Аула сыпырушы сыпырғысымен, әндетіп сахнаға кіреді. Бір кезде сахнаның артынан генералдың айқайлаған дауысы естіледі. Аула сыпырушы түрі бүзылып, әрі аяған кейіпте басын шайқап. Аула сыпырушы. Отставкадағы генерал-майор Бульдеевтің тісі қатты ауырып жатқанына міне бірнеше күн өтті. Аузын арақпен, коньякпен шайқап, ауырған тісінің түбіне темекі, апиын, скипидар, керосин басты, ұртына йод жақты. Құлағын спирт шыланған мақтамен тығындап алды. Қысқасын айтқанда жасамағаны жоқ.
Арбакеш./арбасын қинала сүйреп сахнаға келеді/ Қайткенмен осылардың ешқайсысының да көмегі болған жоқ. Бір күні біздің басымыздан мынандай қызық өтті. Құрметтім арбаны итерісіп жібермес па екенсіз.
/екеуі сахнадан шығып кетіп бара жатып/ Аула сыпырушы. Сол кездегі сенің істегеніңді генерал білгенде әй әй не болар еді.
Арбакеш. Не болады, уақытынан кешіктіріп тапқандарына мен кінәлі емес шығармын. Ары кетсе он дүре соғар не істей алады дейсің.
Аула сыпырушы. Әй осы сенің батылдығыңа таңқаламын.
Арбакеш./күліп/ Несі бар өмір өзі үйретіп жатыр емес пе а?
/Екеуі мәз болып сахнадан шығып кетеді. Сахнаның мына бетінен толық келген, қолында таяғы бар генерал және сыптай келген сап сары әйелі, қасында бойы ұзын, шашы ортасынан бөлінген, қолында аппақ қолғабы мен орамалы бар көмекшісі шықты/