Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет302/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   348
18.08.2023 dis

    Бұл бет үшін навигация:
  • МОЙЫС
МЕНМЕНДЕУ сын. Өр көкіректеу, өзімшілдеу, тәкаппарлау. Мұндай менмендеу, 
өзімшілдігі басым қылық тілшіге ұнамай қалды (С.Бақбергенов, Адам.). Бетімен 
жіберілген, нәзік балалар көпшілік жағдайда менмендеу, өзімшіл келеді де, ата-анасына 
рақымсыз болады (Семья тәрбиесі). 
704. 
МЕНМЕНШІЛ сын. Өзінен басқаны менсінбейтін, тәкаппар, өзімшіл. Өркөкірек, 
менменшіл Әбілқайыр үлкен таққа отырып, бүкіл қазақ жеріне әмірлік етуге өзін ғана 
лайық деп санады (Ә.Әлімжанов, Жаушы). Менменшіл, өзінен басқаны жақтырмайтын, 
тыраш (3.Шашкин, Сенім). Ол Мексика сапарынан кейін бұрынғысынан да жатбауыр
менменшіл, қатыгез болып кетті (Ж.Жұмаханов, Жинақ). 
705. 
МЕНШІКҚҰМАР сын. Жекеменшігіне айналдырғысы келетін, жекеменшікті 
қалайтын. Жақын арада малды иелерінен алуға меншікқұмарлар қарсы болып, жанжал да 
шығарар (Т.Нұртазин, Үлкен жолда).  
706. 
МЕНШІКШІЛ сын. Меншікқұмар, жекешіл. Байсал несіне ақылдасады. «Менікі» 
деген меншікшіл ойдан ұлым да, қызым да аулақ (Ш.Хұсайынов, Қызыл жалау). Осы мен 
жеке меншікшіл болып кеттім бе, не болмаса сен менің басымды қатырып жүрсің бе? 
(А.Жағанова, Еркежан).  
707. 
МЕНШІЛ сын. Өз қара басының қамын ғана көздейтін, өзімшіл, менмен. Шектен 
шыққан шеншіл бар. Өр көкірек мен шіл бар. Меншіл «меншіл» келеді. Өзгеге «сеншіл» 
келеді (М.Рашев, Бұйымтай). 
708. 
МЕРЕЗДЕУ сын. Арам ниеттеу, пестеу. ≈ Аздап мерездеу екен. 
709. 
МОЙЫҒЫШ сын. Ренжігіш, кейігіш. Білімі саяз жан қашан да мойығыш, ынжық 
келмек («Білім және еңбек»). 
710. 
МОЙЫЛҒЫШ сын. Көнбіс, ынжық. Сержан сияқтылар мансап үшін сүйген қызы 
түгіл ар-намысынан айрылған иілгіш, мойылғыш келеді («Қаз. әдеб.»). 
711. 
МОЙЫС сын. Доғал мінезді, морт, дүңк еткіш. Жандар бір беткей, сөзге олақ мойыс 
жігіт еді (С.Бегалин, Сәтжан).  
712. 
МҰҢАЙҒЫШ сын. Қайғырғыш, уайымдағыш, уайымшыл. Бұрынғы бұйылау, ұялшақ, 
мұңайғыш қыздың өзгеріп кеткенін көрген ақсақал «Бұл қалай боп кеткен? Қаланың не 
қасиеті бар» деп, таңғалды (Ж.Аймауытов, Шығ.).  
713. 
МҰҢАЙЫМШЫЛ сын. сөйл. Мұңайғыш. Бұрын қайғылы көзін жерден көтермейтін 
мұңайымшыл жас, енді өзіне біреу сұқтана қараса, кенет өзі де шырақ жарығындай тұтана 
қалатын болды (І.Есенберлин, Маңғыстау). 
714. 
МҰҢШЫЛ сын. Мұңайғыш, уайымшыл. Уайымшыл, мұңшыл бір әйел жыласа, аза 
бойы қаза тұрып ұрыса жөнелетін Қалиманың өзі қияметтік жарын жоқтап, аза салған 
айқайы алты қырдан естіледі (Ә.Бөриев, Ақ бидай). Адам деген бірде көл, бірде шөл, бірде 
мұңшыл, бірде сыршыл болады (У.Қыдырханов, Таң нұры). Қара қағаз келген жолы 
Қошайды жоқтап, мұңшылығын айтып еңірегені көз алдымда (З.Иманбаева, Дала). 
715. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет