Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің



Дата23.06.2016
өлшемі43.14 Kb.
#155404
Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 145 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 24 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5371 болып енгізілді.



      Банктік және сақтандыру қызметін, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметін және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерін, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметін нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесі бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 230 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3755 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 230 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 39 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4591 тіркелген).
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі, осы қаулыны қолданысқа енгізгенге дейінгі туындаған қарым-қатынастарға қолданылады.
      4. Оффшорлық аймақтарда тіркелген, осы қаулыда белгіленген қаржы ұйымдарының акционерлері өз қызметтерін 2009 жылғы 1 сәуірге дейін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      5. Стратегия және талдау  департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан Қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
      6. Агенттік Төрайымының қызметі (А.А. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                         Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2008 жылғы   
2 қазандағы N 145       
қаулысымен бекітілген     

Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар
рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар
рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесі

      Осы тізбенің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар деп жеңілдікпен салық режимін ұсынатын және (немесе) осы тізбеде айқындалған қаржылық операцияларды жүргізу барысында ақпаратты ашуды және ұсынуды көздемейтін мемлекеттер мен аумақтар түсініледі.


      1. Андорра Князьдығы.
      2. Антигуа және Барбуда мемлекеті.
      3. Багам аралдары Достастығы.
      4. Барбадос мемлекеті.
      5. Белиз мемлекеті.
      6. Бруней Даруссалам мемлекеті.
      7. Вануату Республикасы.
      8. Гватемала Республикасы.
      9. Гренада мемлекеті.
      10. Джибути Республикасы.
      11. Доминикан Республикасы.
      12. Индонезия Республикасы.
      13. Испания (тек Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана).
      14. Кипр Республикасы.
      15. Қытай Халық Республикасы (тек Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аумақтардың бөлігінде ғана).
      16. Комор Аралдары Федеративтік Ислам Республикасы.
      17. Коста-Рика Республикасы.
      18. Малайзия (тек анклава Лабуан аумағының бөлігінде ғана).
      19. Либерия Республикасы.
      20. Лихтенштейн Князьдығы.
      21. Маврикий Республикасы.
      22. Португалия (тек Мадейра аралдары аумағының бөлігінде ғана).
      23. Мальдив Республикасы.
      24. Мальта Республикасы.
      25. Маршалл аралдары Республикасы.
      26. Монако Князьдығы.
      27. Мьянма Одағы.
      28. Науру Республикасы.
      29. Нидерланд (тек Аруба аралының аумағындағы және Антил аралдарының тәуелді аумақтар бөлігінде ғана).
      30. Нигерия Федеративтік Республикасы.
      31. Жаңа Зеландия (тек Кука және Ниуэ аралдары аумағының
бөлігінде ғана).
      32. Палау Республикасы.
      33. Панама Республикасы.
      34. Самоа тәуелсіз мемлекеті.
      35. Сейшель аралдары Республикасы.
      36. Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті.
      37. Сент-Китс және Невис Федерациясы.
      38. Сент-Люсия мемлекеті.
      39. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы (тек мынадай аумақтар бөлігінде ғана):
      1) Ангилья аралдары;
      2) Бермуд аралдары;
      3) Британдық Виргин аралдары;
      4) Гибралтар;
      5) Кайман аралдары;
      6) Монтсеррат аралы;
      7) Теркс және Кайкос аралдары;
      8) Мэн аралы;
      9) Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары).
      40. Америка Құрама Штаттары (тек Американдық Виргин аралдары, Гуам аралы және Пуэрто-Рико Достастығы аумағының бөлігінде ғана).
      41. Тонга Корольдығы.
      42. Филиппин Республикасы.
      43. Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет