Балалар ұжымының қалыптасуы мен дамуы Жоспары


Даму кедерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы ұйымдастыру ерекшеліктері



бет4/9
Дата20.06.2022
өлшемі174.5 Kb.
#459369
1   2   3   4   5   6   7   8   9
kur -balalar-uzhymynyn-qalyptasuy-men-damuy-33

1.3.Даму кедерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы ұйымдастыру ерекшеліктері
Балалар ұжымының еңбек өмірінің негізіне еңбек қуанышы жатады. Коллективте еңбек қуанышын бастан кешу ғана еңбекке деген қажеттілікті тудырады. Еңбек адамға қажеттілік онымен қарым-қатынас жасау қажеттілігінен бөлінбейді; кішкентай адам творчествоның, іс-әрекеттің қызығын аша келе, сонымен бірге өзінің күші мен басқа адамдардың күшін қо-судағы қуанышты, тартымдылықты ашқан кезде ғана еңбек қуанышы туады.
Балалар коллективін тәрбиелеу - бұл, шын мәнінде, еңбек қуанышын іздеу. Еңбек қуанышын еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Оны экскурсияның, спорттың, ойындардың, көркем әдебиеттің, музыканың адамға беретін қуанышымен бір қатарға қоя алмайсың. Егер балалар өз тәжірибесінде еңбек қуанышына қолдары жетпесе, егер оларды коллективтік жасампаз еңбек қызықтырмаса, басқа қызмет түрінің бәрі коллективті қалыптастыру құралы ретінде дәрменсіз болып қалады. Еңбек қуанышы,— бұл ең алдымен қи-ыншылықтарды жеқу қуанышы, мақтанышпен сөзініп, бастан кештік, мінекей біз, дене күштеріміз бен рухани күштерімізді жүмсап, жеңіп шықтық, ұзақ уақыт бойы талпынған шыңның басына шықтық. Еңбек қуанышына жету жолы оңай емес, оны альпинистің жігерімен және ерлігімен салыстыруға болады: құздар мен жарқабақтар арқылы кезудің жақсылығы да, тартымдылығы да шамалы, бірақ мұның бәрі шыңға жету үшін, өзіңнің абыройың мен намысыңды дәлелдеу үшін қажет. Еңбек қуанышы шыңға қарай қайсарлықпен жылжуда, табиғат күштерін жеңіп шығуда.
Тәрбие шеберліғі мен өнері мынада: әрбір адамға мына теңдесі жоқ қуанышты, халык, айтқандай, ол әлі орындықта көлденең жатқан көзден бастап сыйлау ке-рек. Балаға ауыр болады екен деп алтын балалық шақтың нұр шұғыласына көлеңке түсіруден қорықпаңыз, ол өзінің бар күш-жігерін салып, шағын мүмкіншілігімен біз ойлағаннан гөрі, көбірек іс істейді. Осы «ойлағаннан гөрі, көбірек» деген сөзде, мүмкін, шыңға жететін қиын соқпақпен жүру мәселесі жатқан шығар. Оған жетпейінше еңбек қуанышы, адамның адамға жақындауы мүмкін емес, өзіңнің рухани күшіңнің сарқылмайтындығына таңырқау мүмкін емес. Ойлағаннан гөрі көбірек іс істегеннен кейін, мүмкін, бала өзіне өзі тұңғыш рет мақтаныш сөзімімен сүйсінер, бейне бір өзін-өзі жаңа тапқандай, өзін басқа адамның көзқарасымен көргендей болар. Әлбетте, коллективтің еңбек өмірі нақ осыдан басталады. Адамның адамға жақындауы, күш біріктіруге талпыну, осы бірігу қуанышы, өзара көмек пен жәрдемді сезу — мұнсыз саналы тәртіп туралы, коллективтің жекелеген тәрбиеленушілерге қоятын талабы туралы әңгіме де болуы мүмкін емес. Көп жылдық тәжірибе менің көзімді мынаған жеткізді: балалар мен жастар коммунистік ұйымдары-ның — пионер және комсомол ұйымдарының идеялық негізі бұл балалардың, жас өспірімдер мен жастардың еңбек өмірі. Пионерге етуге әзірлену кезінде біздің балалар бақ немесе егістікті қорғайтын орман алқабын, жапырақты орман немесе титомник жасайды. Бұл жұмыс қоғамға қарайтын жерді түрлендіреді, байлық құрайды. Мінекей октябрят-балалар шағын учаскеге емен отырғызып, жапырақты орман жасап жүр. Әрбір бала өзі отырғызған ағаштарының өніп шығуын шыдамсыздана күтеді, әрқайсысы нәзік өніктер пайда болған кезде қуанышты сөзімге бөленеді. Бұл жұмысқа балалардың шамасы келеді дегенмен оңай да емес: жыл бойына әлденеше рет топырақты қопсытып, арам шөпті жойып, ағаштарды суару керек. Мұның өзі едәуір дене күшін жұмсауды керек етеді.

.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет