Балаларда музыкалық-ырғақтық қозғалыстырды дамыту



Дата02.06.2024
өлшемі17.31 Kb.
#502217
түріСабақ

Балаларда музыкалық-ырғақтық қозғалыстырды дамыту

Берілген бөлімнің мазмұнында балаларды музыка сипатына сәйкес қозғалуға оқыту, бидің күрделі емес элементтерін, жаттығуларын, сахналауға үйрету, хоровод жүру, сюжеттік және сюжеттін емес музыкалық ойындарды сабақта және сабақтан тыс жеке дербес іс-әрекетте ойнау.


Музыкалық ойындар, билер, жаттығулар мектепкедейінгілерге ойын-сауық үшін жасалғанымен қатар, дене, ой және эстетикалық дамуы үшін де қажет. Олар балаларға музыканы сүюге көмектеседі; эмоциялық әсер алуға; музыкалық есту қабілетін және ырғақ сезімін дамытады, балаларды жаңа музыкалық білімдермен байытады, олардың музыкалық ой өрісін кеңейтеді.


Музыкалық-ырғақтық тәрбиелеуді жүзеге асыратын материал баланың қызығушылықтары мен мүмкіншіліктеріне сәйкес болу керек, жоғары көркемдік болу керек.


Аспапты музыка және хоровод көрнекті, жағымды әуенмен қарапайым гармониямен және мәнерлі динамикалық ерекшеліктермен болу керек. Музыкалық шығармашылықтарды орындау нақты және көркем болу керек. Ешқандай темп өзгеруі, шартсыз тоқтаулар болмауға тиіс.
Елестету және биде көрсету кезінде түсінерлік музыкалық шығармалар қажет. Бұл балаларға ең қарапайым қозғалыстарда музыка сипатын көрсетуге мүмкіндік береді, шығарма мазмұнын терең түсінуге және бекітуге көмектеседі.
Бұл бөлімнің міндеттері:
- Балаларды қозғалысты музыка сипатымен келістіруді үйрету. Музыкалық мәнердің аса тиімді құралдарын пайдалану: ырғақты және мәнерлі қозғалу, музыкалық ойындарға ойнау, хоровод жүргізу, билеу;
- Балаларда ырғақ сезімен дамыту: музыканың ырғақтық мәнерін сезіну, және де оны қозғалыс арқылы жеткізу;
- Көркем шығармашылық қабілеттерді дамыту. Олар ересек мектепке дейінгі жастағы балаларды ойын бейнесін өзгеше, өзіне тән көрінсті көрсету, ойдан шығару, би қозғалыстарын қиыстыру, хоровод жасау, бұл білімдерді жеке дербес іс-әрекетте қолдану арқылы көрінеді.
Бұл міндеттер негізгі талапты орындауда шешіледі қозғалыс сипатының музыкалық образға, оның мазмұны мен дамуына сәйкестігі.

Балаларды музыкалық-ырғақтық қозғалыстарға, биге, ойындарға, жаттығуларға үйретуде музыкалық жетекшілер келесі әдістерді қолданады:


- көрнекі-естулік (музыканы мәнерлі орындау);
- көрнекі-қозғалыстық (ойындарды, билерді, жеке ырғақ жаттығуларын көрсету);
- сөздік (қозғалысты орындау барысында нұсқаулар, түсіндірулер беру);
- жаттығулар: көпреттік қайталаулар, таныс материалды түрлендіру.
Егер осы әдістер дұрыс іріктелсе, онда олар балаға шығарманың мазмұны мен сипатын тереңірек және ұғынып меңгеруге көмектеседі.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстарға оқыту әдістемесі алуан түрлі. Музыкалық-ырғақтық қозғалыстарды дамыту әрбір жас кезеңінде әр түрлі өтеді.
Алғашқы кезеңде балалардың зейінін музыкаға аудару қажет, музыкаға қозғалыспен жауап беруге үйрету. Бала ерте жастан бастап музыкаға эмоциямен жауап береді, бұл мимика, жест арқылы көрінеді. Бірақ оның қозғалысы нақты емес және музыкамен сәйкес келмейді. Бұл жастағы балаларды үйретудің негізінде ересек адамға еліктеу болып табылады. Музыка жүргенде ғана қозғалу керектігіне балалардың назарын аудару қажет, контарсттық бөлімдердің ауысуына жауап беруді үйрету, музыка біткесін қозғалыстарды тоқтату.

Естияр тобының балаларын музыкалық тәрбиелеу ерекшеленіп өтеді. Төрт жастағы бала музыканың контрастық бөлімдердің ауысуын сезеді, кішігірім музыкалық тапсырмаларды орындай және меңгере алады, бірақ олар әлі кеңістікте бейімделе алмайды. Сондықтан педагогтық міндеті-бұл музыканың контрасты сипатына сәйкес қозғалуға үйрету, байсалды және шапшаң темпте, музыка дыбысының басталуына және аяқталуына жауап беру, қарапайым қозғалыстарды орындау, ойын бейнелердің («құстар ұшады», «аттар шабады», «қояндар секіреді», т.б.) қарапайым еліктегіне қозғалыстарын жеткізу.


Бес жастағы балаларда музыка тыңдау тәжірибесі бар, олар таныс әуендерді таниды, музыка сипатын және музыкалық мәнердің жеке құралдарын анықтай алады. (динамика – қатты, ақырын, регистрлер – жоғары, төмен, темп – тез, байсалды).


Қозғалыстар ырғақты, нақтырақ, музыка дауысының басталуымен және аяқталуымен сәйкес жүреді. Балалар алуан түрлі қозғалыстарды (тік шоқырақ, жүппен қозғалу, бір аяқпен тапылдату, аяқты өкшеге тұрғызу және т.б.) орындай алады.


Педагог балаға дұрыс қозғалысты табуға көмектеседі.
Бейне сөздің, музыканың және қозғалыстың сәйкестігі баланың қиялын дамытады, бала ойын кейіпкерінің мінезін нақтырақ көрсетеді, қозғалыс еркін болады, шырмалушылық азаяды, сенімділік пайда болады.
Алайда бұл жастағы балалар әлі де қозғалысты көрсетуді, қысқа да нақты түсіндірулерді қажет етеді.
Кеңістікте бағдарлау, қайта тұру колоннаға, шеңберге және т.б. тұру балаларға қиындық тұғызады. Кейбір ойындарды билерді балалар бір – екі сабақта меңгерсе, кейбіреулерді ұзақ уақыт бойы жаттайды.
Алты және жеті жастағы балалар қозғалысты мәнерлі және ырғақты еркін орындауға дағдыланған.
Есту зейіні дамиды, балалардың жеке дара қабілеттері аса көрінеді. Олар қозғалыс арқылы музыка сипатын, динамиканы, темпті, күрделі емес ырғақ суретін жеткізе алады, музыкалық шығарманың кіріспесі мен бөлім өзгеруіне байланысты қозғалыстарды реттейді және ауыстырады. Балалар алуан түрлі қозғалыстарды (аяқты жоғары көтеру мен аяқтап аяққа секіру арқылы ырғақты жүгіруден бастап полька қадамына жартылай отыра және т.б. дейін) меңгере алады.

Ересек топта педагог балалардың бейнелерді эмоциялық мәнерлі орындауды қадағалайды.


Даярлы топтағы балалар өз рөліне саналы қарап, қозғалыстарын сапалы орындау қажет.

Ересек мектепке дейінгі жаста музыкалық-ырғақтық репертуарының күрделенуі балалардың сезіну, бастан өткізу, музыкалық образдарды айыру және оларды көрсету құралдарын қозғалыста қолдану қабілеттерін дамытуға бағытталған.


Бейнені қабылдау және жеткізу білімі, музыкамен сәйкес мәнерлі қозғалу ойындарды, хороводтарды, билерді, жаттығуларды үйрену барысында қалыптасады.
Мысалы: «Лақтар мен қасқыр» (музыкасы: Т. Ломова) ойынын үйрету алдына педагог жаттығу барысында ойын қызықты, әдемі, болу үшін кейіпкерлердің қозғалыстары алуан түрлі болып жасау үшінбалалардың ынтасын оятуға тырысады. Ол үшін жаттығу барысында ол балаларға үлгі ретінде қасқырдың, ешкінің, лақтардың қозғалыстарын көрсетіп, содан балалардан сол қозғалысты, бірақ басқаша орындаумен, музыка сипатын көрсетумен сұрайды.
Сөйтіп, біртіндеп, мақсаты оқыту, музыкалық тәжірибені кеңейту, сезімдер мен қиялды және ойлауды белсендіру арқылы балалардың шығармашылық белсенділігі дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет