«Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы»



Дата25.02.2016
өлшемі30.3 Kb.
#24442
«Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 351 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:


1. «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 303 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №35, 470-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу» деген 3-бөлімнің 9-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Балқаш көлінде:
шығыс бөлігінде № 1 бастап № 21 дейін және № 52 бастап № 70 дейін балық шаруашылығы учаскелерінің аумағынан бастап – 1 мамыр – 1 маусым аралығында;
батыс бөлігінде № 22 бастап № 51 дейінгі балық шаруашылығы учаскелерінің аумақтарынан бастап 22 – сәуір – 1 маусым аралығында;
2) Балқаш көліне құятын сағалардан 5 км ағыспен жоғары бағытта, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жағындағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды, және алқаптарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде – 1мамыр -1 маусым аралығында;
3) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендерде және су ағындарында – 15 сәуір – 30 мамыр аралығында;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Іле өзенінің барлық атырауында кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып – 22 сәуір – 1 маусым аралығында;»;
«Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу» деген 8-бөлімнің 21-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімді молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учас­­келерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы сол жақ Яицкий төменгі сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде және Жайық өзеніндегі Жа­ңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғы­лыми-зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде – 11 мамыр -15 тамыз аралығында және мұз қатқан кезеңде;
5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеев, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде – 25 мамыр – 15 тамыз аралығында және мұз қатқан кезеңде;»;
2)көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
«Балқаш – Алакөл балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері» деген 2-бөлімнің 2-тармағында:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Іле өзені атырауында – 2 маусым – 21 сәуір аралығында;»;
2),3) және 4-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Балқаш көліне құятын сағалардан 5 км ағыспен жоғарғы бағытта, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жағындағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және алқаптарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде – 2 маусым – 30 сәуір аралығында;
3) Балқаш көлінде:
шығыс бөлігінде № 1 бастап № 21 дейін және № 52 бастап № 70 дейін балық шаруашылығы учаскелерінің аумағынан бастап – 2 маусым – 30 сәуір аралығында;
батыс бөлігінде № 22 бастап № 51 дейінгі балық шаруашылығы учаскелерінің аумақтарынан бастап – 2 маусым – 21 сәуір аралығында;
4) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендерде және су ағындарында – 31 мамыр – 14 сәуір ара­лығында;»;
«Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері» деген 7-бөлімнің 7-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімді молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Тө­менгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учас­келерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учас­келерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми-зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыз – 10 мамыр аралығында;
5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеевка, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыз – 24 мамыр аралығында;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  С.АХМЕТОВ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет