«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалы «жылқы аттас фамилия» қойылымы Режиссеры: Бекқұлы Ерман Нұрбосынұлы


Генерал. Басым керек деп жүр ең, қазір маған бірдеңе болса сені өзіммен бірге көрге ала кетем ұқтың ба? /дәрігердің жағасынан алып/ Дәрігер



бет13/19
Дата22.11.2022
өлшемі347 Kb.
#465451
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
«ЖЫЛҚЫ АТТАС ФАМИЛИЯ» қойылымы

Генерал. Басым керек деп жүр ең, қазір маған бірдеңе болса сені өзіммен бірге көрге ала кетем ұқтың ба? /дәрігердің жағасынан алып/
Дәрігер. Ұқтым, ұқтым Алдияр тақсыр мен жәй, жәй қалжыңдап.
Генералдың көмекшісі. Тапқан екенсің қалжыңдасатын уақытты.
/Бәрі генералдың көмекшісіне қарап қалады/
Генерал. Мені өлсін деп тіле. Осыдан тірі қалсам ісім сенімен болады.
/Генералдың көмекшісі дәрігердің артына қарай жүріп сыбырлап/
Генералдың көмекшісі. Әумин.
/Дәрігер сескеніп тісті жұлуға заттарын дайындап жатқанда үй қызметшілері дәрігерді айналшықтап жүреді. Дәрігер тіс жұлуға кірісіп генералдың аузына үңілі бергенде әйелі де, аула сыпырушы да қоса қарап жатыр.
Дәрігер. - 1,2,3.
/Генерал айқайлап, дәрігердің қолындағы құралы ұшып екеуі екі жаққа талып қалады/
Әйелі. Су – су Алешенька, бәрің не тамашалап тұрсыңдар су әкеліңдер.
Аула сыпырушы стаканмен су алып келе бергенде, генерал айқайлап оянып кетеді.
Генерал. Аай, ой Ольечка бітті ме? Бітті ме? Қарашы, қарашы қанап жатқан жоқ па? /әйеліне қарап аузын ашып/
Әйелі. Қане, қане. /аузына үңіліп/ Ойй, міне айттым ғой. Тез бітті де қалды жүре ғой бөлмеңе барып аздап демалайық. Сонша жаның қиналып еді міне бір ақ сәтте бітті де қалды.
/Генерал әйелімен сахнадан шығып кетеді ал генералдың көмекшісі жерде жатқан дәрігерге жаңалы бері қарап тұрып тұрып, қолындағы ақ орамалдың астындағы бөтелкедегі шарапты алып бір ұрттады да, жерде жатқан дәрігердің бетіне бүркіп қалды/
Генералдың көмекшісі. Тұр – ей орныңа барып жат. Әкесінің үйінде жатқандай жатыр ғой. Кет. Мыналардың барлығы бетімен кеткен қайдасыңдар еей. Қайдасыңдаар...
Генералдың көмекшісі енді кетіп бара жатқанда алдынан арызшы әйел жүгіріп шығып қалады.
Генералдың көмекшісі. О Шукина ханым.
Арызшы әйел. Амансыз ба құрметтім.
Аулы сыпырушы. /ентігіп/ Сіз, сіз... қалай тез жүгіресіз. Уф өкпем. Өкпем өшіп қалды ғой. Мәртебелім кешіріңізші болмайды десемде үстімнен аттап-пұттап өтіп кетті мына кісі. Көріп тұрсыз ғой әзер жеттім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет