ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
БЕКІТЕМІН
«Экономика және бизнес»
Факультетінің деканы
Тастанбекова Қ.Н.__________
«______» ____________2021ж
«БАНК ІСІ» пәні
5В050509 «Қаржы» мамандығы бойынша
БІЛІМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(SILLABUS)
2021-2022 оқу жылы, семестр 6
Академиялық кредит саны 5 ECTS
Барлық сағат саны 150 сағ., соның ішінде
Дәрістер – 15 сағат.
Практикалық -30 сағат
ОБСӨЖ–15 сағат.
СӨЖ -90 сағат
Барлығы – 150 сағат
“Қаржы және есеп ” кафедрасының
мәжілісінде қарастырылды
Хаттама № __ _____ 2021ж.
Каф.меңгерушісі
э.ғ.к., доцент ______________Есперов Е.И
“ Экономика және құқық ” факультетінің оқу-әдістемелік бюросында мақұлданған
Хаттама № ____ _________ 2021 ж.
Оқу-әдістемелік бюро төрайымы ______________________Асемова Р.Д.
Жұмыс оқу бағдарламасы (SILLABUS) Институттың ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралған және бекітілген (№5 хаттама, 27.05.2021 ж) оқу бағдарламасы негізінде құрылған. Тіркеу №1080.
Жұмыс оқу бағдарламасын (SILLABUS) құрастырған: э.ғ.к.,доц. Б Уристенбекова
№____ хаттама «___» ___________ 2021 ж.
Кафедра меңгерушісі ___________________ Есперов Е.И.
Пәннің мақсаты мен міндеттемелері:«Банк ісі» курсының мақсаты тыңдаушылардың терең білім алу және Қазақстандағы шетел мемлекет банктердің жұмыс істеу үлгісіне көшу шартында республикамыздағы коммерциялық банктердің қызметінде шет мемлекеттегі технологияларын қолдану негіздерін білу.
Пәннің оқыту міндеті:
- студенттердің дәстүрлі және дәстүрлі емес операциалардың оқытылуы;
- банк жүйесіндегі барлық деңгейлердің байланыс жасау қызметін оқуы;
- банктің активтік және пассивтік операцияларының құрылымымен таныстыру;
-коммерциялық банкті басқару әдістерімен және жүйесімен таныстыру;
-коммерциялық банктің несие портфелінің және депозиттік портфелінің құрамымен таныстыру;
-банктің валюталық операцияларды жүргізу тәртібімен таныстыру және т.б.
2. Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар:
2.1 Студент білуі керек:
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржылық нарығыны және қаржылық кәсіпорындарының қызмет етуін реттеу және бақылаудың Қазақстан Республикасы агенттігінің негізгі нормативтік Құжаттарын білу;
банк операциаларының түрлерін білу;
банк жұмысының негізгі принциптерін білу;
банк ісін ұйымдастыру.
2.2.Студент істей алуы керек:
- банк жұмысының әртүрлі облысы бойынша талдауды;
- ұазқ мерзімде орындалатын жоспарларды дәлелдеуді;
- банк қызметін анықтайтын экономикалық көрсеткіштерінің бақылау әдістерін.
2.3 Студентте дағды қалыптастыру: Банк ісі курсын оқудың нәтижесінде коммерциялық банктердің қызметін басқарудың және банк операцияларын жүргізудің дағдыларын қалыптастыруы тиіс.
2.4 Студентте құзыреттілікті қалыптасытру: Банк операцияларының жүргізілуін, басқару әдістерін танысу арқылы банк қызметін ұйымдастырылуын білуге құзыреттілігі қалыптасады.
2.5 Пәнді оқып үйренуге қажетті сабақтар тізімі: Қаржы, Бухгалтерлік есеп, Қаржыбанкстатистикасы, Қаржы нарығы және делдалдар, Төлем жүйесі және валюталық операциялар, Банктік маркетинг және менджмент.
Пәннің пререквизиттері: Бұл курсты толық игеру үшін білімгерлерге «Экономикалық теория», «Экономикалық ілімдерінің тарихы», «Қаржы» «Банктегі бухгалтерлік есеп» және басқа пәндер бойынша алған білімдері қажет болады.
Пәннің постреквизвиттері:«Қаржылық-банктік статистика», «Қаржы нарығы және делдалдар», «Төлем жүйесі және валюталық операциялар», «Банктік маркетинг және менджмент».
3.Курс мазмұны
Қазақстан Республикасының банктер жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстарғанда нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму заңдылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы. Қазақстан банк секторы қаржы нарығының ең жақсы дамыған сегменті. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктер жүйесінің дамуының жаңа кезеңі басталды.
Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа сәйкес қызмет етуі Қазақстан Республикасы қаржылық қадағалау Агентгігінің коммерциялық банктердің сапасына талапты күшейтгі. Бұған бір жағынан банкаралық бәсекенің ықпалы әсер етсе, ал екінші жағынан шет ел капиталының банк секторына енуі қозғалды.
Бұл жауапкершілік «Банк ісі» пәнін жан-жақты, терең орі сапалы оқытумен тікелей байланысты.
. “Банк ісі” курсы тәжірибелік бағыты бар, коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру ауданында мамандандырылған білім беретін, банктердің қарым-қатынасымен, банк ісінің негізгі ережелерімен қызығатын келешек банкирлерді үйрететін Ақша, несие, банктер теориялық курсының жалғасы болып табылады.
“Банк ісі” – ежелгі ғылым. Ол несиелік мекемелердің жұмысын мыңжылдық тәжірибесін жинақтайды, банктік шаруашылықтық ұйымының міндетті принциптері сияқты ұзақ кезеңдер бойында құрылғанды ашып көрсетеді.
Банктердің спецификалық міндеттемелері бар, белгілі бір функцияларды орындайды. Ақша-несие қатынастарын реттейтін, көптеген банктік және басқа да операцияларды орындайтын банктер экономикалық заңдарға, жалпы және арнайы заңды нормативтерге бағынады. Банктердің өзіне ғана тән технологиялары бар. Берілген оқу курсында банктер немен айналысатыны, қандай операцияларды орындайтыны, нарыққа не өндіретіні, өздерінің өнімдерін қалай сататыны туралы оқытылады.
Банк нақты өндірістік күш болып табылады, оның қызметі тікелей экономикамен, өндірісі тұрақтандыруды және жылдамдатуды қамтамасыз етумен байланысты. Материалдық өндірісті ұлғайтуға және еңбек өнімдерімен айырбасқа банктер көп нәрсе істей алады. Экономиканың жағдайымен банктердің белсенділігі анықталынады. Дұрыс, бірақ басқа да: банктердің жағдайынан да экономиканың қоғамда дамуы анықталынады. Банктік операциялардың технологиясының мазмұнын қамтитын банк ісі банк қызметінің және экономиканың тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін, банктік шаруашылықты жүргізетін ұйымдастырушылық негіздерді және нақты ережелерді қамтиды.
Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктер жүйесінің дамуының жаңа кезеңі. Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын тартумен қатар еліміздегі сыртқы экономикалық қатынастар да дамуда. Ал бұл процесс ез кезегінде банк менеджменттің сапасын халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Міне осыған байланысты банктер жүйесіне теориялық әзірлігі терең және практикалық қабілет мол мамандар дайындау мәселесі де жаңа белеске көтерілді. Банктер жүйесінің инфляцияны тежеуде, нақты секгорды инвестициялауда, ақша айналымын үйымдастыруда және экономиканы макродеңгейде реттеуде атқаратын рөлі арта түсті.
Қазіргі кездегі коммерциялық банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер яғни, несие беретін, валюталық және депозиттік операциялармен айналысатын, кассалық есеп айырысу қызметі жүргізетін шаруашылық субъектілермен үзеңгілес, әрі серіктес ерекше кэсіпорын. Сондықтан экономиканы басқаруда маманда үшін банк ісін уйымдастырудың ғылыми және практикалық негізін оқып үйрснудің маңызы зор. Жоғарыда аталғандай Қазақстан Республикасы банктерінің халықаралық стандартқа көшуіне байланысты қойылатын талаптар күшейген сайын кәсіпкерлік деңгей жоғары болашақ банкирлер дайындау жауапкершілігі де арта түспек.
Достарыңызбен бөлісу: |