ИМАНДЫЛЫҚты таңбалайтын сөз бірліктер – 19: діндар, діншіл,
ибадатты, ибалы, иманды, иманжүзді, иманмен қаптап қойғандай, иманына
берік, иманы бетінде үзіліп тұрған, қанағатшыл, құдайшыл, мінажатшыл,
намазқой, намазшыл, нысапты, тақуа, тәубешіл, шүкірлік еткіш, шүкіршіл.
Ұлтымыздың сөздiк қoрындaғы oсындaй тiл бiрлiктeрiн көрiп, хaлқымыздың
қaншaлықты дeңгeйдe имaнды әрi aдaмшылық қaғидaсының жoғaры бoлғaнынa
көз жeткiзeмiз.
Ұяты бар, өзін емес, өзгені көбірек ойлайтын, адамшылығы жоғары, діншіл
адамды иманды адам дейді. “Қазақ – көзі ұйқыда, көңілі иманда жатқан халық”
деген ел аузындағы тәмсіл «қазақтың замана талабына сай талпынбай, көзін
ұйқыдан әлі аша алмай жүргенін, көп елден артта қалып келе жатқандығын бір
көрсетсе, бірақ көңілі баршаға адал, имандылық қасиетін жоймай келе
жатқандығын тағы көрсетіп тұр. Бұл қазақ болмысына тән, көпшілік айтып
жүрген қасиеттердің бірі» дейді Ә.Қайдар [1, б. 73]. Ал “Қазақ – шүкіршілікке
бейім халық” дегенді <шынында да, “барымен базар”, Алланың бұйырғанына
риза, бергеніне ынсап-тауфиқ қылатын, өткен іске салауат деп, болашағына
үмітпен қарайтын, “шүкіршілігі” (Аллаға деген ризашылығы) аузынан түспеген
иманды халық. Кез келген қазақтан халін сұрасаң (ол ауырып жатса да, қайғы-
қасіретке душар болса да, байлығы асып-тасып, мәртебесі өссе де), бәрібір
“шүкір!” деп жауап береді. Бұл қазақтың ұлттық менталитетіне тән қасиет болса
керек> деп, дәл анықтайды ғалым Ә.Қайдар [1, б. 147]. Қазақтар – имандылықты
бетке ұстаған халық” деген нақыл сөз де осы топқа жатады.
Бұл мағыналық өрісті, концептіні зиялылық деген ұғым да толтырады.
Зиялылық – әдептілікті, біліктілікті, қайырымдылықты, ұлтжандықты,
ұлағаттықты, мәдениеттілікті білдіретін ұлттық мінез. Сөзі де, іс-қимылы да,
жүріс-тұрысы да, қарым-қатынасы да әдепті. Зиялы адам – ұлттық әдепті бойына
сіңірген «әдемі адам». Зиялылық біліктіліктен пайда болады. Ол білгенін
басқаларға үйретуден жалықпайды. «Білген адам білдім демес, білдім десе
білгені емес» деп, халық зиялы қауымның үнемі білгенін дамытып отыратынын,
үлгі-өнегесін уағыздайды. Зиялы тұлға қайырымды, мейірімді болады. Ол
басқаларға барынша жақсылық жасауға тырысады. Ұлағатты іс-әрекет жасап,
ұрпаққа үлгі өнеге көрсететін зиялы тұлғаны «елдің ері зиялы, ел үшін жанын
қияды» деп, халық құрметтейді. Зиялы адам – ұжымшыл. Ол ұжымдағы барлық
әрекетке басшы болып, ұйымдастыра біледі. Ұжымының бір мүшесі ретінде
әрбір істі жауапкершілікпен орындайды. Зиялы адам – мәдениетті. Ол ұлттық
мәдениет пен өнерді жақсы біледі. Мінез мәдениеті, сөз, тұрмыс мәдениеті
бойынша, ол басқаларға үлгі көрсетеді. Зиялы деген атау біреуге мінездеме
берерде, біреуді танығанда қолданыла бермейді. Бірақ 15 томдық сөздікте зиялы
сөзінің мағынасы «ізетті, әдепті, сыпайы» деп ашылған да, «Қызыңыз сондай
69
өңді, сондай зиялы бала» деген М.Мағауиннің «Көк мұнар» шығармасынан
мысал келтірілген. Сонда жалпы бұл сөз жеке адамға қатысты сипат ретінде
басында қолданыла берген сыңайлы. Ал қазіргі уақытта зиялы – интеллигент
сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде заттанып кеткендіктен бұл қызметте
белсенді жұмсалмайды.
«Әр пенде үлкен табысқа, бақыт-байлыққа, ұлы істерге, биік мәртебеге,
жақсы сый-құрметке, береке-бірлікке, жағымды, дұрыс қарым-қатынасқа, арман-
тілекке, мақсат-мұратқа, достық байлауға, махаббат жарасымына, жарасымды
жанұяға, сүйкімді ұрпаққа жағымды, жақсы, жарасымды, кең пейіл, сұлу
мінезімен ғана жете алады. Мінез – адам баласының бағын ашатын, бақытқа
қолын жеткізетін, құрметке бөлейтін, сыйға кенелтетін алтын кілт...» [5, б. 343-
353] деген сөз негізінен зиялы адамға қатысты айтылған, зиялылық мінездің
сипаты болып табылатынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |