінің үстінен күн көруді көксеген арамтамақтар еді (Байбатшаев, Бел-
белестер). Саяси жағынан ыдыраңқы Батыс Еуропа өздерін «Христиан әлемі» деп атайды 
да, оны бірлескен тұтас дүниеміз деп қабылдайды, оған беріліп кеткен жікшіл гректер мен 
орыстарды қоспайды (Қаз. дала. ойшыл.). 2. Бөлінгіш. Тәйт әрі, осындағы барып тұрған 
жікшіл осы Ажар, Жарқын, сендерсің (М.Әуезов, Шығ.). 
427. 
ЗАЛЫМ [ар.] сын. 1. Қу, сұм, зымиян, сұрқия. Залымның отына момын күймесін 
(М.Дулатов, Шығ.). Әкімдіктен не пайда Әділ үкім етпесе? Арам менен адалға Ақыл мен 
ойы жетпесе. Залымдарды мұқатып, Жүзінің суын төкпесе (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
Байдың асын сұм менен залым жейді, Ұрысы ұрлап момынның малын жейді. Бірінен-бірі 


263
аяйтын жақсылардың Малы түгіл арының бәрін жейді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Ізін 
білдірмейтін залым еді ғой Өтебай (Б.Майлин, Шығ.). Шақырар екеуіңді ұстатуға, 
Қылышын жарқылдатып жандаралын. Сот қылып болыс пен би үкім кесіп, Жаптырар 
абақтыға өңкей залым (О.Шипин, Дастан). 2. Рақымсыз, жауыз, қаныпезер. Мен таяқтан 
жығылдым есім ауып Екі ағам кеңешті ақыл тауыб Танымаймыз бір залым келген бізге 
Малым бар деб бізлерке жала жауыб (Қысаһ Таһир). Болған соң кәсібі ұрлық, ұры залым, 
Ұрлауға ұят дей ме жұрттың малын?! Ойы арам, қаны қара, ол нағылсын, Біреуді зар 
жылатпақ, зор обалын! (А.Байтұрсынов, Шығ.). Үй құрып, туды тігіп, жолдас алып
Басында Молалының жатпақ болды. Қасқырдай көңілі жаман залым болса, Аямай алыс 
жерден атпақ болды… (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.). Мал, мансап, адамзатты мас қылады, 
Мейірімді ет-жүрегін тас қылады. Тәкаббар, әділетсіз залымдарды Бағы қайтқан сорлы 
елге бас қылады (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Кекті ашу кеудем толған қайнап пісті
Қоймадың өз еркіме ар-намысым. Не жеңіп, не өлермін, құн сұраусыз, Басынып патша 
залым берді қысым (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 3. Қара ниет, арам. Іші лас, сырты таза 
залымдардың Алданып құр сыртының тазасына. Мәз болып байғазы алған балаларша 
Сатылып жылтыраған танасына (А.Байтұрсынов, Шығ.). Зар жылап тұрдым шөптің 
төбесінде Үрлеймін тырнағымның көбесіне. Басыма көп бәлені іздеп алдым, Тоям деп 
залым байдың көжесіне (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып, 
Далада кең сахара көшіп-қонып. Алдаған залымдардың тіліне еріп, Жүрмесек жарар еді 
мазақ болып (А.Байтұрсынов, Шығ.). 4. псих. Өз мүддесін көпшілік қабылдаған моральдық 
қағидаларға жатпайтын әдістермен қорғайтын және қанағаттандыратын адам. Залым 
адам тікелей жауапқа тартылатын құқық нормаларын бұзбайды, құқықты сақтай отырып, 
айла-шарғылардың мәрттікке жатпайтын, қораш, пасық түрлерін пайдалана отырып әрекет 
етеді (Қаз. тілі термин. Педагогика). 
428. 
ЗАҢҚОЙ сын. Заң айтқыш, заңшыл, заң қуушы. Кеншеке, айтар сөзге кең екенсің, 
Еліңнен шығып жүрген ер екенсің. Арамза, аңқау елге заңқой болған, Кеншімбай деген 
ақын сен екенсің (Айтыс). Барша жұртқа жағып бола ма, айтпайтындары жоқ. Осы күні 
жұрттың бәрі заңқой (Е.Қонарбаев, Түнгі от). 
429. 
ЗАҢҚОР сын. Заңқой, заңшыл. Түрме начальнигі кәрлі көзін Әмірден аударып, 
быламықтанған реңсіз көздерін аласа бойлы заңқор адамның бетіне төңкерді 
(Х.Есенжанов, Ақ Жайық). 
430. 
ЗАҢШЫЛ сын. 1. Заңды жақсы білетін, заңқой. Терентий заңшыл адам еді 
(С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). 2. Заңды жақтаушы; әділ, турашыл. Орыс арасында 
Қоңыратты ешкім білмейді. Сондықтан бірден турашыл, заңшыл, іскер адам болып 
көрінеді (Р.Тоқтаров, Ертіс.). 
431. 
ЗАРЖАҚ 1. сын. Көп сөйлейтін, аузы тынбайтын, сөзуар. Бұл қазақта ұғым бар 
"заржақ" деген, Бүгін барлық ақындар зарлап өлең Жазып кетті, қарғайды әлде кімді, 
Болмай қойды ашуда "алды-арт" деген. Өлең – деген сезім ғой, жан күйі ғой, Бәлкім, ол да 
дұрыс па – ойлай берем. Кіл жылауық, өлеңнен өнер шықпас, Қанша сыйлап, ықылас 
қойғанменен (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Сендей заржақ көрсемші бұл жасымда, Апырай, 
іштен оқып туғансың ба?! (М.Мақатаев, Шығ.). 2. ауыс. Мазасыз, тынымсыз. 
432. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет