оны тағайындау және төлеу тәртiбi
40. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау үшін жәрдемақы алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді.
41. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы жүгінген күнінен бастап бала мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.
Мүгедек бала толық мемлекеттік қамсыздандыруға алынған кезде мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған ана немесе әке, бала асырап алушы, қорғаншы (қамқоршы) тиісті мемлекеттік мекемелер аталған фактіні құжаттамалық растаған жағдайда, бала отбасында демалыста болған кезеңде мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыға құқығы бар.
42. Жәрдемақы баланың отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
43. Жәрдемақы тағайындау үшін жәрдемақы тағайындауға құқығы бар адам өзінде ЖСН болған кезде өтінішке осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса береді:
1) сәйкестендіру үшін өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты).
сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
3) өтініш беруші деректерінің баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлігі;
4) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілегендігін немесе асырап алу болған жағдайда – балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілегендігін немесе асырап алуды растайтын құжат;
5) өтініш берушінің және мүгедек баланың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
6) мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы үшін баланың мүгедектігі туралы анықтама;
7) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат.
Жәрдемақылар тағайындау үшін тұрғылықты жерін растайтын құжаттарды, баланың (балалардың) тууы туралы куәлікті (куәліктерін) немесе Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша туу туралы акті жазбасынан үзінді көшірмені, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлікті, балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжатты, сондай-ақ баланың мүгедектігі туралы анықтамалар, оларда қамтылған ақпаратты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.
Түпнұсқаларда ұсынылған құжаттар сканерден өткізіледі және құжаттардың электрондық көшірмелері Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады, содан кейін Орталықта – құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонымен, Халыққа қызмет көрсету орталығында – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатпен өтініш берушіге қайтарылады.
44. Өтініш беруші жәрдемақыларды тағайындауға жүгінген кезде Орталық бөлімшесінің немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Орталықтың ақпараттық жүйесіне өтініш берушіде жәрдемақыларды тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына сұрау салуды жүзеге асырады.
Орталықтан жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе өтініш беру фактісін растайтын ақпарат алу кезінде Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды. Хабарламаға Орталықтың ЭЦҚ-сы қойылады.
45. Үшінші адамдар жәрдемақы тағайындау үшін осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген өтінішті және қажетті құжаттарды беруді жәрдемақы алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырады.
Нотариат куәландырған сенімхат сканерден өткізіледі, Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады, содан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
46. Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіден жәрдемақы тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексеріп, өтініш беруші осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің сапасын және түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
47. Орталық бөлімшесі өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған кезде жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық журналда тіркейді.
Халыққа қызмет көрсету орталығынан келіп түскен электрондық өтінім осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем тағайындауға арналған азаматтардың өтініштері тіркелетін электрондық журналда тіркеледі.
48. Халыққа қызмет көрсету орталығы жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелерін қамтитын құжаттар топтамасымен электрондық өтінімді Орталық бөлімшесіне жібереді.
49. Орталық бөлімшесі өтініш тіркелген күні өтініш берушінің түпнұсқада ұсынған өтінішін, құжаттардың электрондық көшірмелерін қамтитын электрондық іс макетін қалыптастырады.
Жәрдемақы үшін электрондық іс макеті өтініш Орталықтың бөлімшесінде тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қалыптастырылады және ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Орталық бөлімшесінің маманы осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешім жобасын қалыптастырады, жәрдемақының мөлшерін есептеуді жүргізеді және оларды ЭЦҚ-мен куәландырады.
Шешімнің жобасы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық-цифрлық нысандағы құжатты (бұдан әрі – шешім жобасы) білдіреді.
Орталық бөлімшесінің басшысы жәрдемақы мөлшерін есептеудің, шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, содан кейін Орталық бөлімшесі электрондық іс макетін Орталық филиалына жібереді.
Қалыптастырылған электрондық іс макеті жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін Орталық филиалы арқылы уәкілетті органға жіберіледі.
50. Орталық филиалы электрондық іс макеті мен шешімнің жобасы келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептеудің және шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, содан кейін уәкілетті органға жібереді. Бұл ретте, шешім жобасы Орталық филиалы маманының және басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
51. Уәкілетті орган келіп түскен электрондық іс макетін шешім жобасымен қарайды, уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Автоматты режимде шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарлама уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
52. Егер уәкілетті орган ұсынылған электрондық іс макетінде шешім қабылдауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқтығын анықтаса, электрондық іс макеті шешім жобасымен Орталық бөлімшесіне электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде оны жеткіліксіз құжатпен толықтыру үшін қайтарылады. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себебін көрсете отырып, құжатты (құжаттарды) қайта рәсімдеу қажеттігі туралы хабарлама Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберіледі.
Орталық бөлімшесі және (немесе) Халыққа қызмет көрсету орталығы бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабарламада көрсетілген қосымша құжаттарды жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Орталық бөлімшесі өтініш беруші және (немесе) Халыққа қызмет көрсету орталығы қосымша құжаттарды ұсынған кезде осы Қағидалардың 49, 50-тармақтарында көзделген тәртіппен электрондық іс макетін дайындайды.
Егер Орталық бөлімшесінде электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар қайта ресімделмесе, уәкілетті орган қолдағы бар құжаттар бойынша тиісті жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады.
53. Егер уәкілетті орган ұсынылған электрондық іс макетінен және (немесе) шешім жобасынан қате тапқан жағдайда, электрондық iс макеті шешім жобасымен қайтару себептері көрсетіле отырып, Орталық бөлімшесіне қателерді жою үшін электрондық байланыс арқылы қайтарылады.
Орталық бөлімшесі қайтарылған электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 49, 50-тармақтарында көзделген тәртіппен анықталған қателерді жояды.
54. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді.
Бұл ретте, уәкілетті органның шешімімен электрондық іс макеті осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себебі көрсетіліп, Орталық бөлімшесіне қайтарылады. Уәкілетті органның жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген электрондық хабарламасы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберіледі. Хабарлама уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
55. Орталық бөлімшесі жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны өтініш берушіні өзі жүгінген кезінде тапсыру арқылы немесе өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы уәкілетті орган қабылдаған шешім туралы хабардар етеді. Хабарлама осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламалар журналында тіркеледі. Sms-хабарлар осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлардың электрондық журналында тіркеледі.
Жәрдемақы алушы ісінің қағаз нұсқасын қалыптастыру үшін электрондық іс макеті басып шығарылады.
56. Жәрдемақы төлеуді уәкілетті ұйым өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
57. Жәрдемақы облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлінісінде Орталық жасаған жәрдемақыларды төлеу жөніндегі кестеге сәйкес уәкілетті орган қабылдаған шешім негізінде төленеді.
58. Жәрдемақы ағымдағы ай үшiн ай сайын төленеді.
Жәрдемақыны тағайындауға, қалпына келтіруге, өзгертуге және мөлшерін қайта қарауға және тұрғылықты жерін өзгертуіне байланысты төлеу айының ағымдағы қажеттілігіне енгізілмеген жәрдемақы сомалары ағымдағы қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін, бірінші бөлім сомалары ретінде, келесі айдың қажеттілігіне енгізілуге жатады және бір рет төленеді.
Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әрбір мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.
Төлем тағайындайтын немесе оны жүзеге асыратын органның кінәсінен уақытында алынбаған жәрдемақы сомалары бірінші бөлім ретінде өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей бір уақытта төленеді.
59. Ең төмен жалақы мөлшері өзгерген жағдайда Орталық бөлімшесі шешімінің жобасын дайындайды және оны уәкілетті органға бекітуге жібереді.
60. Шешімнің қолданылу мерзімін ұзарту үшiн негіз болып табылатын немесе жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туындаған, алушы ауысқан жағдайда Орталық бөлімшесі жаңадан ұсынылған құжаттармен (олар бар болса), оның ішінде орталықтандырылған мүгедектер дерекқорынан алынған баланың мүгедектігі туралы мәліметтермен толықтырылған шешiм жобасын уәкілетті органға бекітуге дайындайды.
61. Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартылған жағдайда – сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады, бұл жөнінде Орталық бөлімшесі жәрдемақы алушыны хабардар ету үшiн хат дайындайды.
62. Жәрдемақы алушылар құқығына және (немесе) олардың мөлшеріне әсер ететін мән-жайлардың өзгергені туралы Орталық бөлімшесін күнтiзбелiк он күн ішінде хабардар етеді.
Алушы жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайларда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады.
63. Орталық уәкілетті орган қабылдаған шешімдердің негізінде жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінім жасайды.
Орталық ай сайын 25-күнi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жәрдемақы төлеуге арналған қаражат қажеттілігі туралы өтінімді ұсынады.
64. Министрлік қаражатты тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлігінде сомалар шегінде Орталықтың есеп айырысу шотына аударады.
65. Орталық бюджеттік қаражаттарды алғаннан кейін төлем кестесіне сәйкес жәрдемақыларды төлеуге төлем тапсырмаларын қалыптастырады.
66. Бөлінген қаражат бойынша Министрлік пен уәкілетті ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актісі жасалады.
67. Төленген сомалар бойынша Орталық пен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкілетті ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актілері жасалады.
68. Жәрдемақыларды беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу Орталық пен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйым арасында заңнамада белгіленген тәртіппен жасалған шарт негізінде жүргiзiледi.
69. Бала қайтыс болған, кеткен және (немесе) алушы Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен немесе оған басқа себептер бойынша төлем тоқтатылған жағдайда Орталық бөлімшесі істі жабуды жүргізеді және оны мұрағатқа жібереді.
4. Балаларға арналған жәрдемақыға жүгіну,
оны тағайындау және төлеу тәртiбi
70. Балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда, Астана және республикалық маңызы бар қалаларында белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасыларға тағайындалады.
Отбасының жиынтық табысы жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсан үшiн заңнамада белгіленген тәртіппен есептеледі.
Отбасы құрамында туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған балалар ескеріледі, ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған немесе ата-ана құқығы шектелген балаларды қоспағанда, сондай-ақ отбасы құрамында егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар да ескеріледі.
71. Балаларға арналған жәрдемақы жүгінген айдан бастап жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш берген ай жүгінген ай деп есептеледі.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінген кезде барлық қажетті құжаттармен өтініш берген ай жүгінген ай деп есептеледі.
Балаларға арналған жәрдемақыларды төлеу өткен ай үшiн ай сайын жүргiзiледi.
72. Балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өзінің және барлық отбасы мүшелерінің ЖСН болған кезде осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және мынадай құжаттармен жүгінеді:
1) сәйкестендіру үшін өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);
сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
3) өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (бұзу) туралы куәлік;
4) құжаттардың түпнұсқалары негізінде толтырылған осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтер;
5) осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер және осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес қосалқы жеке шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;
6) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
7) балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат;
Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі не туу туралы акті жазбасынан үзінді көшірме, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлігі, отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттарды, сондай-ақ балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжатты, оларда қамтылған ақпаратты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.
Өтініш беруші жүгінген кезде өтініштің, өтініш берушінің отбасы құрамы туралы, өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тапқан табыстары туралы, жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер бланкісін тегін алады.
Үшінші адамдар жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды ұсынуды жәрдемақы алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырады.
Түпнұсқаларда ұсынылған құжаттарды балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы сканерден өткізеді, содан кейін өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонымен қайтарылады. Құжаттардың электрондық көшірмелері Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер ұсыныла отырып, тоқсан сайын расталады.
73. Өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін оның қатысуымен балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ЖСН бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сұрау салуды қалыптастырады.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы құжаттарды қабылдағаны туралы белгісі бар үзбелі талонды береді.
74. Тұрғылықты жері бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаған кезде өтініш беруші жәрдем ақы тағайындау үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішпен және осы Қағидалардың 72-тармағында көрсетілген құжаттармен жүгінеді.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі көшірмелерді түпнұсқаларымен салыстырып тексереді, оларды тіркейді, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мен құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны өтініш берушіге қайтарылады.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш берушіден қабылданған құжаттарды екі жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға береді.
Учаскелік комиссиялар осы Қағидалардың 81-тармағында көрсетілген тәртіппен қорытынды дайындайды.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, учаскелік комиссияның қорытындысын қоса бере отырып, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкілетті органға тапсырады.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның маманы кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен алынған құжаттар бойынша өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ЖСН бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сұрау салуларды қалыптастырады.
75. Баларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш беруші келесі тоқсанға қайтадан жүгінген жағдайда осы Қағидаларға 17, 18, 19-қосымшаларда қамтылған мәліметтерде өзгерістер болмаған кезде осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тек өтініш бланкісі толтырылады.
76. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін немесе өтініш беруші ұсынған мәліметтердің ақпараттық жүйедегі мәліметтермен сәйкес болмауын растайтын электрондық құжаттарды ұсынған жағдайда, сұрау салуды жүзеге асырған балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіні мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіру үшін келісу туралы құжаттардың түпнұсқаларын және өтінішті ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы жүгінген кезде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіруге жазбаша келісімін алу қажеттігі туралы кент, ауыл, ауылдық округ әкімін құлақтандырып, сол арқылы хабарламаны жолдайды.
77. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы өтініш беруші ұсынған құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) келісу туралы өтінішін қабылдайды, құжаттардың түпнұсқаларын сканерден өткізеді, оларды ЭЦҚ-мен куәландырады және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіру үшін мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға жібереді.
Егер өтініш беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес айқындаған тәртіппен және мерзімдерде хабарламада көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіні осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балаларға арналған жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы (себебін көрсете отырып) хабардар етеді.
78. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы балаларға арналған жәрдемақы тағайындау үшін өтініш берушіден қабылданатын құжаттар топтамасының, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттардың толықтығын тексереді, сондай-ақ өтініш беруші осы Қағидалардың 72-тармағына сәйкес ұсынған құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерінің сапасын және түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш беруші тізбеде айқындалған толық құжаттар топтамасын ұсынған кезде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау туралы өтінішті осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркейді.
79. Халыққа қызмет көрсету орталығы балаларға арналған жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттарын электрондық өтініммен қоса балаларға арналған жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Электрондық өтінім Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
80. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкілетті орган балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға алған құжаттарды тіркеп, қабылдағаннан кейін ақпараттық жүйелерден алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді басып шығарады және екі жұмыс күні ішінде оларды учаскелік комиссияларға осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындау үшін жібереді.
81. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Азаматтар алғаш жүгінген кезде учаскелік комиссия балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзеді және осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасайды.
Өтініш беруші күнтiзбелiк бiр жылдың ішінде қайталап жүгінген кезде тексеру жүргізу өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау қажет болған, сондай-ақ өтініш берушінің (отбасының) тұрғылықты жерi (бiр әкiмшiлiк-аумақтық бірлік шегінде), отбасының құрамы мен табысы өзгерген жағдайларда жүргізіледі.
Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне ұсынады.
82. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның маманы өтініш берушіден немесе Халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен кезде істі қалыптастырады және балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм жобасын дайындайды және оны ЭЦҚ-мен куәландырады.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органның басшысы электрондық құжаттар мен қағаз жеткізгіштегі іс макетіндегі құжаттардың сәйкестігін, сканерленген құжаттардың сапасын, балаларға арналған жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді және балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және оны ЭЦҚ-мен куәландырады.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім өтініш берушіден немесе Халыққа қызмет көрсету орталығынан не кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен қабылданған құжаттардың балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкілетті орган бес жұмыс күн ішінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде қабылданған шешім туралы өтініш берушіні тікелей немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы не кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабардар етеді.
83. Мемлекеттік органнан және (немесе) ұйымнан ақпараттық жүйелерінде жеке тұлға туралы мәліметтерді өтініш берушінің дәйексіз құжатты ұсыну себебі бойынша сәйкестікке келтіруден бас тартуды растайтын электрондық құжат келіп түскен жағдайда балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган балаларға арналған жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, қабылданған шешім туралы өтініш берушінің тікелей өзіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы не кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабардар етеді.
Егер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзім ішінде мемлекеттік орган және (немесе) ұйым балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға ақпараттық жүйелердегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіруден бас тартуды растайтын электрондық құжатты ұсынбаса, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкілетті органның маманы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы өтініш беруші ұсынған құжаттардың сканерлеген түпнұсқалары негізінде қабылданады.
84. Әкесі немесе анасы (асырап алушылары) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбек етуге қабілетті ата-анасы (асырап алушылары) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскерде қызметін өткермейтін кезеңге балаларға арналған жәрдемақы тағайындалмайды.
Жәрдемақы толық мемлекеттік қамсыздандыруға алынған балаларға тағайындалмайды.
85. Балаларға арналған жәрдемақыны алушылар балаларға арналған жәрдемақы мөлшерінің өзгеруі үшiн негіз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкілетті органды хабардар етеді.
Өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады.
Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартылған жағдайда – сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға тиіс, бұл туралы балаларға арналған жәрдемақы тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкілетті орган жәрдемақы алушыны он жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
86. Балаларға арналған жәрдемақыны төлеуді балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкілетті орган өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкілетті ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Балалы отбасыларға берілетін
мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Бала туғанда берілетін және (немесе) баланың күтімі
Достарыңызбен бөлісу: |