13.2 Факторинг мәні және мүмкіндіктері. Форфейтинг операцияларының мәні және олардың факторингтен айырмашылығы.
Факторинг қызметінің мақсаты – төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады. Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды. Факторинг операцияларына үш тарап қатысады:
1.Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2.Клиент (тауарларды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниялармен келісім-шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
3.Кәспорын (қарыз алушы) – тауарларды сатып алушы фирма. Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізінде факторинг туралы келісім-шарт жатады. Онда факторинг операцияларының мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар. Факторингтің 2 түрі болады:
- Ауқымды (конвенционды);
- Шектеулі (конфиденциалды).
Қазіргі жағдайда бұл – бухгалтерлік есеп жабдықтаулар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетушіліктің әмбебап жүйесін сипаттайды. Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б.
Факторинг операциясы бүгінгі таңда отындық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж халықаралық факторинг туралы кез келген келісім-шарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:
1.Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
2.Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;
3.Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
4.Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау. Факторинг операциялары банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуы тиіс.
Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет: - Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттері бойынша; - Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша; - Банктердің несиеден алынып тастаған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша; - Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелердің міндеттемелері бойынша; Факторингтің ашық және жабық түрлері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |