ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және құқық» институты
«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы
«Банк ісі»_
Пәнінің оқу - әдістемелік кешені
6B04141 – Учет және аудит
КҮНДІЗГІ
(оқу нысаны)
ҚЫЗЫЛОРДА 2022
МАЗМҰНЫ
1. Пәннің оқу бағдарламасы
|
|
2. Syllabus (жұмыс оқу бағдарламасы)
|
|
3. Пəннің оқу – əдістемесімен қамтамасыз ету картасы
|
|
4. Дәрістік кешені
|
|
5. Семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспары мен әдістемелік нұсқаулар
|
|
6. Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған материалдар
|
|
7. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар
|
|
8. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі
|
|
9. Өзгерістерді тіркеу парағы
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және құқық» институты
«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы
6В04141 Учет және аудит білім беру бағдарамасына
BI 2206 «Банк ісі» пәнінен_
(код және пәннің атауы)
______4 кредит___
(кредит саны)
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қызылорда, 2022 жыл
МАЗМҰНЫ
1. Түсіндірме жазба..........................................................................................................................
2. Пәннің мазмұны .........................................................................................................................
3.Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық тізімі ..........................................................................
4. Ұсынылған әдебиеттер тізімі ....................................................................................................
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасының банктер жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму заңдылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы. Қазақстан банк секторы қаржы нарығының ең жақсы дамыған сегменті. Қазақстан республикасында екі деңгейлі банктер жүйесінің дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұған бір жағынан банкаралық бәсекенің ықпалы әсер етсе, ал екінші жағынан шет ел капиталының банк секторына енуі қозғау салды. Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын тартумен қатар елімізде сыртқы экономикалық қатынастар да дамуда. Ал бұл үдеріс өз кезегінде банк менеджменттің сапасын халықаралық деңгейде көтеруді талап етті. Міне осыған байланысты банктер жүйесіне теориялық әзірлігі терең және практикалық қабілеті мол мамандар дайындау мәселесі де жаңа белеске көтерілді. Банктер жүйесінің инфляцияны тежеуде, нақты секторды инвестициялауда, ақша айналымын ұйымдастыруда және экономиканы макродеңгейде реттеуде атқаратын рөлі арта түсті.
Қазіргі кездегі коммерциялық банктер клиенттерге әртүрлі қызметтер яғни, несие беретін, валюталық және депозиттік операциялармен айналысатын, кассалық есеп айырысу қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілермен үзеңгілес, әрі серіктес ерекше кәсіпорын. Сондықтан экономиканы басқаруда мамандар үшін банк ісін ұйымдастырудың ғылыми және практикалық негізін оқып үйренудің маңызы зор. Жоғарыда аталғандай Қазақстан Республикасы банктерінің халықаралық стандартқа көшуіне байланысты қойылатын талаптар күшейген сайын кәсіпкерлік деңгейі жоғары болашақ банкирлер дайындау жауапкершілігі де арта түспек. Бұл жауапкершілік «Банк ісі» пәнін жан-жақты, терең әрі сапалы оқытумен тікелей байланысты.
«Банк ісі» пәнін оқыту «Ақша-несиелік реттеу», «Халықаралық валюта-қаржылық және несиелік қатынастар» пәндерімен қатар оқытылады. «Банк ісі» пәнін студенттерге оқытудағы мақсат – банк қызметін өркениетті деңгейде атқара алатын, кәсіпкерлігі жоғары маман болу үшін қажетті банк ісін ұйымдастыру жөнінде ғылыми және практикалық білімдер негізін беру.
Достарыңызбен бөлісу: |