Бала бауыржаннан, батыр бауыржанға дейін


Полковник. Сізге айтқан адамым осы, Иван Васильевич! Бұл жігіт үшін өміріме бәс тігуге дайынмын. Панфилов



бет3/5
Дата17.03.2023
өлшемі19.22 Kb.
#470926
1   2   3   4   5
бауыржан

Полковник. Сізге айтқан адамым осы, Иван Васильевич! Бұл жігіт үшін өміріме бәс тігуге дайынмын.
Панфилов.Сәлеметсіз бе, мен генерал-майор Панфиловпын. Танысқаныма қуаныштымын. Менің қарамағымда жұмыс істейсіз. Жұмыстарыңызды тапсыру үшін қанша уақыт керек!
Бауыржан. Екі сағат.
Панфилов. Таңертең сағат 9-да сізді барлық құжаттарыңызбен осында күтемін. Сіз хабардар болу үшін айтайын, біз атқыштар дивизиясын жасақтаймыз. Мен командирі болып тағайындалдым. Сізді полковник ұсынып отыр. Маған мықты тәжірибелі командирлер керек.
Бауыржан. Сұрауға рұқсат етіңіз? Майданға жібереді ме...
Панфилов. Ұрысқа баруға асықсыз ба? Бұйрық бойынша қайда жіберсе, сонда барамыз! Ал енді барыңыз! (Жүгіре басып шығып кетеді).
2-акт
(Соғыс алаңы, онда Б.Момышұлы жауынгерлермен бірге, ал кабинетте штаб бастығы-жұмыс үстелінің басында)
Кезекші. (Соғыс алаңынан Бауыржан Момышұлын дивизияның штабына шақырады.) Аға лейтенант, сізді дивизия штабына шақыртып жатыр. (Соғыс алаңынан Бауыржан Момышұлы дивизияның штабына келеді)
Серебряков. (Штаб бастығы, полковник Серебряков )
Мейірімді жүзбен күлімдей қарап(Бауыржан Момышұлына): Жүріңіз, жолдас аға лейтенант, командирге ертіп барайын, сізді шақырған сол кісі еді.
Қарт генерал. (ұйқы көрмегені жүзінен байқалады) Екеуі сәлемдеседі. Бауыржан. Жолдас генерал, сіздің шақыртуыңыз бойынша аға лейтенант...
Қарт генерал. Отырыңыз (орындыққа қарай басын изейді. Темекіні тұтатып тартып, біраз ойланып, Бауыржан Момышұлының басынан аяғына дейін бірнеше рет қарап шығады. Бауыржан Момышұлы үндемей отыра береді.)
Қарт генерал (Жұлып алғандай). Бүгін түн ортасында Десятидровкада жатқан 120 немістің бірін қалдырмай қырып тастағандарыңызға жол болсын. Ең болмаса он шақтысын тірі ұстап алып келмегеніңіз бе? Одан кейін, ол жерге өзіңіз баруға мен рұқсат берген емеспін. Менің қай жер болса, сол жерге шаша беретін командирім жоқ. Мейлі, абырой болып, аман-есен қайтқаныңызға шүкір, бірақ та бұдан былай сізге әр додаға кірісе беру жарамайды. Ой, жастық, жастық кейде алды-артын ойламайтын жастық! Егер жазатайым болып кетсеңіз батальонды кім меңгеріп, кім басқармақ. Сол жағын аттанардың алдында сіз ойладыңыз ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет